Оқылым.
Күні кеше ғана ғарышта болып қайтқан тағы бір қаһарманымыз – Айдын Айымбетов. Ол қазір ұлттық ғарыш агенттігінде кәсібіне сай лайық қызметін абыроймен атқаруда. Айдын Айымбетов – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген 1991 жылғы «Қазақстан-Ғарыш» жобасының бүгінгі заңды жалғастырушысы.
Айдын Айымбетовтің ғарышқа сапары он күнге созылады. Қыргүйектің 2-12 дейінгі сапары барысында ол бірқатар физикалық-ғарыштық эксперименттер жасады, Арал, Каспий теңіздерінің экологиясына мониторинг жүргізіп, шаңды дауылды зерттеді. Сонымен қатар қазақтың ұлттық тағамдары салмақсыздықта дегустациялайды.
1. Мәтіннің жанрын көрсетіңіз.
а/ мақала
б/пікір
с/мәтін
д/ эссе [1]
2. Мәтін қандай стильде жазылған?
Көркем әдеби стильде
Ғылыми-публицистикалық
Күнделікті ауызекі
Публицистикалық [1]
3. Мәтін ақпаратына тән белгілерді көрсетіңіз.
Оқиға, оқиғаны баяндау
Факті
Тек қана субъективті көзқарас
Автордың ішкі сезімін баяндауы [1]
4. Айдын Айымбетов туралы 2 ақпаратты келтір.
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________ [2]
Жазылым
Берілген тақырыптың бірін таңдап, шағын мақала жазыңыз. Жазба жұмысында тыныс белгілердің дұрыс қойылуына назар аударыңыз [10]
1. Мектебімізге өзіміз қазақ тілі мен әдебиеті сабағында өткен Ринат Зайытов келді делік, кездесу жоғары дәрежеде өтті. Сол туралы жергілікті «Егеменді Қазақстан» газетіне мақала жаз.
2. Мектебіңізде Ғарышкерлер күніне орай көрме өткізілді. Көрмеге сен де өзіннң жобаңды ұсындың делік, сол туралы көрме ұйымдастырушысынан сұхбат ал.
Айтылым
Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша монолог дайындаңыз (8-10 сөйлем). Баяндауда сөйлеу мәніріңізге көңіл бөліңіз. Сөздерді орфоэпиялық норма мен үндестік заңдарына сай айтуға тырысыңыз.
[10]
1. Айтыс өнерінің кешегісі мен бүгіні
2. Байқоңыр айлағына мен де үлесімді қосқым келеді
3. Мен үшін Мәңгілік елдің нұрлы жолының маңызы
Достарыңызбен бөлісу: |