Қара металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



жүктеу 351.76 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі351.76 Kb.


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылы «18» қыркүйекте

№ 172 бұйрығымен

бекітілген

Қара металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

1-тарау. Жалпы талаптар
1. Бұл Талап қара металлдар сынықтар мен қалдықтарын конструкциялау және оларға құрал-жабдықтарды дайындау кезінде қайта өңдеу және дайындау бойынша өндірісті жобалау, құрылысы, қайта конструкциялау және эксплуатациялауға таратылады.

2. Осы Талап негізінде өндірістік бақылау туралы Талаптар, технологиялық регламент әзірленеді.



2-тарау. Еңбектің қауіпсіз жағдайын туғызу бойынша жалпы талаптар
3. Эксплуатацияда болатын технологиялық құрал-жабдыққа МЕСТ 2.601 талаптарына сәйкес келетін төлқұжаттар жүргізіледі.

4. Жұмыс орындарында жұмыс істейтіндерді қауіпті және зиянды өндірістік факторлардан қорғау құралдарының тізбесі бар.

5. Механизмдердің, агрегаттардың қозғалмалы және айналатын бөліктері бекіту құрылғысы бар ортақ қоршаумен қоршалады.

6. Пневматикалық және гидравликалық механизмдердің шлангтары (майысқақ түтіктері) ауа немесе жұмыс сұйықтығының есептеу қысымына сәйкес келеді. Майысқақ түтіктердің штуцерлер және құрал-сайманға бекітілуі олардың жұмыс кезінде үзіліп кетуіне жол бермейді. Майысқақ түтіктерді штуцерлерге жалғау және оларды ажырату ауа немесе жұмыс сұйықтығын беруді тоқтатқаннан кейін жүргізіледі.

7. Еден деңгейінен 0,6 м биіктікте және одан жоғарыда орнатылған алаңдарда, өту көпірлерінде берік төсеніш және төменнен тұтастай жабылған 0,14 м кем емес биіктігі 1,0 м кем емес қоршаулар бар.

Технологиялық құрал-жабдық үшін шұңқырлар мен ойылған орындар барлық беті бойынша берік төсенішпен жабылған және қоршаулары бар.

8. Жүк көтеру, электр таль, лебедкалар және тағы басқалар, жүк қысу құралдары және ыдыстар құрылғылары және эксплуатациялау күші бар нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келеді.

9. Жүк көтеру крандары қолданылатын цехтарда (телімдерде) технологиялық регламентте қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қаралады. Кран кабинасында технологиялық алаңдар, адамдардың өту жолдары көрсетілген схема ілінеді.

10. Негізгі өту жолдары мен көліктің өту жолдарының шекаралары белгіленген немесе қоршалған.

11. Адамдардың жабық ыдыстарда, туннельдерде, құдықтарда болуымен байланысты барлық жұмыстар наряд-шақтама бойынша жүргізіледі.

12. Шаң, аэрозоль, май және басқа да зиянды заттар түзілетін орындарда жергілікті тарту желдеткіші немесе гидросумен бүрку қаралады немесе жұмыс зонасы алаңындағы зиянды заттар мөлшерін рұқсатты концентрациялық шектен асырмауды қамтамасыз ететін басқа да сәйкес шаралар қолданылады.

13. Оңай тұтанатын және жанғыш заттар қолданылатын цехтарда (телімдерде) оларды тұтыну орындарында орталықтандырылған тасымалдау және тарату қамтамасыз етіледі.

Аталған заттарды аз мөлшерде қолданған кезде оларды осы мақсатта арнайы тағайындалған ыдыспен тасымалдауға болады. Ыдыс оңтайлы күйде және тығыз жабылған.

3-тарау. Кәсіпорын аумағы. Ғимараттар мен үймереттер

1-параграф. Кәсіпорын, цехтар (телімдер) аумағы
14. Теміржол, автомобиль және басқа да рельстік емес көліктің аумақ бойымен және цехтар (телімдер) ғимаратының ішіндегі жылдамдығы мен қозғалыс тәртібін кәсіпорын әкімшілігі бекітеді және нұсқаушылар мен жол белгілерімен реттеледі.

Электр және автотиеуіштерді эксплуатациялау ұйымның техникалық басшысымен бекітілген технологиялық регламентке сай іске асырылады. Кәсіпорынға, цехқа (телімге) металл сынықтарын тапсыру үшін келген автомобильдер үшін келу жолының алдында таразы қақпасы жанына тұрақтар қаралады. Түсіру және қоймаларға орналастыру орындарында жаяу жүргіншілер тротуарлары мен көлік жүру жолдары шектерінде алаңдар қаралады.

15. Цехтар (телімдер) аумағындағы автомобиль жолдары қатты қабатпен жасалады. Жаз кезінде жолдар мен тротуарларға су бүркіліп тұрады, ал қыс мезгілінде қар мен мұздан тазартылып тұрады. Көк тайғақ болғанда жолдар мен тротуарларға сырғанауға жол бермейтін материалдар төселеді.

16. Жөндеу немесе құрылыс жұмыстары кезінде траншеялар, уақытша шұңқырлар, арықтар биіктігі 1,0 м кем емес қоршаулармен қоршалады, қараңғы кезеңде олар жырықтандырылады және жол қауіпсіздігі белгілерімен белгіленеді.

17. Цехтар (телімдер) аумағы, темір жолдары, автомобиль жолдары арқылды өтетін барлық өту жолдары мен көліктің өту жолдары нормаларға сәйкес жарықтандырылған. Темір жолдарды қиып өтетін тротуарларда адамдардың қарқынды қозғалысы болатын орындарда поездың жақындап қалғанын хабарлайтын дыбыстық және жарықты дабыл бергіш орнатылған.

2-параграф. Ғимараттар мен үймереттер
18. Өндірістік және көмекші ғимараттар, ғимараттар мен қоймалар өрт қауіпсіздігі жөнінде нормативтік құжаттар талаптарына сай өрт сөндірудің бірінші реттік құралдарымен қамтамасыз етіледі.

19. Цехтарда (телімдерде) алаңдар металл сынықтарын қоюға жабдықталады.

20. Ғимарат шатырларын тазалау бойынша жұмыстар ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кәсіпорын нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

Цехтарда ғимарат ішіндегі шаң мен қоқысты, сонымен қатар өндірістік ғимарат бетінен мұз бен шаңды механикаландырылған жинастыру құралдары қаралады.

21. Терезе және фонарь құраушыларын және фрамугтарды ашу дистанциялық басқарылатын немесе жұмыс алаңы еденінен қолмен басқарылады.

Шыны терезелердің жақтаулары шаң мен ыстан, қажеттілігіне қарай жарты жылда бір рет тазартылады.

22. Цехтарда және жұмыс алаңдарындағы едендер тегіс. Өндірістік ғимараттарда жұмыс орындарын жинастыру ауысым сайын жүргізіліп тұрады. Шатырларда, жабындарда, алаңдарда, конструкциялар мен құрал-жабдықтарда шаңның жиналуына жол берілмейді.

Технологиялық процестер сипаты бойынша май және эмульсия қолданылатын өндірістік телімдерде май мен эмульсияның еденге тиіп кетуінен сақтандыратын шаралар қолданылады. Сырғанаудан сақтану үшін еденнің ластанған телімдері тазаланады.



4-тарау. Газ шаруашылығы
23. Қара металдар қалдықтары мен сынықтарын қайта өңдеу және дайындама бойынша кәсіпорынның, цехтың (телімнің) газ шаруашылығы осы Талаптар және күші бар нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келеді.

24. Стационар газ айыру постылары желдету тесіктері бар металл жәшіктерде орналастырылады. Оттегі мен жанғыш газ үшін газ айыру постылары шкафтары араларындағы ара қашықтық 15 м кем емес. Шкафтар (шкафтар табанына) еденнен 0,6 м кем емес биіктікте орналастырылады.

Шкафтар есіктер жұмыс кезінде ашық. Газ айыру постын пайдаланушы жұмыскер болмаған кезде шкаф бекіту құрылғысына жабық.

25. Газ айыру постылары механикалық зақымданулардан сенімді қорғалған. Оларға келу еркін.

26. Газ айыру постылары қабырғаларда немесе колонналарда және басқа құрылыс конструкцияларында орнатылғанда айырымдардың келесі нормалары сақталады: оқшауланған өткізгіштер мен электр кабельдеріне дейін 1,0 м, күйген өткізгіштерге дейін 2,0 м.

5-тарау. Металл сынықтарын кесу үшін оттегін пайдалану

1-параграф. Газ тәрізді оттегін қолдануға жалпы талаптар
27. Қысыммен жұмыс істейтін оттегі құрал-жабдығы құрылғысы, дайындау, монтаждау және эксплуатациялау қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар құрылғысы және қауіпсіз эксплуатациялау бойынша күші бар нормативтік құжаттарға сәйкес келеді.

28. Оттегімен жұмыс істеу үшін тек осыған арнайы тағайындалған оттегі құрал-жабдығы, бақылау-өлшеу аппаратурасы немесе қолданылуы бекітілген тәртіпте бекітілген құрал-жабдық қолданылады.

29. Оттегі немесе оттегімен байытылған ауаның қысымын өлшеу үшін оттегі манометрлері қолданылады.

30. Оттегін өткізгіште орнатылған барлық манометрлер көгілдір бояулы және «Оттегі-май қауіпті!» деген жазуы бар.

31. Оттегі құрал-жабдығы көгілдір түске боялған немесе көгілдір түсті жолағы бар.

Жеке қорғаныс құралдарын қоспағанда, оттегі құрал-жабдығында «Оттегі. Қауіпті!» деген жазылады. Жазу көгілдір түске қара бояумен немесе кез келген түске көгілдір бояумен жүргізіледі.

32. Қысыммен жұмыс істейтін оттегін өткізгіштерде ылғи да қызмет көрсететін адамдар жүретін алаңда ажыратылатын қосылыстар, тығындар тағы сол сияқтылар болмайды. Бұл талапты орындау мүмкін болмаған кезде оттегін өткізгіштерде қорғаныс қаптамалары орнатылады.

33. Оттегін өткізгіштерді беріктікке сынауды сынама қысымы жұмыс қысымының 1,25 құрайтын гидравликалық тәсілмен жүргізеді. Оттегін өткізгіштерді сумен толтыру кезінде жүктемеге есептелмеген және тіректерде монтаждалған, 1,6 МПа (16 кгс/см2) артық емес қысымда жұмыс істейтін оттегін өткізгіштер үшін беріктікке пневматикалық сынақтар жүргізуге рұқсат етіледі.

Оттегін өткізгішті ағудың байқалуымен беріктікке сынауды пневматикалық тәсілмен жүргізеді.

34. Оттегін өткізгіштер, баллондар мен қысқыштар вентильдері, рамп арматурасы, майысқақ түтіктер тығыздығын тексеру сабын ерітіндісімен немесе газ анализаторларымен кем дегенде 6 айда бір рет жүргізіліп газ-және оттегі өткізгіштерді эксплуатациялау журналына нәтижелері жазылады.

35. Монтаждалған және сыналған оттегін өткізгіштерді эксплуатациялауға ұйымның техникалық басшысымен тағайындалатын комиссиямен қабылдағаннан кейін рұқсат етіледі.

36. Оттегін өткізгіштерде орнатылған арматураны ашу және жабуды, оттегін өткізгіш немесе оның бөлек элементтерінің тұтануынан сақтану үшін құбыр бойымен оттегі қозғалуының үлкен жылдамдықта болуына және оның параметрлерінің күрт өзгеруіне жол бермей, баяу жүргізеді.

37. Металл сынықтарын уақытша кесу жүргізілетін орындарда арбашаларда немесе баллон вентилі башмактан 25-300 мм биік болатын күйде тіреулерде бекітілген баллондарды пайдалануға рұқсат етіледі. Жаз мезгілінде баллондар жауын-шашын мен күн сәулесінен қалқаланады.

38. От жұмыстарын уақытша жүргізу орындары 5,0 м кем емес радиуста жанғыш материалдардан тазартылады.

39. Редукторсыз баллоннан, жарамсыз редуктор немесе манометрі бар баллоннан газ алуға жол берілмейді.

40. Толтыру үшін арналған баллондардан оттегін алу қалдық қысым 0,05-0,1 МПа (0,5-1,0 кгс/см2) болғанға дейін жүргізіледі.

41. Оттегі баллондары мен аппаратураны қолданған кезде МЕСТ 12.2.058 бекітіліген нормадан аспауға тиісті беттегі маймен ластану мөлшері бақыланады.

42. Оттегімен жанасып жұмыс істейтін құрал-жабдықтың, арматураның металл емес бөлшектерінде жарықтардың, сызаттардың және басқалардың болуына жол берілмейді.

43. Тығыздау (төсеме) материалдарын, жылжымалы тығыздағыштар, арматураның бекіту органдарының тығыздау материалдарын, айыру мембраналарын таңдау МЕСТ 12.2.0.52 бойынша орындалады.

44. Оттегін пайдалану орнына жеткізу үшін қолданылатын шлангтер (майысқақ түтіктер) берік, майысқақ және МЕСТ 9356 (ІІІ тип) талаптарына жауап береді.

45. Оттегімен кесу үшін шлангтар ұзындығы жұмыстар талаптарына байланысты 8,0-20,0 м құрайды. Ұзындығы 20,0 м асатын шлангтарды тек ерекше жағдайларда ғана қолданады.

Оттегі шлангтерін 2,0 МПа (20 кгс/см2) шығын қысымымен сынайды.

46. Тығыздау материалын жүргізу технологиясы оның құрал-жабдықтың «өтпелі» бөлігіне түсіп кетуіне жол бермейді. Ажырау беттерінен сығылып шыққан оның артық бөліктері алынып тасталынады.

47. Оттегі құрал-жабдығын коррозиядан қорғау үшін сыр бояу беттерін пайдалану МЕСТ 12.2.052 және дайындаушы-зауыт нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

48. Оттегінің жоғары концентрациясының түзілуі мүмкін орындарда жұмыс істейтін қызмет көрсететін қызметкерлер үшін киім тегіс, тығыз, антистатикалық қоспалары бар түксіз маталы материалдардан жасалады. Жасанды және табиғи талшықты маталардан аралас композицияны қолдануға жол берілмейді.

2-параграф. Сұйық оттегін тасымалдау, сақтау және пайдалану

кезіндегі жалпы қауіпсіздік талаптары
49. Алыс емес ара қашықтыққа сұйық оттегін сұйық ағымы бағытына қарай аздаған көтерілумен монтаждалған жылудан оқшауландырылған құбырлы өткізгіш бойымен тасымалдауға рұқсат етіледі.

50. Сұйық оттегі бар ыдысты тасымалдау кезінде барлық арматура ластану мен май жұғудан сақтандырылады.

51. Сұйық оттегіне арналған стационар және көлік ыдыстары және газификаторлар ыдыстары жылына екі реттен кем емес, сонымен қатар оларда қандай да майдың пайда болуына күдік туындағанда, технологиялық регламентке сәйкес майдан тазартылады.

52. Сұйық оттегі бар резервуар қондырғыларын эксплуатациялау және орналастыру газбен жабдықтаудың ішкі және сыртқы құрылғылары, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз эксплуатациялау және құрылғы бойынша, газбен жарақтаудың ішкі және сыртқы құрылғыларының газ шаруашылығындағы қауіпсіздік бойынша күші бар нормативтік құжаттар талаптарына жауап береді.

Резервуар қондырғыларын автоцистерналарға ыңғайлы келу жолдары бар алаңдарға орнатады. Оларда биіктігі 1,6 м кем емес жанбайтын материалдардан жасалған қоршаулар бар. Резервуарлардан қоршауларға дейінгі ара қашықтық 1,2 м кем емес.

53. Әр түрлі типтегі газификаторлар, сұйық оттегі бар ыдыстар сақталатын немесе орналастырылатын және оттегі құрал-жабдықтары монтаждалатын орнатылатын алаңдар немесе ғимараттар келесі талаптарға жауап береді:

1) асфальт және ағаш едендер пайдалануға жол берілмейді;

2) сақтандырғыштар, сөндіргіштер мен айырғыштар ғимарат сыртына орналастырылады;

3) электр шамдарының арматурасы оңашаланған;

4) тек орталық бумен немесе сумен жылытуға жол беріледі;

5) жеткілікті табиғи желдетумен жабдықтаулы керек немесе дабыл беруге (жарық немесе дыбыстық) сәйкес келетін 23 % дейін оттегі концентрациясының артуын жазатын оттегіне газоанализатор орнатылған;

6) ғимараттар мен алаңдарда темекі тартуға және от жағуға жол берілмейді;

7) ғимаратқа кіре берісте жермен тұйықталған мыс табақшалары төселген, есіктер тұтқалары кіретіндерден статикалық электрді алып тастау үшін жермен тұйықталған;

8) көрнекті орында «Абайлаңыздар. Оттегі!», «Темекі тартуға болмайды» деген жазулар бар плакаттар ілінген;

9) ғимарат ішінде өрт сөндіргіштер, кіре берісте құмы бар жәшік және өртке қарсы жабдықтары бар тақта бар.

54. Егер сұйық оттегін құйғаннан кейін сырқы бөлігінің қатып қалуы жүрсе, мұндай ыдысты эксплуатациялауға жол берілмейді.

55. Сұйық оттегінің құбырлы өткізгіштері, құрал-жабдықтары және резервуарларындағы сақтандыру клапандары, сөндіру құрылғылары жарамсыз болса, сонымен қатар, олар болмаған кезде эксплуатациялауға жол берілмейді.

56. Әуелде басқа сұйылтылған газдар үшін пайдаланылған құрал-жабдықты (майысқақ түтік, редукторлар және сол сияқтылар) сұйық оттегі үшін пайдалануға жол берілмейді.

57. Оттегі ыдыстарында жұмыстар жүргізу кезінде ұшқынның түзілуіне жол бермейтін материалдардан (жез, қола, тағы сол сияқты) жасалған құралдар мен саты қолданылады.

58. Құрал-жабдықпен жұмыс істеу кезінде сұйық оттегімен жанасуы мүмкін жылудан оқшауланған материалдар күші бар нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келеді.

59. Сұйық оттегімен жұмыс жеңнің астына еркін киілетін брезент, шұғалы немесе теріден жасалған қолғапшамен және жарық сүзгісі мен бүйір қалқаны бар сақтандыру көзілдіріктерімен жүргізіледі. Сырт киім толығымен тұмшаланған, ал шалбар аяқ киімді жауып тұрады.

60. Сұйық оттегімен жұмыс жүргізгенде пайдаланылған киім 20-30 минут бойына желдетіледі. Бұл кезеңде темекі тартуға, сіріңке жағуға, ашық отқа жақын жерде болуға жол берілмейді.


6-тарау. Құрал-жабдықты жөндеу
61. Құрал-жабдықты жөндеу ұйымның техникалық басшысымен бекітілген графикте қаралған мерзімде жүргізіледі.

62. Құрал-жабдықты күрделі және ағымдағы жөндеу әзірленген және бекітілген жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі (ЖҰТ) бойынша жүргізіледі. ЖҰТ жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар және орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғалар көрсетіледі.

63. Крандарды жөндеу алаңдары жөнделетін кранның қажетті тораптарын және бөлшектерін көтеру және түсіруді қамтамасыз ететін көтеру құрылғыларымен жабдықталған.

64. Газ реттеу пункті (ГРП) және газ реттеу қондырғысы (ГРҚ) құрал-жабдығы кестемен қаралған мерзімде жоспарлы-сақтандыру тексерулер мен жөндеуден өткізіледі. Бұл кезде кем дегенде жылына бір рет барлық құрал-жабдықты бөлшектеумен тексеру қаралады. Сақтандыру және лақтыру клапандарын тексеру, реттеу кем дегенде екі айда бір рет жүргізіледі.

65. Цех ішілік газ өткізгіштерін ұйымның техникалық басшысымен бекітілген жоспарлы-сақтандыру жұмыстары кестесі бойынша техникалық күйіне байланысты жөндейді. Байқалған газдың ағуын тез арада қалпына келтіреді. Цехтар ғимараттарында құбырлы өткізгіштер ашық төселеді.

66. Оттегін өткізгіштер, арматураны жөндеу, фланецті қосылыстарды тарту және тағы сол сияқтылар қысымды алып тастағаннан кейін жүргізіледі.

67. Адамдар болуы мүмкін орындарда оттегін өткізгіш немесе оттегі құрал-жабдықтарын жөндеу жүргізген кезде оттегінің мөлшері 23 ℅ артық емес.

68. Оттегі ортасында жұмыс істейтін құрал-жабдық пен аппаратура тораптарына жөндеу және бөлшектеуді арнайы майдан арылтылған сайманмен, майы жоқ киіммен және май жұқпаған қолмен жүргізеді.

69. Сұйық оттегі бар аппараттар, ыдыстар, аспаптар мен коммуникацияларды жөндеу тек қалыпты температураға дейін қыздырғаннан кейін және ондағы газ тәрізді оттегін ауамен үрлеп жойғаннан кейін жүргізіледі.

70. Биіктегі жөндеу жұмыстары өндірісі кезінде жұмыс орындарына аспалы алаңдар мен люлкалар, ағаш құрылғылары жолымен еркін жету қамтамасыз етіледі.

Ағаштар, сатылар, аспалы алаңдар мен люлкалар оларды жарақтағаннан кейін арнайы тағайындалған тұлғамен акт толтырумен қабылданады.

Сақтандыру белдіктерін қолданумен биікте жұмыстар орындау кезінде белдікте карабиннің көмегімен бекіту орны наряд-шақтамада көрсетіледі.

71. Газбен кесу аппаратурасы профилактика және қалпына келтіру жөндеуі, сонымен қатар оны жөндегеннен кейін тексеру және сынау орталықтандырылған тәртіпте жүргізіледі.

72. Қайшыларды жөндеу және реттеу сақтандыру бекіткіштеріне орнатылған кескіш пен қысқыш механизмдерінің көтерілген ползундарында жүргізіледі. Қайшыларды ауыстыру және реттеу кезінде, қысқыш астындағы плитаны алмастыру кезінде қайшылар конструкциясында қаралған көтерілген күйде ползундардың арнайы бекіткіштерін пайдаланады.



7-тарау. Кәсіпорын, цех (телім) көлігі

1-параграф. Теміржол көлігіне қойылатын қауіпсіздік талаптары
73. Маневрлеу операциялары ауданында оны жүргізудің қауіпсіздік талаптарына жағдай жасалған.

74. Тиеу және түсіру аяқталмаған вагондардан маневрлеуді тек тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу бойынша бақылаушы тұлғаның келісімімен жүргізіледі.

75. Цехтардағы теміржолмен өту саңылауларында дыбыстық және жарықты дабыл бергіштер орнатылған.

Теміржол құрамдарының цехтарға (телімдерге), грейфер, магнитті және басқа да крандар, тиеу-түсіру механизмдері зоналарына келуге рұқсатты бақылаушы тұлға береді.

76. Тиеу және түсіру үшін берілген құрамдар астында тежеуіш башмактары төселген.

Тиеу немесе түсіру жұмыстарының аяқталуымен теміржол жолдары тазартылады.

77. Вагондарды тазарту, люктерді, борттарды, теміржол вагондарының есіктерін ашу және жабу бойынша операциялар технологиялық регламент бойынша жүргізіледі.

78. Тасымалдау арбашалары жылжымалы арбашаларымен бір уақтылы қосылатын шекті сөндіргіш және дабыл бергіш құрылғысымен, ал жүру дөңгелектері соққы қалқаншаларымен жабдықталған.

79. Тасымалдау арбашаларының жылжу жолдары оңтайлы күйде және тупиктік тіректері бар. Кабельдік (троллей) траншеялары берік төсемемен жабылған.

80. Арбашалар құрылғысы және эксплуатациялау оларды тасымалдаған кезде, жүктердің түсіп қалуына, тиеу, түсіру немесе тасымалдау кезінде арбашаның аударылып қалуына жол бермейді.

81. Арбашалардың шеткі шығып тұрған бөлшектері және ғимарат конструкциясы және цехқа салынатын материалдар мен құрал-жабдық аралығындағы ара қашықтық арбашаның екі жағынан да 0,7 м кем емес.

2-параграф. Автомобиль көлігіне қойылатын қауіпсіздік талаптары
82. Кәсіпорын, цех (телім) аумағына көлік құралдары кірген кезде оларды тиеу-түсіру алаңына апаратын схемалар ілінген. Түсіру және тиеу орындары белгіленген. Көлік құралдарының қозғалысы жол белгілерімен және нұсқағыштармен реттеледі.

83. Тиеу-түсіру алаңдары қатты бетті және оңтайлы күйде сақталған.

84. Авто түсіргіштер, бүйір авто аударғыштар биіктікке көтеру тірегінің шектеу сөндіргіштерімен және қиғаштанған күйде автокөлік сенімді тірелетін сақтандыру тізбектерімен жабдықталған.

8-тарау. Қара металл сынықтары мен қалдықтары дайындамалары, қайта өңдеу

1-параграф. Дайындама, сұрыптау, тиеу, түсіру және қоймаға салу
85. Дайындаумен, қайта өңдеумен, тиеу операцияларымен, тасымалдаумен және қара металл сынықтары мен қалдықтарының қопарылу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты жұмыстарды МЕСТ 2787 талаптарына сәйкес жүргізеді.

86. Дайындалған металл сынықтары өту жолдары мен көліктің өту жолдарына кедергі жасамайтындай етіп, технологиялық регламентпен және әзірленген схемаларға сәйкес алдын ала арнайы дайындалған алаңдарда жиналады.

87. Металл сынықтарын сұрыптау механикаландырылған.

88. Қоймалардан, штабельдерден металл сынықтарын бөлшектеу жоғарыдан басталады. Үйінділер астынан сынықтардың бөлек бөліктерін суыруға жол берілмейді.

89. Қалыптарды салу айқастырылып жүргізіледі. Биіктігі бойынша үш қатардан артық салуға болмайды. Штабельдің қалануы орнықтылықты қамтамасыз етеді.

90. Салынатын металл сынықтарының ең жоғарғы биіктігі жүк көтеру кранының жүк қысу органының жоғарғы күйінен 2,0 м төмен.

91. Вагондардан тұрақты түрде крандармен түсіру және тиеу орындарында вагондар борттарымен бір деңгейде орналастырылған төсемесі бар эстакадалармен (алаңдар) жабдықталған және габаритті емес жүкті строповкалау схемалары ілінген. Эстакаданың қоршауы бар.

2-параграф. Қопарылу қауіпсіздігін бақылау және радиациалық бақылау
92. Тұтынушы-зауыт жөнелтетін металл сынықтарының әрбір партиясына МЕСТ 2787 сәйкес оның қопарылу қауіпсіздігін куәландыратын құжат қосақтала беріледі.

Зауыт ішілік жеткізіп беруде металл сынықтарына қосақтала берілетін құжаттарда тексеруді жүргізген бақылаушы тұлға немесе бақылаушының жазбасы жүргізіледі.

93. Пакеттер дайындау кезінде оған металл емес материалдар, су немесе мұзы бар ыдыстар, майы бар құрал-жабдықтар бөлшектерін тығыздауға болмайды.

Конвертерлерге арналған пакеттердің қопарылу қауіпсіздігі құжаттарында жеткізіп беруші «Конвертерлер үшін пайдалануға» деген жазуды жазады.

94. Сынықтарды қайта өңдеу кезінде анықталған қопарылу қаупі бар заттарға акт (2-қосымша) жасалады.

95. Қайта өңдеуге жеткізілген металл сынықтары иондаушы сәуле көзінің бар болуына тексеруге жатқызылады.

96. Иондаушы сәуле көзі болып табылатын металл сынықтары анықталған кезде акт (2-қосымша) жасалады.

3-параграф. Газбен кесу
97. Металл сынықтарын газбен кесу бойынша жұмыстарды технологиялық регламент талаптарына сәйкес жүргізеді.

98. Газбен кесушілерді оқыту бағдарламасына оны қайта өңдеу және қайта балқыту кезінде металл сынықтарының қопарылу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптар енгізіледі.

99. Табиғи және сұйылтылған газдарды, сұйық жанғыштарды (керосин) қолданумен металл сынықтарын газды оттегі өндірісі үшін цехтар мен телімдерді газбен қамтуда мыналар жүзеге асырылады:

1) тұрақты жұмыс постыларынның саны оннан артық болған кезде-газды оттегін өткізгіштерден немесе тарату рамптарынан;

2) жұмыс постыларынның саны онға дейін болған кезде, егер газды оттегін откізгіштер құрылғысы рационалды емес болса-оттегі бар баллондардан, жанғыш газбен немесе сұйық оттегі бар бөшкелерден.

100. Жанғыш газдардың стационарлы газ айыру постылары жабық түрдегі сұйық сақтандыру бекітпелерімен және сәйкес бекіту арматураларымен жабдықталған. Сақтандыру бекітпелері олардың тағайындалуы бойынша пайдаланылады.

Сұйық сақтандыру бекітпелерінің орнына құрғақ бекітпе немесе аттестациядан өткізілген конструкторлық ұйыммен әзірленген кері клапан орнатуға рұқсат етіледі.

101. Газ айыру постыларына газдарды орталықтандырып беру айыру постыларының техникалық сипаттамаларында көрсетілген қысымнан аспайтын, бірақ оттегі үшін 1,5 МПа (15,0 кгс/см2) және жанғыш газ үшін газ 0,15 МПа (1,5 кгс/см2) артық емес, қысыммен жүргізіледі. Қысымды реттеу және оны берілген параметрде ұстап тұру желілік реттеуіштермен жүргізіледі.

102. Газбен кескіштерде ЛКО түріндегі кері клапандарды орнату кезінде орталықтандырылғын оттегі постыларына газбен кесу аппаратурасын қосу баллондық оттегі редукторларынсыз жүргізіледі.

103. Газбен кескіштер тікелей оттегі немесе жанғыш газ бар баллондардан қоректендірілген кезде баллондарға оттегі редукторларын орнату міндетті.

104. Сұйық жанғышты кесу аппаратурасымен жұмыс істеу үшін арнайы бөшке көлемі 4/5 артық емес көлемде толтырылады.

Бөшкеге құйылатын жанғыш сұйық (керосин) сүзгіден өткізілген. Сұйық жанғыш ретінде этилді бензинді қолдануға жол берілмейді.

Бөшкедегі жұмыс қысымы 0,25 МПа (2,54 кгс/см2) аспайды. Жұмыстан үзіліс кезінде бөшкедегі қысым алынады.

105. Бір баллонға, сұйық ысырмасына немесе кері клапанға тек бір ғана кескіш немесе қыздырғыш жалғанады.

106. Газбен кесу, ашық отты басқа көздерден пайдалану көлденең бойынша мына аралықта рұқсат етіледі, м:

1) тарату газды оттегі рамптарынан 10,0;

2) оттегі және сұйық газы бар бөлек баллондардан 5,0;

3) металл шкафтарында орнатылған газ айыру постыларының газ өткізгіштерінен 3,0.

107. Металлды газбен кесу жүргізілетін цехтар, жұмыс алаңдары, телімдер көрінетін және оңай алынатын орындарда өрт сөндірудің бірінші реттік құралдарымен қамтамасыз етіледі және қажетті медикаменттері бар медициналық дәріқұтылар болады.

108. Металл сынықтарын газбен кесуге арналған жұмыс алаңдары көтеру-көлік құралдарымен жабдықталады.

109. Газбен кесушілердің тұрақты жұмыс орындарында жұмыстан үзіліс жасау кезінде кескіштерді асып қою үшін құралдар орнатылады.

110. Ірі бұйымдарды, конструкцияларды, теміржол вагондарын, экскаваторлар, локомотивтер тағы сол сияқты биіктігі 1,5 м асатын бұйымдарды кесу кезінде технологиялық регламентте металл сынықтарын газбен кесуші үшін кесілген немесе қалған бөліктің құлап кетуінен сақтандыратын шаралар қарастырылады. Аталған сынықты кесуге технологиялық регламентке қоса берілетін кесу тәртібінің схемасы құрылады. Штабельдерде металл сынықтарын газбен кесуге жол берілмейді. Металл сынықтарын кесуді тек алаңның еденінде жүргізеді.

111. Цилиндрлер, қазандықтарды кесу кезінде люктер, тесіктер, қақпақтар ашық.

112. Металл сынықтарын газбен кесу кезінде анықталған қопарылу қауіпі бар немесе осы жағынан күдік тудыратын заттар тез арада және абайлап алынады және бақылаушының басшылық етуімен арнайы сақтау орнына жөнелтіледі. Жұмыстар тоқтатылады, адамдар қауіпсіз орынға шығарылады.

113. Металл сынықтарын газбен кесу аппаратурасы және кескіштер МЕСТ 12.2.008 сәйкес келеді.

114. Кәсіпорынға жеткізілген газбен кесу аппаратурасы (кескіштер, қыздырғыштар, редукторлар, бөшкелер мен резиналы маталы майысқақ түтіктер) эксплуатациялауға берілмес бұрын майдан тазартылады, арнайы журналға тіркеледі және технологиялық регламент талаптарына сәйкес оңтайлылығы тексеріледі.

115. Газбен кесуші күн сайын жұмысты бастамас бұрын газбен кесуші аппараттарды газ сұйық сіңіргіштікке тексереді.

Кем дегенде үш айда бір рет оттегі және газ редукторларына техникалық тексеру және сынақ жүргізіледі. Газды оттегімен кесу кезінде қолданылатын резиналы маталы майысқақ түтіктерді кем дегенде жылына екі рет саңылаусыздыққа сынайды.

116. Металл сынықтарын газбен және керосинмен кесу үшін аппаратураға қысыммен жанғыш газдарды, оттегін және сұйық жанғышты беру үшін қолданылатын резиналы маталы майысқақ түтіктер МЕСТ 9356 сәйкес келеді.

117. Аппараттарға майысқақ түтіктер ОСТ 2605–708 бойынша дайындалған гофрирленген ниппельдер көмегімен жалғанады. Майысқақ түтіктер шеттері оларға арнайы бекіту қамыттарымен бекітіледі. Қажет болғанда екі майысқақ түтіктің шеттеріне екі жақты ниппель пайдаланады.

118. Майысқақ түтік қамыттармен бекітілген үштен артық емес бөліктен құралады. Мұндай бөліктердің ең кіші ұзындығы 3,0 м.

4-параграф. Газбен кесумен кемелерді бөлшектеу
119. Кемелерді бөлшектеу аса қауіпті жұмыстарға жатқызылады. Бөлшектеуге жатқызылатын кемелерге және басқа да жүзу құралдарына, сынық тапсырушыларға (кеме иеленушілерге) қопарылу қауіпсіздігі туралы куәлік және отын танктерінде және кеменің басқа да бөлмелерінде ауа сынамасын талдауының актілері беріледі.

120. Трюмалар, танктер, цистерналар және құбырлы өткізгіштер жанар-жағар майлар қалдықтарынан тазартылған және буландырылады.

121. Әрбір кемені және жүзу құралын бөлшектеуге кемелердің батып кетпеуін және жұмыс істеп жатқандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыстарды ұйымдастыру жобасы құрылады.

122. Оттегі және жанғыш газдары бар баллондарды ұшқынның тиіп кетуінен тыс ауданда кеменің жоғарғы палубасында немесе жағада арнайы контейнерлерде (люлкаларда) үшеуден артық емес етіп орнатылады. Баллондары бар контейнерлер орнықты бекітіледі.

123. Кемені кесу үшін қолданылатын баллондарда баллондармен және редукторлармен жұмыс істеу ережелеріне оқытылған арнайы кезекші болады.

124. Кемелерде, жағалауда, су бетінде және доктарда жанғыш газ және оттегін газ айыру постыларына аппаратураны жалғауды тек газбен кесушілермен бекітілген үлгідегі номерлі жетондар бергеннен кейін, газ құбырына қызмет ету бойынша бекітілген тәртіпте тағайындалған кезекші бақылаушы тұлғаның рұқсатымен жүргізіледі.

125. Газ жалынды жұмыстарын жүргізу құқығына жетондарды газбен кесушілерге бақылаушы тұлғамен күн сайын беріледі.

126. Кезекші газбен кесушіден жетон ала отырып клапанның, жанғыш газдар және оттегі постыларында арматура іс әрекетінің оңтайлылығын тексереді және тек содан кейін ғана қосады; ол тұрақты түрде люлкалардағы, мойындардағы және жұмыс орындарына ішкі отсектерге майысқақ түтік өтетін бөлмелердегі майысқақ түтіктер күйін тексеріп тұрады.

127. Ауысым аяқталғаннан кейін немесе газды пайдаланып болған соң, газбен кесушілер кезекшіден жетондарды алады және бақылаушы тұлғаға тапсырады.

128. Газ өткізу желісінің айырымы ұзындығы 40,0 м артық майысқақ түтіктерді пайдалану қажеттілігіне жол бермейді.

129. Жұмысты бастамас бұрын жүзу құралдарының бөлмелерінде тұтанғыш газдар, жанғыш заттар және ұшқыннан тұтануға қабілетті материалдардың жоқтығына көз жеткізіледі.

Олар анықталған жағдайда газ жалынымен жұмыстар жүргізуге тек бөлмені толық желдеткеннен кейін және ауа құрамының оңтайлы талдауын алғаннан кейін және газ жалынымен жұмыстарды жүргізу үрдісінде жанғыш заттардың бөлініп шығуына жол берілмейтіндей жағдай туғызылғанда ғана рұқсат етіледі.

130. Кемелер және басқа да жүзу құралдарының бөлшектеу орындарына (бөлшектеуге жатқызылатын) ауысу, әсіресе жоғарғы палубаны түсіргеннен кейін, жағадан кемеге, тағы сол сияқтылар тек орнықты тұтқалары бар басқыштармен жүзеге асырылады.

5-параграф. Металл сынықтары мен қара металлдар қалдықтарын қайта өңдеуге арналған құрал-жабдыққа қойылатын қауіпсізідіктің жалпы шаралары
131. Металл сынықтары мен қара металлдар қалдықтарын қайта өңдеуге арналған құрал-жабдықтар МЕСТ 12.2.055 және осы Талапқа сәйкес келеді.

132. Гидравликалық қайшылар астауы, престерге тиеу қорабының салушысына дабыл бойынша аудару кезінде оператор дыбыстық дабыл береді, адамдардың жоқтығына, салушының қауіпсіздігіне көз жеткізеді және содан кейін ғана аудару механизмін қосады.

133. Гидравликалық қайшылардың, пресстердің жұмысы кезінде оператор металлдың берілуі, гидравликалық қайшылардың, пресстердің механизмдерінің оңтайлылығына қарайды, басқару пультінде орнатылған аспаптар көрсеткіштеріне, қайшылар, пресстер және крандар машинистері мен салушылар дабылдарына көңіл бөледі, қауіптілік болған жағдайда құрал-жабдықтың жұмысын тоқтатады.

134. Сынық өңдеу құрал-жабдығы мен крандар кабиналарының басқару постыларында жұмыс орнын ұйымдастыру МЕСТ 13000 және осы Талапқа сәйкес жүргізіледі.

135. Басқару постылары кабиналары мен машина залдары бөлмелеріне кіруге, сонымен қатар құрал-жабдықты басқару және қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың жұмыс алаңдарында және пресс, қайшылардың басқару органдарында болуына жол берілмейді.

136. Электр қосу құрал-жабдығы құлыппен жабылатын жәшікте орналастырылады. Кілт бақылаушы тұлғада болады. Қайшылардың электр қозғалтқышы сенімді жермен тұйықталады, ал жермен тұйықтайтын шиналар немесе өткізгіштер ауысым сайын тексеріледі.

137. Пресс пен қайшыларды автоматты басқару схемасында кернеуді толығымен алып тастаумен апаттық сөндіруі бар.

6-параграф. Қайшымен кесу
138. Гидравликалық қайшылар, пресстер конструкциясы желідегі қысым төмендеген кезде өзінің салмағынан кесу механизмінің кенеттен түсіп кету мүмкіншілігіне жол бермейді.

139. Басты сорғылар қосылған кезде қорапта немесе тиеу механизмі науасында болуына жол берілмейді.

140. Аллигатор қайшыларының тіректен жоғарғы тесігі кесілетін металл сынықтарының сыртқа ұшып шығуына жол бермейтін қоршаулармен жабдықталады.

141. Қайшыларда көрінетін орында кесу кезінде қайшылар тесігінде металлдың орналасу орнын көрсетумен кесуге рұқсат етілетін металлдың максимальды қимасының кестесі болады.

142. Кесу кезінде металдың кесілген кесегі тірекке тығыз қысылады және соңғы кесіліп алынған металл кесегінің ұзындығы 500 мм кем емес.

143. Аллигатор қайшыларының жұмыс орны диэлектрлік төсенішті қатты бетті және тазалықта сақталады, қыс мезгілінде құм немесе ұсақ қож төселеді.

144. Қайшылардан кесілген металды жинастыру қайшыны тоқтатқаннан кейін жүргізіледі.

145. Тұтас заттар (құбырлар, цилиндрлар) іші босатылады. Винтовка, зеңбірек және қару оқпандарын, аллигатор қайшыларында болтты және тойтарылып қайтарылған қосылысты металл кесуге жол берілмейді.

146. Аллигатор қайшылары аппаратурасының қосу кнопкалары кесушінің тікелей жұмыс алаңында монтаждалады, қайшылар муфтасын қосу педалінде қайшылардың кездейсоқ қосылып кетуіне жол бермейтін қоршау бар.

147. Қайшы тірегіне қарама-қарсы жақтан немесе қайшылардың бүйір жағынан металл салуға және осы орындарда қызмет көрсететін жұмыскерлердің болуына жол берілмейді.



7-параграф. Пакеттерге салу
148. Пакеттерге салу пакеттеу пресстерінде жүргізіледі.

149. Пресстің жұмыс алаңы, тиеу қорабы және пресс-камераның айналасындағы төсеме кедір-бұдырлы болат табақшалардан жасалған.

150. Прессті бөлме қабырғасына орнатқан кезде бөлме қабырғалары крандардың келу жағынан болат табақшамен сақтандырылған.

8-параграф. Болат жаңқасын брикеттеу
151. Брикеттеу пресстері бөгде заттардан металл жаңқасын тазарту үшін механикаландырылған құрылғымен және қысылып қалған брикеттерді механикаландырып алып тастау үшін құралдармен жабдықталған.

152. Брикеттеу пресстерінің конструкциясы пресстің бос жұмысы кезінде пресс-штампельдің өздігінен қосылып кетуіне жол бермейді.



9-параграф. Каперлы ұсақтау
153. Каперды қоршау конструкциясының қауіпсіздігі талаптары МЕСТ 12.2.055 сәйкес келеді.

154. Қоршаудағы саңылаулар саңылау ашық кезде капердың аспалы балғасының көтерілу мүмкіндігіне жол бермейтін бекіткіш құрылғысымен жабдықталған түсіру перделері немесе қақпалармен жабылған. Мұнаралы типті каперлерде лабиринтті қоршауларға рұқсат етіледі.

155. Эстакада каперының шаботында сынықтардың ұшуын төмендететін биіктігі 2,0 кем емес берік және орнықты қоршау бар; қоршауда капершілердің шаботқа баруы үшін өту жолы бар.

156. Уату залында орнатылған каперлар және жылжымалы каперлар дыбыстық және жарықты дабыл бергіштермен жабдықталған. Дабылдар капер аспалы балғаларының көтерілуі және лақтырылуы туралы, жылжымалы капердың қозғалысы және қозғалысының басталуы туралы беріледі.

157. Қызмет көрсететін жұмыскерлер тізбесі көрінетін орында ілініп тұруға қажетті дыбыстық дабыл берілуі тәртібіне оқытылады.

158. Капер аспалы балғасының көтерілуі және лақтырылуы кезінде қызмет көрсететін жұмыскерлер жабдықталған паналау орнында болады. Паналау орны жұмыскерлерді металдың ұшатын сынықтарынын сенімді қорғайды.

159. Аспалы балғаны көтеру және лақтыру үшін басқару посты қаперге қызмет көрсететін көпірлі электр кранының басқару кабинетінде немесе капердің қорғалған және жабдықталған орнында болады.

160. Капер аспалы балғасының механикалық немесе электромагниттік қысу-лақтыру құрылғысында өздігінен лақтыруға жол бермейтін сенімді іліністіру бар.

161. Паналау орнынан уату залына қызмет көрсететін жұмыскерлердің кіруіне тек аға капершінің командасы бойынша капер аспалы балғасын лақтырғаннан 10-15 минуттан кейін ғана жол беріледі.

162. Кран машинисінің кабинасы және моторшының жұмыс орыны металдың ұшатын сынықтарынын сенімді қорғалған.

163. Уату залына жылжымалы құрамның берілуі, тек капер жұмысы аяқталғаннан кейін бақылаушы тұлғаның рұқсатымен жүргізіледі.

164. Көпірлі крандармен қамтамасыз етілетін мұнаралы типті каперлер капер тоқпағын орталықтандыру және орнын ауыстыру құрылғысымен жабдықталады.

165. Жүк көтеру механизмдері, электр өткізгіштері және басқа да құрылғыларды созу және бекіту каперларының тіректерін кепармен байланысы жоқ жұмыстарға қолдануға жол берілмейді.

166. Капер конструкциясының орнықтылығын және беріктігін кем дегенде жылына екі рет элементтерін бақылау жолымен, тік күйден ауытқу мысалдары және бөлек бөлшектердің тозу дәрежесін анықтау жолымен тексереді. Тексерулер нәтижелері капер формуляры немесе төлқұжатқа жазылады.



10-параграф. Шойынды ұсақтау
167. Шойынды ұсақтау арнайы қондырғыларда жүргізіледі.

168. Шойын массивтеріне және қалыптарды манипуляторға немесе қондырғының бұрылмалы үстеліне беру механикаландырылған. Манипулятордағы қалыптар мен шойын массивтері оларды қысудың орнықты күйі мен тиімділігін қамтамасыз ететін алаңда орналастырылады.



11-параграф. Болат жаңқасын сұрыптау, ұсақтау және майдан арылту
169. Болат жаңқасын сұрыптау, ұсақтау және майдан арылту арнайы тағайындалған агрегаттарда жүргізіледі. Осы агрегаттардың тиеу бункерлерінің алдында оларды тиеу алдында жаңқаны бақылау алаңы орнатылады.

170. Жаңқа ұсатқыштың, ұсақтау агрегаттарының тиеу бункерлеріне және сұрыптау барабандарына болат жаңқасын беру, ұсақталған жаңқаны алыстату механикаландырылған.

171. Тасымалдау конвейерлері және жаңқа ұсатқыштардың тиеу бункерлері олардан ұсақталған жаңқаның түсіп кету мүмкіншілігіне жол бермейтін бортпен қоршалған.

172. Ұсақтау агрегаттары, ұсатқыштар конструкцияларында артық жүктелуден сақтандыратын құрылғы қарастырылған.

173. Балғалы жаңқа ұсатқыш конструкциясында металл кесектерін және ұсақталмайтын заттарды аулауға арналған құрылғы қарастырылған.

174. Сұрыптау барабандары, конвейерлер және жаңқа ұсатқыштардың жұмысы кезінде олардан металл сынықтары және басқа да заттарды қолмен алуға, сонымен қатар тіреліп қалған жаңқаны тиеу бункерінің терезесіне итеруге жол берілмейді.

175. Жаңқаны майдан арылту қондырғыларына беру, оны тиеу және майдан арылтқаннан кейін жинауды механикаландырылған тәсілмен жүргізеді.

Майдан арылту қондырғыларының алаңының төсемесі тайғанауға жол бермейді.

176. Центрифугалар түрлері мен габариттеріне тәуелсіз қаптамаға салынған. Центрифуга конструкциясында оның қақпақтары мен қаптамалары жабылмаған кезде жұмыс істеуіне жол бермейтін бекіткіш құрылғысы қарастырылады.

177. Центрифуга «Автомат» автоматты режимде жұмыс істеу кезінде-«Тиеуге рұқсат берілді» тиеуге дайындықтан кейін жарықты дабыл беру үшін дабыл бергіш құрылғымен жабдықталған.

178. Жуу-кептіру қондырғылары саңылаусыз және тарту желдеткішімен жабдықталған.

179. Күйдіргіш натриймен жұмыс істеген кезде қызмет ететін жұмыскерлер арнайы киім, резиналы фартук, бас киім, резина аяқ киім, қолғаптар мен сақтандыру көзілдіріктерін киеді. Бейтараптандырғыш құралдар пайдалану қарастырылады.

180. Майдан арылту бөлімшесінде орнатылған сілтілер үшін шығын резервуарлары қотару деңгейінің көрсеткіштерімен, сонымен қатар шатыр арқылы ғимараттан шығарылған тарту құбырларымен жабдықталған.

181. Резервуар құрылғыларынан сілтілер ерітінділері мен басқа да реагенттерді майдан арылту қондырғысына айдау механикаландырылған. Осы мақсатта қолданылатын құбырлы өткізгіштер, сорғылар коррозияға төзімді материалдардан жасалады.

182. Пайдаланылған ерітінділерді кәрізге жіберер алдында бейтарапталады.

183. Майдан арылту бөлімшелері мен реагенттер қоймалары жарақаттанғандарға алғашқы медициналық көмек (дәрігерге дейінгі) көрсету құралдарымен қамтамасыз етіледі.



12-параграф. Болат жаңқасын қайта балқыту
184. Шығару науасының құрылғысында оның металмен толып кету мүмкіншілігіне жол бермейді. Науа кептірілген. Пештің шығару тесігі балқыманы шығарғаннан кейін және пеш тиелгеннен кейін жабық.

185. Электродтардың орындарын ауыстыру механизмі оларды көтеру және түсіру кезінде шекті бекітілген деңгейге жеткен кезде автоматты жіберетін жүрісті шектегіштермен жабдықталған.

186. Электродтардың бақылау жүктері ұяшықтар өлшемдері 40х40 мм артық емес торлы немесе тұтас қаптамалармен қоршалған. Бақылау жүктері қоршауларының ішіне бөгде адамдардың баруына жол берілмейді.

187. Электродтар және электродтарды алмастыратын қондырғыларды құрастыру үшін электр пештерінің жанында стенд орнатылған. Электродтарды пеште ұлғайтуға жол беріледі. Электродтарды ұлғайту алдында пеш сөндірілген және оның кездейсоқ қосылып кетуіне қарсы шаралар қолданылған.

188. Электродтарды алмастыру кезінде металл ниппелінің кертігі толығымен электродқа бұрылады.

189. Электродтарды ұлғайту және алмастыру кезінде қолданылатын кран күршегі одан электрод ниппелінің имегінің өздігінен түсіп кетуіне жол бермейтін құралмен жабдықталады.

190. Электродтар күмбездік тесіктерде күмбез қаламасына тиіп кетпей еркін орын ауыстырады.

Электродтар қысқыштары пеш конструкциялары мен жермен тұйықтау тораптарынан оқшауландырылған. Электрод сақиналары мен электродтар араларындағы саңылаулардың тығыздағыштары бар.

191. Болат балқытушы мен оның қарамағындағылар нормалармен қарастырылған арнайы киіммен және арнайы аяқ киіммен жұмыс істейді.

192. Электр пешінің айналасындағы жұмыс орны тазалықта және талапқа сай тәртіпте болады. Жұмыс құрал-сайманы арнайы сөрелерде орналастырылады. Қоректендіру және басқа да материалдар арнайы бөлінген орындарда болады.

193. Жаңқаны пешке тиеуге тек оны технологиялық регламентпен бекітілген нормаларға дейін майдан арылтқаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

194. Балқытылған металды пештен шығаруды кептірілген шөмішпен жүргізеді. Шөміштегі металл мен қож деңгейі құю шүмегінің төменгі бөлігінен 100 мм төменде сақталады.

195. Металл құйғаннан кейін шөмішті аударылған күйде тасымалдауға жол берілмейді.

196. Қалыптардан құйылмаларды айыру, оларды тасымалдау және қораптарға салуды құйылмалар толықтай суынғаннан кейін жүргізеді.



13-параграф. Металл сынықтарын қопарылыспен ұсақтау
197. Ірі ауқымды монолитті заттарды қопару тәсілімен қиратуға тек сауыт шұңқырлары бар алаңдары бар кәсіпорындарға ғана рұқсат етіледі.

198. Шпурларды оттегімен күйдіру кезінде осы Талаптың 8 тарауының 3 параграфының газбен кесу талаптары сақталады.



14-параграф. Сынықтан түсті металды айыру
199. Қара металдардан түсті металды іріктеу және ажырату, оларды сұрыптау, тасымалдау, қоймаға орналастыру және тиеу бойынша жұмыстарға технологиялық регламенттер құрылады.

200. Түсті металдарды қопарулы қауіпі бар сынықтардан айыру наряд-шақтама бойынша жүргізіледі.

201. Машиналар бөлшектерін, тораптары мен механизмдерін бөлшектеу қара металдан түсті металды айыру мақсатында тек каперлерде жүргізіледі.

202. Металл сынықтарынан түсті металдарды алу және айыруды тікелей вагонда жүргізуге жол берілмейді.



15-параграф. Қож үйінділерін әзірлеу
203. Қож үйінділерін әзірлеу жоба бойынша жүзеге асырылады.

204. Көшкін құбылысы бар қож үйінділерін әзірлеу кезінде жобада сәйкес қауіпсіздік шаралары қарастырылады.

205. Биіктігі әр түрлі ойпаттарда экскаваторлармен бір уақтылы әзірленетін забойлар биіктігі бойынша бір-біріне қатысты ойып алудың бір жарымнан кем емес максимал радиусы ара қашықтығына жылжытылған.

206. Қож үйінділерін ұңғу (соғумен) тәсілімен әзірлеуге жол берілмейді. Шығып тұрған орындар пайда болған немесе еңістерде ірі ауқымды емес ойықтар табылған жағдайда жұмыскерлерді қауіпті орыннан шығарады. Шығып тұрған орындар бақылаушы тұлғаның басшылығымен механикаландырылған құралдармен жойылады.

207. Ашық ойықтар немесе адамдардың құлап кету қауіпі бар орындардағы ашық қазбалар түнгі уақытта жарықтандырылатын ескерту белгілері бар қоршау құрылғыларымен қоршалған.

208. Қож үйінділеріндегі жолдарда еңіс тарамының жоғары болуы және еңіс жиегінен оның орнықтылығын қамтамасыз ететін аралықта орналастырылады. Еңістік рельс тарамның жоғарылау өлшемдері және еңіс жиегінен үйінді жолдарының қаламасына дейінгі ара қашықтық үйіндіге төгілетін жыныстар қасиеттіріне, жүру жылдамдығымен бекітілген рельсті жолдар бұрылыстары, жылжымалы құрамдар массасына байланысты бекітіледі; бекітілген өлшемдерді технологиялық регламентке енгізеді.

209. Қож үйіндісінде теміржол жолдарында өздігінен жүретін және тіркемелі механизмдердің қиып өтетін орындары (переезд) орнатылған. Адамдар қозғалысы үшін өту жолдары қойылған.

210. Төгу жолдарындағы шпалдар шеттері асылып тұрады, жолдар типтік тіректермен жабдықталған, шпалдар шеттерін тупиктік етіп қоюға жол берілмейді.

211. Қож үйіндісінің үстінен канатты жол өткен кезде адамдар өтетін және көлік өтетін орындар нұсқамасы көрсетіледі, ал қажетті жағдайда қорғаныс құралдары қолданылады.

212. Экскаваторлар, скрепперлер мен бульдозерлердің металл канаттары (тростар) және шынжырлары технологиялық регламентпен бекітілген мерзімде тексеріледі.

213. Қож үйінділері еңістерінде өздігінен жүретін машиналар қозғалысы мен жұмысына рұқсат олардың төлқұжаттық мәліметтеріне сәйкес беріледі.

Жұмыстан тыс уақытта барлық машиналар мен механизмдер олардың қосылу мүмкіндігіне жол бермейтін күйге келтірілген.

214. Түсіру-тиеу құрылғылары, стационар магнитті сепараторлар адамдар мен көлік құралдарының қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

215. Түнгі уақытта жұмыс істеу кезінде экскаватордың жұмыс орны, қож тиеу орны, келу жолдары мен экскаватор жарықтандырылған.

216. Экскаватор қозғалысы кезінде шөміш тасымалдау күйіне бекітілген.

Экскаватор шөмішін аспалы күйде тазалауға және жүк тиелген күйде орын ауыстыруына жол берілмейді. Жұмыстан үзіліс кезінде экскаватор жебесі забойдан әрі алынған, ал шөміш жерге түсірілген күйде болады.

217. Экскаваторлар қозғалысы дайындалған трассамен, тегістелген және жоспарланған, ал әлсіз орындарда экскаватордың орнықты күйін қамтамасыз ететін қалқандармен, тақтайлармен, таяқтармен, брусстармен немесе шпалмен күшейтілген орында жүргізіледі.

Экскаваторлардың жасанды үймереттермен (көпірлер, құбырлар, тағы басқа) орын ауыстыруға тек осы үймереттер беріктігін тексергеннен кейін және ғимаратты иеленуші ұйымдардан рұқсат алғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

Экскаватордың іс әрекеті радиусында алаңды тегістеу немесе оның қозғалысы үшін жолды дайындауға тек оның шөмішін жерге түсіргеннен кейін және экскаваторды толық тоқтатқаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

218. Төлқұжаттық мәліметтерден асып кететін еңкіш бойынша экскаватордың түсуі мен көтерілуін ЖҰТ-не сәйкес іске асырады.

219. Тракторларға тіркемелі механизмдердің тіркелуі қатаң бекітпенің көмегімен жүргізіледі. Тіркеу сенімді орындалады және трактор мен тіркеме механизмнің өздігінен ажырап кетуіне жол бермейді.

220. Самосвалдарды қабылдау бункеріне түсіру орындарында сақтандырғыш тіректер орнатылған.

221. Капер цехтарының қож аулаларындағы жұмыстар технологиялық регламентке сәйкес орындалады.

16-параграф. Сепарациялық қондырғыларда өндірістік қалдықтардан металды айыру
222. Электр қосу аппаратурасы, панельдер, сепарациялық қондырғылардың электр қозғалтқыштары оларға шаңның, ылғалдың түсуінен және механикалық зақымданулардан сақтандырылған.

223. Қондырғының барлық механизмдері сақтандырғыш қоршауларымен, қауіпті зонаға жұмыс істеп жатқандардың келмеуін ескерту үшін, сырғанап кетуге және металл кесектерінің жерге түсіп кетуіне, қызмет көрсететін қызметкерлер зонасына скраптың түсіп кетуіне жол бермейтін құралдар және құрылғылармен жабдықталған.

224. Қондырғының механизмдер кешенін қоректендіруге арналған электр кабелінің оңтайлы оқшауландырғышы бар және ағаш төрттағандарда оның зақымдану мүмкіндігіне жол бермейтіндей етіп төселген. Кабельді жермен төсеуге жол берілмейді.

225. Сепарация қондырғысынан дайын өнімді жинау қондырғының электр құрал-жабдығынан кернеу алынып тасталынған кезде жүргізіледі. Қондырғыдан өнімді жинау механикаландырылған.

226. Көлік құралдарымен жүктер қалдықтарын үйінділерге тасымалдау технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

227. Үйінділерді бункерлерге, електерге, конвейерлерге, сұрыптау барабандарына босату бойынша жұмыстар қондырғының бас айырғышында сөндірілген кезде жүргізіледі.



9-тарау. Негізгі санитарлық-гигиеналық талаптар

1-параграф. Жұмыс орнын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
228. Жұмыс орнын ұйымдастыру МЕСТ 12.1.005 сәйкес еңбек жағдайын қамтамасыз етеді.

229. Жылытылатын ғимараттарда көлікке арналған ойық орындарын ауа-жылу бүркелулерімен, ал жылытылмайтын орындарда-қосылуы қақпаның ашылуымен жалғанған ауа бүркелулерімен жабдықталған.

230. Пакеттеуші, брикеттеуші пресстер, гидравликалық және пресс-қайшылар, ұсақтау қондырғылары және шойынды шыңдау операторларының, эстакада және К-26 М каперлерінің капершілерінің жұмыс орындары басқару пульттерімен жабдықталған және МЕСТ 12.2.032, МЕСТ 12.2.049 талаптарына жауап береді.

231. Шойын жаңқасын елеу електері, қож салу және «Набри» ұсатқышында көлік ыдыстарына металл емес қалдықтарды тиеу орындарында аспирациялық жасырыну орындары бар.

232. Сынықтарды газбен кесу үшін газ тәрізді отынды пайдалану кезінде МЕСТ 12.2.055 талаптарына сәйкес ұзартылған кескіштер (1000-1200 мм) пайдаланылады.

233. Пакеттеу, брикеттеу қондырғыларының, гидравликалық қайшылар мен қондырғылар, шойынды шыңдаудың машина залдарында ауа ортасының күйін МЕСТ 12.1.005 талаптарына сәйкес қамтамасыз ететін желдетудің жалпы алмастыру құрылғысы орнатылады.

234. Жұмыс орындарында дыбыс қысымының рұқсатты деңгейлері МЕСТ 12.1.003 бекітілгеннен аспайды және жұмыс орындарындағы рұқсат етілетін шу деңгейінің күші бар санитарлық нормаларынан аспайды.

235. Металл сынықтарын шұңқырларға, алаңдарға, склиздардан тастау 500 м артық емес биіктіктен жүргізуге рұқсат етіледі.

236. Металл сынықтарын тасымалдауға арналған склиздар сыртқы жағынан дыбыс сіңіргіш материалмен қапталады.

237. Желдеткіштер діріл оқшаулағыштарына орналастырылады. Желдеткіштерге ауа үрлегіштер жалғауды жұмсақ құралдармен іске асырады.

238. Көлік дірілінің әрекеті кезінде жұмыс орнының есебі және конструкциялау МЕСТ 12.1.012 ескерумен жүргізіледі.

239. Жұмыс орындарын жасанды жарықтандыру ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002 және қара металлургия кәсіпорындары үшін санитарлық талаптарға сәйкес келеді.

240. Сынықтарды агрегаттарға тиеу орындары мен каперлардың үгіту залдарының еденіндегі жарықтандыру 150 лк кем емес.

241. Еденде болат сынықтарын газбен кесу кезінде қараңғылық көрсеткіші 40 артық емес болғанда 200 лк кем емес.

242. Машина залдарындағы қалқандар мен басқару пульттерінің алдыңғы бетінде аспаптардың орналастырылу жазықтығында 150 лк жарықтандыруы бар.

243. Көтеру крандары кран конструкциясымен түзілетін қараңғылануды жоятын кранастылық жарықтандырумен жабдықталған.

244. Ыдыстар ішін жарықтандыруды ажыратылатын нысанның сыртында орналастырылған бағытталған жарық жарықтандырғышының көмегімен немесе кернеуі 12 В артық емес тасымалданатын қол шамының көмегімен жүзеге асырады.

2-параграф. Еңбек жағдайын бақылау
245. Ауа ортасының күйін бақылау МЕСТ 12.1.005 және жұмыс зонасындағы ауадағы зиянды заттар концентрациясын өлшеу бойынша күші бар нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.

246. Жұмыс зонасындағы зиянды заттар құрамын бақылау күші бар нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

247. Шуды өлшеу МЕСТ 12.1.02880 бойынша жылына бір рет, сонымен қатар құрал-жабдықты жөндегеннен кейін жүргізеді.

248. Діріл деңгейін өлшеу МЕСТ 12.1.012 сәйкес жүргізеді.

249. Жарықтандыруды өлшеу жарықтандыру қондырғысын эксплуатациялауға бергенде және одан әрі кем дегенде жылына екі рет МЕСТ 24940 сәйкес жүргізіледі.

3-параграф. Санитарлық-тұрмыстық және көмекші ғимараттарға

және жұмыскерлерге медико-профилактикалық

қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
250. Санитарлық-тұрмыстық және көмекші ғимараттар ҚР ҚНжЕ 1.03-06-2002 талаптарын қанағаттандырады.

251. Өндірістік ғимараттарда тамақ сақтауға және тамақтануға жол берілмейді.

252. Душ және шешіну орындарының бөлмелерін дезинфекциялауды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келістірілген кесте бойынша жүргізеді.

253. Барлық цехтарда (телімдерде) кәсіпорынның медициналық қызметінің келісімі бойынша тасымалдағыштармен, дәрі-дәрмектері бар дәріқұтылармен және жарақаттанғандарға алғашқы (дәрігерге дейінгі) медициналық көмек көрсету үшін басқа да құралдармен жарақтандырылған санитарлық постылар ұйымдастырылған. Дәрі-дәрмектердің бар болуы мен жиынын қадағалауды денсаулық сақтау пунктінің басшылығы жүзеге асырады.



__________________



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет