Күтілетін нәтиже
|
Оқушы:
- белсенді өмірлік ұстаным мен қоғамға қызмет етудің маңыздылығын түсіну;
- жеке тұлға ретінде рухани-адамгершілік қасиеттерін күнделікті өмірде қолдану. (құрмет, жанашырлық және мейірімділік);
- қоғам өміріне белсене қатысу арқылы өзінің маңызды тұлға екенін сезіну
|
Құндылықтар
|
Қазақстандық патриотизм; құрмет, ынтымақтастық; жауапкершілік; мейірімділік, ашықтық, адалдық; өмір бойы білім алу; функционалдық сауаттылық
|
Пәнаралық байланыстар
|
Қазақстан тарихы,, өнер, психология
|
Жоспарлау уақыты
|
Сабақтың барысы
|
Қажетті ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі
3 мин
|
Белсенділік сәті.
Жағымды көңіл-күй мен ынтымақтастық ортасын құру мақсатында оқушылармен «Жақсы жаңалықтар диетасы» белсенділік сәті жүргізіледі.
(соңғы 1-2 күн ішінде болған жақсы жаңылықтарымен бөлісу).
Топтастыру (алдын-ала бөлінген тізім бойынша).
|
Презентация
|
Кіріспе бөлім
5 мин.
|
«Миға шабуыл». (3 мин)
Топтық жұмыс: Кластер дайындау.
- Ойларыңызды ортаға салып, «Елге қызмет немесе қоғамға қызмет ету дегеніміз не?» деген сұраққа әр топ кем дегенде 3 жауаптан жазып, кластерді толтырыңыздар.
- алдыңғы жауап берген топтарда айтылған жауаптарды қайталамай, тақтада кластерді қорғау.
«Миға шабуыл» нәтижесі бойынша куратордың бағалауы (1 мин)
Орындалған тапсырма бойынша қорытынды:
Елге қызмет ету дегеніміз - игілікті істер істеу.
Мен – отбасы – сынып – мектеп – қала – Отан - әлем
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Сіздер бүгін қандай тақырыпта сөйлесетінімізді болжаған шығарсыздар. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: "Мен еліме қалай қызмет етемін?"
Сабақтың мақсаты: «Қоғамға қызмет ету» туралы түсінік беріп, өз еліңізге қалай қызмет ете алатыныңызды және мектеп оқушылары ретінде оның дамуына қалай үлес қоса алатыныңызды түсінуге көмектесу. Патриоттық және рухани-адамгершілік құндылықтар бойға сіңіре отырып, күнделікті өмірде қоғамға, елге қызмет етуге әрдайым дайын болуға үйрету.
|
Интерактивті тақта
|
Негізгі бөлім
20 мин
|
1. Презентация бойынша жұмыс.
«Мост добра» клубы және волонтерлік жұмыстың негізгі бағыттарымен, «Қоғамға қызмет ету» жобаларының практикалық нәтижелерімен таныстыру:
|
Достарыңызбен бөлісу: |