Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы г. П. Аринова көз шарасының аурулары



бет3/3
Дата17.07.2016
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3

Көз шарасының тромбофлебиті


Этиологиясы: Қосалқы қуыстар аурулары, бет, қабақтар тромбофлебиті.

Клиникалық көрінісі көз шарасы флегмонасына ұқсас, бірақ қабыну белгілері айқын емес, ал іркілу көріністері – айқын. Ағымы жеңілдеу, инфильтрациясы өте айқын емес, консистенциясы жұмсақтау. Негізгі сапалы ажыратылуы – басып қарағанда қабақтар ішінде қатты ауырсынатын тәжілер сезіледі- тромбтанған веналар.

Емделуі флегмонадай, қосымша антикоагулянттар тағайындалады.

Кавернозды қуыс тромбозы


Этиологиясы: көз шарасының тромбофлебиті және керісінше, кавернозды қуыс тромбозы көз шарасы тромбофлебитіне әкелуі мүмкін, көз шарасы флегмонасын асқындыруы мүмкін немесе метастаздық жолмен өз бетімен дамуы мүмкін. Инфекция шығу тегі бет, қабақ, мұрын фурункулдары болуы мүмкін.

Клиникалық белгілері: екі жақты экзофтальм (көбінесе процесс негізгі қосалқы қуыстан таралғанда байқалады), көз алмасының қимылының жойылуы, емізікше тәрізді өсінділер аймағында қамыр сияқты ісіну, менингитке, бас ми абсцессіне тән айқын церебралды көріністер: есінен тану, құсу, жүйке бұлшық еттерінің тырысуы, дене қызуының жоғарлауы және көз түбінде – іркілген көру нерв дискісі немесе көру нерв невриті анықталады.

Емделуі: хирургиялық ем жөнінде пікірлер әр түрлі. АБ, сульфаниламидтер, антикоагулянттар тағайындалады. Бұл науқастар категориясы неврологиялықтарға жатады.

Жоғарғы шаралық саңылау синдромының тәжірибелік қызықтығы бар – бұл жағдай офтальмологиялық тәжірибеде, сонымен бірге неврологиялық тәжірибеде де кездеседі. Бұл атау көз шарасын ортаңғы бас қаңқа шұңқырымен қосатын жоғарғы шаралық саңылау аймағы зақымдалуын көрсетеді. Бұл жерде бас миынан немесе көз шара тіндерінен шығатын өсінді дамуы, бөгде дене болуы, гематомалар, саңылау арқылы өтетін нервтер мен шаралық венаның қысылуы себебінен болатын өзіне тән симптомокомплексті туғызады. Бұл симптомокомплекске - орташа экзофтальм, жоғарғы қабақтың жартылай немесе толық птозы, көз алмасының мүлдем қимылдамауы, мидриаз, аккомодация салы, қасаң қабық және үшкіл нервтің бірінші тармағы таралатын аймағында қабақ терісі сезімталдығының күрт төмендеуі кіреді.

Емделуі. Синдром даму себебіне байланысты операция жасалады, сорылдыратын дәрмектер немесе сәулелік ем тағайындалады.




ТЕСТІЛІК СҰРАҚТАР

Бақылау тестісін өткізу үшін «көз шарасының аурулары» тақырыбында төмендегідей тестер ұсынылады

1.Көру жүйкесінің орбитадан шығатын тесігін атаңыз

A) көру жүйкесінің өзегі

B) жоғарғы шаралық саңылау

C) төмеңгі шаралық саңылау

D) төменгі шаралыќ тесік

E) торлы тесік


2.Көз алмасы артындағы тығыз түзілім өскенде көз рефракциясы

қалай өзгереді

A)өзгермейді

B) төмендейді

C) күшейеді

D) астигматизм пайда болады

E) пресбиопия пайда болады
3.Көз шарасының ісігі қай жерде орналасқанда тік қимылы шектелмеген шетке ығыспаған экзофтальм болады

A) көз шарасының сыртқы қабырғасында

B) көз шарасының ішкі қабырғасында

C) бұлшық ет шұңқырында

D) көз шарасының жоғарғы қабырғасында

E) көз шарасының төменгі қабырғасында


4.Көз шарасының ісігі қай жерде орналасқанда тік қимылы шектелген шетке ығысқан экзофтальм болады

A) бұлшық ет шұңқырында

B) көз шарасының қабырғасында

C) мұрын қуыстарында

D) бас қаңқа ішінде

E) қанат-таңдай шұңқырында


5. Көз шарасы флегмонасының ауыр асқынулары

A) хориоидит, кератит,паофтальмит

B) эписклерит,эндофтальмит,көз алмасының семуі

C) тенонит,иридоциклит,көру жүйкесінің невриті

D) менингит,синустар тромбозы,сепсис

E) көру жүйкесінің іркілу емізікшесі,оптохиазмалды арахноидит,

КЖ невриті
6.Орбитотомия жасағанда птоз болмауы ұшін шараның жоғарғы қыры

тілінеді, шара қырының қандай бөлігінен аспау қажет

A) 1/3 нен

B) 2/3 нен

C) жартысынан

D) шетінен

E) ішкі жағынан
7.Төменгі орбитотомия жасағанда төменгі қиғаш бұлшық еттің сіңірін

зақымдамас үшін көз шарасының қай қырын тілу қажет

A) үштен екі

B) ішкі үштен екі

C) қабақтар бос жиегі

D)ортаңғы үштің бір бөлігімен

E) төменгі
8.Дермоидты киста мукоцеледен ажыратылатын негізгі белгісі

A) пайда болу уақыты

B) даму динамикасы

C) рентгенологиялық қуыстар жағынан өзгерістердің болмауы

D) орналасуы

E) ағым жеделдігі


9. Көз алмасының алға шығу дәрежесін анықтайтын аспап

A) диафаноскоп

B) экзофтальмометр

C) гониоскоп

D) офтальмодинамометр

E) офтальмоскоп


10. Жоғарғы шаралық санылау арқылы өтетiн құрылымдар

A) көру жүйкесi мен шаралық артерия

B) көз қимылдатқыш нерв, үшкiл нервтiң 1-шi тармағы, жоғарғы шаралық вена, шығыршықтық нерв, әкеткіш нерв

C) көру жүйкесi, әкеткіш нерв, беттік нерв

D) жоғарғы шаралық вена, шаралық артерия, көз қимылдатқыш нерв, үшкiл нервтiң 1-шi тармағы

E) шығыршықтық нерв, әкеткіш нерв, көз қимылдатқыш нерв, үшкiл нервтiң 1-шi тармағы, шаралық артерия,


11.Экзофтальм деген көз алмасының қайда ығысуы

A) шетке


B) алға

C) артқа


D) тік жоғарыға

E) тік төменге


12. Энофтальм деген көз алмасының қайда ығысуы

A) шетке


B) алға

C) артқа


D) тік жоғарыға

E) тік төменге


13.Диплопия деген не?

A) бейнені қосу қабілеті

B) екі көздің қарашығының түрлі көлемі

C) қосарлану

D) екі көздің тор қабығындағы бейненің екі түрлі көлемі

E) екі көздің түрлі рефракциясы


14.Шаралық тіндердің іріңсіз қабынуы көз шарасының несі деп

аталады


A) тенониті

B) флегмонасы

C) көз шарасының абсцессі

D) көз шарасының тромбофлебиті

E) целлюлиты
15.Қай этиологиялы остеопериоститтері ауырсынусыз өтеді

A) туберкулезді

B) вирусты

C) мерезді

D) токсоплазмозды

E) бруцеллезды


16. Қандай остеопериоститтерге түнгі өзінен пайда болатын ауырсыну тән

A) вирусты

B) мерезді

C) туберкулезды

D) токсоплазмозды

E) бруцеллезды


17.Туберкулезды остеопериоститтердiң жиi орналасатын жерi

A) көз шарасының жоғарғы қыры

B) көз шарасының төменгi қыры

C) көз шарасының төменгi-сыртқы қыры

D) көз шарасының сыртқы қабырғасы

E) көз шарасының iшкi қабырғасы

18.Мерездi остеопериоститтердiң орналасатын жерi

A) көз шарасының жоғарғы қыры

B) көз шарасының төменгi қыры

C) көз шарасының төменгi-сыртқы қыры

D) көз шарасының сыртқы қабырғасы

E) көз шарасының iшкi қабырғасы


19.Көз шарасы целлюлитiнiң емдеу принциптары

A) хирургиялық

B) жергiлiктi қабынуға қарсы, құрғақ жылу

C) жергiлiктi бактерияға қарсы, құрғақ жылу

D) жалпы бактерияға қарсы, құрғақ жылу

E) жалпы нығайту


20.Көз шарасы флегмонасын емдеу принциптары

A) хирургиялық

B) жергiлiктi қабынуға қарсы, құрғақ жылу

C) жергiлiктi бактерияға қарсы, құрғақ жылу

D) жалпы бактерияға қарсы, құрғақ жылу

E) жалпы нығайту


21.Көз шарасы тромбофлебитiнiң көз шарасы флегмонасынан ажыратылуы

A) қабақтар iшiнде тығыз ауырсынбайтын түзiлiмдер сезiледi

B) инфильтрацияның болмауы

C) ағымы ауыр

D) консистенциясы тығыздау

E)көбiнесе қатерлi аяқталу


22.Дермоидты кистаның рентгенологиялық белгісі

A) көз шарасының қараңғылануы

B) көз шара жиектерінің үгітілуі

C) көз шара сүйектерінің ыдырауы

D) көру нервісі өзегінің кеңеюі

E) сүйектің домалақ кемістігі

23. Көру жүйкесі дискісінің іркілуі деген не

A) көру жүйкесіндегі дистрофиялық өзгеріс

B) көру жүйкесінің қабынуы

C) көру жүйкесінің қабынусыз ісінуі

D) КЖД екіншілік семуі

E) КЖДбіріншілік семуі

24.Шаралық тіндердің таралған іріңді қабынуы көз шарасының несі

деп аталады

A) тенониті

B) флегмонасы

C) целлюлиты

D) көз шарасының абсцессі

E) көз шарасының тромбофлебиті

25.Көз шарасы флегмонасында рентгенограммада не түрінде

анықталады

A) сүйек қырының үгітілуі

B) сүйектегі домалақ мүкістіктер

C) диффузды бұлыңғырлану

D) көру жүйкесі өзегінің кеңеюі

E) кальцификаттар

26.Шаралық тіндердің шектелген іріңді қабынуы көз шарасының несі

деп аталады

A) тенониті

B) ретробульбарлы абсцессі

C) целлюлиты

D) флегмонасы

E) көз шарасының тромбофлебиті

27.Көз шарасының ісігі қай жерде орналасқанда тік қимылы шектелмеген

шетке ығыспаған экзофтальм болады

A) көз шарасының сыртқы қабырғасында

B) көз шарасының ішкі қабырғасында

C) бұлшық ет шұңқырында

D) көз шарасының жоғарғы қабырғасында

E)көз шарасының төменгі қабырғасында

28.Көз шарасының төменгі қабырғасы неден түзілген:

A) жоғарғы жақтан, бет сүйегінен және таңдай сүйегінің шаралық өсіндісінен

B) жоғарғы жақтан, жас сүйегінен және таңдай сүйегінің шаралық өсіндісінен

C) жоғарғы жақтан, сына тәрізді сүйектің кіші қанатынан және таңдай сүйегінің шаралық өсіндісінен

D) жоғарғы жақтан, маңдай сүйегінен, жас сүйегінен

E) таңдай сүйегінен, жоғарғы жақтан, бет сүйегінен

29.Көз шарасының жоғарғы қабырғасы неден түзіледі

A) торлы сүйектің шаралық пластинкасынан, маңдай сүйегінің шаралық бөлігінен

B) маңдай сүйегінің шаралық бөлігінен және сына тәрізді сүйектің кіші қанатынан

C) маңдай сүйегінің шаралық бөлігінен, сына тәрізді сүйектің кіші және үлкен қанатынан

D) тазо-орбиталды фасциясынан, сына тәрізді сүйектің кіші және үлкен қанатынан

E)тазо-орбиталды фасциясынан, маңдай сүйегінен, бет сүйегінен

30. Көз шарасының негізгі тесіктері

A) жоғарғы шаралық саңылау, төменгі шаралық саңылау, көру жүйкесінің өзегі

B) бізді-емізікшелі тесік, клокетов өзегі, көру жүйкесінің өзегі

C) төменгі шаралық саңылау, клокетов өзегі, сопақша тесік

D) көру жүйкесінің өзегі, домалақ тесік, сопақша тесік

E) клокетов өзегі, бізді-емізікшелі тесік, торлы клеткалар

31.Контузияның жедел саты кезiндегi экзофтальмның себебi

A) көз шарасының гемангиомасы

B) көз шарасының аневризмасы

C) көз шарасының iсiгi

D)көз шарасының эхинококкы

E) көз шара артылық гематома (көз алмасының артына қанталау)

32. Шаралық патология дамығанда көз шарасының қай қабырғасы зақымға қауіпті

A) ішкі


B)төменгі

C) жоғарғы

D) сыртқы

E) артқы


33. Дермоидты киста мукоцеледен ажыратылатын негізгі белгісі

A) пайда болу уақыты

B) даму динамикасы

C) ағым жеделдігі

D) рентгенологиялық қуыстар жағынан өзгерістердің болмауы

E) орналасуы

34. Мукоцелеге тән рентгенологиялық белгі

A) кальцификаттар

B) қуыс көлемінің айқын үлкеюі

C) сүйек қырының үгітілуі

D) сүйектегі домалақ ақаулар

E) диффузды бұлыңғырлану

35. Көз шарасының эхинокогі- қандағы қандай өзгеріспен сипатталады

A) лейкопениямен

B) эозинофилиямен

C) лимфоцитозымен

D) ЭТШ тезденуімен

E) лейкемоидты реакциямен

36) "Қанды жас" ағу көз шарасының қандай ауруына тән

A) эхинококкқа

B) целлюлитке

C) гемангиомаға

D) мукоцелеге

E) саркомаға

37.Солқылдаған экзофтальмнің пайда болуы неге байланысты

A) тиреотоксикозға

B) диэнцефалитке

C) кавернозды қуыс ішінде ішкі күре тамыр артериясының жарылуына

D) кавернозды гемангиомаға

E) тромбофлебитке

38.Интермитті экзофтальмның даму белгісі

A) тиреотоксикоздың

B) диэнцефалиттің

C) кавернозды қуыс ішінде ішкі күре тамыр артериясының жарылуының

D) көз шарасының тамырларының варикозды кеңеюінің

E) гемангиоманың

39.Көз шарасы тромбофлебитінің флегмонадан негізгі ажыратылуы

A) клиникасының айқындығы бойынша

B) субъективті сезімдері бойынша

C) қабақтардың тіндерінде ауырсынбайтын тығыз тромбозданған веналар сезіледі

D) этиопатогенезі бойынша

E) қосымша патология бойынша

40.Көз шарасы флегмонасының ауыр асқынулары

A) хориоидит

B) эписклерит

C) тенонит

D) иридоциклит

E) синустар тромбозы



ЖАУАПТАР ЭТАЛОНЫ

1-А 2- B 3-C 4-B 5-D 6-B 7-A 8-C 9-B 10-B 11-B 12-C 13-C 14-E 15-A 16-B 17-C 18-A 19-D 20-A 21-A 22-E 23-C 24-B 25-C 26-B 27-C 28-A 29-B 30-A 31-E 32-A



33-D 34-B 35-B 36-C 37-C 38-D 39-C 40-E

ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Бровкина А.Ф Болезни орбиты.- М.: Медицина.- 2008.-С.251

  2. Бровкина А.Ф. Офтальмоонкология: Руководство для врачей. - М.: Медицина.- 2002.-С.331-421.

  3. Ботабекова Т.К., Сарсембекова К.Т.,Долматова И.А. Частота и структура эндокринной офтальмопатии в аспекте дитиреоидных состояний // Материалы научно- практической конференции,посвященной 40 летию кафедры офтальмологии АГИУВ.-2004. –с. 107-109

  4. Вальский В.В. Компьютерная и магнитно-резонансная томография М.: Медицина.- 2002.-С.41-52

  5. Гилазетдинов К.С., Миронов А.А. Орбитальные осложнения гнойно-воспалительных заболеваний околоносовых пазух: лечебно- диагностический алгоритм и организационно- лечебная помощь.-М., 2005.- С.183-188.

  6. Долматова И.А., Грушин Ю.В.,. Мустафина Ж.Г, Завьялова М.Ю. Компьютерная и магнитно-резонансная томография орбит. – Алматы.- 2001- С. 63

  7. Тарасова Л.Н.,Дроздова Е.А. Воспалительные заболевания орбиты. В кн.:Заболевания, опухоли и травматические повреждения орбиты- Москва.-2005.-С.145-149.

  8. Телеуова Т.С., Долматова И.А., Абдрахимова Д.Б., БалмухановаА.В., М.А.Волкова, Бастимиева Б.Е. Итоги научных исследований Казахского НИИ глазных болезней по офтальмооонкологии. // Сборник научных трудов международной конференции.- Алматы.-2003.-с.242-245.

  9. Яценко О., Аубакирова А.С. Топометрические показатели орбиты и ее мягкотканного содержимого в норме //Сборник научных трудов. Москва.- 2005.- С.176-179.



МАЗМҰНЫ

Қысқартылған сөздер тізімі

3

Алғы сөз

4

Көз шарасының топографиялық анатомиясы

5

Көз шарасы ауруларындағы жалпы симптоматикасы

9

Көз шарасы ауруларын зерттейтін арнайы әдістер

15

Көз шарасы ауруларының емі

22

Көз шарасының қабынулы аурулары

25

Көз шарасының жаңа өсінділік аурулары

28

Көз шарасының эндокринді бұзылыстармен айланысты аурулары

37

Іштен туған кистатәрізді түзілімдер

40

Паразитарлық аурулар

42

Псевдотумор және басқа өсінді тәрізді аурулар

43

Көз шарасының қан айналымы бұзылыстарымен байланысты аурулары

46

Тестілік сұрақтар

49

Жауаптар эталоны

55

Әдебиеттер

56

ҚММУ- баспаханасында басып шығарылды

Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 40

Көлемі 3.6 есепті-баспа табағы



100 дана






Каталог: irbis64r 11 -> books -> %D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D1%8F %D0%B1%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0 %D0%9F%D0%91%D0%94 -> %D0%BC%D0%B5%D1%82. %D0%B2%D1%8B%D0%BF. 2009
%D0%BC%D0%B5%D1%82. %D0%B2%D1%8B%D0%BF. 2009 -> Физиотерапия
%D0%BC%D0%B5%D1%82. %D0%B2%D1%8B%D0%BF. 2009 -> Жаугашева с. К. Пивень л. И. Асмагамбетова м. Т. Дилдабекова г. Т. Дилдабекова н. Т. Фармакология бойынша та
%D0%BC%D0%B5%D1%82. %D0%B2%D1%8B%D0%BF. 2009 -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министірлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы ж. А. Бейсенбекова; Д. Ж. Тайжанова
%D0%BC%D0%B5%D1%82. %D0%B2%D1%8B%D0%BF. 2009 -> Л. О. Жандарбекова Қазақ тілі оқУ Әдістемелік қҰрал қарағанды 2008ж
%D0%BC%D0%B5%D1%82. %D0%B2%D1%8B%D0%BF. 2009 -> Қарағанды 2009 Әож 616. 092 Кбж 48 я 7 Ж37 Пікір берушілер: Н. М. Уразалина
%D0%BC%D0%B5%D1%82. %D0%B2%D1%8B%D0%BF. 2009 -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы м. Р. Беймбетова жыныстық жолмен жұҒатын аурулар
%D0%BC%D0%B5%D1%82. %D0%B2%D1%8B%D0%BF. 2009 -> Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы г. Н. Талиева СҮт және сүТ Өнімдерінің гигиенасы. СҮТ Өндірісі кәсіпорындарының гигиенасы
%D0%BC%D0%B5%D1%82. %D0%B2%D1%8B%D0%BF. 2009 -> Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы р. Ж есимова жүйке жүйесінің гистологиясы
%D0%BC%D0%B5%D1%82. %D0%B2%D1%8B%D0%BF. 2009 -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
%D0%BC%D0%B5%D1%82. %D0%B2%D1%8B%D0%BF. 2009 -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министірлігі қазақ мма жанындағЫ Қазақстан республикасының жоғАРҒы оқу орындарының ОҚУ-Әдістемелік секциясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет