Қарағанды қаласы білім бөлімі Келісілді Бекітемін «Қарағанды қаласының білім бөлімі»



бет28/122
Дата04.04.2024
өлшемі1.88 Mb.
#497586
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   122
8-10 кл. сор соч каз яз -готовый (6)

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________[1]


ІІІ. Жазылым
Берілген 2 сұрақтың біреуін таңдап, жауап жазыңыз. Жауапты тиісті стильге келтіріңіз. Жазба жұмысында демеулік шылауды тиімді пайдаланып, сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғауға мән беріңіз, сөйлем ішінде, соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз.


1.«Табиғатқа, жануарларға, құстарға адамның қастандық жасауы» тақырыбына эссе жазу.
2.«Отбасындағы бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу» тақырыбына ээсе жазу. [10]


ІҮ. Айтылым
Берілген бір тақырыпқа таңдау жасап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (8-10 сөйлем).Диалогте демеулік шылауды қолданыңыз.


1.Тарихи тұлғалар тағылымы
2.Наурызда өз отбасыңда қандай ас әзірлейсің?
3.«Тәрбие басы – тал бесік»
4.«Үкі – киелі құс» [10]


Тыңдалым мәтіні


Қызым – жағадағы құндызым, ұлым – аспандағы жұлдызым ...
Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбексүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі
бесаспап азамат етіп, тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Ер баланы бес жасынан бастап, ат жалын тартып, азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған. Әсіресе әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап, шаруаның алуан тәсілдерін үйретіп баққан.
Қонақ күту, үлкенге иіліп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып, күй шерткізу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш, жұмбақ үйрету немесе теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету тәрбиенің басты шарты болып есептелген.
Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай батып, судай сіңіп» кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды. Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан-ақ қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Халқымыз «келіннің – аяғынан, қойшының таяғынан» дегенде, жаңа отаудың береке-құтын, ағайын-туыс, ауыл арасындағы беделін, болашақ ұрпағына дұрыс тәлім-тәрбие беруін келіннің жақсы-жаман қасиеттерімен өлшеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   122




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет