І. Тыңдалым мәтіні негізінде сұрақтарға жауап бер 1.“Жеті жарғы» дегеніміз не?
а) _________________________________________________________________________ 2. «Тәуке ханның Жеті жарғысы» қай жерде қабылданды?
ә) ________________________________________________________________________ 3. «Жаңа заң жүйесі қазақ халңының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтиды» деген жолдарды өз ойыңызбен (4-5 сөйлеммен) түсіндіріңіз.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
АЙТЫЛЫМ. ІІ. Берілген сұрақ не тақырыптың бірін таңдап, жұпта диалогке түсіңіз. Сөйлеу кезінде кідіріс,екпін,интонацияны ескеріңіз. Өз құқымды білем бе?
ТЫҢДАЛЫМ. Жеті жарғы – Тәуке ханның (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинады, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер болды.
Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды. «Жеті жарғыны» қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді
«Жеті жарғыда» қылмыстық іс - құқық нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмыс ретіне: кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, ұрлық істеу және тағы басқалары жатқан.
«Жеті жарғы» ең алдымен орыс ғалымдарының жазбалары негізінде белгілі болды. Алғаш рет орыс ғалымы Г. Спасский «Жеті жарғының» 11 үзіндісін 1820 жылы «Сибирский вестник» баспасөзінің бетінде жариялады