Қарағанды облысының 2008-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болашағы мен жағдайы туралы баяндама Кіріспе


Шара 5. Сыртқы экономикалық қызмет



бет10/10
Дата25.02.2016
өлшемі0.7 Mb.
#23458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3.4.5. Шара 5. Сыртқы экономикалық қызмет.
Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру жұмыстарын жалғастыру - сыртқы экономикалық саясаттың басым бағыттарының бірі блолып табылады.

Бүгінгі күні халықаралық нарықтағы Қазақстанды экономикалық жаңғыртудың және бәсекелестік қабілеттілігін нығайтудың қосымша құралы ретінде Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру саясатын жүргізу қажет.

Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру бойынша облыстың алғы шарттары жоғары өндірістік әлует арқылы сипатталады, инновациялық өндірісін дамыту үшін қажеттіліктер бар.

Кәсіпкерлік деңгейде шығарылатын өнім мен қызметтің бәсекелестік қабілеттілігін арттыруға; ішкі ресурстарды жаңғыртуға; консалтинг құралдарын дамыту мен пайдалануға; дамыту институттарының қызметін тиімді қолдануға; қауіпсіздік басқару жүйелері мен сапалары (ІSO) халықаралық стандарттар бойынша енгізу және сертификаттауға күш-жігер жіберілетін болады. Институционалдық деңгейде білімді дамытуға жәрдем беру және халықаралық стандарттардың міндетті және ерікті талаптарын түсінуге; ұлттық және шетел экспорттарын кірістіре отырып оқыту ұйымдары арқылы ВТО келісімі; жергілікті бизнес үшін сыртқы экономикалық ақпараттың облыстық жүйесін құруға; дамыту институттары, қоғамдастықтар, одақтар және ассоциациялар бизнесімен ынтымақтастық деңгейін көтеруге күш-жігер жіберіледі.

Дүниежүзілік экономикаға бірігудің негізгі шарты – сауда серіктестіктері – елдерін сайлаудағы икемді саясатты жүргізу болып табылады. Ресей, Қытай, Орталық Азия, Каспий және Қара теңіз аймақтарының нарығына ерекше мән беріледі. ТМД, ЕврАзЭС, ШОС аясында экономикалық бірігу – саудадағы басты бағдар болып қалады.
3.4.6. Шара 6. Құрылыс және құрылыс индустриясын дамыту.
Құрылысты бірігіп дамыту - отандық тауар өндірушілердің алдына шығарылатын өнім мен қызмет көрсетудің бәсекеге жарамдылығын арттыру бойынша жаңа және одан да жоғары талаптарды қояды.

Бүгінгі күні облыста осы талаптарға жауап беретін жаңа жоғары технологиялық өндірістер құрылуда: «КЕRАТЕК» ЖШС – жоғары сапалы керамикалық кірпішті өндіру, «Сенімді Құрылыс технологиялары» ЖШС – көбікбетон блоктары, «Ир» ЖШС – керамикалық тақтайша, «Қарағанды Бетон» ЖШС – бетон қоспасы, «Тұмар тас» ЖШС – бетоннан және т.б. бұйымдар.

Ағымдағы жылы «Теміртау кірпіш» ЖШС-де перфорировалық қаптамалы кірпіш; «Интерэнергострой-Т» АҚ-да қаңқалы үйқұрылысының үйқұрылыстық комбинаты; «АША-1» ЖШС-де жеңіл глазурлі шифер және экостротақтайшалар т.б. өндірістерін ашу жоспарланған.

2007 жылы «Central Asia Cement» АҚ-да құрғақ тәсілмен цемент өндірісінің аааа жолын жіберу жоспарлануда. 2008 жылы екі жолды пайдалануға беру арқылы цементті өндіру бойынша зауыт қуаты құрғақ жолдан 1,8-2,2 млн.тонна және өндірістің ылғалды тәсілінің қолданыстағы жолынан 0,8 млн.тонна цементті құрайды.




4. Жергілікті бюджет шығындарының 2008-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары.
Үш жылдық кезеңге арналған шығындар болжамы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында белгіленген басым бағыттары, 2030 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясы, нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттік, республикалық және аймақтық бағдарламаларды іске асыру есебі арқылы қалыптасқан.

Қарағанды облысы бюджетінің 2008-2010 жылдарға арналған шығыны 398793 млн.теңгені құрайды, оның ішінде 2008 жылы – 118344 млн.теңге, 2009 жылы – 132931 млн.теңге, 2010 жылы – 147518 млн.теңге.


Білім беру саласындағы оқу орны қызметінің басты бағыты – оқыту мен тәрбиелеу сапасын арттыру, білім беру ұйымдарының 12 жылдық оқытуға дайындық пен ауысу болып табылады.

Білім беру мекемелеріндегі физика, химия, биология бөлмелерінің және оқу шеберханаларының оқу құралдарын қоса отырып материалдық-техникалық базаларын нығайту бойынша жұмыстарын жалғастыру жоспарланған.

Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу және оқыту процесін басқару үшін ескі компьютерлерді ауыстыру, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану үшін техникалырды алу.

Кәсіптік білім беру оқыту мекемесіндегі көп салалы, көп функционалды желілерін дамыту жұмыстары жалғастырылады.



Денсаулық сақтау саласында шығындарды жіберу жоспарланған:

Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытуға;

ақысыз медициналық көмектің кепілдік беру көлемі аясында халықты сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге;

балаларға және жүкті әйелдерге медициналық жәрдем беретін мекемелерді қазіргі жоғарғы технологиялық құралдармен жабдықтауды жалғастыруға;

жүкті әйелдерді амбулаториялық деңгейдегі дәрілік құралдармен, соның ішінде құрамында темір және иоды бар құралдармен тегін қамтамасыз етуге;

диагностика және емдеу соның ішінде әлеуметтік маңызды ауруларды емдеуде жаңа медициналық технологияларды қолдануға;

емдеу ұйымдарын материалдық-техникалық базаларды бекіту және күрделі жөндеуді жүргізу;

ауылдық аудандардың тұрғындарын мамандандырылған медициналық көмектің барлық түрімен қамтамасыз етуге, ауылдың денсаулық сақтау құрылымын және жүйесін нығайтуға;



Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы шығындар қарттарды және мүгедектерді (соның ішінде мүгедек балаларды) қамтамасыз етуге және мүгедектерді әлеуметтік қорғауға бағытталған:

мұқтаж мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету; протездеу жөніндегі медициналық қызметтерді ұсыну және протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету; мүгедектерді сурдотехнологиялық және тифлоқұралдармен, жылжу құралдарымен қамтамасыз етуге; еступротездік көмектерді көрсету; мүгедектерді және ардагерлерді, мүгедек балаларды республикалық сауықтыру орындарында олардың сауығуына бағытталған емдеу - алдын ала емдеу шараларымен қамтамасыз етуге;



Мәдениет саласында шығындар қарастырылған:

кәсіптік өнер және халық шығармашылығының театрлық-концерттік әрекеттерін дамытуға және қолдауға;

халықтың барлық топтары үшін мәдени - бос уақыт қызметтер кешенін ұсынуға;

тарихи-мәдени мұраларды қолдану, білу, толықтыру, есепке алу және олардың сақталуын қамтамасыз етуге;

облыстық кітапхананың материалдық-техникалық базаларын ұстауға және нығайтуға; тұрғындарға ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету; облыс кітапханасының ғылыми және әдістемелік дамуын қамтамасыз етуге.

Спорт саласында шығындар бағытталады:

балаларды, жеткіншектерді денешынықтыру және спортпен жүйелі айналысуға қатыстыру;

спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар құрамын және ҚР ұлттық құрама команда мүшелерін толықтыруға қабілетті жоғары класс спортшыларын дайындауға;

спорттық және денешынықтыру-сауықтыру шараларын, қысқы және жазғы Спартакиада, спорттың ұлттық және халықтық түрлері бойынша жарыстар ұйымдастыруға және өткізуге;

Азия, Әлем чемпионаттарында, мүгедектер арасындағы ҚР Спартакиадасында, Жастар ойындарында спортшылардың қатысуы бойынша шараларға;

қалада және облыс аудандарында бар спорттық алаңдарды қалпына келтіруге;

материалдық-техниалық базаларды нығайтуға.

Қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік шығындары келесі шараларға бағытталған:

апатты және зілзаланы ескертуге және жоюға;

әскери міндеттілерді Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне тіркеуге және шақыруға;

басқару орындарының, байланыс және хабарлау жүйелерінің, қорғау қорғаныстарының дайындығына, азаматтық қорғанысқа және төтенше жағдайларға қажетті құралдарды құруға және қолдауға;

құтқару станцияларының, орындардың және апатты-құтқару жұмыстарын жүргізетін орағыту іздеу топтарының үнемі дайындығын қамтамасыз етуге;

іздеу-қорғау жұмыстарын жүргізуге тиімді көмек көрсетуге;

қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың бостандығына, құқығына және мемлекеттің, қоғамның мүдделеріне және заңға қарсы қылмыстық әрекеттерді ескертуге және жоюға;

мекемені және ғимаратты ағымдық және күрделі жөндеуге;

белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға әлеуметтік, медициналық және басқа да көмектерді көрсетуге;

материалдық – техникалық базаларды нығайтуға.



Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және құрылыс саласында шығындардың негізгі түрлері бағытталған:

ипотекалық және коммуналдық тұрғын үй құрылысына;

инженерлік – қатынастағы инфрақұрылымды ұйымдастыруға және дамытуға;

апатты және көне тұрғын үйлерді бұзуға;

халықтың жеңілдік санатындағыларды және әлеуметтік орта объектілеріне жаңадан енгізілген мемлекеттік мекемелер қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге, тұрғын үйлерді коммуналдық меншікке ауыстыруға;

елді мекендерді жарықтандыру және көгалдандыру, абаттандыру бойынша шаралар кешенін өткізуге;



Ауыл шаруашылығы, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы шығындардың негізгі түрлері келесі шараларда қарастырылады:

ормандық - мәдени шаралар көлемін, ормандардың тұқымдас құрамын және олардың өнімділігін, отырғызудың өсу құрылымын, олардың сапалық құрамымен ормандардың санитарлық жағдайын ұлғайтуға;

шабылған және өртенген жерлерде ормандарды, ағаштұқымды және өсімдік шаруашылығын қайта қалпына келтіруге;

ағынды және сарқырама судың жер асты суларына ауысуын сақтауға;

табиғатты қорғау шараларын өткізу жолымен қалада және кенттерде санитарлық жағдайларды жақсартуға;

материалдық-техникалық базаларды нығайтуға;



Көлік кешені саласындағы шығындар бағытталады:

қала ішіндегі жолдарды, облыстық және аудандық маңызды автомобиль жолдарын қалпына келтіруге және сақтауға;

автожолдарды салу және ағымдық жөндеу және ұстау бойынша жұмыс кешенін жүргізуге;

қатты жамылғымен жолдар желісін жоғарылатуға;

облыс орталығын аудан орталығымен және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына шығуларды байланыстыратын автожолдарды күрделі жөндеуге; апатты жағдайда тұрған көпірлерді күрделі жөндеуге;

жолаушыларды тасымалдауды әлеуметтік маңызды ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша ұйымдастыруға.



5. Жоспарды іске асыруды бақылау және мониторинг

Нарықтық экокномика заңдарына сәйкес мемлекет елдің тұрақты экономикалық дамуы үшін жүйелі жағдайларды, тұрғындардың жақсы өмір сүруін және таралған ресурстық потенциалды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.

Осы мақсатта, 2000 жылдан бастап облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы басқарудың мақсатты бағдарламалық әдісін қолданумен жүзеге асырылуда: ол “Қазақстан - 2030” Стратегиясының негізгі бағыттарын және мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауынан шығатын нақты тапсырыстарын табысты жүзеге асыру жолдары мен механизмдерін іске асыруға мүмкіндік берді.

Облыстың даму бағдарламасын жүзеге асыру және оларды қабылдау мен бекіту облыстық Мәслихат депутаттарының тікелей қатысуымен жасалады.

Бүгінгі күні жұмысқа осындай қатынас өзін ақтағанын анық айтуға болады.

Облыста қазіргі уақытта аймақтық дамудың 27 бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әр бағдарлама барлық қатысты органдардың міндетті келісімдер кезеңінен өтеді, одан кейін облыстық Мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынылады. Бекітілгеннен кейін бағдарламалар бағдарлама әкімгерлігімен сонымен қатар облыс әкімдігімен жүргізілуіне әсер ету және өзара әрекет ету жүйесін жобалайтын бақылауға қойылады. Облыста басымдық бағдарламаларды жүзеге асырудың ай сайынғы мониторингі іске асырылады. (мониторингте 71 негізгі көрсеткіш бойынша дамудың 7 бағдарламасы бар).

Бағдарламалардың жүзеге асырылу жолы квартал сайын қала және аудан әкімдерінің әрекеттеріне, сонымен қатар оларды орындау бойынша облыстық құрылымдарға баға берілетін облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша өтетін облыстық әкімдіктің отырысында қарастырылады. (2006 жыл ішінде облыс әкімдігінің 4 отырысы өткізілді).

Барлық құрылымдарды осы жұмысқа қатыстырумен және талдаумен дамудың басымдық бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша қала және аудан әкімдіктерінің әрекеттерін рейтингтік бағалауды жүзеге асыратын әдістеме құрастырылған.



Бұдан басқа, түрлі бағыттар бойынша аймақтарға және кәсіпорындарға шығулар жүзеге асырылады, жиналыстар өткізіледі, жетекшілердің көпшілігінің қатысуымен және тапсырыстарға сәйкес хаттамалар толтырылады. Олар бойынша бақылауда жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет