189
Батальонға келе салып 20 шақты автоматчиктер жіберіп едім, олар
барып 120 немістің өлігін санап, документтерін алып келді.
Оны полктың
штабына тапсырдық. Міне, менің бар жазығым осы, жолдас генерал.
Қарт генерал. Иә, жазықтысыз, жолдас аға лейтенант.
(Күлімдеп) Дұрыс-
дұрыс, сәті түскен жұмыс болып, түнде жолыңыз болған екен. Сіздің
мұныңыздан үш пайда тауып отырмыз: бірінші, немістердің саны 120 –ға
кеміді, екінші, олар таң атқанша бірнеше жүз ауыр минасын айдалаға атып,
бекерге
шығын болды, мина қоры азайды. Үшінші, маңдайдан тимей
шүйдеден тигеннен соң, немістер артымызда дүшпан жүр
екен деп
үрейленіп, көп ойға қалып, тыныш ұйықтамай, желкесін қорғауға күшін
бөліп әлектенді. (Жарайсың!)
Достарыңызбен бөлісу: