12
2.3. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі жұмысына кеңес тӛрағасы –
мектеп директоры басшылық етеді.
2.4. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі отырысы айына бір рет
ӛткізіледі.
2.5. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі шешімі кӛпшілік дауысымен
қабылданады.
2.6. Құқық бұзушылықтың
алдын алу Кеңесінің отырысы, барысы мен
қабылданған шешімдері хаттамаланады.
2.7. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі мүшелерінің сандық және
сапалық құрамы жыл сайын педагогикалық кеңесте қаралып, мектеп
директорының бұйрығымен бекітіледі.
3. Қҧқық бҧзушылықтың алдын алу Кеңесі принциптері, мақсаттары
мен міндеттері:
3.1. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің қызметі тӛмендегі
принциптерге негізделген :
- заңдылық, демократия және кәмелетке толмағандарға iзгiлiкпен
қарау;
- кәмелетке толмағандар мен олардың
отбасыларына жеке қарым-
қатынас;
- алынған ақпараттың құпиялылығын сақтау.
3.2. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі - алқалы орган болып
табылады, оның мақсаты жоспарлау, әлеуметтік қауіпті жағдаяттардың
(баланың
қадағалаусыз қалуының, құқық бұзушылықтың, қоғамға жат iс-
әрекеттер) алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру және орындалысын
бақылау болып табылады.
3.3. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің негізгі міндеттері мыналар
болып табылады:
- кәмелетке толмағандардың
қараусыз қалуына, қылмыс жасауына,
құқық бұзуына, қоғамға қарсы іс-әрекет жасауына себеп болған жағдайларды
анықтау және жою;
- кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
- әлеуметтік қиын жағдайдағы кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-
педагогикалық оңалту;
- кәмелетке толмағандардың қылмыстық және қоғамға қарсы істерге
қатысуын
анықтау және жолын кесу;
Достарыңызбен бөлісу: