Қарағанды қаласының білім бөлімі



Дата03.03.2016
өлшемі51 Kb.
#36637
Қарағанды қаласы әкімдігінің

2008 жылғы «_3__»маусымдағы

№ __60/08________ қаулысына

4 қосымша



Қарағанды қаласының білім бөлімі


(Бюджеттік бағдарламаның әкімгері)

ПАСПОРТ

Балалар үшін қосымша білім беру


(бюджеттік бағдарламаның аты)

2008 жылға арналған

  1. Құны: 322812,0 мың теңге (үш жүз жиырма екі миллион сегіз жүз он екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік - құқықтық негізі:

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі 548-II Бюджеттік кодексі;

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ Заңы 4; 59 баптары;

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303 Заңы;

«2005-2010 жылдарда Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы;

«Мектептен тыс ұйымдардың іс-әрекеттері туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 849 Қаулысы;

«2008 жылға арналған Қарағанды қаласының бюджеті туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының ІV шақырылған кезекті ІV сессиясының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №47 шешімі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: қалалық бюджет.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: балалардың шығармашылық, музыкалық қабілеттерін дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: балалардың шығармашылық еңбектерін, өз кәсіби-шеберлігін анықтау үшін жекелей дамуына арналған қажетті жағдайларды жасау, қабілеттерін жүзеге асыру, оларды қоғам өміріне бейімдеу, азаматтық сана сезімін, жалпы мәдениеттілігін қалыптастыру, бос уақытын мәнді ұйымдастыру, бастауыш музыкалық бағдарламасын үйренуге жағдай жасау, рухани дүниесін, эстетикалық талғамын тәрбиелеу, әлемдік және отандық мәдениетке баулу.

6.Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспары:





Бағдарлама коды

Бағдарлама бөлімдерінің коды

Бағдарлама бөлімдерінің аты

Бағдарламаны іске асыру шаралары (бағдарламаның бөлімдері)

Орындалу мерзімі

Орындауға жауаптылар

1

2

3

4

5

6

7

1

006

000




Балалар үшін қосымша білім беру





Жас натуралистер, биологиялық, зоологиялық үйірмелердің жұмыстарын ұйымдастыру. Балалардың сұраныстарына ескере отырып, мекемелер әзірлеген бағдарламаларға сәйкес конкурстарға, шығармашылық көрмелерге, байқауларға қатысу. Музыка сабақтарын жекелей, топпен, ұжыммен өткізуді ұйымдастыру. Концерттерде, байқауларда, конкурстарда, фестивальдерде, емтихандарда балалардың өнер көрсетуі. Оқушыларды әлемдік және қазақ музыка мәдениетіне тарту, қазақ музыкасы үлгісінде оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Мектептен тыс ұйымдардың қызметін қамтамасыз ету және ұстау. Материалды-техникалық базаны нығайту, негізгі құралдарды, жиһаздарды сатып алу, ғимараттарды күзгі-қысқы мезгілдердегі жұмыстарға дайындау, ғимараттардың, бөлмелердің ағымдағы жөндеулері, жабдықтау, ұстау, жабдықтар мен басқа да негізгі

Жыл бойы

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар:

Жас натуралистер станциясы, №1 қалалық балалар музыка мектебі, Октябрь ауданының балалар музыка мектебі, Қазыбек би атындағы ауданның балалар музыка мектебі, Қ.Аманжолов атындағы қалалық қазақ балалар музыка мектебі, Облыстық

көркемөнер мектебі,

Балалар мен жеткіншектер сарайы, Облыстық балалар музыка мектебі.

“№1 өнер мектебі”, “№2 өнер мектебі”














құралдарды жөндеу, басқа да жұмыстар мен қызмет көрсетулер, басқа да ағымдағы шығындар, өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау үшін жағдайлар жасау. Педагогтардың кәсіби өсуіне жағдайлар жасау. Балалар мен олардың ата-аналарының құқығы мен мүддесін қорғау.







7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтиже:

Тікелей нәтиже: өскелең ұрпақтың ой -өрісін дамыту үшін тиімді жағдайлар жасау, олардың қызығушылығын, қабілеттілігі мен дарындылығын, өз кәсіби-шеберлігін анықтау, тиімді бос уақыты мен демалуын қанағаттандыру. Балалар мен жасөспірімдердің жұмыс бастылығын арттыру, қосымша білім беретін ұйымдардағы оқушылар санының өсуі.

Соңғы нәтиже: балалардың шығармашылық, музыкалық қабілетін дамыту, мектептен тыс мекемелердің 5000 адамнан кем емес оқушыларды қамтуы.

Қаржылы-экономикалық нәтиже: бір білім алушыға жылына жұмсалатын қаржының жоспарланған орташа құны– 51,12 мың теңге.

Уақыттылығы: бағдарлама бойынша қарастырылған бюджеттік қаржыларды уақытылы, толық игеру.

Сапасы: өскелең ұрпақ арасындағы құқықбұзушылықтың санын азайту, денсаулығын сақтау және нығайту, оқушылардың халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық жарыстар мен конкурстарда нәтижелі көрсеткіштерге жетуі.


Білім бөлімінің бастығы Ж.Жылбаев


ЖЭБ жетекшісі Л.Галиева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет