ІІ. Оқылым
Бесінші сыныпта «Байлық дегеніміз не?» атты ашық сабақ жүріп жатты. Оқушылар бір-бірімен әңгімелесіп, өз ойларын айту үшін дайындалып жатыр. Мұғалім үстел бетіндегі қағаздарға қарап, іске кірісті.
Балалар, байлық дегеніміз не?
Бірінші партада отырған Сәбит қолын көтерді.
— Байлық дегеніміз – көп ақша, жаңа машина, — деп ойланып қалды.
— Отыр, Сәбит. Тағы кім жауап береді?
Келесі Алмас қол көтерді.
— Байлыққа қора-қора қой, үйір-үйір жылқы және алты бөлмелі әдемі үй жатады.
Мұғалім бұл жауаптарға көңілі толмағанын білдірді.
— Қане, кім қалай жауап береді? Иә, Сайлаубек, сен айта қойшы!
— Байлық дегеніміз-кітап, білім,- деп жауап айтты.
— Жарайды, отыра ғой. Жақсы жауап.
Біраз уақыттан бері қол көтеріп отырған Сәулеге де сөз берілді.
— Біздің үйде түрлі-түсті теледидар, бейнемагнитофон және жаңа үй жиһаздары көп. Байлық дегеніміз осы.
— Жақсы, отыра бер.
Бұдан кейін Серік, Нұрболат, Құралай есімді оқушылар үйдегі байлықтарын ортаға салды. Оқушылардың берген жауаптары мұғалім көңілінен шықпады.
Бір кезде оның көзі артқы партада үндемей, өзімен-өзі отырған Аманжолға түсті.
— Аманжол, сен неге үндемей отырсың? Қане, байлық дегеніміз не? Айта қойшы.
— Апай, мен бай емеспін. Мен үшін ең үлкен байлық – әкем мен анам, — деп жауап берді. Мұғалімге оқушының жауабы қатты ұнады.
— Көрдіңдер ме, балалар, байлық дегеніміз тек ақша емес. Сендердің ең бірінші байлықтарың – Аманжол айтқандай, ата-аналарың мен бауырларың, туысқандарың. Сондықтан әрқашан отбасыларың аман болсын. Міне, байлық деген – осы.
Бұл жауаптан кейін ешкім қол көтермеді. Оқушылар ойланып қалды.
6. Мәтінде көтерілген мәселе қандай?
А) Байлық дегеніміз – көп ақша, жаңа машина
В) Байлыққа қора-қора қой, үйір-үйір жылқы және алты бөлмелі әдемі үй
С) Байлық дегеніміз-кітап, білім
Д) Байлық ата-ана мен бауыр, туысқандар [1]
7. Мәселеге қатысты көзқарасыңыз? Себебі?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [1]
8. Кестені толтырыңыз
Үзіндінің қай тұсы әсер етті
|
Неге?
|
|
|
[2]
9. Үзіндіоқығаннанкейінқандайқортындыжасаредіңіз?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [1]
Достарыңызбен бөлісу: |