«Қарағанды қаласы білім бөлімінің» 2007 жылға арналған қалалық бюджеттік



Дата23.02.2016
өлшемі48.22 Kb.
#5625
«Қарағанды қаласы білім

бөлімінің» 2007 жылға арналған

қалалық бюджеттік

бағдарламаларының

паспорттарын бекіту туралы»

Қарағанды қаласы әкімдігінің

2006 жылғы 22 желтоқсандағы

№33/13 қаулысына өзгертулер мен

толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 11 сәуірдегі кезектен тыс XLVІІ сессиясының «ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы кезекті XLІІ сессиясының «Қарағанды қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» №5 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» №3 шешіміне сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қарағанды қаласы білім бөлімінің» 2007 жылға арналған қалалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы №33/13 қаулысына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

1) осы қаулыдағы 1,2,3,4,5,67,8 қосымшаларға сәйкес көрсетілген қаулыдағы 1,2,3,4,5,67,8 қосымшалары жаңа редакцияда баяндалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Алмагүл Аманжолқызы Сәлімбаеваға жүктелсін.



Әкім И.Тоғайбаев

Орын.Ж.Жылбаев


Қарағанды қаласы әкімдігінің

2007 жылғы «18» сәуірдегі

№ 20/10 қаулысына

8 қосымша

Қарағанды қаласы әкімдігінің

2006 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 33/13 қаулысына

8 қосымша




Қарағанды қаласының білім бөлімі


(Бюджеттік бағдарламаның әкімгері)
ПАСПОРТ

Электрондық басқару аясында адамдық капиталдың дамуы


(бюджеттік бағдарламаның аты)

2007 жылға арналған

1. Құны: 14314,0 мың теңге (Он төрт миллион үш жүз он төрт мың теңге).
2.Бюджеттік бағдарламаның нормативтік - құқықтық негізі:

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексінің 51, 94 баптары;

«ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 39 баптары;

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 07 маусымдағы Заңының 43 бабы;

«2005-2010 жылдарда Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы;

«2005-2010 жылдарға арналған шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы №1180 Қаулысы;

«2007 жылға арналған Қарағанды қаласының бюджеті туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ шақырылған кезекті XLІІ сессиясының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №5 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ шақырылған кезектен тыс XLІV сессиясының 2007 жылғы 10 қаңтардағы №3 шешімі.

«2007 жылға арналған Қарағанды қаласының бюджеті туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ шақырылған кезекті XLІІ сессиясының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №5 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ шақырылған кезектен тыс XLVІІ сессиясының 2007 жылғы 11 сәуірдегі №3 шешімі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: қалалық бюджет.

4.Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 2005-2007 жылдарда Қазақстан Республикасында «электрондық басқаруды» қалыптастыру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру:

-халықты компьютерлік сауаттылыққа үйрету үдісінің ұйымдасқан түрде қамтамасыз етілуі;

-халықты компьютерлік сауаттылыққа үйрету;

5.Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен жұмыссыздар, бюджеттен тыс саланың қызметкерлері мен басқа да санаттағы азаматтар үшін компьютерлік сауаттылыққа үйрету курстарын өткізуге арналған жағдайлар жасау.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспары:



Бағдарлама коды

Бағдарлама бөлімдерінің коды

Бағдарлама бөлімдерінің аты

Бағдарламаны іске асыру шаралары (бағдарламаның бөлімдері)

Орындалу мерзімі

Орындауға жауаптылар

1

2

3

4

5

6

7

2

116

000

Электрондық басқару аясында адамдық капиталдың дамуы

Оқу орындарындағы компьютерлік сыныптардың дер кезіндегі дайындығы. Оқу орындарында халықты компьютерлік сауаттылыққа үйретуге арналған жазғы мектептер мен орталықтар ашу. Компьютерлік сауаттылыққа бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін және жұмыссыз халықты, бюджеттен тыс сала қызметкерлері мен басқа да санаттағы азаматтарды үйрету. Компьютерлік және ұйым техникаларын, басқа да тауарларды сатып алу, құралдарды жабдықтау және ұстау, басқа да қызмет көрсетулер мен жұмыстар.

Жыл бойы


Қарағанды қаласының білім бөлімі.
Қарағанды қаласының мектептері.

7.Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтиже:

Тікелей нәтиже: халықты компьютерлік сауаттылыққа үйретуге арналған жазғы мектептер мен орталықтар ашу.

Соңғы нәтиже: Қарағанды қаласында компьютерлік сауаттылық көрсеткішін арттыру.

Қаржылы-экономикалық нәтиже: компьютерлік техника сатып алуға жоспарланған орташа шығын 135,4 мың теңге.

Уақыттылығы: бекітілген кестелерге сәйкес, белгіленген мерзім бойынша іс-шаралардың орындалуы жүзеге асады.

Сапасы: Қарағанды қаласы бойынша ақпараттық теңсіздікті азайту және халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейін арттыру.

Білім бөлімінің бастығы Ж.Жылбаев


ЖЭБ жетекшісі Л.Галиева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет