Дәріс №4
Тақырып: Қазақ фонетикасының жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы.
Сабақтың мазмұны:
1. ХХ ғасырдың басындағы алаш зиялыларының: А. Байтұрсынұлы, Х.Досмұхаммедұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Т. Шонанұлы, Е. Омарұлы т.б. қазақ фонетикасын толықтай қалыптастыруы.
2. Қ. Жұбановтың қазақ фонетикасын қалыптастырудағы рөлі.
3. Қазақ әліпбиі туралы айтыстар мен көзқарастар.
1. ХХ ғасырдың басындағы алаш зиялыларының: А. Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамбетұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Т. Шонанұлы, Е. Омарұлы т.б. қазақ фонетикасын толықтай қалыптастыруы.
Шетел тіл білімінде А.Байтұрсынов жасағандай (просодияны, яғни сингармонзмді бірінші қатарға шығарып) тілдің фонологиялық анализін тұңғыш болып 1948 жылдан бастап ағылшын тілшісі (Лондон мектебі) Дж.Ферс және оның шәкірттері жасады. А.Н.Кононов пен А.Н.Барулин бұл туралы былай дейді: «... в которой предлагалась приблизительно такая же трактовка сходных явлений, однако уже с подробно разработанным теоретическим аппаратом, позволявшим описывать ассимиляцию методами просодического анализа» (Кононов, Барулин, 1987, 13). Сонымен ағылшын ғалымы қазақ ғалымдарының ХХ ғасырдың бірінші ширегінде дүниеге келтіріп, зерттеу процесінде қолданған ғылыми ойын (А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, Н.Төреқұлов) теориялық жағынан ілгері қарай дамытты.
А.Байтұрсыновтың сингармофонемографиялық ілімі қазіргі әлем тіл білімінде үлкен орын алады. Бірақ сол орынды, сол абыройды қазақ тіл білімі идеологиялық себептердің салдарынан көп уақыт ресми түрде А.Байтұрсыновқа бере алмады. Осындай жағдайдың басқа, төл, ғылыми себебі бар. А.Байтұрсынов репрессияға ұшыраған соң, қазақ тілі дыбыс жүйесінің негізгі мамандары (І.Кеңесбаев, Қ.Жұбанов, Ж.Аралбаев т.б.) Ленинград фонология мектебінің теориясының негізінде ғылыми ізденістерге барды. Ал А.Байтұрсыновтың сингармофонемографиялық ойлары, шешімдері Мәскеу фонология мектебі теориясының негізінде ғылыми ізденістер жасайтын ғалымдардың көңілдерінен үлкен орын алып, әлемге кең жайылған, абстракцияланған, классикалық Москва фонология мектебінің қалыптасуына үлесін қосты.
А.Байтұрсынов «сингармонизм» терминін қолданбаған, бірақ қазақ тілінің әліпбиін жасағанда, дыбыс жүйесін зерттегенде «сингармонизм – сөз құрамындағы барлық дыбыстардың үндестігі» ұғымында нық тұрған. Яғни А.Байтұрсынов пен Х.Досмұхамедұлының сингармонизмді түсінулері, қазақ дыбыс жүйесін зерттеулері бір ғылыми теорияға негізделген.
Қазіргі қазақ тілі фонологиясы А.Байтұрсынов пен Х.Досмұхамедұлының сингармониялық концепцияларынан мынадай ғылыми ұғымдарды қабылдап дамытты.
Сингармонизм – қазақша тілдесімнің негізгі қасиеті;
Сингармонизм – тек дауыстылар гармониясы емес, сөздің құрамындағы барлық дыбыстардың гармониясы;
Жуандық –жіңішкелік корреляция (қарама-қарсылық);
Сингармониялық дыбыс – сөз мағынасын өзгертетін тіл құралы;
Позиция түсінігі (дыбыстың сөз құрамындағы орны, өзінен ілгері және кейін тұрған дыбыстармен қарым-қатынасы).
Осы фонологиялық ұғымдар қазақ тіл білімінде күрделі ғылыми интерпретацияға ие болып, тағы да басқа сингармониялық ұғымдармен, категориялармен, принциптермен қоса зерттеліп, сингармониялық және акцентті-фонемалық теориялардың пайда болып қалыптасуына ғылыми негіз болды.
2. Қ. Жұбановтың қазақ фонетикасын қалыптастырудағы рөлі.
Қазақ тілінің табиғаты сингармонизм заңдылықтарына негізделген болса, ал сингармонизмнің негізгі қазығы буын болып табылады. Сондықтан да болар, Қ.Жұбанов «Қазақ тілі – буыншыл тіл» деген пікірді қазақ фонетикасы зерттеулерінің алғашқы кезеңінде-ақ айтқан-ды. Сингармонизм тілде ең алдымен буынды қамтып барып, сөзді игеріп тұратынын, сингармодыбыстар тек буын құрамында ғана қарама – қарсы оппозиция жасайтынын, сондай-ақ буынның сингармотембрге ие болып, сөзді бөлшекке (буынға) бөлуге мүмкіншілік жасайтынын ескерсек, Қ.Жұбановтың да тіліміз дыбыс жүйесін табиғатына сай зерттеу бағытында жұмыстанған.
3. Қазақ әліпбиі туралы айтыстар мен көзқарастар.
Ал мың жылға жуық араб жазуында болған қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары да соған байланысты өзгеріске ұшырағаны анық. Алайда бұл өзгеріс араб-парсы сөздерін сол тілдердің айту нормаларына байланысты дыбыстаудан туғаны анық. Оған дәлел, Абайдың өлеңдері мен қарасөздеріндегі араб-парсы сөздерінің дыбысталуын алсақ та жеткілікті.
Ал А. Байтұрсынов түзеген араб әліпбиі сол кезде жоғары бағаға ие болғаны жасырын емес. Мәселен, 1924 жылы Ташкент Ортаазия университеті бюллетенінде Е.Д. Поливанов «енді түзетуді қажет етпейтін, тарихи тұрғыдан алғанда, кемелденген, жетілген ұлттық графика» деп бағалайды [2, 185]. Дегенмен алаш зиялыларының өздері әліпби мәселесінде екіге жарылып, бірі латын, бірі араб жазуын қолдағаны тарихтан белгілі. Сол кезде Ахаң латын әліпбиі туралы былай дейді: «Қазіргі қазақ әліппесінен артық әліппеміз тұрғанда, босқа латыншыл болудың қажеті не? Латынның керегі жоқ... Латынды ауызға алу еріккендік... Латынды орыс алмағанда біз неге аламыз? Әріпке қызығып, бүіл мәдениетімізден айырылып қаламыз ба? («Еңбекші Қазақ» газеті, 1924, 2 шілде)» [2, 185].
1926 жылы наурыздың басында Бакуде өткен 1 Бүкілодақтық түркологиялық сиезде А.Байтұрсынов, Е.Омаров, Б.Сүлеев, Ә.Байсейітов, әзербайжан, татар ғалымдары Алпарұлы мен Ә.Шараф араб әліпбиін қолдады. Қорытындысында араб жазуын қолдағандар 7 дауыс, латын 101 дауыс болғаны белгілі.
Қазір қарап тұрсақ, ата-бабамыздың құлпытастарындағы татардың шала молдалары жазған араб жазуларын оқу былай тұрсын, Ресей мұрағаттарындағы батыр, билеріміздің хаттарын түпнұсқадан оқи алмай тарих сүйгіш ұрпақтар қандай қиналыста жүр десеңші!
Ал елімізде 1927 жылы әуелі Ташкентте, сосын Қызылордада өткен конференцияларда араб графикасын жақтағандар: А. Байтұрсынов, І. Ахметов, Е. Омаров, Ә. Байтасов, ал Ә.Байділдаұлы, Т.Шонанұлы, Ә.Ермеков тағы басқа оқығандар латын әліпбиін қолдады.
Латынды жақтағандар былай деп жазады: «араб әрпі сауат ашуға, оқуға, жазуға қиын, себебі:
1) бір әріптің 4 түрі бар;
2) араб әрпінің көбі бір түсті;
3) жазу оңнан солға қарай, ал цифрлар солдан оңға қарай жазылады. Бұл жазуда да, баспа жұмысында да қиыншылық тудырады;
4) ғылыми кітаптарда (алгебра, геометрия, физика т.б.) пән белгілері латын әрпімен жазылдаы, араб әрпі бұған жарамайды;
5) араб әрпі нотаны жазуға жарамайды;
6) араб әрпі баспахана жұмысында көп қиыншылық туғызады: теру, басу, жөнінде қымбатқа түседі» [2, 189]. Міне, осы айқастан соң туатын қорытынды алаш зияларының басты мақсаты орыс жазуына жоламау болатын. Екі жақтың да ұстанған ұстанымдары қалай болса да кириллицаға көшпеу болатын. Екі әліпбиді ұстанған екі тараптың басты ұстанымы фонетикалық принципті орфографияға негіздеу болатын.
Мәселен, Ж. Аймауытов «Емлені өзгертуге жоба» деген мақаласында: «...Емлені өзгерту керек дегендегі көзде тұтатұн бас нысанам – сөзді грамматике заңына тірей бермей, қалай естілсе, солай жазу, емле ережелерін азайту, яғни жоғалту», – деп жазған болатын [2, 186]. Ал А.Байтұрсынов та араб жазуына негізделген әліпбиді ұсынғанда фонетикалық ұстанымды мақұл көрді. Ол: «Хасыл кәләм ойым: сөз жазылу керек айтылатұғын түрінше, яғни сөз ішінде қай дыбыс естілсе, сол дыбыстың әрпін жазу, естілген дыбыстың әріпі жазылмай басқа әріп жазу керек болса, не үшін ол керекті ғылым наху не сарф жолыменен ыспат етілсін», – дейді [3, 382]. Ол өзінің 24 әріптен тұратын әліпбиін осы ұстаным бойынша түзеген болатын. Латын әліпбиін қолдамаса да осы ұстанымды негіз етіп Х. Досмұхамедұлы латын әліпбиінің жобасын жасағаны белгілі. 1926 жылы Баку сиезінде көпшілік дауыспен (101 дауыс, арабқа 7 дауыс) латын әліпбиі қабылданғанымен қазақ тілін бұл әліпбиге көшіру оңай болмады. 1926 жылы Баку сиезінде көпшілік дауыспен (101 дауыс, арабқа 7 дауыс) латын әліпбиі қабылданғанымен қазақ тілін бұл әліпбиге көшіру оңай болмады. Латын әліпбиі жобасын Н. Төреқұлов 28 әріп бойынша әзірледі. Н. Төреқұловтың және А. Байтұрсыновтың әліпби жобалары туралы өз сөзінде Н.Ф. Яковлев тоқталып өтті. Ол өзінің «
Достарыңызбен бөлісу: |