Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі). Ұпай саны – 30
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент – тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
Тапсырма
|
Қамтылатын мақсаттар
|
Тапсырмаларға сипаттама
|
Тапсырмалардың түрлері
|
Орындау уақыты
|
Ұпай саны
|
1-4-тапсырмалар
|
10.1.3.1
қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәденитақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну
10.1.6.1. Көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдеу;
10.1.1.1. Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру
|
Тапсырмалар жеке орындалады. Оқушылар екі түрлі көзқарасты қамтитын 250 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін екі рет тыңдайды. Мәтінді тыңдау барысында оқушылар шығармада көтерілген мәселені айқындауға; екі түрлі көзқарасты салыстыруға, өз көзқарасын білдіруге, оны дәлелдеуге; мәтін үзіндісі негізінде болжам жасауға бағытталған тапсырмаларды орындайды.
|
Толықтыруды қажет ететін тапсырма
Жазбаша жауапты қажет ететін сұрақтар
|
3
4
2
3
|
3
3
2
2
|
5-7-тапсырмалар
|
10.3.1.1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау
|
Тапсырма жеке орындалады. Оушылар тақырыпқа қатысты 254 сөзден тұратын мәтінді оқиды. Оқушылар мәтіннің жанрына, құрылымына тілдік құралдарына, мақсатты аудиториясына талдау жасайды
|
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
|
7
3
3
|
3
1
1
|
8-тапсырма
|
10.4.2.1. Қажеттіклишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дускуссивті эссе, аргументативті эссе);
10.4.3.1. Шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу;
10.5.2.2.Құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану.
|
Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Мұғалім оқушының қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды орынды қолдануын; көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдей алуын, құрмалас сөйлемдерді орынды қолдануын бағалайды.
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін тапсырма
|
15
|
10
|
9-тапсырма
|
10.2.6.1. Әр түрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыру, негізгі идеясын түсіндіру.
|
Тапсырма жеке орындалады. Оқушы графиктік мәтіндердегі ақпараттарды бір-бірімен байланыстырып, ауызша мәтін құрастырып, ортақ идеяны түсіндіреді.
|
Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Айтылым сабақтан тыс уақытта тексеріледі. Әр оқушыға 4-5 минут беріледі.
|
5
|
Барлығы:
|
|
|
|
|
30
|