Қара металлургия кәсіпорындарындағы газ шаруашылығының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-параграф. Газ өткізгіштерден конденсатты және



бет2/8
Дата16.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#139784
1   2   3   4   5   6   7   8

3-параграф. Газ өткізгіштерден конденсатты және

конденсат айырғыштардан ағынды суларды шығару
76. Сыртқы газ өткізгіштерге арналған конденсат айырғыштар сәйкес жылытумен ашық алаңдарға орналастырылады.

Конденсат айырғыштарды жекелеген ғимараттарға орнатуға рұқсат етіледі.

77. Домна, конвертор және ферроқорытпа газдарының газ өткізгіштерінің ең жақын конденсат айырғыштарының араларындаға ара қашықтық газ тазалағыштан 400 м радиуста 100 м аспайтын, әрі қарай кокс газының газ өткізгіштерінде трасса бойынша 300 м аспайды.

78. Су жіберу құбырлары цех аралық газ өткізгіштерден газ тазалағыштардан 400 м радиуста диаметрі 100 мм кем емес. Ылғалды газдардың газ өткізгіштерінің басқа учаскелері үшін су жіберу құбырларының диаметрі 80 мм кем болмайды.

Конденсат айырғыштардың су жіберу құбырларының сыртқы телімдері ұзына бойы бу немесе ыстық су құбырлы өткізгіштерімен жалпы жылу оқшауландырумен жылытылады.

79. Су жіберу құбырында газ өткізгіштің төменгі түзілуінен 200 мм артық емес ара қашықтықта фланецті тығынды кран немесе ысырма орнатылады. Осындай сөндіру құрылғысы су жіберу құбырында конденсат айырғыштардың құю тізбегінен жоғары 0,5 м төмен аралықта орнатылады. Су жіберу құбырын буландыру мүмкіндігі үшін оған екі сөндіру құрылғысының арасына краны бар штуцер орнатылады.

80. Цех аралық газ өткізгіштен конденсатты әкету аталған газ өткізгіш үшін қарастырылған бөлек конденсат айырғыштарға ғана жүргізіледі.

81. Конденсат айырғыштар конструкциясы конденсат айыру ғимараты және кәріздік коммуникацияға газдардың түсуіне жол бермейді. Су жіберу құбыры сыртынан ыдыстың төменгі бөлігіне жалғанады. Ыдыс диаметрі 300 мм кем болмайды.

82. Артық қысыммен жұмыс істейтін газ өткізгіштер конденсат айырғыштарының су ысырмасының ең кіші биіктігі газдың есептеу қысымынан 500 мм жоғары, бұл кезде конденсат айырғыштың сосудының сыйымдылығы су ысырмасының құю тізбегінің сыйымдылығынан 2 есе үлкен. Қажет болған жағдайда су ысырмасының биіктігін ұлғайтқан жағдайда үшеуден артық емес мөлшерде ретпен орналастырылған ыдыстардан тұратын конденсат айырғыштар орнатуға рұқсат етіледі.

Сиретумен жұмыс істейтін газ өткізгіштер үшін су ерітіндісінің ең кіші биіктігі есептеу сиретуінен 500 мм жоғары, бірақ 2000 мм төмен болмайды.

83. Конденсат айырғыш газ өткізгіштердің немесе ілестірме газ өткізгіштеріне қызмет көрсету алаңдарынан 40 м жоғары шығарылған тарту құбырымен жабдықталады. Тарту құбырына сөндіру арматурасын орнатуға жол берілмейді.

Конденсат айырғыш сосудының бүйір қабырғасының төменгі бөлігінде тығыны су жіберу кранымен штуцер және тазалау үшін люк орнатылады.

Қыста конденсат айырғыштарды сосуд ішіне өткір бу жіберу жолымен, апаттық жағдайды қоспағанда, қыздыруды жүзеге асыруға болмайды. Конденсатты бу серігінен конденсациялық шоғырдан кейін конденсат айырғыш сосудтың төменгі бөлігіне жіберуге рұқсат етіледі.

84. Конденсат айырғыштардан ағынды суды шығару конденсат айырғыштар құю құбыры мен канализацияға шыға берісте қабылдау воронкасы арасындағы ағыммен жүзеге асырылады, оған тоннельдердегі кокс пештерінің шекті және аралық алаңдарындағы ғимараттардағы конденсат айырғыштар жатқызылмайды. Қабылдау воронкасынан кейін канализацияға құюда биіктігі 200 мм кем емес су ысырмасы бекітіледі.

85. Ағынды сулар газ өткізгіштердің конденсат айырғыштарынан шығарылады:

1) домна, ферроқорытпа және конвертор газдарының кері циклдарына сәйкес газ тазалағыштарға немесе кәрізге. Аталған газдардың, ферроқорытпа газынан басқалар, газ өткізгіштерін конденсат айырғыштарынан кейін ағынды суды канализацияға газдың түсуіне жол берілмеген жағдайда, оларды бірге тасымалдау және тазалау мүмкін болғанда біріккен тұрмыстық және өндірістік ағынды суларға жіберуге рұқсат етіледі;

2) кокс газы және оның қоспаларын биологиялық тазалауы бар тұрмыстық немесе фенольдік канализацияға. Кокс газы және оның қоспаларын конденсат айырғыштардан ағынды суды арнайы орнатылған су сіңірмейтін резервуарларға, одан әрі цистерналармен тазалау ғимараттарына тасымалдау мүмкін; резервуарларда бекіту арматурасынсыз диаметрі 100 мм кем емес пілте бар.

Конденсат айырғыштардан ағынды суды жаңбыр кәрізіне жіберуге жол берілмейді.

86. Жекелеген ғимараттарда орнатылған істеп тұрған конденсат айырғыштар және жаңадан жобаланатындар келесі талаптарға сәйкес келеді:

1) ғимараттар отқа төзімділіктің ІІІ дәрежесінен төмен емес және Г санатына жатқызылады;

2) конденсат айырғыштардың есіктері сыртына ашылады;

3) ғимаратты жылыту жылу тасымалдағышты сыртынан берумен бумен немесе ыстық сумен жүргізіледі;

4) домна және кокс газдарының газ өткізгіштерінің конденсат айырғыштары ғимараттарында 1 сағатта үш дәрежелі ауа алмасуын қамтамасыз ететін табиғи, ал қысыммен жұмыс істейтін ферроқорытпа және конвертор газ өткізгіштерін-1 сағатта алты дәрежелі ауа алмасуы қамтамасыз етілетін табиғи және жасанды (қопарылудан сақтандырылып жасалған) желдетілуі қаралады. Жасанды желдету конденсат айырғыш ғимаратының сыртқы қабырғасында орналастырылған түйме көмегімен қызмет көрсететін жұмыскерлермен қосылады. Желдеткіш қосылмаған ғимаратқа кіруге жол берілмейді;

5) конденсат айырғыштардың құю құбырлары ғимаратқа орналастырылған кезде олар биіктігі 1500 мм кем емес U түрлі ысырма түрінде орындалады.



4-параграф. Сөндіру құрылғыларын орналастыру
87. Газ өткізгіштерде сөндіру құрылғылары мына орындарда орналастырылады:

1) кәсіпорын аумағына газ өткізгіштің кіре берісінде;

2) цехтар және олардың айырымдарында, егер олар газ өткізгіште тікелей бөлек ғимараттарда орналасса;

3) секциялаушы ысырмалар немесе тығындар көмегімен апаттар немесе жөндеулер жүргізу кезінде дөңгелекшеленген газ өткізгіштердің бөлек учаскелерін сөндіру үшін;

4) цехтар топтарына негізгі газ өткізгіштер тарамдарында.

88. Құрылысы жобада қаралған газ өткізгіштерді нысандарға тарамдар қарастырылған орындарда жарақтаған кезде тығындары бар ысырмалар және жалғастыру құбыршалары орнатылады. Газ өткізгіштердің бүйір жақтарында тығындармен және жалғастыру құбыршаларымен фланецтер орнатылады.



5-параграф. Цех газ өткізгіштерін төсеу
89. Бір ғимараттағы тұтынушыларды газбен жабдықтау цех коллекторы арқылы жүзеге асырылады.

Цехтың бөлек газ тұтыну агрегаттарын (пештер, қазандықтар тағы сол сияқты) газ өткізгіштерге өз бетімен жалғауға жол берілмейді.

Цех аралық газ өткізгіштерге бөлек ірі тұтынушылар коллекторларын (домна пештері, ауа қыздыру аппараттары тобы және басқалар) жалғауға рұқсат етіледі.

Тұтынушыларды газбен қамтамасыз етуді басқа ғимараттағы цех коллекторынан жүргізуге, тек ғимараттар жақын орналасқан, ал олардың әр қайсының өз бетімен қамтылуы қиындықтар тудыратын болған жағдайдан басқа кезеңдерде жол берілмейді.

90. Цехтағы газ коллекторлары шатырлар және қабырғалар бойынша ғимарат сыртында немесе бөлек тұратын тіректерде төселеді. Коллекторлар диаметрі 500 мм және одан кіші болған кезде оларды ғимарат ішіне төсеуге рұқсат етіледі.

91. Газ коллекторын ғимарат шатыры бойымен төсегенде коллектордың төменгі түзілуінен ара қашықтық 0,5 м кем емес және өтемдеуіштің түзуші толқынынан 0,3 м кем емес. Коллектор бойына, қажет болған жағдайда, адамдар өту үшін жанбайтын материалдардан жасалған көпірлер, ал арматураға қызмет көрсету орындарында алаңдар мен сатылар қойылады. Коллекторға жету үшін жоғарыға бастайтын сатылардың біреуі-марштық.

Коллекторларды ғимарат шатыры бойына төсегенде коллектор мен шам араларындағы саңылаудағы ең кіші ара қашықтық көлденеңі бойынша 1,5 м кем емес. Коллекторлар ғимарат аэрациясы мен оның жарықтандыруын нашарлатпайды.

Газ өткізгіштер мен шамдардың көлденең қиылысуына ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Шам ажырауы кезінде газ өткізгіштердің екі жағынан да шамның бүйір бөліктеріне дейінгі аралық саңылауда 0,8 м кем емес.

92. Ғимарат қабырғалары бойымен цех коллекторларын төсеген кезде газ өткізгіштің төменгі түзілушісінен жер (еден) деңгейіне дейінгі арақашықтық 3 м кем емес.

Егер технологиялық талаптармен қаралған болса, қажет болғанда цех коллекторларын 3 м төмен төсеуге болады.

93. Цех коллекторын ғимарат сыртына бөлек тұратын тіректерге төсеген кезде коллектор мен цех қабырғасы арасындағы көлденең бойынша саңылаудағы арақашықтық осы Талаптың 68-тармағында көрсетілген арақашықтықтың жартысына тең деп, бірақ 2 м кем емес етіп алынады.

94. Газ өткізгіштер ғимарат қабырғалары арқылы өткен кезде олар қаптамада жасалады. Бүйірлердегі газ өткізгіш пен қаптама арасындағы саңылау тығыздалады.

Газ шығаруын газ өткізгіш пен шатыр арқылы төсеу кезінде дөңгелекше саңылау болады, бұл кезде шатырда дөңгелекшелі шығыңқы орын, ал газ өткізгіште конус тәрізді зонт жасалады.

95. Газ өткізгіштердің келу жолы жанғыш газдарды тұтынатын пештер, қазандықтар және агрегаттар орналасқан ғимаратта тікелей орындалады.

Табиғи және ілеспе газдарды газ өткізгіштерінің оларды ашық жалғанғанда келу жолдарын аралас ғимаратқа жасауға рұқсат етіледі, бұл кезде аралас ғимаратта сағатына үш дәрежеліктен кем емес ауа алмасуы қамтамасыз етіледі.

Қопарылу қаупі бар және жанғыш материалдар қоймалары, тұрмыстық ғимараттар, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика (бұдан әрі-БӨАжА), электр тарату құрылғылары және қосалқы станциялар, желдету қондырғыларына арналған ғимарат және газ өткізгіш интенсивті коррозиямен зақымдануы мүмкін ғимараттар арқылы ену жолы, сонымен қатар газ өткізгіштерді төсеуге жол берілмейді.

96. Домна, кокс, сұйылтылған, ферроқорытпа, конвертор газдары қолданылмайтын ғимараттар арқылы осы газдардың газ өткізгіштерін төсеуге болмайды.

Газдар пайдаланылмайтын ғимараттар арқылы тек қызмет көрсетуші жұмыскерлер газ өткізгішке кедергісіз тәулік бойы жете алатын жағдайда төменгі және орташа қысымда табиғи және ілеспе газдардың газ өткізгіштерін ғана төсеуге болады. Бұл ғимараттарда газ өткізгіштер пісірумен орындалуы керек және фланецті және резьбалық қосылыстары мен арматурасы болмайды.

97. Ғимараттардағы газ өткізгіштер қызмет көрсетуге, тексеруге, жөндеуге ыңғайлы орындарда төселеді. Газ өткізгіштерді цех көлігімен зақымдануы мүмкін орындарда төсеуге жол берілмейді.

Газ өткізгіштермен желдету шахталарын, ауа жолдары мен түтін жолдарын қиып өтуі, сонымен қатар газ өткізгіштердің тұйықталған, нашар жалдетілетін кеңістіктерде және жертөле орындарында орналастыруға жол берілмейді.

Цех газ өткізгіштерін (сұйылтылған газдардан басқа) сырттан шатыр бойынша және электр тарату құрылғылары мен қосалқы станциялардың ғимараты цех ішінде тұрғызылған қабырғалармен, желдету құрал-жабдығына арналған ғимаратта және тұрақты түрде қызмет көрсететін жұмыскерлер болмайтын ғимаратта төсеуге рұқсат етіледі, бұл кезде газ өткізгіштерде фланецті қосылыстар мен арматуралар болмайды, ал газ өткізгіштердің жапсарлары бақылаудың физикалық әдістерімен бақылаудан өткізіледі.

98. Кокс батареясын қыздыру үшін кокс және домна газдарының коллекторларынан басқа барлық жанғыш газдардың цех коллекторларын цехтардың негізгі жұмыс алаңдарының астына төсеуге жол берілмейді. Негізгі жұмыс алаңдарына пайдаланушы жұмыскерлер болатын алаңдарды жатқызады.

Технологиялық жағдайлар бойынша газ жеткізуді басқа тәсілмен жүзеге асыру мүмкін болмаған кезде бөлек агрегаттарға газ жолдарын негізгі жұмыс орындарының астымен жүргізуге болады, бұл кезде келесі талаптар орындалады:

1) газ өткізгіште фланецті қосылыстар, арматура және басқа да газдың ағуы мүмкін көздер болмайды;

2) газ өткізгіш оның қызу қаупіне жол берілмейтіндей және апатты жағдайға тап болғанда оған сұйық металл және қож түсіп кетпейтіндей етіп орналастырылады;

3) барлық пісіру жапсарлары бақылаудың физикалық әдісімен тексеріледі.

99. Газ өткізгіштерді пештер, қазандықтар және басқа да агрегаттар каркастарына каркастарды есептеумен беріктікке тексерген жағдайда бекітуге болады; газ өткізгіштерді жану өнімдерінің ыстық ықпалына немесе коррозиялық активті сұйықтықтар немесе шыныққан не сұйық металмен жанасуы мүмкін орындарға орналастырылмайды.

100. Газ қысымы 1,2 МПа дейінгі газ өткізгіштердің газ өткізгіштер мен басқа да құбырлы өткізгіштер біріктіріліп орналастырылғанда немесе қиылысқанда олардың араларындағы саңылаудағы ең кіші арақашықтық 4-кестеде көрсетілген миллиметр шамасынан төмен болмайды.

4-кесте


Жалғанатын құбырлы өткізгіштің сипаттамасы

Цехтағы құбырлы өткізгіштерден ең кіші арақашықтық, мм

Оттегін өткізгіштер

Қысым 1,6 МПа және диаметр 50 мм-ден кем болғанда

Оттегін өткізгіштің төрт сыртқы диаметрі

Мұнда да, диаметрі 50 мм-ден 250 мм-ді қоса алғанда

250

Мұнда да, диаметрі 250 мм-ден аса

300

Оттегі қысымы 1,6 дан 4,0 МПа дейін (диаметрден тәуелсіз)

350

Басқа құбырлы өткізгіштер (оның ішінде жанғыш газдардың құбырлы өткізгіштері)

Диаметрі 300 мм және одан төмен

Кіші құбырлы өткізгіштің диаметрі, бірақ 100 мм кем емес

Диаметрі 300 мм-ден аса

300

Импульстік газ өткізгіштерден газ өткізгіштерге дейінгі арақашықтық белгіленбейді.

101. Цехтағы газ өткізгіштер оттегін өткізгіштер және басқа құбырлы өткізгіштермен айқасқанда немесе жергілікті жақындағанда саңылаудағы айырымды 100 мм дейін қысқартуға болады.

102. Цехтағы газ өткізгіштер мен оқшауландырылмаған тоқ өткізгіштер (троллеялар) араларындағы арақашықтық-1 м кем болмайды.

Параллель төселген кезде газ өткізгіштермен оқшауландырылған электр өткізгіштері (қорғалған және қорғалмаған) немесе кабельдері араларындағы ара қашықтық-250 мм кем емес, ал айқасқан орындарда-100 м кем болмайды.

Газ өткізгіштерге қызмет көрсету орындарынан оқшауландырылмаған өткізгіштерге дейінгі ара қашықтық-3,0 м кем емес.

103. Газ өткізгіштерді тікелей жылу әсері зонасында төсеген кезде газ өткізгіштердің қауіпті қызып кетуіне жол бермейтін жылудан сақтандырғыш қарастырылады.

104. Диаметрі 100 мм дейінгі газ өткізгіштердің бұрылыстары иіліп немесе штампталып орындалады. Диаметрі 100 мм асатын газ өткізгіштердің бұрылыстары пісірілуіне немесе тіке майыстырылуы мүмкін.

105. Цехтарда газ пайдаланатын агрегаттар оларға жер үстілік газ өткізгіштер жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Бұл шарт оттығы технологиялық талаптар немесе конструктивтік ерекшеліктері бойынша еден деңгейінен төмен, сонымен қатар жер үстілік газ өткізгіштікті қауіпсіз қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде пештер мен агрегаттарға таратылмайды.

106. Пештерге және басқа да агрегаттарға газды жеткізу учаскелерінде кокс, табиғи газ, сонымен қатар олардың домна газымен қоспаларын мына талаптарды сақтаған кезде арналарға төсеуге рұқсат етіледі:

1) арналар өтпелі болмауы қаралады, ұзындықтары ең кіші және берік алынбалы жанбайтын жапқышпен жабылған;

2) диамері 300 мм асатын газ өткізгіштер үшін арна табаны мен қабырғаға дейінгі саңылау 400 мм кем емес, ал диаметрі 300 мм және одан кіші газ өткізгіштер үшін газ өткізгіш диаметрінен кем емес;

3) арналарға төселген газ өткізгіштерде бекіту арматуралары (газ өткізгіштен конденсатты шығаруға арналған арматурадан басқа), сонымен қатар фланецтік және резьбалық қосылыстар болмайды. Мұндай газ өткізгіштердегі пісіру жапсарлары-минимал;

4) газ өткізгіштермен бірге арналарда бұл құбырлы өткізгіштерді пісірумен және арматурасыз монтаждау жағдайында газ пайдаланушы агрегаттарға ауа өткізгіштер мен инертті газдардың құбырлы өткізгіштерін төсеуге рұқсат етіледі;

5) газ өткізгіштер төселген арналар басқа арналарды қиып өтпейді.

Арналарды қиылыстыруға мәжбүр болған кезде оларда саңылаусыз маңдайшалар жасалады, ал газ өткізгіш қаптамаға салынады. Қаптамалар шеттері маңдайшалар шеттерінен екі жағынан да 300 мм шығарылады;

6) арналарда табиғи желдету үшін тарту арналар бар;

7) арналарға тот басу активті сұйықтықтардың түсіп кетуіне жол берілмейді.


6-параграф. Цех газ өткізгіштерінен конденсатты шығару
107. Цех газ өткізгіштерінен конденсатты шығару конденсат айырғыштар арқылы жүргізіледі. Оны пештердің қыздырғыштары және басқа да газ тұтынушылары арқылы шығаруға жол берілмейді.

108. Цехтар ғимараттарында орнатылған конденсат айырғыштар конструкциясы осы Талаптың 81-83-тармақтарының талаптарына сәйкес келеді, бұл кезде:

1) конденсат айырғыш сосудының диаметрі 200 мм кем емес, ал газ өткізгіштен конденсатты шығарғыш құбырлар 40 мм кем емес;

2) конденсат айырғыштан кейін құю воронкасына дейін құю тізбегі биіктігі 1500 мм кем емес U-түрлі ысырма түрінде жасалған.

Конденсат шығарғыш құбырлар учаскелері, сонымен қатар конденсат айырғыштардың өздері, егер цех жылытылмаса жылытылады.

109. Конденсатты кезеңдік жинақталатын төменгі қысымды газ өткізгіштердің бөлек телімдерінен газ өткізгіш және құю құбыры жағынан ысырмамен сөндірілетін шлюздік ысырма (су ысырмасынсыз) арқылы газ өткізгіштен шығаруға рұқсат етіледі. Конденсатты шығаруды ғимаратқа газ өткізгіштен газдың шығуына қарсы шаралар қолданумен кезеңдік жүргізіледі.



7-параграф. Цех газ өткізгіштерінде сөндіру

арматурасын орналастыру
110. Арматура цех газ өткізгіштерінде мына орындарда орнатылады:

1) цехаралық газ өткізгіштен цехқа (бөлімшеге) дейінгі арақашықтық 100 м аспайтын жағдайларда, барлық цехтарға (бөлімшелерге) газ өткізгіштің кіре берісінде, цехқа кіре берістегі ысырма цех ғимаратының ішінен де, сыртынан да орнатылады;

2) цех коллекторынан агрегаттарға газдың жіберілер орындарында. Бұл кезде араларында майшамы бар екі дискілі ысырма ретпен орналастырылуы керек. Сонымен қатар, ысырмалардың біреуі шатырда, ал екіншісі ғимарат ішінде орналастырылса, онда екі пілте орнатылады: біріншісі бірден бірінші ысырмадан кейін (газ жүрісі бойынша), ал екіншісі-екінші ысырманың алдында. Екінші ысырмадан кейін табақшалы ысырма немесе тығын орнатылады;

3) газ өткізгіште дәл газ пайдалану агрегатында, осы агрегатты тезірек сөндіру үшін, егер осы Талаптың 110-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген екінші ысырмаға жету қиын болса;

4) көп зоналы пештерде-газ өткізгіште әрбір зонаға;

5) әрбір қыздырғыш алдында газ өткізгіште.

Цех ғимараттарының ішінде табақшалы ысырмалар алдында газ өткізгіште кез келген түрлі дискілі ысырманы орнатуға жол берілмейді.

Газ өткізгіштердің газ жалынымен өңдеу постыларына шығаруларында пост алдында бір сөндіру құрылғысын орнатуға болады.



4-тарау. Пештер, қазандықтар және басқа агрегаттардың

газды құрал-жабдықтары. Металдарды газ жалынымен өңдеуге арналған құрал-жабдықтар

1-параграф. Пештердің, қазандықтардың және басқа

агрегаттардың (бұдан әрі-агрегаттар) газды құрал-жабдықтары
111. Газ тұтынушылардың оттығы жер үстінде орналастырылады. Оттықтардың еден деңгейінен төмен орналасуына тек пештердің технологиялық шарттарымен немесе конструктивтік ерекшеліктерімен байланысты болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Бұл жағдайда оттықтардың шұңқырлары ашық, қоршаулары бар және табиғи желдетумен қамтамасыз етіледі.

Торлы төсенішпен қалқаланған және мәжбүрлі желдеткішпен жабдықталған шұңқырлар құрылғысына рұқсат етіледі. Торлы төсеніш құрылғысы туралы талаптар қыздыру құдықтарының шұңқырларына және газбен қыздыру құрылғыларына пеш табанынан төменде орналасқан пештерге таратылмайды.

112. Барлық агрегаттарда мамандандырылған жобалау ұйымдарымен орындалған немесе бекітілген жоба бойынша жасалған газ қыздырғыштары орнатылады.

Қыздырғыштар эксплуатацияға енгізілерде олардың негізгі көрсеткіштерін (өнімділік, газ бен ауаның оптималдық қысымы, инжекция коэффициенті, реттеу шектері, газдың жану толықтығы тағы сол сияқты) тексеру үшін сынақтан өткізіледі.

113. Қыздырғыштар жалынның үзілуінсіз тұрақты және оның қыздырғыш ішінде агрегаттың жылу жүктеуін реттеудің қажетті шектерінде орнықты жұмыс істейді.

114. Газ қыздырғыштарын тұтату және оттық есіктерінде немесе фронталдық пештерде немесе пештің басқа да телімдерінде олардың жұмыстарын бақылау үшін қызмет көрсетуге жету үшін қақпақтары бар тесіктер орналастырылады. Қақпақтардың өздігінен ашылып кетуіне жол берілмейді.

115. Газ қыздырғыштарының немесе олардың арматураларының ашық күйде шығып тұрған бөліктерінен қабырғаға немесе ғимараттың басқа бөліктеріне дейін, сонымен қатар ғимараттар мен құрал-жабдыққа дейінгі арақашықтық-1 м төмен болмайды.

116. Газ қыздырғыш құрылғыларымен түзілетін шу деңгейін төмендету үшін шаралар орындалады.

117. Сөндіру және реттеу құрылғысынан кейін цех коллекторында және тұтынушыларда газ қысымын бақылау үшін қысымды өлшеу үшін аспаптар, сонымен қатар қысымның төмендеуін көрсететін дабыл бергіш орнатылады. Бұдан басқа, қысымның төмендеуінің дабыл бергіштерімен қысымды өлшеу аспаптары бөлек ірі тұтынушыларда немесе тұтынушылар топтарында (жылу қуаттылығы 42х106 кДж/с артық) орнатылады.

118. Жұмыс кеңістігіндегі температурасы 8000С төмен агрегаттар, талапқа сай әрбір қыздырғыштың ұшқынын бақылау құралдарымен, қыздырғыштар сөніп қалған жағдайда жарықты дыбыстық дабылы жылу техникалық қалқанына шығарылумен қамтамасыз етіледі.

119. Үрлеу қыздырғыштары бар әрбір агрегатқа газдың жеткізілуінде қыздырғыштарға жақын жерде, ал көп зоналы агрегаттарда, талапқа сай әрбір зонада, газ пайдалану агрегатының желісінде кернеудің болуынан тәуелсіз, бекітілген шектерден газ немесе ауа қысымы төмен түсіп кеткенде қосылатын автоматты тез әрекет ететін айырғыш қақпақшалар орнатылады.

Газ пайдалану агрегаттары топтарына (үшеуден артық емес) олардың жалпы жылу қуаттылығы 12,6*106 кДж/с кезінде газдың жалпы келу жолында бір клапан орнатуға рұқсат етіледі.

Тез әрекет ететін клапан түрін таңдау жобамен жүзеге асырылады.

Тез әрекет ететін айырғыш қақпақшалар жүйе қоректенуден айырылған кезде қосылатын электромагниттік жалғаумен жүкті немесе пневмо жүкті немесе осындай құрылғылары болады.

Тез әрекет ететін айырғыш клапандар агрегатқа газ және ауа келу жолында орнатылған газ және ауа қысымының түсіп кетуінің дабыл бергіштерімен жалғанады және оларды ашу үшін қолмен басқарылады.

Қазандықтардың газдық құрал-жабдықтары, қауіпсіздіктің арнайы автоматтандыру құралдарымен жабдықталады.

Инжекциондық қыздырғыштармен жабдықталған агрегаттар үшін тез әрекет ететін айырғыш қақпақшалар қажет емес, оларға қысымның төмендеуінің дабыл бергіштері орнатылады. Көп зоналы газ пайдаланушы агрегаттарда дабыл бергіштер әрбір зонаға орнатылады. Жылу қуаттылығы 12,6*106 кДж/с дейінгі агрегаттар үшін бір дабыл бергіш орнатуға рұқсат етіледі.

Дабыл бергіштер жарықты және дыбыстық болады. Қысымның түсу дабыл бергіші үшін импульсті алу орны жобамен анықталады.

120. Газ пайдаланушы агрегаттың ауа коллекторы мыналармен жабдықталады:

1) ауа қысымының түсуінің дабыл бергішімен;

2) қысымды өлшеу аспабымен;

3) тупиктік үрлеу майшамымен;

4) әрбір қыздырғыш немесе қыздырғыштар топтары алдында орнатылатын сөндіру құрылғыларымен.

1-тармақшаның талаптары отын ретінде тек табиғи газды пайдаланатын жылу қуаты 12,6*106 кДж/с дейінгі агрегаттарға және оларға домна, кокс және басқа газдардың берілуінен басқа кездерде таратылмайды.

121. Қыздырғыштарға ауа беретін желдеткіштер, желдеткіштерге бір білікпен немесе редуктор арқылы жалғанған электр қозғалтқыштарымен жабдықталады. Қажет болған жағдайда сына ременді беріліс қолдануға рұқсат етіледі.

Желдеткіштер жетегі үшін жалпақ ременді беріліс қолдануға рұқсат етілмейді.

Қыздырғышы алтаудан артық немесе жалпы жылу қуаты 63*106 кДж/с кем емес бірнеше жылыту зонасы бар пештер шаң сорғыштары мен үрлеу желдеткіштерін электрмен жабдықтау үрлеу желдеткіштері мен түтін сорғыштарды автоматты қайталап қосумен бір-бірінен тәуелсіз екі қоректендіру көзінен жүзеге асырылады, қоректендіруді бірінде кернеу жоғалған кезде екіншісіне ауыстырады.

122. Газ пайдалану агрегаттарынан (пештер, қазандықтар) газдың жану өнімдерін шығаруды арнайы жарақтанған жүйе бойынша (түтін өткізгіш-түтін құбыры) жүргізеді.

Табиғи және кокс газымен жұмыс істейтін жылу қуаты 0,42х106 кДж/с үлкен емес агрегаттар үшін олар жұмыс орны ауасында шекті рұқсат етілген концентрациядан аспайтын концентрацияда зиянды заттар түзбейтін болса, бұл газдардың жану өнімдерін ұйымдастырған түрде шығармай газды тұтандыру жүргізуге болады.

123. Газдың жану өнімдерін агрегаттардан алып кететін барлық жүйеде тесіктер, жарықшақтар және ауаның сорылуы және жүйедегі тартудың бұзылуы жүруі мүмкін басқа да ақаулар болмайды.

124. Түтін өткізгіштерде оларды тазалау үшін тығыз жабылатын қақпақтары бар люктер қаралады.

125. Газ пайдаланушы агрегаттарының жұмыс қуысы мен оттықтарында қысымды реттеу үшін түтін жолдарында әрбір агрегаттан ортақ түтін өткізгішке реттеу қақпақшалары орнатылады. Реттеу қақпақшаларын басқару, талапқа сай агрегатқа қызмет көрсететін оператордың жұмыс орнына шығарылады. Реттеу қақпақшасының күйі көрсеткіштермен бекітіледі.

126. Пештер немесе агрегаттардан газдың жану өнімдерін шығару үшін зонттар өлшемдері цех ғимаратына жану өнімдерінің шығуына жол бермейді.

127. Жасанды тартумен (эжекторлармен немесе түтін сорғыштармен) жабдықталған агрегаттар үшін нақты жағдайларға байланысты эжекторлар немесе түтін сорғыштардың апаттық сөндірілуі жағдайына төменде аталған шаралар қарастырылады:

1) тез әрекет ететін айыру қақпақшасын және эжектрлеуші ауаның қысымының төмендеуінің дабыл бергішін орнату. Тез әрекет ететін айыру клапаны газдың агрегатқа келе берісінде немесе коллекторға газдың келе берісінде орнатылады, бір желдеткішпен қызмет көрсетілетін агрегаттар тобы түтін сорғыш немесе эжектор тоқтағанда автоматты түрде жабылады.

Үрлеу қыздырғыштары бар агрегаттар үшін осы Талаптың 119-тармағының талаптарына сәйкес орнатылған тез әрекет ететін айырғыш клапандары қолданылады;

2) түтін құбырына қоршалған көмей бар болған кезде-түтін сорғыш тоқтаған кезде қоршаудың түтін қақпақшасының автоматты ашылуы;

3) резервтік түтін сорғыш бар болған кезде-резервтегінің автоматты қосылуы;

4) тартудың жоқтығының дабыл бергішін орнату.

128. Газ пайдаланатын агрегаттың жұмыс кеңістігіндегі немесе оттығындағы қысымды (сиретілуді) тұрақты бақылау үшін сәйкес аспаптар орнатылады.

129. Әртүрлі отын түрлерімен жұмыс істейтін газ пайдаланатын агрегаттардан газдың жану өнімдерін жалпы түтін өткізгішке шығару (осы Талаптың 394-тармағының талаптарын сақтаған кезде) тек істеп тұрған газ отынына ауысқан нысандар үшін рұқсат етіледі.

130. Жұмыс кеңістігінде 8000С төмен температура бар газ пайдаланатын агрегаттардың оттықтары мен түтін өткізгіштері қопарылу клапандарымен жабдықталады.

Қопарылу клапандарын жоғары температуралы (8000С және одан жоғары) термиялық және қыздыру пештерінде, мартен пештерінде және кокс батареяларында орнату талап етілмейді.

Жану өнімдерін зонт астына немесе тікелей цехқа жіберетін пештерде қопарылу клапанын орнату талап етілмейді.

131. Қопарылу қақпақшалары, талапқа сай оттықтардың және түтін өткізгіштердің жоғарғы бөліктерінде, сонымен қатар газдың жиналуы мүмкін басқа орындарда орнатылады. Қопарылу қақпақшаларының орнатылу орындары, саны және өлшемдері жобамен анықталады. Бір қопарылу қақпақшасының алаңы 0,05 м2 кем емес деп қабылданады.

Қақпақша іске қосылған кезде қызмет көрсететін жұмыскерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Қопарылу қақпақшаларын қызмет көрсетуге қауіпті емес орындарда орнату мүмкін болмаған кезде, клапан іске қосылған жағдайға қорғаныс құрылғылары қаралады.

132. Агрегаттарды газ отынында істейтіндей етіп қайта жарақтау жоба бойынша орындалады.

133. Газ пайдаланатын агрегаттар орналастырылған ғимараттарды желдету және жарықтандыру осы ғимараттар тағайындалған өндірістің санитарлық нормалары мен талаптарына сәйкес келеді.

Бұл ғимараттарды желдету және жарықтандыруға қосымша талаптар оларды газ отынын пайдаланумен байланысты талап етілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет