Қарабұлақ ауылдық округ әкімі аумағында 2009 жылдың наурыз айында атқарылған жұмыстары жөніндеаны қ тама



Дата23.02.2016
өлшемі46 Kb.
Қарабұлақ ауылдық округ әкімі аумағында 2009 жылдың наурыз айында атқарылған жұмыстары жөнінде

А Н Ы Қ Т А М А

1. 6 наурыз 2009 ж. 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай Қарабұлақ ауылдық округ әкіміне қарасты ауылдық кітапханасында наурыз айында халықаралық әйелдер күніне орай «Әйел жасампаз, әйел құдірет» атты сөре шығарылды.

2. 13 наруыз 2009 ж. күні саясаттағы ірі тұлға, кемел басшымыз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауын қарапайым халыққа түсіндіру мақсатында кітапхана оқырмандарымен және ауыл тұрғындарының көпшілік жиыны болды. Онда әлемді шарпыған дағдарыстан Қазақстан халқының жасап отырған іс-қимыл жоспарлары кеңінен талқыланды. Елбасымыз үлкен қалаларды ғана емес ауылды жерде халықтың 47 %-тұратындықтан көптеген жеңілдіктер, қаржылай көмек жасауы біз үшін маңызды мәселе екенін айқындап берді.

3. 22-наурыз 2009 ж. қазақ халқының ұлттық мерекесі «Қош келдің, әз Наурыз» атты көпшілік жиыны болып өтті. Қазақтың мәдениетінің бастауы болып саналатын бұл мерекенің өтуіне көптеген үлестер қосылды. Даналық сөздер мен суретті плакаттар ілінді.

4. 7-наурыз 2009 ж. күні 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында радақты, көп балалы аналарды шақырып, әкімшіліктен бөлінген 5000 (бес мың) теңге қаржыға сыйлықтар алынып, соңынан мәдениет үйі қызметкерлерінің мерекелік концерті болып өтті. Жиыны 200-дей ауыл тұрғыны қатысты.

5. 13 наурыз 2009 ж. күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халқына арнаған «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауын халыққа кеңінен талқыланды.

6. 22-наурыз 2009 ж. күні Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, әз Наурыз» атты көпшілік мерекелік шара өткізілді. Оған мекемелер, шаруа қожалықтар, көшелер, кәсіпкерлерлер қатысты. Ұлттық нақыштағы киіз үйлер тігіліп, наурыз көжелер халыққа таратылды. Әкімшіліктен 45000 (қырық бес) мың теңге қаржы бөлініп, жұмсалды. Бұл шараның өтуіне барлық ауыл халқы қатысты. Ауданнан қаржы бөлімінің бастығы В.В.Завалко және құрылыс бөлімінің бастығы М.Көкенов келіп қатысты.

7. 27-наурыз 2009 ж. күні «СПИД-ғасыр дерті» атты жастармен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, медбике М.Байжұманова баяндама жасады.

8. 31 наурыз 2009 ж. күні 1-сәуір «Күлкі күніне» орай мерекелік әзіл-оспақ, концерттік шара өткізілді.

9. 22-наурыз 2009 ж. күні қазақтың ұлттық ойындарынан жарыстар ұйымдастырылды.

Олар:

1. Арқан тарту



2.Қазақша күрес

3.Қол тірес

4.Гир көтеру

Соңынан осы күні ауыл жастарына арналған би кеші болды.

9. Шаруа қожалықтар төрағаларының декларацияларын өткізу және төлеген салық сомаларын тексеру жұмыстары жүргізіліп отырылды. (салық комитетімен бірлесе)

10. Ауыл тұрғындарына 2009 жылдың І-тоқсанына мүлік, көлік құралдары салығы, жер салықтарын төлеу жөнінде хабарламалар таратылып, төмендегідей салық түрлері жиналып, өткізілді.





Салықтың түрі

Болжам

Орындалуы

%

1

Мүлік салығы

4000

4568

114

2

Жер салығы

11000

13183

120

3

Көлік құралдары салығы

50000

63191

126




ЖИЫНЫ:

65000

80942

125

11. 13-наурыз 2009 ж. күні шаруа қожалық төрағаларымен жиын болды. Ондағы айтылған мәселелер көктемгі егін науқанына байланысты және де ауыл тұрғындарының қолдарында ұстап отырған бойдақ малдарын жайлауға шығаруға, бос жүрген малдарды кезекке шығаруға байланысты өткізілді.

12. Абай орта мектебінде оқу-тәрбие жұмыстары бойынша физика, химия, биология пәндеріне 10-11 сыныптарға тақырыптық тексеру жүргізілді.

13. 1-4 сыныптарға оқу техникалары тексерілді.

14. ҰБТ ережелерімен 11 сынып оқушыларды таныстыру бұрыштары ұйымдастырылды.

16. 26 наурыз 2009 ж. Зайсан қаласының 140 жылдық мерейтойына байланысты оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен концерт өткізілді.

17. Ауылдық дәрігерлік амбулаториясында № 219 және № 607 бұйрықтар негізінде ересектер мен балалар арасында профилактикалық байқаудан өтуге дайындық жұмыстары жүргізіліп, бой және салмақтары өлшенуде.

18. № 607 бұйрық бойынша сүт безіндегі обырды анықтауға Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылында дәрігерлік тексерілуден 63 әйел маммографиядан өтті.

19. 27-45 жастағы Қазақстан Республикасы азаматтығын алған оралман азаматтар ЭКГ, қан, дәрет тексерулерінен өткізілді.


Қарабұлақ ауылдық мәдениет үйінің 2009 жылдың наурыз айында атқарылған жұмыстары жөнінде

А Н Ы Қ Т А М А
1. 7-наурыз 2009 ж. күні 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында арадақты, көп балалы аналарды шақырып, әкімшіліктен бөлінген 5000 (бес мың) теңге қаржыға сыйлықтар алынып, соңынан мәдениет үйі қызметкерлерінің мерекелік концерті болып өтті. Жиыны 200-дей ауыл тұрғыны қатысты.

2. 13 наурыз 2009 ж. күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халқына арнаған «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауы халыққа кеңінен талқыланды.

3. 22-наурыз 2009 ж. күні Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, әз Наурыз» атты көпшілік мерекелік шара өткізілді. Оған мекемелер, шаруа қожалықтар, көшелер, кәсіпкерлерлер қатысты. Ұлттық нақыштағы киіз үйлер тігіліп, наурыз көжелер халыққа таратылды. Әкімшіліктен 45000 (қырық бес) мың теңге қаржы бөлініп, жұмсалды. Бұл шараның өтуіне барлық ауыл халқы қатысты. Ауданнан қаржы бөлімінің бастығы В.В.Завалко және құрылыс бөлімінің бастығы М.Көкенов келіп қатысты.

4. 27-наурыз 2009 ж. күні «СПИД-ғасыр дерті» атты жастармен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, медбике М.Байжұманова баяндама жасады.



5. 31 наурыз 2009 ж. күні 1-сәуір «Күлкі күніне» орай мерекелік әзіл-оспақ, концерттік шара өткізілді.
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет