Қарабас ауылдық округi әкiмiнiң 2012 жылы атқарылған жұмыстарына арналған есебiнің тезисі



Дата08.07.2016
өлшемі47.61 Kb.
#185707
Қарабас ауылдық округi әкiмiнiң 2012 жылы

атқарылған жұмыстарына арналған есебiнің

ТЕЗИСІ

Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша округ әкімінің тұрғындар алдында округтің 2012 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына арналған

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауын орындауда Қарабас ауылдық округiнде бiр қатар жұмыстар атқарылды.



Ауыл шаруашылығы

Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаев Жолдауда азық-түлік қауіпсіздігіне үлкен назар бөліп отыр, осы салада Қарабас ауылдық округінде 2012 жылы мал басы санының өскені байқалды.

Мысалы 614- ірі қара мал, 290- жылқы, қой-ешкі 666 басқа азайды, шошқа-65 басқа азайды.

Ауылдық округ бойынша 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 16 центнер ет, 109 центнер сүт, 11,5 центнер қой жүнi, 4520 данаға – жұмыртқаға көбейді.

2013 жылғы 01 қаңтар айына округ бойынша шаруа қожалықтарында 527- ірі қара мал, 306 жылқы, 375 бас ұсақ мал тіркелді.

Округ бойынша 2012 жылы бидай- 370 га, күнбағыс- 2287,2 га, картоп-35 га, көп жылдық шөп - 668,2 га дәнді дакылдары егіліп, онан алынған өнім: бидай - 3330 центнер, күнбағыс-12580 центнерді құрады. 2012 жылы округ бойынша 10600 тонна шөп жиналды. Қатан мал азығын дайындауға үлкен көмек көрсеткен шаруа қожалықтары: «Қалижан», «Тасик», «Алдонгар», «Бекзат», «Дастан», «Сер-Бер», « Бірлік-2», «Динара».

2012 жылы Қарабас ауылдық округі үшін айтарлықтай болды. Қарабас ауылы аудан бойынша тірек ауылдар қатарына кірді. Осыған байланысты 16 жоба жасалып, барлығы іске косылды.

Г.Н.Нурсеитова қымыз өндіру цехын ашу үшін 2,5 млн. теңге несиеге жылқылар сатып алды. М.К.Алтынсарин 2,5 млн.теңге несие алып, 13 бас ірі қара мал алды, К.Ж.Бураханов 1,8 млн.теңге несие алып, 11 бас ірі қара мал алды. С.К.Жумадилов ветериналдық емхана және қолдан ұрықтандыру пунктің өз қаражатына ашты. Жеке кәсіпкер Т.Ж. Алиев 2,5 млн.теңге несие алып құс фермасын ашты. Аяқ киім, киім жөндейтін пунктер ашылды. Семеновка орта мектебіне химиялық кабинетіне 4 млн. теңгеге керек заттар алынды. Шошкалы көлінде сауықтандыру комплексы құрылысы салыну басталды. 29,888 млн. теңгеге Семеновка орта мектебінің жылу беру жүйесі қүрделі жөндеуден өткізілді. 10,0 млн теңгеге Семеновка орта мектебінің алды абаттандырылды. Шаруа қожалықтарының және жеке кәсіпкерлерінің көмегімен Қарабас ауылында футбол аланы салынды. Қарабас ауылының Чехов көшесіне ағымды жөндеу жүргізілуге 8,0 млн.теңге бөлінді. Қосымша округ бойынша 15 фонар орнатылды. Орналасқан Жеңіс саябағын жөндеуге 9,23 млн. теңге бөлініп, толық игерілді. Қарабас ауылында саябақ абаттандырылды.



Шағын бизнес

2012 жылы наурыз айында Өндіріс ауылында Ақкожин К. 2,0 млн теңге несие алып шағын наубайхана ашты. Қазіргі таңда наубайхана жұмысын істеп, ауданның бір қатар елді мекендерді нанмен қамтамасыз етіп отыр.

Ауылдық округте бүгiнгi таңда 3-ЖШС, 68 -шаруа қожалығы, 21- сауда орны, 1- жағар жанар май стансасы, 1 - кафе, 2 - ағаш өңдеу цехы, 3 май прессы тiркелiп, жұмыс жасауда. Округ бойынша 543 үй мен 20 мекемеге телефон желiсi тартылды.

Салық жинау

2011 жылы округ бойынша жиналған салықтар : жер салығы -100,1 пайыз, мүлік салығы – 100,1 пайыз, көлік салығы – 102,1 пайыз, бір күндік салық -13,0 мың теңгені құрады.



Жұмыспен қамту

Еңбекпен қамту орталығында 10 адам тiркелген. Қоғамдық ақылы жұмысқа 10 адам тартылды.

2012 жылы округ бойынша 41 жаңа жұмыс орын ашылып, 19 адам уақытша жұмысқа орналасты, 1 адам жергілікті қаражат есебінен оқу оқып, хатшы-референт мамандығын алды..

Денсаулық сақтау

Жолдауда аналар мен балаларды әлеуметтiк қорғауда үлкен көнiл бөлiнген. 2012 жылы ауылдық округте 23 бала дүниеге келдi. Өткен жылмен салыстырылғанда 3 балаға кем. Демографиялық көрсеткiш бойынша округте өткен жылмен салыстырғанда тұрғындар санының азайғаны байқалады.



Әлеуметтік қорғау

Сонымен қатар ауылдық округ әкiмдiгi зейнеткерлер мен жалғыз тұратындарға және тұрмысы төмен отбасыларға үлкен көнiл бөлiнеді. Жыл сайын округ бойынша «Қарттар күнiн» өткiзу дәстүрге айналған. Семеновка орта мектебінде мерекелік концерт ұйымдастырылды. Кездесуде қарттар бiр-бiрлерiмен жүздесiп көнiлдерiн көтереді. Өндіріс ауылы бойынша ауылдық кәсіпкерлері мен мектеп ұжымы демеушілік көрсетіп мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Сондай-ақ округтегi мүмкiндiгi шектеулi балаларға да үлкен көңiл бөлiнуде. Әлеуметтік қызметкер мүгедек балаларға медициналық комиссиядан өтуге көмек көрсетеді. Округте 14 жалғыз тұратын зейнеткерлерге, 8 мүмкiндiгi шектеулi балаларға көмек көрсететін 4 әлеуметтік қызметкерлер бар. Әлеуметтік қызметкер жұмасына екі рет зейнеткерлерге барып, керекті көмегін көрсетеді. Округтің екі ауылындағы «Тимур командасы» жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек көрсетеді. Тұрмысы төмен отбасылар саны -14, барлығы 65- адамды құрайды. Жергілiктi қаражат есебiнен 4 азаматқа 37,7 мың теңге және республикалық бюджеттен 6 - балаға 82,5 мың теңге жәрдемақысы төленді.

Мәдениет және спорт

Округтегі барлық мемлекеттік мерекелер тұрақты өткізіліп тұрады. Жеңіс күні – Қарабас және Өндіріс ауылдарында митингілер өтеді. Округте волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика, қазақша күрес, теннис спорт секциялары жұмыс істейді. 2012 жылы округе «Ауыл шаруашылығы күні» аталып өтті. Ауылдық округі әкімі аппараты және ауылдың беделді тұрғыны А.У.Нурсеитова және О.Н.Некрасова осы мерекені ұйымдастырды. Мерекелік ұтыс билеттері ойнатылып 107,0 мың теңгені құрайтын сыйлықтар таратылды. Сондай-ақ ат жарысы ұйымдастырылды. Мерекелерге концерттік бағдарламалар, спорттық ойындар, демеушілердің көмегімен өткізіліп тұрады. 2012 жылы 7 мамыр күні Өндіріс ауылында «Таным бағы» ашылды. Бақты ашуға осы ауылдан шыққан белгілі азаматтар демеушіліг жасады. Баққа 50 түп алма ағашты отырғызылып, монумент қойылды.

«Ауылдар үшін Үкіметтік емес ұйымының қор орталығы» қоғамдық қоры, «Бірлік» Үкіметтік емес ұйымы басшысы С.Т.Аубакирова арқылы Шошқалы көлінің жанынан балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін 1914 мың теңгенің жобасы игерілді. Жалпы жазғы маусымда 254 бала дем алды.

Білім беру

Білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны» орындай отырып, округте бiр қатар жұмыстар жүргiзiлуде.

Округ аумағында 2 орта мектеп орналасқан. Онда барлығы 299 оқушы тәлiм-тәрбие алуда. Оқушылардың дұрыс бiлiм алуына мектептерде барлық жағдай жасалынған. Бiрыңғай ұлттық тестiлеу 2012 жылы қанағаттандыралық жағдайда өттi, округ бойынша орташа балл 66,3 пайыз құрады.

2013 жылғы жоспар

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы мiндеттердi орындай отырып, бiз халықтың тұрмыс деңгейiнiң жоғарлауына, жаңадан жұмыс орындарын ашуға жұмыс істеудеміз.



2013 жылы Қарабас және Өндіріс ауылдарында су құрлысы салу жоспарлануда, несие алуға 7 жоба тапсырылды: 3 жоба мал алуға, 2 жоба тігін цехын ашуға, 1 жоба жылыжай ашуға, 1 жоба тері жинау цехын ашуға. Ауылдық округ кәсiпкерлерiне, шаруа қожалығы басшыларына өздерiне тиесiлi жерлерiн үнемдi пайдаланып, шикiзатты өндеу жұмыстарына бет бұруларын, шаруа қожалықтарының басшылары өз малдарын шаруа қожалықтарына есепке қоюды сұраймыз, себебі үкіметтен шаруа қожалықтарының дамып өркендеуіне көмек көрсету үшін субсидия бөлінеді.

Ұсақ шаруа қожалықтарының бiрiгiп, iрi шаруашылық құрып алдағы уақытта бiрлесiп жұмыс жасаса деген ниеттемiз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет