Берілген сөздер мен сөз тіркестері арқылы тақырыпты, көтерілетін мәселені болжаңыз. Себебін түсіндіріңіз. Өз жауабыңызды бірінші бағанға жазыңыз.
Ұсынылатын сөздер мен дәйексөздер: көне түркі жазуы,түрік ғалымдары, зерттеушілер,таралу аймағы, аударма, руна жазулары
Мәтінді тыңдап, тақырыбы мен көтерілген мәселені кестенің екінші бағанына жазыңыз.
3. Сұраққа жауап беріңіз.
- Сіздің болжамыңыз мәтін мазмұнымен сәйкес келді ме? Неге?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Айтылым
4. «Күлтегін жыры» ескерткіші жайында ауызекі стильде хабарлама айт. Хабарламада берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз:дербес, сюжет, қаған, әскери жорықтар, мәңгілік ел, асыл текті
ІІ – нұсқа
ТЫҢДАЛЫМ. Мәтінді мұқият тыңдаңыз, тапсырмаларды орындаңыз.
Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1893 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары – татар, өзбек, түрік, қазақ, әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде «руна (руникалық) жазулары» деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсен ең алғаш рет «Түрк» және «Теңрі» сөздерінен бастап оқыған екен. Бұл жазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта көлемдегі кітапты құрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағраппиялық, саяси деректер бар, сол кездегі халықтың өмірінен, таным-түсінігінен, дүниетанымы мен салт-дәстүрінен хабар береді. Тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың жорықтары жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған. Сондықтан көптеген зерттеушілер оларды көркем шығармаларға жатқызады. Жазбаларды Көне Түркілер мен Көк Түркілер дәуіріндегі болған оқиғалар сипатталып, географиялық атаулар, сол кездегі тайпалардың атаулары мен орналасу, таралу аймағы көрінеді. Өкініштісі, Түркі жазба ескерткіштері манихейшіл Ұйғырқағандығыкезіндеаяусызқиратылған.
Достарыңызбен бөлісу: |