Қарағанды қаласы білім бөлімі Келісілді Бекітемін «Қарағанды қаласының білім бөлімі»


-сынып. «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет69/122
Дата04.04.2024
өлшемі1.88 Mb.
#497586
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   122
8-10 кл. сор соч каз яз -готовый (6)

9-сынып. «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

І-НҰСҚА


Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз.
ЭКСПО -2017 тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Әлемде қуатты үнемдеудегі ең үздік технологияларды, күн, жел, теңіз, мұхит және жылы су энергиялары секілді баламалы қуат көздерін пайдаланудың жаңа жасақтамалары мен технологияларын тартуға мүмкіндік берді.Астана аталмыш саладағы үздік әлемдік жасақтамалар мен үрдістердің көрінісі үшін тиімді алаңға айналды. Себебі энергия – адам тіршілік әрекетін дамыту мен ынталандыру үшін жағдай туғызатын табиғи негіз. «Болашақ энергиясы» жобасы қуаттың тұрақты көздерін дамытуға бағытталған стратегиялар, бағдарламалар мен технологияларды зерттеу, қуат көзімен қамтудың сенімділігі мен тиімділігін арттыру, энергияның жаңартылған көздерін пайдалануды ынталандыру, қуатты үнемдеу өндірісінің және энергетикалық қорларды тиімді пайдаланудың жоспарын жасақтау мен жүзеге асыруда олардың белсенді қатынасының қажеттілігін көрсету секілді нақты мақсаттарды белгілейді.
ЭКСПО -2017 көрмесі энерготасымалдаушыларға тек қана денсаулық пен қоршаған орта қауіпсіздігін қамтумен ғана емес, сонымен қатар, экономикалық және әлеуметтік дамуды жылдамдату секілді мәселелер мен міндеттерді есепке алу секілді жаһандық тұрғыдан қарауға мүмкіндік берді. 
ЭКСПО-2017 көрмесі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Түрлі мемлекеттердің баламалы энергия көздеріне қатысты ұстанымдары, көзқарастары ұнады. Әсіресе, Қазақстан павильонынан керемет әсер алдым. Бұл шара Қазақ елінің қонақжайлығын көрсететін үлкен мүмкіндік. Германия да Қазақстан секілді жел, су, күн сияқты баламалы энергия көздеріне басымдық беретін мемлекет. 
ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі шетелдік туристерге Қазақ елін кеңінен танытқан бірегей жоба болды. Дүниенің әр бұрышынан келген қонақтарСарыарқаның төсіндегі «Этноауыл» ұлттық мәдени кешенінде қазақтың көшпелі тұрмысы мен қол өнерімен танысты. 2500 шаршы метрлік алаңға құрылған осынау «Қазанат» ипподромында ЭКСПО көрмесі аяқталғанға дейін 700-ге тарта іс-шара ұйымдастырылды.

  1. Мәтіндегі мәселенің мақсаты неде?

    1. зауыттарға ауа тазартқыш фильтрлер орнату

    2. энергияныңжаңартылғанкөздерінпайдалану

    3. қоқыстарды қайта өңдейтін зауыттар салу

    4. балама энергияны зерттеуге грант жариялау [1]




  1. Бос орындарға қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.

A. Астана аталмыш саладағы ____________________________ жасақтамалар мен үрдістердің көрінісі үшін тиімді алаңға айналды. [1]


B.Түрлі мемлекеттердің ______________________________________ қатысты ұстанымдары, көзқарастары ұнады. [1]

C. Дүниенің әр бұрышынан келген қонақтарСарыарқаның төсіндегі «Этноауыл» ұлттық мәдени кешенінде ________________________________________________________ танысты. [1]





  1. СіздіңойыңызшаЭКСПО-2017 көрмесі толықжүзегеастыма? Неге?

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   122




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет