9-сынып. 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қазақ жазуының даму жолы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.1.1.1 Тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселеніболжау9.2.1.1 Берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолданаотырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндерқұрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
Фразалар мен дәйексөздерге сүйеніп, тақырып пен көтерілетін мәселені болжайды
Сөздерді қолданып, мақсатты аудиторияға сай ауызша мәтіндер құрастырады;
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым
Айтылым
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
І – нұсқа
Тыңдалым.
Мәтінді мұқият тыңдаңыз, тапсырмаларды орындаңыз.
Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1893 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары – татар, өзбек, түрік, қазақ, әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде «руна (руникалық) жазулары» деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсен ең алғаш рет «Түрк» және «Теңрі» сөздерінен бастап оқыған екен. Бұл жазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта көлемдегі кітапты құрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағраппиялық, саяси деректер бар, сол кездегі халықтың өмірінен, таным-түсінігінен, дүниетанымы мен салт-дәстүрінен хабар береді. Тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың жорықтары жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған. Сондықтан көптеген зерттеушілер оларды Көркем шығармаларға жатқызады. Жазбаларды Көне Түркілер мен Көк Түркілер дәуіріндегі болған оқиғалар сипатталып, жағрапиялық атаулар, сол кездегі тайпалардың атаулары мен орналасу, таралу аймағы көрінеді. Өкініштісі, Түркі жазба ескерткіштері манихейшіл Ұйғырқағандығыкезіндеаяусызқиратылған.
Достарыңызбен бөлісу: |