Қара металлургия кәсіпорындарындағы газ шаруашылығының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет1/8
Дата16.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#139784
  1   2   3   4   5   6   7   8


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2009 жылғы «16» шілде

№ 167 бұйрығымен

бекітілген

Қара металлургия кәсіпорындарындағы газ шаруашылығының

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

1-тарау. Жалпы талаптар
1. Осы Талап агломерациялық, коксохимиялық, домналық, болат балқыту, прокат, құбыр прокаты, отқа төзімді, метиздік және тау кен рудасы өндірісінің нысандарын қайтадан құруға және пайдалануға, құрылысты жобалауға, жөндеу және басқа да цехтарға, сонымен қатар домна, кокс, байытылған кокс, конверторлық, ферроқорытпа, табиғи газ, ілеспе мұнай газдарын, сол сияқты қара металлургия кәсіпорындарында отын ретінде пайдаланылатын артық қысымы 1,2 МПа дейін қысым кезінде және сұйылтылған пропан-бутанның 1,6 МПа дейін қысымдағы олардың қоспаларын тасымалдауға және пайдалануға, дайындауға байланысты энергетикалық шаруашылық нысандарына таратылады.

Газ шаруашылығының нысандарына мыналар: аталған газдардың цех аралық және цех ішілік газ өткізгіштері, пештердің, қазандықтардың және газ тұтынатын басқа да агрегатардың газдық құрал-жабдықтары, домна және ферроқорытпа газдарын тазарту қондырғылары, газ лақтыру қондырғылары, газды арттыру, газды компрессорлық және газды турбиналық кеңейту станциялары, ферроқорытпа газының газ сору станциялары, газ араластыру станциялары, газды реттеу пункттері мен қондырғылары, сонымен қатар зауытаралық газ өткізгіштер және жекеленген аумақтарда орналастырылған кәсіпорынның бөлек нысандарына газ өткізгіштер жатады.

2. Осы Талап әрекеті мыналарға:

1) 1-тармақта тізбектелмеген (сутегі, ацетилен, ыдыратылған аммиак және басқалар) газ өткізігіштер және газ қондырғыларына;

2) жанғыш газдар қысымы 1,2 МПа жоғары және сұйытылған пропан-бутан қысымы 1,6 МПа жоғары болған кезде газ өткізгіштер мен қондырғыларына;

3) табиғи және ілеспе мұнай газдарының жер асты газ өткізгіштеріне;

4) газбен толтыру пункттері мен станцияларына;

5) сұйытылған пропан-бутанның баллон, резервуар және буландыру қондырғыларына;

6) кәсіпорын аумағында орналасқан газдандырылған коммуналдық-тұрмыстық нысандарына таратылмайды.

Жер асты газ өткізгіштері мен 2-тармақтың 3 және 6-тармақшаларында көрсетілген басқа да нысандарға газ шаруашылығындағы қауіпсіздіктің күші бар талаптары таратылады.

3. Газ шаруашылығы бар цехтарда:

1) технологиялық регламенттер;

2) апатты жою жоспары әзірленеді.

Технологиялық регламент-кәсіпорынның өндіріс әдістерін, технологиялық нормативтерін, техникалық құралдарын, технологиялық үдерісті жүргізу тәртібі мен шартын анықтайтын, дайын өнімді сапа көрсеткішімен алуды қамтамасыз ететін, стандарт талаптарына жауап беретін, сонымен қатар жұмысты қауіпсіз жүргізуді және өндірістің оңтайлы технико-экономикалық көрсеткішіне қол жеткізуін анықтайтын ішкі нормативті құжаты.



2-тарау. Жанғыш газдар, газ өткізгіштер құрылғылары мен

газ қондырғыларының орналасуына қойылатын жалпы талаптар
4. Пештерде, қазандықтарда және басқа да газ пайдаланылатын агрегаттарда қолданылатын жанғыш газдар (домна, кокс, конвертор және ферроқорытпа) технологиялық регламентке сәйкес болады.

5. Сұйытылған пропан-бутан МСТ 20448-90 талаптарына сәйкес болады. Газдың иісі ауада болған кезде тұтанудың төменгі концентрациялық шегі 20 % аспағанда сезіледі.

6. Газ өткізгіштер мен газ қондырғылары ондағы газдың есептеу қысымына байланысты газ өткізгіштер мен қондырғыларға бөлінеді:

1) төменгі қысымды-газ қысымы 0,1 МПа дейін қоса (осында көрсетілген және әрі қарай мәтінде кездесетін газ қысымы артық болып саналады);

2) орташа қысымды-газ қысымы 0,1 жоғары 0,3 МПА дейін;

3) жоғары қысымды-газ қысымы 0,3 жоғары 1,2 МПа дейін, ал пропан-бутан үшін 1,6 МПа дейін.

7. Газ өткізгіш пен газ қондырғыларының жұмысы оларда артық қысым болған кезде ғана жүргізіле алады, газ өткізгіштер мен қондырғыларды қоспағанда:

1) кокс химиялық өндірісінде кокс және пісіру кокс пештерінен айдағыштарға дейін;

2) ферроқорытпа өндірісінде жабық ферроқорытпа пештерінен газ үрлеуіштерге дейін.

8. Газ өткізгіштер мен газ қондырғылары олардың еркін желдетілуі қамтамасыз етілген ашық алаңдарда орналастырылады. Жабық ғимараттарда газ өткізгіштер мен қондырғыларды орналастыру технологиялық үрдіс немесе қызмет көрсету жағдайларына байланысты болғанда ғана рұқсат етіледі.

9. Өндіріс аумағындағы газ өткізгіштер жер үстімен салынады. Цехтарда бөлек пештерге, қондырғылар мен агрегаттарға газ жеткізу телімдерінде осы Талаптың 106-тармағының талаптарын сақтай отырып, арналардағы газ өткізгіштерді төсеуге болады.

10. Газ құбырлары мен газ аппараттарын бір-біріне жалғау, талапқа сай пісірумен жүргізіледі. Фланецті қосылыстар тек тығын орнатылған орындарда, газ өткізгіштердің фланецті қосылыстарға, арматураға және аппараттарға қосылған орындарда, ал бөлек телімдерде монтаждау немесе пайдалануға беру жағдайларына байланысты болғанда рұқсат етіледі.

11. Диаметрі 1000 мм және одан жоғары төменгі қысымды газ өткізгіштер үшін құбырлардың монтаждық жапсарлары пісірумен, талапқа сай бандаждар көмегімен орындалады.

12. Бұрандалық қосылыстармен дайындалатын бақылау өлшеу аспаптарын, арматураны, жабдықтарды қосу үшін бұрандалық қосылыстарды қолдануға жол беріледі.

13. Ішін және олардың төменгі бөлігін желдету үшін жетуді қамтамасыз ету талап етілетін орындарда, газ аппараттары люктермен жабдықталады. Диаметрі 300 мм және одан жоғары төменгі және орта қысымды газ өткізгіштері (оның ішінде сұйытылған газды қоспағанда, диаметрі 600 мм және одан жоғары табиғи газдың газ өткізгіштері) газ жолы бойынша тікелей ысырмаларының артына люктермен жабдықталады, ал дөңгеленген газ өткізгіштерде люктердің екі жағынан да ысырма қойылады.

14. Диаметрі 1200 мм және одан жоғары, ұзындығы 25 м жоғары газ өткізгіштің тұйықталған телімінде екеуден кем емес люкпен (телімнің басында және соңында) жабдықталады.

Саңылаудағы люк диаметрі 600 мм диаметрлі болған кезде газ өткізгіш диаметріне, газ өткізгіш диаметрі 600 мм және одан жоғары болғанда 600 мм тең.

Астарланған газ өткізгіштерде люк түтігі астардың қалыңдығына дейін тиелген.

15. Газ аппараттарында және газ өткізгіштерінде қопарылыс қақпақшаларын орнатуға болмайды.

16. Газ аппараттары мен газ өткізгіштері корпустарының, соның ішінде оқшауландыруға жатқызылатын газ өткізгіштердің сыртқы беттерін монтаждау және сынақ жүргізу аяқталғаннан кейін, май бояумен, лакпен және басқа да температуралық алмасулар мен атмосфералық жауын-жашынға төтеп бере алатын, қабаттармен сырлау екі рет жүргізіледі.

17. Монтаждаудан кейін бояуды қажет етпейтін бөлек элементтер (тірек беттері, өкшеліктер, ершік, қамыт және басқалар) монтаждауға дейін боялады.

18. Тот басу активті газдар мен бумен ластануы мүмкін орындарда орналасқан тіректер мен тірек құрылымдары, сатылар мен алаңдар арнайы тот басуға қарсы жабынмен сақтандырылады немесе тот басуға төзімді материалдардан жасалады.

19. Ғимарат пен газ қондырғылары найзағайдан сақтандырғышпен жабдықталады.

20. Барлық газ машиналары және аппараттары олардың орналасу орындарына тәуелсіз жермен тұйықталады. Газ өткізгіштер цехтар ғимаратына кіре берісте және олардан шыға берісте, цех электр қондырғыларының жермен жалғану цехтық контурларына жерге тұйықталады.

Сыртқы газ өткізгіштер әрбір 250 м сайын жерге тұйықталады.

Тоқтың таралуына жерге тұйықтағыш кедергісі 10 Омнан артық болмайды.

21. Фланецті қосылыстар орындарына тұрақты тоқ өткізгіш қосқыштары орнатылады.

22. Кәсіпорынға газ беретін жер асты газ өткізгішінің жерден шыға берісінде битуммен құйылған қаптама және оқшауландырғыш фланецтер орнатылады.

23. Үрлеу майшамдары газ өткізгіштің шетінде тығынның жанында және газ шығарудағы ысырмаларды қоспағанда газ жүрісі бойынша тікелей ысырмалар алдында, ысырмаға дейінгі ұзындық 3 м кем болса, газ өткізгіштердің және газ қондырғыларының жоғарғы нүктелеріне орнатылады, газ өткізгіштерінің дөңгелекшелі жүйесінде майшамдар ысырманың екі жағынан да орнатылады.

Егер инертті газбен, сығылған ауамен немесе бумен шеткі майшамға үрлеу қарастырылса, үрлеу майшамдарын газ өткізгіштер трассасы бойымен жоғарғы нүктелерге орнатпауға жол беріледі.

24. Пропан-бутаннан басқа улы емес газдармен жұмыс істеу кезінде металдарды газ жалынымен өңдеу бекеттеріне және газ өткізгіштің геометриялық көлемі 0,05 м3 ұсақ тұтынушыларға бұрып апару цех коллекторын шекті майшамға үрлегеннен кейін цех кеңістігіне үрлеуге жол береді:

1) газбен өңдеу постылары-постының бөлшектенетін жалғастықтары арқылы;

2) ұсақ тұтынушылар-пілте шығар тесігінен цех едені немесе алаңына дейінгі ұзындығы 3 м кем емес пілте арқылы.

25. Үрлеу майшамының қимасы 30 минуттан артық емес уақыт ішінде үрленетін көлемдегі бес дәрежелі алмасуды қамтамасыз етуі есебінен таңдалып алынады, үрлеу уақыты 1 сағатқа дейін созылуы мүмкін диаметрі 1,5 м және ұзындығы 500 м асатын коллекторлар бұған жатпайды.

Үрлеу майшамдарының диаметрі 20 мм кем емес.

Үрлеу майшамдары майшамның шығу орнында жабын деңгейінен жоғары шығарылады немесе улы емес газдар үшін 2,5 мм кем, ал улы газдар үшін 4 м кем емес газ өткізгіштің қызмет көрсету алаңынан жоғары болады.

Бұл кезде егер шатырдың атшасы немесе жарықтандырғышынан майшамға дейінгі арақашықтық 20 м аз болса, онда газ өткізгіш майшамы улы газ бен тығыздығы 0,8 және ауаға қатысты одан жоғары газдар үшін шатыр атшасынан немесе жарықтандырғыштан 4 м жоғары шығарылады.

Улы емес газдар және ауаға қатысты тығыздығы 0,8 м төмен газдарға арналған газ өткізгіштері майшамдар жарықтандырғышқа 10 м жақын орналастырылмайды.

Улы газдарға арналған газ өткізгіштерде үрлеу майшамдарының шығу тесіктері 10 м кем емес, ал улы емес газдар үшін жер деңгейінен 7 м кем емес биіктікте болады.

26. Әртүрлі газдардың үрлеу майшамдарын, сонымен қатар қандай да ысырмамен ажыратылған газ өткізгіштердің бөлек телімдерін қосуға болмайды. Басқа газдардың берілуіне жол берілмейтін жағдайларда ілеспе газ немесе тек табиғи газбен жұмыс істейтін жылу қуаты 12,3х106 кДж/с агрегаттарының газ өткізгіштерінде майшамдарды бірдей қысымды құбырлы өткізгіштер телімдеріне қосуға рұқсат етіледі.

Үрлеу майшамының жоғарғы бөлік конструкциясы оған атмосфералық жауын-шашынның тиіп кетуіне жол бермейді және газ ағынын жақын жердегі жұмыс орнынан және ғимарат жарықтандырғыштары жағына қарай бағытталуын қамтамасыз етеді.

Шатыр арқылы майшамдар өтетін орындарда қаптама және қорғаныс қалқандары қарастырылады. Ысырманың артындағы майшамда (газ жүрісі бойынша) сәйкесінше газ өткізгішті желдету және үрлеу кезінде газ немесе ауадан сынама алу үшін, сонымен қатар пілте ысырмасының тығыздығын тексеру үшін тағайындалған краны бар штуцер орнатылады.

27. Үрлеу майшамдарының шығар тесіктері ғимараттар мен үймереттердің желдету жүйелерінің ауа жинағышынан көлденеңі бойынша 30 м алыс орналастырылады. Арақашықтығы 30 м аз болған кезде майшамдардың шығар тесігі ауа жинағыштан 8 м кем емес биіктікте болады, ауа жинағыш үрлеу майшамдарының астына орналасуына рұқсат етілмейтін сұйытылған газдар есепке алынбайды.

28. Газ өткізгіштер мен газ аппараттарында газ ортасы үшін І класты саңылаусыздық сөндіргіш арматурасы қолданылады.

І класты саңылаусыздыққа жеткізе отырып жалпы тағайындалған арматураны қолдануға рұқсат етіледі.

Газдағы көмірсутегі мөлшері 20 мг/м3 асқан кезде газ өткізгіштерде қоладан жасалған сақиналары бар ысырмалар немесе қоладан жасалған крандар орнатуға жол берілмейді.

29. Газ өткізгіштер мен аппараттарда сырғымалы шпинделі бар ысырмалар орнатылады.

Крандар тығындарында кран тығынының күйін анықтайтын сызық, ал крандар тұтқаларында бұрылысты шектеуіштері бар. Өздігінен майланатын крандарда кранның ашықтығын көрсететін бағдарша болады.

30. Бекіту арматурасының материалын таңдау бойынша талаптар осы Талаптың 1-қосымшасында келтірілген.

31. Электр жетегі бар ысырмалар 600 мм және одан көп кезде орнатылады. Электр жетегі 10 м биік биіктікте немесе қызмет көрсетуге ыңғайсыз орындарда орналасқан кезде, сонымен қатар автоматтандыру іске асқанда газ өткізгіштің кіре берісінде кіші диаметрлі ысырмаларда орнатылады. Барлық ысырмалардың қолмен басқарылуы бар, ал ысырмалардың электр жетегі бар, жергілікті басқару жерден немесе алаңнан (дистанциондық басқарудың бар болуынан тәуелсіз) басқарылады.

32. Газ өткізгіштер мен аппараттарда сөндіру құрылғылары ретінде гидравликалық ысырмалар орнатуға жол берілмейді.

Жоғарыда аталған талаптар тұрақты істеп тұратын скрубберлер, электр сүзгілер, конденсат шығарғыштар, тағы сол сияқты аппараттар гидроысырмаларына, сонымен қатар ферроқорытпа пештерінен газдар шығуына таратылмайды.

33. Газ өткізгіштердің бөлек телімдерін, газ тұтыну агрегаттарын және газ аппараттарын істеп тұрған газ өткізгіштерінен толық сөндіру үшін дискілі ысырмалардан кейін (газ жүрісі бойынша) табақшалы ысырмалар немесе тығындар орнатылады.

Цехтар ғимараттарының ішінде газ өткізгіштерде кез келген типтегі дискілі ысырмасыз табақшалы ысырмаларын алдына орнатуға жол берілмейді.

Ескерту: мұнда және бұдан әрі м3 қалыпты жағдайларда, яғни 00С температурасы және 101,3 кПа қысымы кезінде көрсетілген.

34. Диаметрі 300 мм жоғары газ өткізгіштерде табақшалы ысырмалар механикаландырылған. Егер табақшалы ысырмалар орнатылмаса, тығындар жөндеу, ұзақ уақыттық тоқтап тұрулар, тексерістер және апаттық жағдайларда қолданылады.

Тығындар газ жүрісі бойынша ысырма фланецтері араларының артына орналастырылады.

35. Табақшалы ысырмалар мен диаметрі 2,0 м дейінгі тығындардың жабын табақшалары тұтас табақтан жасалады. Диаметр үлкен болған жағдайда сәйкес өңдеуден және жапсарлар тығыздыққа сынақтан өткен екі бөліктен тұратын пісіру табақшаларын қолдануға рұқсат етіледі.

36. Тығындар мен табақшалы ысырмаларды жабын табақшалары газ өткізгіш диаметрін ескерумен сәйкес газ қысымына есептелген, бұл кезде олардың қалыңдығы 4 мм кем емес.

Тығындарда қосылыстардың шегінен шығып тұратын артқы ілмектер бар. Артқы ілмектерде газ қысымы шамасы мен газ өткізгіш диаметрін көрсететін, «З» әріпімен таңба салынған.

37. Сөндіру құрылғысының басқаруға, бақылауға және жөндеуге ыңғайлы болуы қаралады.

38. Ылғалды газдың газ өткізгіштерінде сөндіру және реттеу арматурасының орнатылу орындарына, ашық алаңдарға және жылытылмайтын ғимараттарға будың жеткізілуі қарастырылады. Газ өткізгіштерге будың жеткізілуі осы Талаптың 47-тармағының талаптарына сай орындалады.

39. Ысырмаларға, дроссельдік құрылғыларға, өлшеу диафрагмаларына, толқындық және сальникті компрессорлар және басқа арматуара және 2,2 м және одан жоғары биіктікте орналасқан құрал-жабдықтарға қызмет көрсету үшін стационар алаңдар және оларға сатылар орнатылады. Көрсетілген биіктік жер деңгейінен, төсеніштер, жабындар, тағы сол сияқтылардан қызмет көрсетілетін бұйымның жоғарғы күйіне дейін есептеледі.

40. Диаметрі 300 мм және одан жоғары газ өткізгіште орнатылған арматураға қызмет көрсету үшін алаңдарға газ өткізгішті екі жағынан да, ал газ өткізгіш диаметрі 300 мм аз болған кезде алаңды бір жағынан қоюға рұқсат етіледі.

41. Бұл кезде алаңдар ені құрал-жабдықтың шығып тұрған бөліктерінен 1 м кем емес, ал қоршаулар биіктігі 1,2 м болады.

42. Газ шаруашылығының жаңадан жарақтанатын және қайта конструкцияланатын нысандары құрал-жабдықтарға тұрақты қызмет көрсету алаңдардағы сатылардың қиғаш бұрышы 450, ал кезеңдік қызмет көрсетілетін алаңдардағы сатылардың еңкіш бұрышы 600 болады.

43. Ұзындығы 6-12 м тұрақты қызмет көрсетілетін алаңдарға жету үшін алаңның қарама-қарсы екі жағынан орналасқан екі саты қарастырылады, бұл кезде сатының біреуі марштық. Алаң ұзындығы 12 м жоғары болғанда екі саты да-марштық.

Цех ғимараттарында орналасқан құрал-жабдыққа кезеңдік қызмет көрсету алаңдарына жету үшін биіктігі 3 м аспайтын тік сатылар орнатуға рұқсат етіледі.

Көп ярусты алаңдарды құру кезінде цехтарға бұрып апаруға және цехаралық газ өткізгіштерде саты биіктігі 3 метрден биік емес тік саты құрылғыларын алаң араларында қолдануға жол беріледі.

44. Құбырлы өткізгіштердің өздігінен орны толтырылу есебінен температуралық деформацияның орны толтырылуы мүмкін болмаған кезде П түрлі немесе толқындық өтемдеуіш орнатылады.

Сальникті өтемдеуіштер 0,04 МПа дейін төменгі қысымды кокс газдарының цех аралық газ өткізгіштеріне орнатуға рұқсат етіледі.

Құрғатылған газ газ өткізгіштерінің көлденең учаскелерінде орнатылған линзалық және дискілік өтемдеуіштерде әрбір толқынға тығынымен қысқа штуцер кесіледі, ал ылғалды газ газ өткізгіштерінде әрбір толқын антрацен майын құю және жіберу үшін тағайындалған екі штуцермен жабдықталады.

П түрлі өтемдеуіштер диаметрі 500 мм дейінгі жапсарсыз майысқан құбырдан немесе зауыттық дайындалған және пісіру жапсарларын қиын бұралған шығарулар қолданумен физикалық әдістемелермен бақылаумен тексерілген пісіру құбырларынан жасалады. Өтемдеуіштер қосылыстарынсыз орнатылады пісіріліп жалғанады.

45. Өтемдеуіштердің сызбаларында өтемдеуіштің алдын ала деформациясы шамасы туралы нұсқамалар бар. Өтемдеуіштерді алдын ала созу (немесе сығу) оларды орнатар алдында қоршаған ортаның температурасын ескерумен жүргізіледі, ал ол орнату актісінде жазылады.

46. Домна, кокс, ферроқорытпа, конвертор және аралас газдардың цех аралық газ өткізгіштері барлық ұзындығы бойынша әрбір 150-200 м сайын, сонымен қатар конденсат шығарғыштар орнату орындары бу енгізулерімен жабдықталады. Газ өткізгіштерге берілген будың есептеу қысымы 1,2 МПа артық болмайды.

47. Газ өткізгіштерге бу енгізулері кезеңдік әрекет ету үшін бу және газ өткізгіште бекіту арматурасымен қысқа штуцерлер түрінде жасалады. Газ өткізгіш штуцерінде вентиль орнатуға жол берілмейді. Буландыру уақытында штуцерлер иілгіш шлангпен немесе металл құбыршамен жалғанады. Буландыру аяқталғанда шланг немесе құбыр ажыратылады, ал газ өткізгіш штуцерінде тығын орнатылады.

Газ өткізгіштерге бу енгізу үшін стационар (алынбайтын) бу өткізгіштер кері клапанмен және газ шаруашылығының диспетчерлік пунктіне шығарылған бу қысымының түсіп кеткендігі туралы дабыл бергішпен жабдықталады.

48. Тұрақты қызмет көрсетуді талап ететін аспаптар мен арматураның орналасу орындары жарықтандырылады.

49. Цех аралық газ өткізгіштер астына газ өткізгіштерге қатысы жоқ қандай да қондырғылар немесе бөлмелер орналастыруға болмайды.

3-тарау. Цех аралық және цех газ өткізгіштерін төсеу

1-параграф. Жалпы талаптар
50. Өнеркәсіптік кәсіпорын аумағында төселген жер үстілік газ өткізгіштер ҚНжЕ ІІ-89-80* тарауының талаптарына сәйкес жобаланады. Бұл кезде жоғары қысымды газ өткізгіштерді өндірістік ғимараттың жоғарғы қабаттарының терезелерінің үстінен төсеу қаралады. Төменгі және орта қысымды газ өткізгіштерді өндірістік ғимараттар мен жылыту қазандықтары ғимаратының терезе саңылаулары іргелерімен (ашылмайтын) тұтас импост бойымен төсеуге рұқсат етіледі.

Ғимараттың терезе саңылауының астына газ өткізгіштерде бұрандамалы қосылыстар немесе ернемек жалғастықтар болуына жол берілмейді.

Г және Д санатындағы І, ІІ және ІІІ отқа төзімділік дәрежесі бар өндірістік ғимараттар шатырлары бойынша газ өткізгіштер салуға рұқсат етіледі.

Газ қысымы 0,6 МПа-дан жоғары болған кезде газ қысымы 0,6 МПа кезінде жұмыс істейтін газ пайдаланылатын агрегаттар орналастырылған цехтардың ғимараттарының қабырғалары мен шатырларына ғана салуға рұқсат етіледі.

А санатты ғимараттар қабырғалары мен шатырларына осы ғимараттарда орналастырылған өндірістерге қатысты газ өткізгіштер ғана салуға рұқсат етіледі.

51. Ғимарат қабырғалары бойынша газ өткізгіштерді төсеу кезінде түзілген газ өткізгіш пен қабырға арасындағы саңылаудағы арақашықтық мынадай болады:


1-кесте


Құбырлар диаметрі, мм

Арақашықтық, кем емес, мм

500 және одан жоғары

500

200 ден 500 дейін

200

200 ден төмен

150

Газ өткізгіштерде толқындық өтемдеуіштер орнатылған кезде өтемдеуіш толқыны мен қабырға арасындағы саңылаудағы арақашықтық 300 мм кем болмайды.

52. Ғимараттың сыртқы қабырғалары бойынша төселген газ өткізгіштер, қажет болған жағдайда шатырдан аққан судың қатып қалуынан сақтандыру үшін қорғалады.

53. Ғимарат қабырғалары бойынша төселген газ өткізгіштер есік және терезе орындарын қиып өтпейді.

54. Газ өткізгіштердің тірек конструкциялары металл немесе темір бетоннан жасалады.

55. Металл тіректердің барлық элементтерін, сонымен қатар газ өткізгіштер қабырғаларына пісірілген (мысалы, қатаңдық қабырғалары) барлық бөлшектерді пісіру тұтас пісіру жапсарымен жүргізіледі.

56. Газ өткізгіштер ершікке орнықты төселеді. Бұл кезде газ өткізгіштердің көлденең пісіру жапсарлары, олардың температуралық деформациясын ескере отырып тіректер шетінен 50 мм жақын емес, ал бойлық жапсарлары тіректен жоғары және көрінетін жағында орнатылады. Көлденең пісіру жапсарларынан тіректерге дейін көрсетілген ара қашықтықты сақтау мүмкін болмаған жағдайда барлық периметрі бойынша пісірілген төсеме царгалар қолдануға рұқсат етіледі.

57. Ілеспе құбырлы өткізгіштер және қызмет көрсету алаңдарына тіректерді бекіту үшін кронштейн пісіру төменгі және орташа қысымды газ өткізгіштерге жүргізуге рұқсат етіледі. Бұл кезде пісіру дөңгелекшелі қатаңдық қабырғаларына немесе қалыңдығы 6 мм кем емес газ өткізгіш қабырғаларына жүргізіледі.

Жоғары қысымды газ өткізгіштерге олардың құрылысы кезінде осы газ өткізгіштің бөлшектері болып табылатын тіректер ершігін, жермен жалғау элементтерін және айыру кронштейндерін, сонымен қатар газ өткізгіштерге арналған импульстік өткізгіштер мен кабельдер бекіту үшін кронштейндер пісіруге рұқсат етіледі.

58. Бір тіректер немесе газ өткізгіштер эстакадаларына жанғыш газдар газ өткізгіштерімен қоса басқа газдар, су, бу, конденсат, мазут, шайыр және май, сонымен қатар осы Талаптың 3-қосымшаның 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес кезде оттегінің құбырлы өткізгіштерін төсеуге рұқсат етіледі.

Оңай жанатын сұйықтықтардың құбырлы өткізгіштерінің газ өткізгіштерін және бірінші санатты құбырлы өткізгіштерін (кокс химиялық өндірісінің химиялық цехтарының құбырлы өткізгіштерінен басқа) қоса төсеуге жол берілмейді.

59. Газ өткізгіштер мынадай шамадан кем болмай қиғашталып төселеді:

1) 0,005-ылғалмен қаныққан домна, кокс, конвертор және ферроқорытпалар газдары үшін;

2) 0,003-ылғалды табиғи және ілеспе газдары үшін;

3) 0,001-кептірілген газдар үшін.

Кептірілген газдардың газ өткізгіштерінің бөлек учаскелерін еңіссіз төсеуге болады, сонда оларды эксплуатациялау кезінде конденсаттың түзілу мүмкіншілігіне жол берілмейді.

60. Ылғалды газдардың газ өткізгіштерінің барлық нүктелерінен, сонымен қатар байытылған кокс газын газ құбырынан конденсатты шығару үшін негізгі ірі цехтар, тұтынушылар алдында конденсат айырғыштар, кептірілген газ өткізгіштерінде вентильдері немесе ысырмалары бар жіберу штуцерлері орнатылады.

2-параграф. Газ құбыларын төсеуге қойылатын талаптар
61. Төмен тіреуіштерде газ өткізгіштердің төсемелеріне қойылатын талаптар осы Талаптың 4-қосымшасында қарастырылған.

62. Жаяу жүргінші галереяларымен газ өткізгіштер төсеуге жол берілмейді.

63. Конвейер галереясы бойынша газ өткізгіштерді келесі шарттар орындалған кезде төсеуге рұқсат етіледі:

1) егер галерея жанбайтын материалдардан жасалса және жанбайтын материалдарды тасымалдауға арналса;

2) газ өткізгіш галерея үстінде төменгі түзілуші газ өткізгіштен 0,5 м кем емес арақашықтықта орналасса және газ өткізгішке барлық ұзындығы бойынша жету қамтамасыз етілсе.

Қысымынан тәуелсіз сұйылтылған газдың газ өткізгіштерін конвейер галереялары бойынша төсеуге жол берілмейді.

64. Газ өткізгіштерді темір жол көпірлері мен эстакадалары бойынша төсеуге жол берілмейді.

65. Қысымы 0,6 МПа дейінгі газ өткізгіштерді жанбайтын (темір бетон, металл және тас), автомобиль және жаяу өту көпірлері бойынша төсеуге болады. Олар көлденеңі бойынша адамдардың өту орны панельдерінің шеттерінен 1 м кем емес (саңылауда) арақашықтықта ашық орналасуы және қызмет көрсетуге жететіндей болады. Көпірдің аспалы элементтері газ өткізгіштерден келетін қосымша жүктемеге сәйкес тексерілген. Газ өткізгіштерді көпірлер арналарына төсеуге жол берілмейді.

Металл және темір бетон көпірлері бойынша төселген газ өткізгіштер жермен жалғанады.

Газ өткізгіштердің барлық пісіру жапсарлары бақылаудың физикалық әдістерімен тексеріледі.

66. Фланецті қосылыстар арматурасын көпірлер шектерінде орнатуға жол берілмейді.

67. Газ өткізгіштерді басқа құбырлы өткізгіштермен біріктіріп төсеу кезінде қойылатын талаптар осы Талаптың 2-қосымшасында көрсетілген.

68. Эстакадалар немесе бөлек тіректер бойынша төселген жер үсті газ өткізгіштерінен кәсіпорын аумағындағы ғимарат немесе үймеретке дейінгі көлденең бойынша саңылаудағы минимал арақашықтық осы Талаптың 3-қосымшасында келтірілген шамалардан кем болмайды.

69. Тар жағдайларда жоспарда жер үсті газ өткізгіш трассаларын газ өткізгіш тіректерінің іргетас бойында жер асты коммуникациясымен бірге жіберуге рұқсат етіледі, бұл кезде су өткізгіш, канализация және жылу фиксацияны іргетас кесімінен екі жағына да 2,5 м шығып тұратын қаптамаға салу керек, ал іргетастың төменгі шеті көрсетілген құбырлардан 1 м төмен болмайды.

Түзілген шеткі газ өткізгіштен көлденең бойынша тоннелдің желдеткіш шахтасы саңылаудағы арақашықтығы 10 м, ал өтпелі желдеткіш шахталарын конденсат шығарғыштарға дейін көлденеңі бойынша 20 м болған кезде тоннельдерде әр түрлі тағайындалған газ өткізгіштер тіректерін орнатуға рұқсат етіледі.

70. Жер үсті газ өткізгіштері ауадағы электр беріліс желілері (бұдан әрі-ЭБЖ) қиып өткенде газ өткізгіштер осы желілерден төменнен өтеді.

1000 В дейінгі кернеулі электр желілерін газ өткізгіштерден төменнен жіберуге (қиып өткізуге) рұқсат етіледі. Бұл кезде газ өткізгіш пен қорғалмаған электр өткізгіші арасындағы саңылаудағы арақашықтық 1,0 м кем емес, ал газ өткізгіш пен кабель арасы 0,25 м кем емес.

Жер асты газ өткізгіштерінен, жылу оқшауландырғышты қоса алғанда, ауадағы ЭБЖ-не дейінгі саңылаудағы тігінен метр бойынша L ең кіші арақашықтық ең үлкен электр желісінің салбыраған жерімен қиылысу кезінде U кернеу тәуелділігінен алынады:

U, кВ...<1 20 35 – 110 150 220 330 500

L м .. 1 3 4 4,5 5 6 6,5

Ауадағы электр беріліс желісі мен газ өткізгіштерінің үстінде орнатылған тор, алаң тағы сол сияқтылар түріндегі қоршаулар араларындағы ара қашықтықты анықтау кезінде осы аралық шығарылатын газ өткізгіш бөлігі сияқты қарастырылады.

71. Ауадағы ЭБЖ-мен газ өткізгіштердің қиып өту орындарында газ өткізгіштердің үстінде оларға электр өткізгіштердің құлап кетуінен қорғау үшін тұтас немесе сеткалы қоршаулар қойылады. Қоршау ауадағы ЭБЖ-нің шеткі сымдарынан екі жағынан да 70-тармақта көрсетілген арақашықтыққа шығып тұрады.

Қоршалған өту жолдары бар газ өткізгіштердің қоршауларын өту деңгейінен 2,2 м кем емес биіктікке орналастырады.

Қоршаулар тікелей газ өткізгіштерге жанаспауы және жермен жалғануы керек. Жермен жалғаудың өту кедергісінің шамасы 10 Омнан аспайды.

Газ өткізгіштердегі сөндіру құрылғылары, сонымен қатар газ өткізгіштердің конденсат шығарғыштары ауадағы ЭБЖ-нің шеткі өткізгіштерінен саңылауға 10 м жақындатылмай орнатылады.

72. Цех аралық газ өткізгіштерден тігінен қиып өту кезінде ең жақын арақашықтық мынадай болады:

1) аспалы жол вогонеткасының төменгі бөлігінен (тростың асылуын ескере отырып) 3 м кем емес;

2) теміржолдың, трамвай немесе троллейбус жолының электрлендірілген қоректендіру желісінің жоғарғы сымына дейін 1,5 м кем емес.

Аспалы жолмен қиылысу орындарында газ өткізгіш вагонетка құлаған жағдайда зақымданудан сақталған.

Газ өткізгіш эстакада астымен өткен кезде газ өткізгішке эстакададан жүктердің құлау мүмкіндігіне жол бермейтін құрылғылар жасалады.

Құбырлы өткізгіштер өту жолдары бар газ өткізгіштерді қиып өткен кезде, қоршаулары бар көпірлер қойылады, ал құбырлы өткізгіштердің оқшауландырғыштары металл қаптамамен қапталады.

73. Жаңадан салынып жатқан цех аралық газ өткізгіштер мен темір жол автомобиль крандары жүйелі түрде жүріп тұруы мүмкін темір жол және автомобиль жолдарымен қиылысу орындарында темір жолдар мен жолдардың айқасу орындарында екі жағынан да 20 м арақашықтықта ескеру дабыл бергіштері бар ауқымды қақпалар орнатылады.

Ауқымдық қақпалар конструкциясы өтіп бара жатқан кран жебесі кездейсоқ тиіп кеткенде қирау мүмкіндігіне есептелген. Егер жергілікті жағдайларға байланысты ауқымдық қақпалар құрылғысының орындалуы мүмкін болмаса, газ өткізгіштің төселу биіктігі төменгі түзілушіден рельс бүршігіне немесе автожол бетінен 10 м дейін арттырылады.

74. Тұрақты түрде қызмет көрсетуді талап ететін импульстік өткізгіштер кабельдер және басқа да құбырлы өткізгіштерді төсеу үшін аспалы конструкция ретінде қолданылатын диаметрі 1,2 м және одан жоғары жаңадан салынып жатқан газ өткізгіштерде барлық ұзындығы бойынша өту жолдары қойылуы керек, ол төменгі бөлігінен 140 мм биіктікке дейін бортталған тұтастай биіктігі 1,2 м қоршаулар қойылады. Газ өткізгіш пен обортовканың төменгі қыртысының арасындағы саңылау 20 мм шегінде болады.

Бірнеше газ өткізгішті параллель төсеген кезде өткізгіш олардың біреуіне орналастырылады.

75. Төменгі қысымды (0,015 МПа дейін) домна, кокс, ферроқорытпа, конвертор және табиғи газдардың газ өткізгіштері ысырмасы бар қосқыштармен жалғанады, ол олардың біреуінде қысым апаттық түсіп кеткен жағдайда екіншісіне газды беру үшін жасалған. Ысырмаларда газ шаруашылығының диспетчерлік пунктінен дистанциондық басқарылатын электр жетегі болады.

Қосқыштарды орнату орындары жобамен анықталады. Осы мақсатта газ алмастыру станцияларының дроссельдерін қолдануға рұқсат етіледі.

Аталған талаптар кокс батареяларының тарату газ өткізгіштеріне таратылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет