ІІ-нұсқа
Тыңдалым.
1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз
2014 жылдың басында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы – «Мәңгілік ел» деп жариялады.
Қазақстанның болашағын артта қалған ғасырлар құндылығымен сабақтастырады. Жолдауда айтылған «Мәңгілік ел» идеясы Орхон- Енесей жазуларынан бастау алған.
Тоныкөк тасындағы жазуда «Қасиетті еліме иелік еткендігім үшін ел де ел болды.,халық та халық болды» деген сөздер бар.
«Мәңгілік ел» идеясы дүниеге келгеннен кейін Н,Ә. Назарбаев «Қазақ елі», «Ұлы дала елі», «Нұрлы жол», «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» тәрізді стратегиялық , этномемлекеттік ұғым - түсініктерді елдің ішкі-сыртқы саясатына, теориясы мен практикасына енгізді. Қазақ хандығынығ 550 жылдығын әлемге танытты. Қазақ елінің, ділінің беріктігін, жүрегінің ашықтығын көрсетті. / Х. Әбжановтан/
1. Мәтінің мазмұнына сай мәтінге ат қойыңыз
2. Мәтіннің идеясы айқын көрініп тұрған сөйлемдерді тауып, жаз.
Айтылым .
2-тапсырма. Мәтіндегі «Мәңгілік ел» ияеяны пайдаланып, «Менің өз еліме қосар үлесім мол» тақырыбына диалог құр, диалогта көңіл-күйіңді білдіретін айшықты сөздерді пайдалан.
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
|
Дескриптор
|
Ұпай
|
Білім алушы
|
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды.
|
1
|
Мәтінді түсінеді, тақырып қояды
|
1
|
Мәтіннің идеясын анықтайтын сөздерді табады
|
1
|
Мәтіндегі ақпараттар мен ұлттық сөз әдебі және сөйлеу этикеті формаларын ауызша мәтін құрауда пайдаланады.
|
2
|
Тақырыпқа сай мәтін құрады
|
1
|
Мәтінде өз эмоциясын білдіретін сөздерді қолданады
|
1
|
Мәтін құру барысында тыңдалымдағы ақпаратты пайдаланады
|
1
|
Өз ойын тыңдалым мәтінімен сабақтастыра алады
|
1
|
Өз ойын еркін жеткізе алады
|
1
|
Барлығы
|
7
|
Достарыңызбен бөлісу: |