Араб халифаты а раб халифатының құрылуы


Исламның сәулет өңерінің дамуына ықпалы



бет4/5
Дата16.03.2023
өлшемі0.5 Mb.
#470861
1   2   3   4   5
Лекция 15

4.Исламның сәулет өңерінің дамуына ықпалы.
Араб және бедуин тайпалары жыл сайын Меккеге келіп, Қағбаның маңындағы пұттарға зиярат еткен. Қараңғылық дәуіріндегі арабтардың өнер туралы айтарлықтай түсінігі болмаған. Олардың басты өнері өлең шығару болатын. Қараңғылық дәуіріндегі ақындар тұмарға өлеңдерін жазып, Қағбаға іліп қоятын болған. Олардың тағы бір өнері тостақ, кілем, ертоқым, түйе мен жылқының әбзелдері сынды тұрмыстық заттарды безендіру еді.
Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) 570 жылы Меккеде дүниеге келді. Ол Курейш тайпасына жататын Бани Хашем әулетінен шықты. Оған қырық жасында Алла тағала тарапынан пайғамбарлық берілді. Алғашқыда өте аз адам оның соңынан ерді, бірақ құдайылық тәлімдер, Пайғамбардың (с.ғ.с.) бірегей тұлғасы мен сөзінің өтімділігі, сондай-ақ оның сөз бен істегі шыншылдығы Исламның тез таралуына себеп болды. 621 жылы Пайғамбар (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинеге қоныс аударады. Бұл қоныс аудару Ислам тарихының бастауы болып саналады. Пайғамбар (с.ғ.с.) Алланың бірлігіне, өзінің пайғамбар екендігіне иман келтіру және ақырет күніне сенуді Ислам дінінің негіздері деп жариялады.
И слам өзінің айқын негіздерімен алдымен Арабия түбегінің түкпір-түкпіріне таралды, содан соң одан сырт жерлерге де қанат жайды. Арабия түбегі айналасындағы жерлердің саяси-экономикалық жағдайы нашар болды және билік басындағылар халыққа жәбір-жапа, қысым көрсетіп отырған. Осындай мүшкіл халде өмір сүрген аймақтардағы наразы халық Исламды ризашылықпен қабылдады. Алдымен Ирак жері жаулап алынды, содан соң Куфа, Басра, Шам және Мысыр тез арада Исламды қабылдады. Бірақ Иранды жаулап алу оңайлықпен жүзеге асырылған жоқ, өйткені Сасанидтер мемлекеті өз билігінің әлсірегендігіне қарамастан, ұзақ уақыт бойы қарсы тұрды. Бірақ Иран қоғамындағы әлеуметтік топтардың өмір сүру деңгейінің алшақтығы, халықтың билеушілерге наразылығы және Сасанидтердің Ислам әскерінен жеңілісі нәтижесінде х.қ.ж.с.б. 22 жылы бұл әулет жойылды.
Ислам сәулет өнері – әлемдік сәулет өнері қазынасына енетін ислам діні ықпалымен салынып-қалыптасқан ерекше үлгідегі ғимарат кешендерінің жүйесі. Ислам дінінің нығайып, қанат жаюымен бірге, мұсылмандықтың әсемдік хақындағы ұғымдары мен салт-дәстүрлеріне үйлесетін жаңа құрылыстар: мешіт, медресе, кесене, тағы да басқа ғимараттар жаппай салына бастады. Ислам архитектурасының ең бір ғажайып туындысы Меккедегі үлкен мешіт Иарам әл-Мәсжид. Ол – ашық алаң ортасына Қағба орналасқан, төрт жағынан бірнеше қабат ашық галереялармен қоршалған, оған тарихи Сафа, Маруа төбелерін галереямен жалғастырып қосқан үлкен кешен. Ислам архитектурасының бір ерекшелігі – әлемнің басқа жерлеріндегі сәулетшілік тәжірибесінде кездеспейтін мұнаралы тұрғын үйлер тұрғызу. Олардың кейбіреулерінің биіктігі 11 қабатты үйдің биіктігіне тең. Алғашында олар тастан қаланған іргетастарға отырғызылып, шикі кірпіштерден тұрғызылды. Дамаск (Шам) Араб халифатының орталығына айналып, билікке Омейя әулеті келген кезде Сирия мен оның төңірегіндегі елді мекендерде аса ірі қамалдар тұрғызылып, көптеген мешіттер мен сарайлар салынды. Мысалы, Каср әл-Хаир әл-Ғарби, Уалид Кусейр-Амра, т.б. Аббас әулеті билеген тұста Халиф Мансұр 762 жылы Бағдад қаласын салып, астананы сонда көшірді. Осыған байланысты Месопотамияда (Қосөзен аралығы) Ислам сәулет өнерін жедел өркендеді.
Халифатта өнер түрлерінің ішінде сәулет өнері аса үлкен табыстарға жетті. Құрылысшылар халифат үшін тамаша сарайлар, мазарлар мен қамалдар салды. Испан әміршілерінің Гранададағы сарайы Альгамбра бүкіл дүние жүзіне танылды.
Араб сәулетшілері мұсылман храмдарын - мешіттер салды. Оған мұсылмандар намаз оқу үшін жиналады. Мешіттің қасына Минарет - дін ұстанушыларды намаз оқуға азан айтып шақыратын биік мұнара салынды.
Арабтардың үйлері тасқа қашалған ойма өрнектермен, ал олардың қабырғалары мен едендері жалтыраған кірпіштермен, мозаикамен бай түрде әшекеленді. Шілтер тәрізді оюлар мен алуан түсті суреттер тастың өзін салмағын айырғандай әсер ететін еді.
Мұсылман діні адамдар мен жануарларды бейнелеуге тыйым салды. Осы себепті де халифат елдерінде мүсін мен сурет өнері орта ғасырлардың алғашқы жүз жылдықтарында тіпті дамымады десе де болады. Кейінірек кітаптарға халық тұрмысынан алынған көріністер, халиф сарайындағы оқиғалар, аңдары мен құстарына дейін таңғажайып елдер бейнеленген миниатюралды қосатын болды.
И сламның басқыншылық жорықтары Бани Умайе кезінде де жалғасын тапты. Сөйтіп Ислам батыста Атлант мұхиты жағалаулары мен Испаниядан бастап, шығыста Қытайдың шекарасына дейін жетті. Өнердің таралуы осы дәуірден басталды, бірақ Бани Умайе билеушілерінің Исламның негізгі тәлімдерінен ауытқуы халықтың бұл әулеттен алшақтауына себеп болды. Сөйтіп, Бани Умайе әулеті де құлатылды. Одан кейін ирандықтардың көмегімен Бани Аббас билік басына келді және ирандық-исламдық мәдениеті мен өркениеті шамамен осы заманнан бастап тарала бастады. Бағдадта өнер мен ғылымда ұлы қозғалыс басталды. Бұл қозғалыстың қалыптасуында ирандықтар айтарлықтай рөл атқарды. Пәхләви, үнді, грек және сирия тіліндегі көптеген маңызды кітаптар араб тіліне аударылды және әйгілі ғылыми-діни медреселер ашылды. Сөйтіп, Сасанидтердің зұлымдығынан қысым көрген ирандықтар тәлімдерінде әділет, теңдік, білім және өнерге көңіл бөлінген дінді қабылдады. Осылайша олар Исламның мәңгілік тәлімдерінен шабыт алып, ирандық-исламдық өркениеттің негізін қалады.
Көпетеген тарихшылар мен ойшылдардың пікірінше, Ислам өнері Иран жерінде гүлденді және өркениеттің айшықты туындылары дүниеге келді.
Григориан жыл санауы бойынша 14 ғасырда өмір сүрген атақты мұсылман тарихшысы және философ Ибн Халдун осы жайлы былай деп жазады: «Дін ғылымы мен жаратылыстану ғылымдарында бірнеше адамнан басқа Ислам ғалымдарының көбі араб емес, ирандық болған. Ислам жамағаты үшін хадистерді сақтап қалған адамдар - ирандықтар». Ибн Халдун былай деп жалғастырыпты: «Ирандықтардан басқа ешкім ғылымды сақтап-қалыптастыруға әрекет етпеді. Осылайша ирандықтар Пайғамбар (с.ғ.с.) сөздерінің дәлелі болды. Пайғамбар: «Егер ғылым мен білім жұлдыздарға телінсе, парсы жұртының бір ер адамы оны үйреніп, қолға түсіреді» ,-деген екен.
Ибн Халдунның осы саладағы сөздеріне өте аз күмән келтірілді. Ирандықтардың Ислам өркениетін дамыту мен гүлдендіруіндегі рөлі нақты бағалауды қажет етеді. Бұл рөлді әр түрлі қырдан қарастырып, саясат пен ел басқару, дін және философия, медицина және фармацевтика, сауда және экономика, өнер, әдебиет және тіл сияқты салалар бойынша бағалауға болады. Біз бұл бағдарламада тек Исламның сәулет өнеріне тигізген әсері және құрылыс салудағы негізгі өзгерістер мен оның әр түрлі қырларын қарастыратын боламыз.
Исламның белгілі бір құбылысқа тигізген әсері жайлы сөз қозғаған кезде ерекше қағидаттар мен ережелерге назар аудару қажет. Алдымен осы қағидаттармен жақынырақ танысу үшін Құран Кәрім аяттарын оқу қажет. Мысалы: Мекке қаласы Құранда «Қауіпсіз қала» деп аталған және ол пұтқа табынушылықтан алас болуы қажет делінген. Бақара сүресінің 126-аяты мен Ибраһим сүресінің 35-аятында қасиетті орын орналасқан Мекке қаласы сипатталған. Мысалы: Меккеге қатысты қауіпсіз, таза, ырыс-берекеге толы деген сипаттар айтылған.
Бұл аяттарда ғимарат салу немесе қала салудың физикалық-материалдық үлгісі берілмесе де, қала салу ісіне қатысты назарға алынуы тиіс кейбір сапалық және рухани ерекшеліктер айтылған. Шындығында Құран қала салу мен сәулет өнерін адамның дүниетанымының түріне қатыстыБағдатта әлемге белгілі сәулет ескерткіштері: 12 ғасырдың соңы — 13 ғасырдың басында салынған Аббас әулетінің сарайы, 13 ғасырдың басында бой көтерген Зүбайда кесенесі, 1279 жылғы Сұқ әл-Ғазал мұнарасы, 1358-59 жылғы Маржан ханның керуен сарайы Мұса әл-Қадамның “Алтын мешіт” кесенесі (1515) және тағы басқалары жақсы сақталған. Сондай-ақ мұнда университет, Ғылым Академиясы, 6 музей, кітапхана ғимараты бар. Ежелгі Қ азақ топырағынан шығып, бүкіл түркі жұртының мақтанышына айналған ойшыл ғалымдар — Әбу Наср әл-Фараби, Әлам әд-Дин әл-Жауһари, Бурһан әд-Дин Ахмад әл-Фараби, Махмұт Қашқари, Әбу Абдаллаһ әл-Баласағұни, Абд әл-Ғафур әл-Кердери білімдерін толықтыру үшін Бағдатқа барып, дәріс алған, ғылыми еңбектерін жазған. 9 ғасырда Египет Бағдат халифатынан бөлініп шығып, билікке арғы тегі түркілерден тарайтын Тулун әулеті келді. Осы кезде, яғни 897 жылы аса ірі ибн Тулун мешіті салынды. Египеттегі билік Фатима әулетіне ауысқан тұста Ислам өркениеті одан әрі өркендеп, ел астанасы Каир қаласына көшірілді. Кейінгі билеуші әулеттер – аби әулеті (1171 – 1250) мен мәмлүктер (1250 – 1517) тұсында да Мысыр Ислам архитектурасының негізгі орталығына айналып, аса ірі Самарра, Фустат, Султан Хасан мешіттер мен сарайлар тұрғызылды. Арабтар 711 жылы Пиреней түбегін жаулап алып, кейін Кордова халифаты құрылған кезде осы өлкеде де ғажайып ескерткіштері тұрғызылды. Атап айтқанда, Кордовадағы үлкен мешіт, Гранада әмірлерінің сарайы, т.б. 10 – 13 ғасырларда ислам діні қанатын кеңге жайып, Орталық Азияға, Үндістанға, Кавказға тарала бастады. Ислам дінімен қатар, аталған елдерде Араб халифатының сәулет өнері де өркендеді. Мысалы, 13 ғасырда Делиде салынған әйгілі Кутб-Минар мұнарасының биіктігі 70 метрге, табанының диаметрі 16 метрге жетті. Бұл мұнараның өнбойы ою өрнекті 24 шығыңқы кернеумен безендірілген. Бұған қоса Делиде мешіт ауласында тұрғызылған Темір мұнарасы бар. Ахмадабақтағы 1427 жылы салынған Джамми-Мадджид мешіті 70´30 метрлік алаңды алып, онда 260 бағана 15 күмбезді ұстап тұр. Ұлы моғолдар билігі тұсында 1630 –1652жылдарда Үндістанда атақты Тәж-Махал салынды. Оның сырты әлемде теңдесі жоқ ою-өрнектермен, алтын-күміс мозаикалармен көмкерілген, жақтаулары құран мәтіндерімен нақышталған. 10 – 12 ғасырларда Иран, Ауғанстан, Орта Азия мен Қазақстанда да көптеген Ислам архитектурасы ескерткіштері салынды. Атап айтқанда: Тараздағы Айша бибі, Үргеніштегі Фахриддин Рази, Мервтегі Сұлтан Санжар, Нахичеваньдағы Момине хатун, Исфаһандағы жұма мешіті, тағы да басқа кесенелер. Бұл өлкелерде 14 – 15 ғасырларда сәулет өнері одан әрі өркендеп, Самарқанда Гөр Әмір, Шахи-зинда, Түркістанда Қожа Ахмет Иасауи кесенелері, Бакуде Ширваншахтар сарайы, салынды. 16 – 18 ғасырларда салынған Бұхарадағы Мір-Араб, Қос медресе, Ляби-хауз, Самарқандағы Регистан, Аградағы Тәж-Махал (Үндістан) кешендері, Стамбұлдағы Сулеймание және Андрианопольдегі Селиме (Түркия) мешіттері, Турфандағы Сулейман мұнарасы (Қытай), Нұхтағы Шекі хандарының сарайы; 19 – 20 ғасырлардағы ескерткіштер – Бұхара маңындағы Ситораи Мохи Хоса, Хиуадағы Шырғызы хан, Аллақұли хан, Мұхаммед Амин хан медреселері, Батыс Қазақстандағы Бекет ата, Шақпақ ата жер асты медреселері, Айтман, Ерғали, Тәжике және Омар-Тұр кесенелері Ислам архитектурасының озық үлгілеріне жатады.
М ұсылман жазушысы және зерттеуші Наджмеддин Баммат өзінің «Ислам қалалары» атты кітабында Ислам тұрғысынан қала салу және сәулет өнерінің мәні мен мазмұны жайлы өте терең және әдемі пікір білдіріп, талдау жасады. Осы кітапта былай деп келтірілген: «Бір мұсылман адам үшін қала мен үй ерекше мәнге ие, өйткені Герат пен Самарқанд немесе Исфахан мен Тегеранда болса да, ол күніне бес рет өзінің қаласы мен үйін ұмытып, одан сыртқа шығады. Оның назары басқа бір қалаға ауып тұрады. Ол назар салатын қала - Мекке қаласы. Ал сол қаладағы оған маңызды орындар - әл-Харам мешіті мен Қағба. Мұсылмандар намаз оқыған кезде Қағбаға қарай бет бұрады, ол - дүние жүзіндегі барлық мұсылмандардың құбыласы. Шындығында Жер планетасындағы барлық мұсылмандар бір бағытта намаз оқиды және сөйтіп үлкен шеңбер құрайды. Бұл шеңбердің орталығы Қағба болып табылады. Қағба сәулет өнері тұрғысынан өте қарапайым құрылыс болса да, Исламның тәлімдері онымен тығыз байланысты. Бұл байланыс оның рухани мағынасын арттырады».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет