Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы



бет1/4
Дата24.02.2016
өлшемі467.5 Kb.
#14259
  1   2   3   4




Қарағанды облысы

әкімдігінің 2011 жылғы



«23» мамырдағы № 19/03

қаулысымен бекітілген



Мазмұны


1. Міндет және көрініс 3

2. Ағымдағы жағдайды және тиісті салалар қызметінің даму тенденцияларын талдау 3

3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері 9

4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту 21

5. Ведомствоаралық қарым-қатынас 23

6. Тәуекелдерді басқару 26

7. Бюджеттік бағдарламалар 27



«ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АППАРАТЫ»

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ 2011-2015 жж. АРНАЛҒАН

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ

1. Міндет және көрініс

Көрініс: мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесі және мемлекеттік саясатты толық мәнді іске асыру.

Міндет: облыс әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қаматамасыз ету, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, әкімдерінің, олардың аппараттарының, салалық басқармаларының қызметін үйлестіру және жетілдіру.

2. Ағымдағы жағдайды және тиісті салалар қызметінің даму тенденцияларын талдау





1 стратегиялық бағыт. Облыс әкімінің және аппарат қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз ету


Құжаттамалық қамтамасыз ету

Облыс әкімінің аппараты құжат айналымын реттеу, жер-жерде кеңседе тіркеуден өткен бүкіл қызметтік хат-хабардың орындалуын уақытылы бақылау жөніндегі мақсатты жұмысты жүзеге асырады.

2009 жыл ішінде облыс әкімінің аппаратына 7159 бірлік қызметтік хат-хабар түсті, 1572 құжат жөнелтілді. Соның ішінде үкіметтік құжаттамадан (ҚР Президентінің Әкімшілігінен, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінен, ҚР министрлігінен) 3174 құжат келіп түсті.

01.07.2010 ж. ахуал бойынша облыс әкімінің аппаратына 3458 (өткен жылғы сәйкес кезеңде – 2348) құжат түсті, соның ішінде мемлекеттік тілде 2010 жылы – 1125 құжат, 2009 жылы – 786 құжат.

Нормативтік-құқықтық актілер қабылданды:

2009 жылы – 538

01.07.2010 жылға – 216 (01.07.2009 жылға – 276).

Барлық жұмыс Іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың белгіленген талаптарына сәйкес жүргізіледі.



Құқықтық қамтамасыз ету

Мемлекеттік саясатты іске асырудың өзекті элементтерінің бірі жергілікті өкілетті органдардың заң шығарушы қызметі, азаматтардың құқықтық хабардарлығын және құқықтық мәдениетін қалыптсатыру және арттыру болып табылады.

Осыған байланысты облыс әкімі мен әкімдігінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласындағы негізгі міндет әзірленетін жобалардың, әкімдік қаулылары мен облыс әкімі өкімдерінің сапасы болып табылады. Осы мақсатпен облыс әкімі мен әкімдігінің қызметінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз етуге, заңнаманы қолданудың бірыңғай машығын жинақтауға және әзірлеуге, облыс әкімі мен әкімдігінің заңдылық пен құқық тәртібін нығайту мәселелері бойынша құқық қорғау және сот органдарымен, прокуратурамен өзара әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс жүргізіледі.

Адам мен азаматтың конституциялық, азаматтық және өзге де құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан тұрғын халықтың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды өткізуді талап етеді. Мұндай іс-шаралар ретінде БАҚта шығып сөйлеулер, дөңгелек столдар, конференциялар, дәрістер, семинарлар, брифингтер өткізіледі.

Қазіргі уақытта мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша құқықтық насихатты Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы № 2347 Қаулысына сәйкес, тұрғын халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық хабардарлығын арттыру, экономикалық бағдарламаларды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру және заңдылықты, құқықтық тәртіп пен тәртіпті нығайту мақсатында құрылып, жұмыс істеп жатқан құқықтық білімдер мектептері жүзеге асырады.

Құқық түсіндіру жұмысы, маңызды құқықтық ақпаратты тарату және алу, оң тәжірибемен алмасу, мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпаратқа шығу мүмкіндіктерін кеңейту процесін жетілдіру мақсатында жыл сайын web-сайттардың жұмыс істеуі жетілдірілуде: айдарлар жаңартылады, материалдарды орналастыру түрі өзгертіледі және т.б.

Алға қойған мақсатқа қол жеткізуге құқық түсіндіру жұмысы саласындағы келесі міндеттерді шешу қолғабыс етеді:

Қазақстан заңнамасын түсіндіру жөнінде жұмыстар жүргізу;

мемлекеттік қызметшілердің және тұтастай барлық тұрғын халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру;

бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекет, құқық түсіндіру жұмысында жаңа ақпараттық технологияларды, бүкіл әлемдік "ИНТЕРНЕТ" желісін қоса отырып пайдалану.


Ұйымдастыру жұмысы
Облыс әкімінің және облыс әкімі аппаратының қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, облыс әкімінің қатысуымен іс-шаралар өткізу, облыс әкімінің аппараты бөлімдерінің, облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің, басқармалар мен ұйымдардың ұсынысы бойынша негізгі облыстық іс-шаралардың айлық және жылдық жоспарларын жасау.

Мемлекет басшысы мен Премьер-Министрдің, Үкіметтің, Үкімет мүшелерінің, республиканың басқа облыстарынан, таяу және алыс шетелдерден келген делегациялардың (қонақтардың) сапарларын әзірлеу және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру.

Әзірленген жоспарға сәйкес, облыс әкімінің қатысуымен облыстық іс-шараларды, оның өңірлерге жұмыс сапарларын, жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарын еңсеру бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларды және аймақта жол картасын – өңірлік жұмыспен қамтуды іске асыру жөніндегі шараларды түсіндіру жөнінде еңбек ұжымдарымен кездесулерін ұйымдастыру бойынша жұмыс жалғастырылуда.

Облыс әкімінің қатысуымен аймақта «серпінді жобаларды» енгізу жөніндегі облыстық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Облыс әкімінің қалалар мен аудандар әкімдерімен селекторлық кеңестерін, республикалық селекторлық кеңестерді, облыс әкімінің аймақтың қала құраушы кәсіпорындарының басшыларымен кездесулерін әзірлеу және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ облыс әкімінің тұрғын халықпен жыл сайынғы есептік кездсеулерін өткізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.



2 стратегиялық бағыт. Ақпараттық жүйелерді құру


Электронды әкімдік

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысымен бекітілген Іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2006-2010 жылдар ішінде Қарағанды облысының «электронды әкімдігін» жасаудың 2006-2010 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жүргізілді, оның барысында келесі нәтижелерге қол жеткізілді.



Техникалық жарақтау.

Қарағанды облысының 2006-2010 жылдарға арналған «электронды әкімдігін» құру бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыстық басқармалардың, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің басқару органдарын компьютер техникасымен, серверлік жабдықтармен техникалық жарақтау жүргізілді. Сол сияқты оқшау есептеу желілерін құру мен серверлік үй-жайларды дайындауға назар аударылды. Бағдарлама шеңберінде серверлік жабдықтарға, оқшау есептеу желілеріне, серверлік үй-жайлармен жарақтауға ерекше маңыз берілді.

Басқару органдарын компьютер техникасымен жарақтау көрсеткіші 83,2% құрады (облыс әкімі аппараты – 100%; Интернет желісіне қолжетімділік орташа өткізу қабылеті 256 kb/s арнасында ұйымдастырылған.

Облыста «Е-әкімдіктің» Серверлік орталығы құрылған, ол ақпараттарды өңдеу мен ақпараттық желінің жұмыс істеуіндегі маңызды буын болып табылады. Серверлік орталыққа негізгі және резервтік үй-жайлар кіреді, ол облыстың мемлекеттік органдарының Біртұтас тасымалдау жүйесі және Интернет арқылы қолжетімді қызмет пен сервистер ұсыну арнасына қосылған.

Серверлік орталықта және резервтік торапта 9 сервер орнатылған, оларда операция жүйесі ретінде Suse Linux, Windows server ОЖ қолданылады, ал СУБД ретінде - MSSQL Server.

Байланыс арналары. Қарағанды облысының 2006-2010 жылдарға арналған «электронды әкімдігін» құру бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Қазақтелеком» АҚ қатысуымен облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардың Бірыңғай тасымалдау желісін (одан әрі - БТС) құру жұмысы жүргізілді және бұл жұмыс одан әрі жалғасып келеді. БТС п»жұлдыз» топологиясы бойынша IP VPN базасында құрылған, қатысушылардың қосылу жылдамдығы 64 -256 Кбит/с аралығында, Сервер орталығы және оның резерв торабы 2 Мбит/с жылдамдығына қосылған. Барлығы облыстың БТС-не 101 ұйым қосылған.

Облыста жұмыс жасайтын ақпарат жүйелері. Қазіргі уақытта Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарында келесі ақпараттық жүйелер жұмыс істейді:

Электронды құжат айналымы жүйесі (жүйені пайдаланушылар саны 1452),

Құрамды басқару жүйесі (пайдаланушылар 323),

Жергілікті бюджеттердің орындалуының қаржылық мониторингтау "Қаржы үйі" (327 пайдаланушы),

Коммуналдық меншікті есепке алу (29 пайдаланушы),

Жалға алу келісімшарттарын есепке алу (27 пайдаланушы),

Облыстың аналитикалық жүйесі (6 пайдаланушы),

Облыстың аймақтық болжам картасы (52 пайдаланушы),

Әкімдік қызметін жоспарлау және басқару (2190 пайдаланушы),

Халық тұтынатын әлеуметтік-маңызды тауарлар бағасын мониторингтау (52 пайдаланушы),

Сайлаушылар тізімдерін жасақтау (33 пайдаланушы).

Жүйелер құру архитектурасы: серверлік клиент, веб-қосымша.

Аталған жүйелерден басқа, облыста 2005 жылдан Қарағанды облысы әкімінің Интернет-порталы жұмыс істейді. Облыстың барлық қалалары мен аудандары әкімдіктерінің, сол сияқты 19 облыстық басқармалардың сайттары ашылған және жұмыс жасайды. 2010 жылы облыстық веб-порталды редизайндау және қайта құрылымдау бойынша жұмыс жүргізілді. Бүгінгі күні портал арқылы 268 ақпараттық және и 6 интерактивті қызмет көрсетіледі, соның ішінде облыс әкімінің блогы, жаңалықтарға жазылу, мемсатып алу бойынша қызмет көрсету және басқалар.

Осы Стратегиялық жоспарды іске асыру барысында ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің, басқа да мүдделі ведомстволардың қатысуымен ұйымдастыру және құқықтық деңгейде жергілікті атқарушы органдардың АЖ-нің орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің АЖ-мен Электронды үкіметтің шлюзі арқылы (одан әрі – ЭҮШ) қарым-қатынасының тетіктері мен регламенттерін әзірлеу қажет.



Е-үкіметтің базалық компоненттерін пайдалану. Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдары деңгейінде жұмыс жүргізілетін е-үкіметтің базалық құрамдас бөліктері мыналар болып табылады:

  1. ҚР электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ЭҚАБЖ).

  2. «Мекенжайлық тіркелім» мемлекеттік ақпарат жүйесі.

  3. Қоғамдық қолжетімділік тіректері.

Облыстық электронды құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі – ЭҚЖ) облыстың 183 жергілікті атқару органдарына (қалалар мен аудандар әкімдері аппараттары, облыстық басқармалар, қалалар мен аудандардың дербес бөлімдері).

2009-2010 жылдар ішінде облыстық ЭҚЖ ҚР электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесімен, ҚР орталық басқару органдарының біртұтас тасымал ортасымен және ҚР Ұлттық айғақтаушы орталықпен біріктіру бойынша модернизация жүргізілді. 2009 жылдың шілдесінен Қарағанды облысы әкімі аппараты ЭҚАБЖ қатысушы болып табылады.

Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес іске асырылып жатқан «Мекен-жайлық тіркелім» Ақпараттық жүйесі» (бұдан әрі – МТ АЖ) жобасының шеңберінде, 2007 жылы МТ АЖ бағдарламаларын қамтамасыз етуді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Жылжымайтын мүліктер мекенжайларын деректер базасын түгендеу жүргізілді. МТ АЖ базасына 98% мекен-жайлық ақпарат енгізілді.

Қазақстан Республикасында «электронды үкімет» қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасын орындау барысында е-қызметерге қоғамдық қол жеткізу пункттер желісі құрылды. Қоғамдық қол жеткізу пункттерін құру, бірінші кезекте, Халыққа қызмет көрсету орталықтарын, әкімдіктерді, «Қазпошта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ құрылымдарын, кітапханаларды, ірі сауда орталықтарын қамтиды. Қарағанды облысында бүгінде елді мекендерде орналасқан 111 қоғамдық қол жеткізу пункті жұмыс істейді.

Бұған қоса, 2007-2008 жылдар ішінде облыста «Қазақстан Республикасында 2007-2009 жылдары ақпараттық теңсіздікті азайту» бағдарламасы іске асырылды. Бағдарлама шеңберінде облыстың қалалары мен аудандарының елді мекендерінде 273 компьютер сыныбы ашылды, тұрғын халықтың әралуан топтарын тегін оқыту ұйымдастырылды. Мектептер, кәсіптік лицейлер, колледждер және ЖООлар түлектеріне тестілеу жүргізілді. Қолданысы басталғаннан бері Бағдарламамен Қарағанды облысында барлығы 129 668 адам қамтылды.

Сонымен қатар, осы уақытқа дейін облыстық АЖ-нің е-үкіметтің «Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Мекенжай тіркелімі», «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» базалық құрамдас бөліктерінің мемлекеттік базасымен бірлесе әрекет ету мүмкіндігін іске асыру мүмкін болмады. Алдағы кезеңде жұмыс істеп тұрған және құрылатын облыстық АЖ ЭҮШ арқылы қарым-қатынас орнату, облыстың «электронды әкімдігі» Серверлік орталығын ҚР біртұтас тасымалдау желісіне қосу мәселесін шешу қажет.



3 стратегиялық бағыт. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру


Кадр саясаты
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан халқына Жолдауында «жаңа кадр саясаты маңызды әкімшілік реформаның басты бір элементі болуы керек. Адам факторы қазіргі даму кезеңінде маңызды орынға ие болып отыр. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа формациядағы басқарушылардың кәсіби ядросын жасақтауға бағытталған жаңа көзқарастар әзірлеу керек» деп атап көрсетті.

2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы әрбір басқарушының халық алдындағы жауапкершілігін күшейту туралы барлық мемлекеттік қызметшілерге сөз арнады.

Осыған байланысты мемқызметшінің экономиканы, қоғамды және мемлекетті тұтастай басқарудағы, сол сияқты меморгандардың стратегиялық функцияларын орындаудағы ролін күшейту қажет. Сондықтан мемлекеттік органды дамытудың негізгі бағытының бірі кадр саясатын жетілдіру болып табылады.

Қарағанды облысы әкімінің аппаратында штат саны 66 бірлікті құрайды, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 66 адам, соның 41%-ын әйелдер құрайды.

Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 40 жас.

Қарағанды облысы әкімінің аппаратында 3 ғылым докторы, 2 ғылым кандидаты жұмыс істейді, қызметкерлердің 99%-ында жоғары білім бар, 48,5%-ында – бір жоғары білімнен астам.

2010 жылы 13 мемлекеттік әкімшілік қызметші аттестациядан өтті және аттестация нәтижелері бойынша бәрі орналасқан лауазымдарына сәйкес келеді.

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптарын орындау мақсатында 2010 жылы аппараттың 9 қызметкері оқытылды, соның ішінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында – 5, Қарағанды облысының мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың және қайта даярлаудың Аймақтық орталығында – 4 адам.


Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын одан әрі дамыту және жетілдіру, біліктілігін арттыру, аппараттың тиімділігі мен икемділігін арттыруға қолғабыс ететін басқарудың қазіргі заманғы түрлері мен әдістерін енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу.
Барлық аталған проблемалар осы стратегиялық жоспардың мақсаттары мен міндеттерінің негізі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет