Қарағанды қаласы білім бөлімі Келісілді Бекітемін «Қарағанды қаласының білім бөлімі»



бет101/122
Дата04.04.2024
өлшемі1.88 Mb.
#497586
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   122
8-10 кл. сор соч каз яз -готовый (6)

Бағалау критерийі Білім алушы

  Мәтіндегі негізгі ойға қатысты деректі ақпараттарды анықтап, көзқарасын білдіреді, баға береді


Көтерілгенмәселебойыншақажеттітілдікқұрылымдардықолданып, эссежазады («келісу,келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)


Ойлау дағдыларының деңгейіЖоғары деңгей дағдылары
Сөйлеу әркеті: оқылым, жазылым
Орындау уақыты 20 минут


Тапсырма
Мәтінді оқып шығып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Жалпы сарапшылардың дерегі бойынша, жыл сайын еліміздеҚазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтайтын полигондардың жалпы көлемі 700 миллион тонна өнеркәсіптік қоқыс пен қалдықтар жиналатын болса, оның 250 миллионы денсаулыққа қауіпті улы заттар көрінеді.. Бұл ретте, оның айтуынша, тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтайтын полигондардың барлықтарының пайдалану мерзімі аяқталған, оларды жапқан топырақ құнарлығын қайтадан қалпына келтіру керек, олардан шығатын газдарды жинау керек, және жаңа өңірлік иженерлік полигондар салу керек. 


Қауіпті қалдықтар тізіміне Экологиялық кодекстің 287 бабында қарастырылған қалдықтар жатады. Олар жарылғыш заттар; тез тұтанып кететін сұйықтықтар; тез от алатын қатты заттар; өздігінен тұтанатын заттар мен қалдықтар; тотығатын заттар; органикалық пероксидтер; улы заттар; созылмалы аурулар тудыратын уытты заттар; инфекция жұқтыратын заттар; тотығатын заттар; экоуытты заттар; сумен қосылғанда тұтанатын газ бөлінетін заттар мен қалдықтар; ауа мен сумен қосылғанда улы газ бөлінетін заттар мен қалдықтар; жоғарыда аталған қасиетке ие болатын басқа заттарды құрай алатын заттар мен материалдар.
Қазақстанда қоқысты, негізінен, аралас жинау тәсілі қолданылып келеді. Бұл жағдай қоқысты түрге айыру жұмысына ауырлық әкеледі де, қоқыстың қажетке жарайтын ресурсқа айналуына кедергі жасайды. Оны қайта өңдеу үшін өте көп күш, уақыт және қаржы ысырап болады. Қазақстанда қоқысты ресурсқа айналдыру технологиясы өте төмен. Жалпы қоқыстың органикалық түрі бейорганикалық түрінен артық, жанбайтын түрі жанатын түрінен артық, ашытып шірітуге болмайтын түрі ашытып шірітуге болатын түрінен көп. Бұл қоқысты ресурсқа айналдыру барысын қиындатып, оны қайта пайдалану мөлшері мен экономикалық өнімділігін төмендетеді. Қазақстанның ірі қалаларының өзінде қоқысты қайта реттейтін құрылғылардың жоқтығына, үкіметтің бюджеттік қаржысы мардымсыздығына байланысты, қоқысты залалсыздандырып көметін, өртейтін зауыттарды әзірге кездестіре алмаймыз. Сатып алынған қондырғылар тұрақты жұмыс істемейді. Заңды тұрғыда басқару әлсіз, сондықтан негізгі жұмыстар қоқыстың мөлшерін азайту жағында ғана. Оны ресурсқа, энергияға айналдыру бағытындағы мүмкіншіліктер ойластырылмаған.




  1. Мәтіндегі негізгі ойды және оны ашатын деректі ақпараттар бойынша сызбаны толтырыңыз.

2. Мәтіндегі негізгі ойға қатысты пікіріңізді 3 сөйлеммен беріңіз.




______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. «Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар» деген тақырыпбойыншаөзойыңыздықосыңыз.Лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолдана отырып, ойыңызды шағын эссе түрінде жеткізіңіз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   122




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет