113
2.«The educational role of proverbs and sayings in the story of B. Momyshuly
"Our family".» Ult Taglymy. // № 1 2003
3. Umirzakova N. Bauyrzhan Momyshuly – hero, writer, patriot
4. Bauyrzhan Momyshuly. Collection of works 1, 2 Almaty «Mektep» 2001
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ
ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Баспакова Р.Б.,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
М. Жұмабаев атындағы №39 гимназия
Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты.
Бауыржан Момышұлы
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Отанға деген сүйіспеншілік –
еліміздің
келешегіне, оның кемел ұрпағына, біздің аманат етер ең қасиетті өсиетіміз
деп білейік. Отанын Бауыржан Момышұлындай сүюді өнеге етіп қал-
дырған басқа қаламгер жоқ», – деп айтқандай, Бауыржан Момышұлының
отаншылдығы патриоттық тәрбиеде баға жетпес құнды құрал болып та-
былады. Бауыржан Момышұлының өмірі – өнеге, жазған мұралары –
патриоттық өсиет. Өнегелігі сол, ол – елі мен туған жерін нағыз сүйген,
оған қашан да адал қызмет еткен, сын сағатта Отанын жан аямай қорғаған
және қол бастап, жауды жеңуге ерен үлес қосқан ер.Отаншылдық
патриотизм – бұл елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Кез келген
адамның өзі
туып-өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп,
оған құрметпен қарауы, өз Отанының мүддесін ойлауы, өз елінің саяси,
экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін мақтан етуі, өз
Отанының бостандығы мен Тәуелсіздігін қорғауы,
ата-бабалардың салған
тарихына құрметпен қарауы, өз өмірін туған елінің гүлденуіне арнауы –
бұлардың барлығы да Қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне
сияды.
Жиырмасыншы ғасырдың Кеңес заманындағы әр түрлі соғыстарлың
батырлары Амангелді Иманов, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин,
Төлеген
Тоқтаров, Алия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан
Қошқарбаев, Талғат Бигельдинов, Қасым Қайсенов және тағы басқалардың
ерен ерлік іс – қимылдары да өлеңдері дастанға айналып, оқушыларға
патриоттық тәрбие берудің бірден-бір құралы. Осының бәрі халқымыздың
атадан балаға ғасырлар бойы мұра болып жалғасып келе жатқан ерлік
рухымен байланысты туындаған тәрбиенің дәстүрлі үлгі-өнегелік жемісі.
Атап айтсақ, Бауыржан Момышұлы –
даңқты қолбасшы, КСРО-ның
жоғарғы әскери академиясының профессоры, ұлтын сүйген патриот
болуымен қатар қазақ халқының ұлттық рухын қорғауда қаламды қару
еткен қайраткер жазушы. Патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының
өң бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат
болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген
114
сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын
дарытуда халқымыздың ұлы,
ержүрек қолбасшысы, жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр
Бауыржан Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып
кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны
ерекше. Оның өнегелі өмір жолы әскери портреті талай қаламгердің
қаламымен өрнектелгені белгілі. Олардың ішінде әдеби көркем
шығармаларымен
қатар естеліктер, нақыл сөздері, ғылыми еңбектер де
кездеседі. Сондай-ақ Бауыржан ағамыз халықты ерлікке, патриоттыққа
тәрбиелеуде артына көптеген мақал-мәтелдер,қанатты сөздерін қалдырған.
Б. Момышұлының шығармаларының құндылығы бүгінгі таңда баға жетпес
мұра болып табылады. Себебі, жастарды, жаңа ұрпақты сергек және өз
ісіне сенетін, кедергілерден қорықпайтын оның қандайын болса да, және
білетін күрескерлік рухта тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.
«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі» бабаларымыздың әрбір жүріп
өткен жолы – біз үшін үлгі, шежіре, тағдыры – тарих.
Достарыңызбен бөлісу: