«Қарағанды қаласы білім бөлімінің» 2007 жылға арналған қалалық бюджеттік



Дата22.02.2016
өлшемі107.44 Kb.
#1988
«Қарағанды қаласы білім

бөлімінің» 2007 жылға арналған

қалалық бюджеттік

бағдарламаларының

паспорттарын бекіту туралы»

Қарағанды қаласы әкімдігінің

2006 жылғы 22 желтоқсандағы

№33/13 қаулысына өзгертулер мен

толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 11 сәуірдегі кезектен тыс XLVІІ сессиясының «ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы кезекті XLІІ сессиясының «Қарағанды қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» №5 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» №3 шешіміне сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қарағанды қаласы білім бөлімінің» 2007 жылға арналған қалалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы №33/13 қаулысына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

1) осы қаулыдағы 1,2,3,4,5,67,8 қосымшаларға сәйкес көрсетілген қаулыдағы 1,2,3,4,5,67,8 қосымшалары жаңа редакцияда баяндалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Алмагүл Аманжолқызы Сәлімбаеваға жүктелсін.


Әкім И.Тоғайбаев

Орын.Ж.Жылбаев


Қарағанды қаласы әкімдігінің

2007 жылғы «18» сәуірдегі

№ 20/10 қаулысына

2 қосымша

Қарағанды қаласы әкімдігінің

2006 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 33/13 қаулысына

2 қосымша


Қарағанды қаласының білім бөлімі


(Бюджеттік бағдарламаның әкімгері)


ПАСПОРТ
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету

(бюджеттік бағдарламаның аты)

2007 жылға арналған


1. Құны: 715339,0 мың теңге (Жеті жүз он бес миллион үш жүз отыз тоғыз мың теңге).
2.Бюджеттік бағдарламаның нормативтік - құқықтық негізі:

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі 548-II Бюджеттік кодексі;

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 07 маусымдағы № 389-1 Заңы, («Білім туралы» ҚР-ның заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның 2004 жылғы 9 шілдедегі №597 заңымен өзгертулер және толықтырулар енгізілген) 1-4, 9,18,20,36,37,40-44 баптары;

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы № 321-2 Заңы; (2004 жылғы 05 шілдеде енгізілген өзгертулерімен және толықтыруларымен);

«2005-2010 жылдарда Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы;

Заңмен күшіне енгізілген «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 9 маусымындағы №2335 Жарлығы, 3-тарау;

"Білім алу үшін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету өлшемі мен көздері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы №738 Қаулысы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қазандағы № 1050 қаулысына енгізілген өзгертулерімен және толықтыруларымен);

"Тілдер туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 08 қаңтардағы №16 Заңы;

"Балалардың міндетті мектепалды дайындығының мәселелері" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22 қарашадағы № 1762 Қаулысы;

«2007 жылға арналған Қарағанды қаласының бюджеті туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ шақырылған кезекті XLІІ сессиясының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №5 шешімі.

«2007 жылға арналған Қарағанды қаласының бюджеті туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ шақырылған кезекті XLІІ сессиясының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №5 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ шақырылған кезектен тыс XLІV сессиясының 2007 жылғы 10 қаңтардағы №3 шешімі.

«2007 жылға арналған Қарағанды қаласының бюджеті туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ шақырылған кезекті XLІІ сессиясының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №5 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ шақырылған кезектен тыс XLVІІ сессиясының 2007 жылғы 11 сәуірдегі №3 шешімі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: қалалық бюджет.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 1-ден 7 жас арасындағы балаларды тәрбие және оқумен қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету үшін олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, өз Отанына - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілік және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, Мемлекеттік рәміздерді сыйлау, халықтың салт-дәстүрін білу. Интеллектуалдық, эстетикалық, еңбек іскерлігін қалыптастыру. Бес - алты жасар балалардың мектеп алдындағы дайындығын қамтамасыз ету, тәрбиеленушілердің ата-анасымен байланыста болу, ата-аналарға және мектеп дейінгі ұйымдардың педагогтарына әдістемелік, кеңестік көмек көрсету.


6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспары:



Бағдар

лама коды



Бағдарлама бөлімдерінің коды

Бағдарлама бөлімдерінің аты

Бағдарламаны іске асыру шаралары (бағдарламаның бөлімдері)

Орындалу мерзімі

Орындауға жауаптылар

1

2

3

4

5

6

7

1

009

000

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету

Мектеп жасына дейінгі балаларға білім берудің мемлекеттік стандартын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау. Мектепке дейінгі білім және тәрбие беретін ұйымдарды ұстау және қызметін қамтамасыз ету.

Жалақы төлеуді және басқа да ақшалай төлемдерді қамтамасыз ету, жұмыс беруші жарналарының төлемдері, басқа да тауарларды сатып алу, қызмет көрсетулер мен жұмыстарды сатып алу; ғимараттарды, бөлмелерді жабдықтау, ұқыпты ұстау, негізгі құралдарды жөндеу; басқа да жұмыстар мен қызмет көрсетулер, негізгі құралдарды сатып алу, ағымдағы басқа да шығындар. Материалды-техникалық базаны нығайту, жиһаздарды сатып алу, жабдықтар мен ғимараттарды ағымдағы, күрделі жөндеулерден өткізу, ғимараттарды күзгі-қысқы мезгілдердегі жұмыстарға дайындау, өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтауға жағдайлар жасау. Санитарлық-гигиеналық режимдер нормаларын қамтамасыз ету, балаларды қуаттылығы мол тағамдармен тамақтандыру, жууға арналған заттарды, дәрі-дәрмектерді сатып алу, педагогтардың кәсіби деңгейлерінің өсулеріне жағдайлар жасау, мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің қажетті медициналық тексерістен өтулерін қамтамасыз ету, балалардың медициналық тексерістен өтулерін қамтамасыз ету. Балалар мен олардың ата-аналарының құқықтары мен мүдделерін қорғау.



Жыл бойы


Қарағанды қаласының білім бөлімі.

Мектепке дейінгі балаларға арналған қаланың коммуалдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары

















Мектеп жасына дейінгі балалардың дене құрылысының дамуы мен психикалық денсаулықтарын нығайту және қорғау, оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына үйрету, гигиеналық дағдыларын қалыптастыру, мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуларына жағдайлар жасау, балаларды тәрбиелеу мен оқытуда жеке бағыттардағы көзқарастарын дамыту, балалардың интеллектуалдық қабілетін дамыту, рухани адамгершілігін тәрбиелеу, жеке тұлғаны шығармашылыққа ынталандыру, білуге деген құмарлығын, бастамашылдығын дамыту, бес-алты жастағы балалардың мектепалды дайындықтары мен жалпы психологиялық дайындықтарын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік білім беру стандартының аясында білім берудің вариативтік мазмұнының қағидаларын сақтау және тәрбиеленушілердің апталық оқу жүктемелерінің көлемін сақтау.

Мемлекеттік тілде оқытылатын және тәрбиеленетін топтарды көбейту, біздің мемлекетімізде тұратын басқа ұлт


Жыл бойы

Қаланың мектеп жасына дейінгі мемлекеттік балалар кәсіпорындары:

«Алмагүл», «Балдырған», «Батыр»,

Ақбота»,

«Арман», Алданыш», «Балапан», «Қарлығаш», «Алтын бесік», «Мөлдір», «Нәзік», «Балдәурен», «Ертегі», «Гүлнұр», «Ақниет», «Ертөстік»,


«Алтынай», «Бақыт»,

Гаухар»,

«Аяла»,











өкілдерінің мүдделерін сақтай отырып ана тілдерін үйренуге жағдайлар жасау.

Мемлекеттік тілдегі істердің номенклатурасына сәйкес, құжаттарды жүргізуде бірыңғай талаптарды сақтау.

Мектепке дейінгі тәбие беру мен оқытуда тәрбиеленушілердің алғашқы бірегей деңгейлерін және эквиваленттігін қамтамасыз ететін, әрбір баланың қажетті дайындықтан өтуіне жағдайлар жасау.




«Думан»,

«Ақбөпе»,

«Аққу»,

«Айналайын»,



«Таңшолпан»,

«Балауса», «Айсұлу», «Жұлдыз», «Гүлдер», «Айгөлек», «Қуаныш», «Тілек», «Еркетай»,

«Мерей».











Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған санаторий типтес ұйымдарда, құрт ауруларына шалдыққан балалардың денсаулығын нығайту үшін емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру.

Балалардың денсаулықтарын үнемі бақылауға алу үшін жағдайлар жасау, қажетті медициналық және дене шынықтыру жабдықтармен қамтамасыз ету, күшейтілген витаминді тағамдануларды ұйымдастыру.




Жыл бойы

Қаланың мектеп жасына дейінгі мемлекеттік балалар кәсіпорындары: «Ертегі»,

«Батыр»,


«Мөлдір»











Балаларда болатын әртүрлі ауытқушылықтарды ертерек анықтау үшін кешенді тексерістерді ұйымдастыру. Мүмкіндігі шектелген балаларға (есту, көру, сөйлеу мүшелері зақымдалған, психикалық дамулары тежелген, ақыл-ойлары дамымай қалған) коррекциялық көмек көрсету үшін жағдайлар жасау.





















Оқушылардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасайтын компенсаторлық дағдыларын қалыптастыру, сақтау анализаторларын дамыту, балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі бірегей көзқарастар, ата-аналарға психологиялық көмектер мен кеңестер беру, әртүрлі емдеу ұйымдарымен әрекеттестік, коррекциялық педагогика облысындағы алдыңғы технологиялармен алмастыру. Дефектолог мамандардың педагогикалық шеберліктерін үнемі арттыру. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған коррекциялық ұйымдарды қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету: әртүрлі көмекші әдістемелік құралдар, есту протездері, балалардың сөйлеу мүшелерін түзететін логопедтік зондтар, құрғақ бассейндер, көруді түзетуге арналған ортопедтік жабдықтар және т.б.

Жыл бойы


Қаланың мектеп жасына дейінгі мемлекеттік балалар кәсіпорындары:

«Айналайын»,

«Қуаныш»,

«Жұлдыз»,

«Ертөстік»,

«Аққу»,


«Думан»,

«Аяла»,


«Балапан»,

«Ақбота»,

«Айсұлу»,

«Балдәурен»,

«Алданыш»,

«Алмагүл»
















Әртүрлі тәжірибелік бағдарламаларды енгізуді дамыту, педагогикалық инновацияларды қолдану, балалардың жоғарғы деңгейдегі интеллектуалдық дамуларын қамтамасыз ету, жеке тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеу, әртүрлі ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп іс-шаралар өткізу, білім беру ұйымдарына педагогикалық инновацияларды енгізу үшін жағдайлар жасау, жалпы-көріністі іс-шараларды өткізу, педагогтардың біліктілік деңгейін арттыру, ынталандыру, ұжымдар жұмыстарының тәжірибелерін жинақтау.

Жыл бойы

Қаланың мектеп жасына дейінгі мемлекеттік балалар кәсіпорындары:

«Алтынай»,

«Жұлдыз»,

«Гаухар».



7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтиже:

Тікелей нәтиже: мектепке дейінгі білім беретін ұйымдар қызметкерлерінің педагогикалық біліктілігін арттыру, балалардың мектепке дайындығының психо-физиологиялық жоғары деңгейін қамтамасыз ететін, мектепке дейінгі ұйымдардың материалды-техникалық базаларын дамыту.

Соңғы нәтиже: мектеп жасына дейінгі балалардың толымды дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Қаржылы-экономикалық нәтиже: бір баланы ұстауға жоспарланған орташа құн (капиталдық шығындарды есепке алмағанда) жылына 84,8 мың теңгені құрайды

Уақыттылығы: бекітілген қаржыландыру жоспарына және жасалған келісім-шарттарға сәйкес.

Сапасы: мектеп жасына дейінгі балаларға білім және тәрбие беру үрдісіне жаңа сапалы әдістерді енгізуді қамтамасыз ету.

Білім бөлімінің бастығы Ж.Жылбаев


ЖЭБ жетекшісі Л.Галиева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет