Қарағайлы кент әкімі Қ. Исатаевтың атқарылған жұмыстар мен міндеттер туралы есебі



Дата22.02.2016
өлшемі45.92 Kb.
#1794
Қарағайлы кент әкімі Қ.Исатаевтың атқарылған жұмыстар мен міндеттер

туралы есебі

Қарағайлы кентінде 5100 тұрғын, 1043 бірлік аула, 10 бюджеттік мекемелер, 3 ірі кәсіпорындар, біршама кәсіпкерлік субьектілері құрайды.

Кенттің сырт келбетін қалыпқа келтіру өзекті.

Сырт көзге олқы көрінетін кент аумағында тастанды 52 көп қабатты бос үйлерде 2139 тарта иесіз бос пәтер бар.Кент әкімдігі бос үйлерді иесіз деп тану жөнінде сотқа шағымданып, 52 үйді коммуналдық меншікке қабылдады.Бұдан әрі бос үйлердің жарамдылығын анықтау үшін техникалық сараптама қажет, оның құны 18,0 млн. теңге тұрғандықтан, аудан әкімдігі арқылы облыстық бюджетке сұраныс жасалды.

Санитарлық тазалық мәселесі көпшілікті қатты ойландыруға тиіс.Жыл басынан кент әкімдігі Қарағайлы байыту фабрикасынан «Кат», мердігер кәсіпорындардан жүк көліктерінен, «Аслан» шқ-нан техникалық көмектер сұратылып, 23 квартал байыту фабрикасы бағытындағы жол бойы, Юбилейная, Байтұрсынов көшесіндегі күл-қоқыстар тазаланды.

Биылғы жаз айларында облыс әкімінің кент тұрғындарымен кездесу жиынында кент әкімдігінің ұсынысымен «Қарағанды түсті металл» ӨБ-нің басшылығынан кент аумағында тазалық жұмыстарын жалғастыруға техникалық демеу сұратылған болатын.Өз кезегінде фабрика басшылығы аптасына 3 мәрте «Кат» тракторын бөлудің кестесін ұсынып, кент әкімдігі кен тасушы мердігер кәсіпорын басшылықтарымен жиын өткізіп, көмек сұраған болатын.Нәтижесінде, 23 квартал маңайынан 140 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды.Алайда, «Кат» тракторының өндірістік циклден босамауына орай, тазалық жұмыстары тоқтап қалды.Бұдан кейін кент әкімдігі «Аслан» шаруа қожалығымен келісім жасап, «Өркен-Кентөбе» ЖШС тарапынан небәрі 3 күнге берілуі белгісіз «Кат» тракторынан бас тартып, оның орнына 10 тонна жағар майдан көмек сұрап, арнайы хат жолдаған болатын.Бірақ, кәсіпорынды жайлаған дағдарыстың әсерінен нәтиже болған жоқ.

Қараша айының соңында аудандық бюджеттен 3,0 млн. теңге бөлініп, оған 3345 тонна күл-қоқыс шығару жұмыстары жасалып жатыр.Тазалық жұмыстары 26,27 квартал аймағында атқарылып, жыл соңында аяқталады.

Дегенмен, тұрғындардың тазалыққа мән бермеуімен қатар, ақылы қызмет көрсететін коммуналдық шаруашылықпен айналысатын кәсіпорын ашу күн тәртібінен түскен емес.

2013 жылы көшелерді жарықтандыруға «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 8,964 млн. теңгеге Юбилейная көшесінің бойында күн көзінен қуат алатын 20 дана, 23 кварталға 15 дана, «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша 3,964 млн. теңгеге Машанов көшесіне 18 дана, 27 кварталға 3 дана, шамдармен бағандар орнатылды.

Өзекті мәселе ауыз су мәселесі. Қыс айларында су қысымының төмендеуі табиғи заңдылық, оның су колонкаларының жұмысына теріс әсерін тигізетіні белгілі.Кент көшелеріндегі су құбырларының тозуы, тұрғындардың ауыз суға уақытылы төлем жасамауы, колонкалардың қайта–қайта істен шығуы, судың ысырапсыз ағуы, сумен қамтудағы үлкен іркілістерге әкеліп отыр. «Жанбол» ЖШС қолдан келген мүмкіндікпен жұмыс жасап, 13 квартал аймағындағы су бұрандасын (задвижка) айырбастады, ауыз су колонкаларын ағымдағы жөңдеуден өткізді. «Жұмыспен қамту–2020 бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 5,0 млн. теңгенің 1,890 млн теңгесіне су мұнарасы жөңдеуден өткізілді.

Бірнеше жылдар бойы жоспарланған құны 18,0 млн. теңге тұратын Талды су қоймасы – Қарағайлы байыту фабрикасы – Қарағайлы кенті бағытындағы су жүйесінің құрылысы аяқталды.Су жүйесінің қазан айында аяқталуы аталмыш жобаны биыл қосуға мүмкіндік бермейді.Себебі, кент ішіндегі тозығы жеткен су құбырларында қыс айларында апаттардың орын алуы ықтимал болғандықтан, әрі қыс айларында апаттарды жою оңайға түспейтіндіктен Талды су қоймасының су жүйесін келесі жылдың көктем айларында іске қосуға шегіндірілді.

Монша мәселесі назардан тыс қалған жоқ.Монша жеке меншіктік негізінде болса да, оған дейін кент әкімдігі «Қазақмыс корпорациясы» басшылығынан моншаға қажетті құрал-жабдықтардан көмек сұраса, ал биылғы жылы Қарағайлы байыту фабрикасының мамандарының қатысуымен моншаның қазандығы, құбырларын толық жаңарту қажет екендігі анықталды.Кент әкімдігінің ұсынысымен жеке кәсіпкер М.Акимжановаға «Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасы бойынша 3,0 млн. теңге көлемінде несие берілді.

Бұл қаражатқа моншаға қажетті құрал–жабдықтар алынып, «Өнім» ЖШС–гі тарапынан жөңдеу жұмыстары аяқталып, моншаға жаңадан су құбырын тартылды.

Абаттандыру жұмыстары биыл кент әкімдігінің орталық алаңында жалғасын тапты. 205 п.м. қоршау шарбақ, 180 шаршы брусчатка орнатылды.Әртүрлі өлшемдері 5 түрлі баннерлер алынып, жаңадан қойылды.

Қарағайлының тыныс-тіршілігі – өндіріс екені айдан анық.

Аймақта «Қазақмыс корпорациясының» Қарағайлы байыту фабрикасы, «Өркен-Кентөбе»ЖШС–гі, «Интеррин» ЖШС–гі және байыту фабрикасына кен таситын 14 мердігер кәсіпорын жұмыс жасайды. Өндіріс орындарында жағдай қалыпты.Жоспарлы түрде жұмыстар жүріп жатыр.Жыл ортасында «Өркен-Кентөбе» ЖШС–гінде дағдарыс орын алып, шамалы уақыттан соң өндіріс өз арнасына түсіп, жұмыссыздық белең алған жоқ.

Кент аумағында жұмыссыздықты одан әрі азайту үшін «Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасы бойынша 20 адам еңбекке тартылды. Оның ішінде «Балдырған» балабақшасын жөндеуге 17 адам жұмысқа шықты. Орташа жалақы 30 мың теңгені құрады.

Шағын кәсіпкерлік саласы да жұмыссыздықты шешуде өзіндік ролі бар. Кент аумағында наубайхана жұмысын жандандыру үшін жеке кәсіпкер Н.Мананбаеваға «Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасы бойынша 3,0 млн. теңге несие беріліп, оған құрал–жабдықтар алынып, инженерлік инфрақұрылымдар салынды.Наубайхана ашылған соң, тұрақты жұмыспен 3 адам қамтылады.Ал монша жұмысы басталған соң қосымша 2 адамға жұмыс көзі ашылмақ.

Жеке кәсіпкерліктің басым көпшілігі саудаға негізделгендіктен, кент аумағында 53 сауда дүкені бар, оның ішінде 2013 жылы 2 дүкен жаңадан ашылды.Кәсіпкерлік саласы біртіндеп, тұрмыстық қызмет көрсетуге бейімделіп келеді. Оның ішінде А.Садыкованың тігін шеберханасын, Р.Марибаеваның шаштараз бөлімін, Ж.Қонысбаевтың жылы–жайда өсіретін көкөніс өнімдерін айтуға болады.

Мал шаруашылығы бойынша кент аумағында 2571 бас ірі–қара, 408 жылқы, 1904 қой-ешкі бар. Мал дәрігерінің есебі бойынша 700 бас ірі – қара, 1200 бас қой-ешкі сырғаланып, 100% компьютерлік дерек қорына енгізілді.

Білім саласында 1 негізгі, 2 орта мектеп, 1 шағын орталық, бала – бақша жұмыс істейді. Мектептерде 650–ге жуық оқушы тәлім алса, жеткіншектер бала – бақшада тәрбие алады

Биыл құны 40 млн. теңгеге №16 орта мектептің ғимаратында орын тепкен «Балдырған» бала бақшасын күрделі жөңдеуден өткізуге арналды.Балабақша 128 балаға арналып, қайта жабдықталды. №16 орта мектептің төбе шатыры, жылу қазандығы, дәлізі, терезелері жаңартылды. Балабақшаның штат саны да ұлғаймақ.

Енді осындай күрделі жөңдеу жұмыстары №17 орта мектепте жалғасын тапса нұр үстіне нұр жауар еді.

Қылмыс пен қоғамдық тәртіп назардан түскен емес. Кенттік полиция бөлімінде 195 оқиға тіркелген.Оның ішінде 39 қылмыс, ашылғаны 27. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 1050 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 98 адам елді мекендердің көріктендіру ережелерін, 320 адам жол ережелерін бұзғаны анықталған.



Келер 2014 жылы жұмысымыздың негізгі басым бағыты күл-қоқыс полигонын талапқа сай жарақтандыру, орталық аллеяның жөндеу жұмыстарын жалғастыру, ауыз су колонкалары жоқ кент көшелеріне ауыз су жүйесін салу, Қ.Аманжолов, Ибраев, Б.Момышұлы көшелерін жарықтандыру, көше жолдарын жөндеу, бос көп қабатты тұрғын үйлерді техникалық сараптамадан өткізу болып табылмақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет