Бағалау критерийі: Білімалушы
Жалпыадамзаттық мәселені анықтайды;
Графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыра отырып, ортақ идеяны түсіндіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
Сөйлеу әрекеттері: Тыңдалым, айтылым
Орындау уақыты: 20 минут
Тыңдалым
Тапсырма Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Денсаулық — табиғаттың ең қымбат сыйы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. «Қозғалыс – бұл өмір» деген сөздің жаны бар. Қимыл белсенділігі салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады.
Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды.
Құрамы дәрумендер мен құнарлы заттарға бай тағамдарды тұтыну арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады. Бүгінде авитаминозға шалдығу қаупі көп. Алайда көпшілігі оны ауру деп санағысы келмейді екен. Бұл қате пікір. Себебі бұл басқа да аурулардың туындауына себеп болуы мүмкін. Сондықтан дұрыс тамақтануға аса көңіл бөліп қараған жөн.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь, (ішімдік) есірке, және уытты заттар жатады. Қазақстан Ұлттық Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Орталығының деректері бойынша Қазақстанда 20-59 жастағы шылым шегетін еркектердің саны 60%, ал 12-15 жас жасөспірімдер арасында – 30% астам, оның үстіне басым бөлігі – қыздар.
Жұқпалы аурулар – бүгінде ең қауіпті аурулардың бірі болып табылады. Аурудың ерекшелігі: олар адамнан адамға жұгу арқылы үлкен аумақтарға таралуы мүмкін. Жұқпалы аурулардың алдын алу жолдарының ең басты ережесі – жеке гигиенаны ұстану болып табылады. Өнімдерді пісіру алдында мұқият жуып отыру керек. Тамақтанудың алдында міндетті түрде қолды жууды ұмытпау. Үйді желдету, шаңды сүрту, еденді тазалау, жеке гигиена заттарын қолдану қажет.
Денсаулықтың мықты болуының 4 жолын анықтаңыз.
Адамзаттың денсаулығының бұзылуына апаратын зиянды әдеттердің салдарын анықтап, оны шешу жолдарын ұсыныңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |