Қарағанды – 2009 Әож 611. 4 018 кбж 28. 86 я 7 е 80 пікірсарапшылар: А. А. Кикимбаева



бет1/4
Дата04.07.2016
өлшемі4.22 Mb.
#177659
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТІРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Р.Ж ЕСИМОВА

Қан түзу (жасау) жүйесінің гистологиясы


ОҚУ ҚҰРАЛЫ

ҚАРАҒАНДЫ – 2009

ӘОЖ 611.4 - 018

КБЖ 28.86 я 7

Е 80
ПІКІРСАРАПШЫЛАР:


А.А.Кикимбаева, АҚ «Астана» медицина университетінің гистология курсының профессоры, биология ғылымдарының докторы
С.К.Джумабаева, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің гистология кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты
А.О.Омарханов, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің анатомия кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты

Е80 Есимова Р.Ж. Қан түзу (жасау) жүйесінің гистологиясы. Оқу құралы. –Қарағанды. -2009ж. - 66 б.

КБЖ 28.86 я 7

Оқу құралы қан жасау жүйесінің дамуы, гистологиялық құрылысы жайында мәліметтер беріп, медицина саласының мамандары мен студенттеріне арналған

ҚММА Әдістемелік кеңесінде № 3 хаттама 11.11.2009 бекітілді


ҚММА Ғылыми Кеңесінде № 4 хаттама 26.11.2009 бекітілді

© Р.Ж.Есимова, 2009ж.



МАЗМҰНЫ





Мазмұны

3




Қысқартулар

5




Кіріспе

6




Қанжасаушы және иммундық қорғау мүшелерінің жалпы сипаттамасы

7




Қанжасаушы және иммундық қорғау мүшелерінің жіктелуі

9




Қызыл жілік майы

9




Қызыл жілік майының құрылысы

10




Қызыл жілік майының тамырлануы мен жүйкеленуі

13




Тимус

18




Тимустың атқаратын қызметтері

18




Тимустың дамуы

18




Тимустың құрылысы

19




Гематотимустық тосқауыл

22




Тимустың адамның жасына байланысты және акциденталды инволюциясы

23




Тимустың қалпына келуі

25




Лимфалық түйіндер

25




Лимфа түйіндерінің қызметі

26




Лимфа түйіндерінің дамуы

26




Лимфа түйіндерінің құрылысы

27




Лимфа түйіндеріндегі иммундық реакциялардың дәйектілігі

31




Паракортикалдық аймақта өтетін жасушалық иммунитет кезіндегі иммундық үрдістердің дәйектілігі

33




Лимфа түйіндерінің қалпына келуі

35




Лимфа түйіндерінің адамның жасына байланысты өзгерістері

35




Гемолимфалық түйіндер

36




Көкбауыр

38




Көкбауырдың дамуы

39




Көкбауырдың құрылысы

39




Көкбауырдың қан айналымы

45




Көкбауырдың қалпына келуі

46




Бадамша бездер

46




Бадамша бездердің қызметтері

47




Бадамша бездердің дамуы

47




Таңдай бадамша бездері

48




Тілдің бадамша безі

50




Жұтқыншақ бадамша безі

50




Қанжасауды реттеу

51




Қанжасаушы жүйеге экстремалды факторлардың әсері

52




Білім деңгейін тексеруге арналған тестілер

54




Оқиғалық есептер

60




«Орталық және шеткері қан түзу (жасау) мүшелерінің гистологиясы » тақырыбы бойынша тапсырмалар картасы және орындау негіздері

61




Бақылау сұрақтарының үлгісі

63




Тестілердің жауабы

64




Клиникалық есептердің қысқа жауабы

64




Ұсынылған әдебиеттер

65


ҚЫСҚАРТУЛАР
АКТГ – адренокортикотропты гормон

ББЛТ - бронхылармен біріккен лимфалық тіндер

ИЛ-1 – интерлейкин – 1

ИЛ-2 – интерлейкин – 2

ИЛ-4 – интерлейкин – 4

ИЛ-10 – интерлейкин – 10

ІБЛТ - ішекпен біріккен лимфалық тіндер

ҚДЖ - қан жасаушы дің жасушалары

ПАЛМ - периартериалды лимфоидты муфта

CD4 – Т-хелпер/индукторларға тән белгісі (ағылш.)

CD8 – Т- супрессор/цитотоксиялық жасушалардың маркері (ағылш.)

ТБЛТ - терімен біріккен лимфалық тіндер

ТЖР - Т-жасушалық рецепторлар

КІРІСПЕ
Дені сау адамның организімінде қанның барлық пішіндік элементтердің бұзылып жойылуымен қатар олардың гемопоэз деп аталатын физиологиялық қалпына келу үрдісі де жүреді. Гемопоэз шеткері (тамырлардағы) қандағы жасушалардың санының тұрақтылығын сақтайды. Қызыл жілік майының, тимустың, лимфалық түйіндердің, көкбауырдың құрылысының ерекшеліктерін білу қан жасау мен иммундық қорғаныстың қалыптасуы мен жұмыс атқаруын түсініп, бұл жүйеде анықталуы мүмкін ауытқулар мен зақымдануларды тани алуды меңгеру үшін қажет.

Төменде «Қан түзу (жасау) жүйесінің гистологиясы» модулі бойынша тәжірибелік сабақтың және студенттің өзіндік жұмысының тақырыптарының үлгісі берілген. Оқу құралында бұл тақырыптарға қажетті материалды табуға болады.



Тәжірибелік сабақтар тақырыбы

Орталық және шеткері қан түзу (жасау) мүшелерінің гистологиясы 3сағат



Студенттің өзіндік жұмысы

Балалардың қан түзу (жасау) және иммундық қорғау мүшелерінің ерекшеліктері


ҚАНЖАСАУШЫ ЖӘНЕ ИММУНДЫҚ ҚОРҒАУ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Иммундық жүйе тұтас жеке жүйе түрінде қызмет атқарады. Бірақ ол қан жасаушы жүйеменен өте тығыз байланысты болғандықтан бұл жүйелерді біріктіре қан жасаушы және иммундық қорғау мүшелерінің жүйесі деуге тура келеді. Олардың бірігу механизімі төмендегідей:

1. Орналасқан аймақтарының бір-бірінен алыстығына қарамастан бұл жүйенің мүшелері лимфоциттердің тура бағытталған миграциясы мен рециркуляциясы арқылы қызметі жағынан біріктірілген. Рециркуляцияланушы лимфоциттер өздерімен бірге кейбір мәліметтерді әкеліп, қанжасаушы дің және иммундық жүйелердің жасушаларының көбеюінің, дифференциялануының жүйеішілік реттелуін қамтамасыз етеді. Сонымен, иммундық жүйенің мүшелері мен жасушаларында жақсы дамыған интраиммундық, жүйеішілік реттеу және өзін-өзі реттеу механизімі болады.

2. Эндокриндік жүйе иммундық және қанжасаушы жүйелердің қызметтік тұтастығын қамтамасыз етеді. Иммунокомпетентті жасушаларда көптеген гормондарға рецепторлар болады. Қызыл жілік майынан дің жасушаларының орын ауыстыруы, рециркуляциясы гипофиздің, бүйрек үсті бездерінің, тимустың қадағалауымен жүреді. Әртүрлі гормондар иммундық үрдістердің барлық сатыларында оларды реттеуге қатысады. Реттеуші факторларға қанжасаушы және иммундық мүшелерден басқа да жерлерде (өкпе, бүйрек) өндірілетін әрқилы гемопоэтиндер жүйесін жатқызу керек. Жуырда анықталған лимфалық жасушалардың кейбір гормондарды өндіре алуы да (АКТГ, глюкокортикоидтар, опиодты пептидтер т.б.) иммундық гомеостазды реттеудегі эндокриндік және иммундық жүйелердің тығыз байланысын көрсетеді. Сонымен қатар, иммундық жүйенің интерлейкин-1 және басқа медиаторлары ішкі секреция мүшелеріде де анықталды.

3. Жүйке жүйесі иммундық және қанжасаушы жүйелердің бірігуіне қатысады. Иммунокомпетентті жасушаларда нейромедиаторлардың рецепторлары анықталған, олар жүйке жүйесінің модуляциялық әсеріне бағынады. Нейромедиаторлар лимфоциттерде де өндіріле алады, ал жүйке жасушаларында интерлейкиндер тағы басқа иммундық медиаторлар пайда болады. Сонымен, иммундық және қанжасаушы жүйелердің интеграциялық механизіміне жүйеішілік және жүйеүстілік (жүйке және эндокриндік жүйелер) реттеу механизмдері жатады.

Дені сау адамның организімінде қанның барлық пішіндік элементтердің бұзылып жойылуымен қатар олардың гемопоэз деп аталатын физиологиялық қалпына келу үрдісі де жүреді. Гемопоэз шеткері (тамырлардағы) қандағы жасушалардың санының тұрақтылығын сақтайды. Адам қайтыс болғанға дейін қалыпты жағдайда қанжасаушы жүйенің құрамында өзін-өзі сақтайтын қан жасаушы дің жасушаларының (ҚДЖ) ұясы (пулы) болады және олардың миелоидты немесе лимфоидты бағытта дифференциялануына қажетті жағдай болады. Миелоидты бағытта даму үрдісінде эритроциттер, гранулоциттер, моноциттер және қан табақшалары пайда болады. Лимфоидты бағытта даму барысында Т- және В-лимфоциттер түзеледі. Миелиодты қанжасау қызыл жілік майында өтеді. Лимфоидты мүшелер мен тіндерге тимус, көкбауыр, лимфалық түйіндер, пейер түйіншелері, бадамша бездері, шырышты қабықшаның солитарлық түйіншелері жатады.

Даму механизімі бойынша иммунитет белсенді және белсенді емес (пассивті) болады. Сырттан кірген антигенге қарсы организмнің қорғану үшін керек заттарды өндіруі нәтижесінде пайда болатын иммунитет – белсенді (активті) иммунитет деп аталады. Бұл иммунитет инфекциялық аурудан кейін (табиғи белсенді иммунитет) немесе организмге құрамында микроорганизмдері бар вакциналарды кіргізуден кейін (жасанды белсенді иммунитет) пайда болады. Пассивті иммунитет жағдайында организм антигеннен қорғану үшін заттар өндірмейді. Оны ол дайын түрде не плацента, не ана сүті арқылы (табиғи пассивті иммунитет) (антиденелер, цитокиндер, лимфоциттер т.б.), немесе дайын иммундық жасушалар мен антиденелерді енгізу арқылы (жасанды пассивті иммунитет) алады.



ҚАНЖАСАУШЫ ЖӘНЕ ИММУНДЫҚ ҚОРҒАУ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ
Иммундық қорғау жүйесінің мүшелері орталық және шеткері болып бөлінеді. Орталық мүшелерге қызыл жілік майы, құстардың Фабрициус қалтасы, тимус жатады. Орталық мүшелерде строманың бөлетін ерекше факторлары поэтиндердің ықпалымен иммунокомпетентті жасушалардың антигенге тәуелсіз дифференцировкасы жүреді. Бұл кезеңде иммунокомпетентті (иммуноқабілетті) жасушалардың үстіңгі беттерінде арнайы рецепторлар пайда болады. Шеткері иммунитет мүшелеріне көкбауыр, лимфа түйіндері, бадамша бездер, аппендикс, жеке және топтаса орналасқан лимфалық фолликулдар (пейер түйіндері) жатқызылады. Бұл мүшелерде иммуноқабілетті жасушалардың Т- және В-лимфоциттердің пайда болуы антигенге тәуелді, яғни антигеннің тікелей қатысуымен өтеді.

Иммуноқабілетті тіндерге ретикулярлық, лимфалық, миелоидты және борпылдақ талшықты дәнекер тіндер жатады. Кейде шырышты қабықшамен біріккен лимфалық ұлпа – терімен біріккен лимфалық тіндерді (ТБЛТ); бронхылармен біріккен лимфалық тінді (ББЛТ); Ішекпен біріккен лимфалық тінді (ІБЛТ) т.б. ажыратады.Бұл тіндер лимфалық түйіншелерден және диссоцияланған иммуноқабілетті жасушалардан тұрады.Олар инфекцияның кіре алатын жерлерінде орналасып организмді бөгде агенттердің енуінен сақтайды. Иммуноқабілетті тіндер де иммундық жүйенің құрамына кіреді.


ҚЫЗЫЛ ЖІЛІК МАЙЫ
Қызыл жілік майы гемопоэздің және иммуногенездің орталық мүшесіне жатады. Оның құрамында қанжасаушы дің жасушаларының басым көпшілігі орналасып, лимфоидты және миелоидты қатардың жасушаларының дамуы өтеді. Эмбриогенезде қызыл жілік майы жалпақ сүйектерде екінші айда, түтікшелі сүйектерде төртінші айда пайда болады. Ересек адамдарда ол түтікшелі сүйектердің эпифизінде, жалпақ сүйектердің кеуекті затында, бас сүйектерінде орналасады. Орналасқан аймақтарының әр жерде болғанына қарамастан қызыл жілік майы қызметін атқаруы кезіндегі жасушалардың орын ауыстыруы мен реттеу механизімінің нәтижесінде бірегей мүше болып табылады. Қызыл жілік майының салмағы 1,3-3,7 кг (дене салмағының 3-6%) болады.
ҚЫЗЫЛ ЖІЛІК МАЙЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Қызыл жілік майының құрылысы паренхималық мүшелерге ұқсас. Оның стромасын сүйек табақшалары мен ретикулярлық тін құрайды (1 сурет).

Ретикулярлық тінде көптеген қан тамырлары, көбінесе базалдық мембранасы жоқ, эндотелиінде саңылаулары бар синусоидты капиллярлар болады. Ретикулярлық тіннің арасында дің жасушасынан бастап толық пісіп-жетілген жасушаларға дейінгі дамудың әртүрлі сатыларындағы гемопоэздік жасушалар орналасып, мүшенің паренехимасын құрайды. Дің жасушаларының саны қызыл жілік майында ең көп болып анықталады (5х106 жасуша).

Кез келген гемопоэздік тінде негізгі төрт компонент болады: гемальдық (гемопоэтикалық жасушалар), стромальдық, макрофагтар қатарының жасушалары және маманданған ерекше тамырлар. Олардың бәрі бір-бірімен тығыз морфофункциональдық байланыста болады.

Қызыл жілік майының гемальдық компоненті. Қызыл жілік майында лимфоциттер қатарының ақырғы жасушаларынсыз қанжасау барысында түзілетін бүкіл гемопоэздік жасушалардың барлығы дерлік болады. Жілік майында гемопоэздік жасушалар аралшықтар түрінде орналасады. Аралшықтарды құрайтын көбінесе гемопоэздің V класының жасушалары

болып келеді. Осының нәтижесінде аралшықтардың бірнеше түрлері ажыратылады.




1 сурет. Қызыл жілік майының жалпы құрылымы.
1. Синусоидты капилляр

2. Қанның дамып келе жатқан жасушалары

3. Мегакариоцит

4. Сүйек трабекулалары




1. Эритропоэздік аралшық тамақтандырушы деп аталатын макрофагтың жанында құралады. Тамақтандырушы жасуша көкбауырда өлген эритроциттердің қанға түскен темірін жұтады да оны жаңадан түзеліп жатқан эритроциттерге гемоглобин түзу үшін береді. Аралшықтың құрамында дамудың әртүрлі сатысындағы жасушаларды – эритроциттердің дифферонын көреміз.

IV класс жасушалары: проэритробластылар — аралшықтың ең ірі жасушасы, ядросы базофильді.

Аралшықтың негізгі құрамы — V класс жасушалары: базофильді эритробластылар — олардың цитоплазмасы да, ядросы да базофильді; полихромафильді эритробластылар — цитоплазмасының түсі сұр-қызғылт болады; оксифильді эритробластылар — кіші көлемді, цитоплазмасы оксифильді, ядросы да кішкентай жасуша.

Аралшықта сонымен қатар VI класстың да жасушалары, дәлдеп айтсақ жасушадан кейінгі құрылымдар — ретикулоциттер мен эритроциттер де болады.



2. Гранулоцитопоэз аралшықтары үш түрлі болуы мүмкін: нейтрофильдік, эозинофильдік және базофильдік. IV класстың жасушаларының –миелобластылардың – саны көп емес.

Көбінесе анықталатын компоненттерге — V класстың жасушалары жатады: Промиелоциттерде бірінші реттік түйіршіктер болады. Миелоциттерде екінші реттік те түйіршіктер (арнайы, ерекше) болады. Аралшықтың түріне орай екінші реттік түйіршіктер және миелоциттер эозинофильді, базофильді немесе нейтрофильді болады. Ядро бұрынғысындай дөңгелек пішінді. Метамиелоциттер, немесе жас гранулоциттер — ядроларының пішіні бұршақ тәрізді (түйіршіктердің екі түрі де болады). Таяқшаядролы гранулоциттер — ядроларының пішіні өзгере түскен.

б) Аралшықтарда толық пісіп жетілген VI класстың жасушалары да кездесуі мүмкін — сегментті ядролы гранулоциттер.

3. Тромбоцитопоэз қатарының жасушалары. IV класс жасушалары (мегакариобластылар) сирек кездеседі де ажыратылуы қиын. V класс жасушалары промегакариоциттер, әсіресе мегакариоциттер, көлемдеріне бола тез танылады — олар қызыл жілік майының ең ірі жасушалары, көп ядролы, цитоплазмасы оксифильді әрі мол болады. Әдетте олар гемокапиллярлармен тығыз байланысты болады да, жасушаның цитоплазмасы капиллярдың қуысына шыға орналасады.

4. Кіші лимфоциттерге ұқсас жасушалар. Қызыл жілік майының гемальдық компонентінде міндетті түрде кіші лимфоциттерге ұқсас жасушалар болады, бірақ басқаларға қарағанда аздау анықталады. Олар:


  • біріншіден І-ІІІ класстардың аз дифференцияланған жасушалары, олар аралшықтардың арасында орналасады;

  • екіншіден, моноцитарлық және В-лимфоцитарлық қатардың жасушалары.

Дамып келе жатқан В-лимфоциттерде (немесе олардың бастапқы түрлерінде — про- және пре-В-жасушаларда) жаңа гендердің түзелуін қамтамасыз ететін үрдіс жүреді — иммуноглобулиндердің гендері қалыптасады.

Қызыл жілік майының басқадай компоненттеріне қан тамырларын, стромалық құрылымдарды, макрофагтарды жатқызамыз.


ҚЫЗЫЛ ЖІЛІК МАЙЫНЫҢ ТАМЫРЛАНУЫ МЕН ЖҮЙКЕЛЕНУІ
Сүйек майының қанмен қамтамасыз етілуіне сүйекті қоректендіруші артериялар қатысады. Сондықтан оның тамырлануында көптеген жолдарды ажыратады. Артериялар сүйектің қуысына кіріп дисталды және проксималды екі тармаққа бөлінеді. Бұл тармақтар сүйек майының орталық венасының сыртына ширатыла оратылады. Артериялар диаметрі 10 мкм–ге дейін болатын артериолаларға тармақталады. Оларда прекапиллярлық жұм болмайды. Жілік майының капиллярлары екіге бөлінеді: нағыз (артериолалардың дихотомиялық бөлінуінен пайда болады) және синусоидты капиллярлар (нағыз капиллярларға жалғасады). Жілік майында капиллярлардың кейбіреуі жіңішке қалпын сақтап (6—20 мкм), қоректендіру қызметін атқарады. Басқалары кең жұқа қабырғалы, эндотелиі мен базальды мембранасында саңылаулары бар синустарға айналады (200—500 нм). Бұл тамырлар синус түріндегі капиллярлар немесе веноздық синустар деп аталады.

Синусоидты капиллярларға нағыз капиллярлардың біразы ғана жалғасады, қалғандары сүйектің гаверс каналдарына кіреді, одан кейін біріге венулалар мен веналарға ұласады. Сүйек майының нағыз капиллярларының басқа мүшелердің капиллярларынан айырмашылығы аз. Олардың тұтас эндотелийлік қабаты, базалдық мембранасы және перициттері бар. Бұл капиллярлар қоректендіру қызметін атқарады. Синусоидты капиллярлар эндосттың қасында орналасып, қанның құрамына тек жетілген пішіндік элементтердің шығуын (селекциясын) қамтамасыз етеді (2 сурет), сондай-ақ, олар жасушалық адгезия молекулалары арқылы жасушалардың пісіп-жетілуінің ақырғы сатыларына қатысады. Синусоидты капиллярлардың диаметрі 100-500 мкм. Кесінділерде синусоидты капиллярлардың пішіні ұршық тәрізді, гексогоналды немесе сопақша болуы мүмкін. Капиллярды жауып тұратын эндотелидің фагоцитарлық белсенділігі жоғары. Эндотелийде фенестрлер болады, олар қызметтік күш түсу кезінде нағыз тесікшелерге айналады. Базальдық мембрана кейде үзікті, кейде мүлдем болмайды. Эндотелиймен тығыз байланысқан көптеген макрофагтар болады. Синусоидтар венулаларға ұласады, ал олар бұлшық етсіз орталық венаға жалғасады. Артериолалардан қан капиллярға соқпай артериоло-венулярлық қосылыстар арқылы тіке венулаларға әкетілуі мүмкін. Анастомоздар гемопоэздің және қанжасаушы жүйенің гомеостазының маңызды реттеуші факторы болып табылады.

Жілік майында лимфа тамырлары болмайды.




2 сурет. Қызыл жілік майының құрамы.
1. Капиллярдың қуысындағы қанның жетілген жасушалары

2. Мегакариоциттер

3. Қанның дамып келе жатқан жасушалары



2. Қызыл жілік майының стромальдық компоненті негізінен ретикулярлық тіннен құралған. Сонымен бірге бұларға тағы үш түрлі жасушаларды жатқызады: остеогенді (эндосттың құрамында), адвентициальды (тамырлардың сыртында), май жасушалы.

Ретикулярлық жасушалар, өсінділі, ретикулярлық талшықтардың (III типті коллагенді) және аморфты заттың құрамдарына кіретін заттарды өндіреді. Ретикулярлық талшықтармен бірігіп ретикулоциттер тор құрайды, бұл торлардың арасындағы бос жерлерде гемопоэздік жасушалар орналасады. Сонымен қатар ретикулоциттер, эндотелиоциттер мен остеогенді жасушалар сияқты, гемопоэзді реттеуші әртүрлі заттарды өндіреді.

Остеогенді жасушалар. Олар шеміршек және сүйек тіндерінің дің жасушалары. Арнайы факторларды бөлу арқылы олар эмбриональдық кезеңде жілік майына қанның дің жасушаларының орын тебуіне себептеседі, ал өмір бойы гемопоэздік жасушалардың пролиферациясы мен дифференцировкасына ат салысады.

Адвентициальды жасушалар. Олар синусоидты тамырларды сыртынан қаптап жататын аз дифференцияланған фибробластылар қатарының жасушалары. Олар эритропоэтиннің ықпалымен жиырыла алады, ал бұл жілік майынан қанның пішіндік элементтерінің шығуын жеңілдетеді деп есептеледі.

Адипоциттер. Олар ретикулярлық жасушалар дамитын бастапқы жасушалардан пайда болуы мүмкін. Адипоциттерде, әдеттегідей үлкен көлемді май тамшылары болады, ядролары шетіне қарай ығыстырылған. Жасушаның құрамындағы май тамшысы қан жасау кезінде энергия көзі болып табылады, организмнің басқа қажеттеріне шығындалмайды. Строманың басқа компененттері сияқты олар гемопоэтин өндіруге қатысады. 3. Макрофагтар қатарының жасушалары. Қызыл жілік майында мұндай жасушалардың үш түрі болады: кәдімгі макрофагтар, «қоректендіруші-жасушалар» және эндосттың құрамындағы остеокластылар. Олардың бәрі қанның моноциттерінен дамиды.

Қалыпты макрофагтар бөтен және зақымданған жасушаларды және оксифильді эритробластылардан шығарылып тасталған ядроларды жұтады. Сондықтан олардың құрамында көптеген лизосомалар мен фагосомалар болады. Сонымен қатар олар өсу факторларын өндіреді.

«Қоректендіруші-жасушалар» эритропоэздік аралшықтарда орталық аймақтарда орналасады. Бұл жасушалар қаннан трансферрин ақуызымен байланыста болатын темір иондарын (Fe2+) алып, оларды эритробластыларға гемоглобиннің құрамына қосу үшін жеткізеді. Сонымен қатар бұл жасушалар да өсу факторын — эритропоэтинді өндіреді.

Остеокластылар бірнеше моноциттердің бірігуінің нәтижесінде пайда болатыны белгілі. Остеогенді жасушалар сияқты олар қызыл жілік майының ішінде емес, онымен шекаралас орналасқан эндостыда анықталады. Остеокластылар сүйек тінінің қайта құралу аймақтарында белсенді болады, олар сүйек затының еруін арттырады.

Мегакариоциттердің өсінділері капиллярдың ішіне кіре орналасады, олардан үнемі тромбоциттер бөлініп отырады. Қан тамырларының айналасында лимфоциттер мен моноциттердің аздаған топтары кездеседі.

Қызыл жілік майының жасушаларының көп бөлігін толық пісіп-жетілген және дифференциялану барысындағы жасушалар құрайды, бұл қызыл жілік майының жинақтаушылық қызметінің көрінісі болып табылады. Керек уақытында олар қанға түсіп отырады. Қалыпты жағдайда қанның құрамына тек жетілген жасушалар ғана шығады. Бұл кезде олардың цитолеммасында капиллярдың айналасындағы негізгі затты ерітетін фермент пайда болады деген болжам бар. Жетілмеген жасушаларда бұндай ферменттер болмайды. Жетілген жасушалар селекциясының екінші мүмкін жолы – оларда капиллярдың эндотелиімен байланысатын арнайы рецепторлардың пайда болуы. Бұндай рецепторлардың болмауы эндотелиймен байланыстың, яғни қан ағымына шығудың мүмкіндігін жояды. Екі механизмнің қосарласа жұмыс істеуін де жоққа шығаруға болмайды.

Қызыл жілікпен қатар сары жілік майы да болады. Ол көбінесе түтікшелі сүйектердің диафизінде орналасады. Кей жерлері май ұлпасымен алмастырылған ретикулярлық тіннен тұрады. Оның құрамында қанжасаушы жасушалар болмайды. Сары жілік майы қызыл жілік майының қоры болып табылады. Қансыраған жағдайларда оның ішіне гемопоэздік элементтер орнығып, ол қызыл жілік майына айналады. Сондықтан, сары және қызыл жілік майларын бір қанжасаушы мүшенің қызметтік екі қалыбы деп қарауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет