Қарағанды облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережелерін бекіту туралы



жүктеу 415.55 Kb.
бет1/3
Дата25.06.2016
өлшемі415.55 Kb.
  1   2   3
Қарағанды облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережелерін бекіту туралы

Қарағанды облысы мәслихатының XII сессиясының 2013 жылғы 14 наурыздағы N 130 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 5 сәуірде N 2281 болып тіркелді


"Орталық Қазақстан" 09.04.2013 ж. N 55 (21481); "Индустриальная Караганда" 09.04.2013 г., N 45-46 (21378-21379)


      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 21 бабы 4) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:


      1. Қарағанды облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру Ережелері осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.В. Полещук) жүктелсін.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,


      облыстық мәслихаттың хатшысы                     Б. Жұмабеков

      КЕЛІСІЛДІ



Қазақстан Республикасының
Өңірлік даму
Бірінші Вице-министрі
Қ. Өскенбаев ______________
18.03.2013 ж.

Мемлекеттік санитарлық-
Эпидемиологиялық қадағалау
Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің директоры
Т.Н. Хамитов __________________
18.03.2013 ж.

Қарағанды облыстық мәслихатының
2013 жылғы 14 наурыздағы
XII сессиясының № 130 шешімімен
бекітілген

Қарағанды облысының қалалар мен елді мекендерінің
аумақтарын көріктендіру Ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Қарағанды облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) көріктендіру саласында бiрыңғай және орындалуы мiндеттi нормалар мен талаптарды белгiлейдi, Қарағанды облысының аумағындағы жер учаскелерінің, үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың иелерi және (немесе) пайдаланушылары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар үшiн қалалар мен елді мекендер аумақтарын тазалау және күтiп ұстау тәртiбiн анықтайды.


      2. Ережелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi, облыс аумағын көріктендіру, санитарлық тазалау және күтiп ұстау жағдайына талаптарды анықтайтын Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері, құрылыстық және санитарлық ережелерi мен нормалары негiзiнде әзiрленген.
      3. Аумақтарды көріктендіру және санитарлық күтiп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тиісті елді мекендер әкiмдерiне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары мәселелерiн қарастыратын қалалар мен аудандардың мемлекеттiк мекемелерiне, кондоминиум объектiсiн басқару мақсатында құрылған көп пәтерлi тұрғын үйлердегi үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң коммерциялық емес бiрлестiктерi, өзiн-өзi басқару органдарына, үйлер, ғимараттар, құрылыстар, жер телімi иелерiне және (немесе) жер пайдаланушыларға жүктеледi.

2. Осы Ережелерде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар мен анықтамалар

      4. Алаңның жаяужол бөлiгi – жаяу жүргiншiлер қозғалысына арналған алаң кеңiстiгi және учаскелер, алаңның барлық аумағымен (өкiлдiк және мемориалдық) немесе оның бөлiгiмен (объект маңындағы) ұсынылуы мүмкiн.


      5. Әлеуметтік жарнама – бұл қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғауға, жұртшылық мәселелеріне (салауатты өмір салты, денсаулық сақтау бойынша шаралар, тұрғындардың қауіпсіздігі, әлеуметтік қорғау, құқық бұзушылық профилактикасы, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, мәдениет және өнерді дамыту, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт саласындағы мемлекеттік бағдарламалар не өзге де әлеуметтік сипаттағы іс-шаралар жарнамасы) жеке және заңды тұлғалардың назарын аударуға бағытталған коммерциялық емес жарнаманың түрі.
      6. Бекiтiлген аумақ – аумаққа бекітілген субъектілердің келісімі бойынша, санитарлық күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру барысында қала немесе аудан әкімдігінің берген көріктендіру паспортында көрсетілген санитарлық тазалау мен жинауға арналған жер учаскелері (аумақтарды көріктендіру паспортының үлгісі осы Ережеге 1 қосымшасына сәйкес белгіленген).
      1) аумаққа бекiтiлген нысандар болып табылатындар: тағайындалған телім шекарасынан көше жағындағы аумақ, өтпе жол шетiмен шектелген, iшкi кварталдық аумақтың учаскелерi, аула iшiлік аумақ - шағын сәулет нысандарын, балаларға арналған, кiр жаятын, қоқыс жәшiктерi орналасқан алаңшаларды, автокөлiк тұрақтарын, декоративтiк құрылыстарды, үйге кiреберiс жолдарды, аулаға кiреберiс жолдарды орнату үшiн пайдаланылатын жерлер (бiр аулада бiрнеше жер пайдаланушылар болған кезде бекiтiлген аумақ шекаралары пайдаланылатын аумақ шекараларына барабар не тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi), сақтау мен жинақтау мақсаттары үшін уақытша пайдаланылатын аумақ, бөлiнген және iргелес аумақ, инженерлiк желiлердiң қорғалатын аймақтарының аумағы;
      2) аумақтарды бекіту субъектілері жеке тұлғалар секілді және де сондай заңды тұлғалар да болып табылады: кондоминиум объектiсiн басқару мақсатында құрылған көп пәтерлi тұрғын үйлердегi үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң коммерциялық емес бірлестіктері, ғимараттар мен үйлердің иелерi, және (немесе) пайдаланушылары; жер учаскелерiнiң иелерi және (немесе) пайдаланушылары.
      7. Билборд – іргетастан, каркастан, тірек қадауыштан және ақпараттық алаңнан тұратын ақпаратты орналастыру үшін ішкі беті бар жеке тұрған конструкция.
      8. Бөлiнген аумақ – Қазақстан Республикасының жер заңнамасының тәртібімен белгiленген жеке және заңды тұлғаларға ұсынылған аумағының бөлiгi.
      9. Брандмауэр – бұл қабырғаға түсірілген бейне (ақпараттық алаң) ретінде үйлердің және тұрғын үйлердің бітеу қабырғаларына орналастырылған ақпараттық панно; бекіту элементтерінен, каркастан және ақпараттық алаңнан тұратын конструкция.
      10. Ғимараттың қасбетi – ғимараттың немесе үйлердің сыртқы жағы.
      11. Жарнама стеласы – декоративтік қырлы панелдері бар жеке тұрған жарнама конструкциясы (әдетте қысаң және биік), жапсырма элементтері, шығыңқы жерлері болуы мүмкін.
      12. Жасыл екпелер – жасанды секілді және де сондай табиғи ағаш, ағаш-бұта, бұта және шөптік өсiмдiктерi.
      13. Жаяужол аймақтар - серуен және мәдени–тұрмыстық, транзиттiк қозғалыс мақсатында халықтың қозғалысы жүзеге асырылатын және белгiлi сипаттамаларға ие: жылдам көшеден тыс және жер үстi қоғамдық көлiк аялдамаларының болуы, қызмет көрсету, тарих және мәдениет ескерткiштерi, рекреация объектiлерiнiң жоғары шоғырлануы және жаяу жүргiншiлер ағынының жоғары жиынтық жиiлiгi бар аумағының учаскелерi. Жаяу жүретін аймақтар жаяу жүретін көшелерде, аудан алаңдарының жаяу жүретін бөлiктерiнде құрылуы мүмкін.
      14. Жер учаскесiнiң иесi және (немесе) пайдаланушысы - облыс шегiнде жер учаскесiн пайдаланатын жеке және (немесе) заңды тұлға.
      15. Жолдарды күтiп ұстау - жолдың, жол құрылыстарының, жолға бөлiнген белдеулердiң, жолды жайластыру элементтерiнiң көлiктiк-пайдалану жағдайын қолдау нәтижесiндегі қозғалыс қауiпсiздiгi және ұйымдастыру жұмыстарының кешенi.
      16. Көгал – шөптер, гүлдер, ағаштар мен бұталарды көшеттеудi қамтитын көрiктендiрудiң жасанды құрылған элементi.
      17. Көлемді-кеңістікті конструкциялар – ақпаратты орналастыру үшін құрылымның көлемі секілді және де сондай оның беті де пайдаланылатын жарнама объектісі.
      18. Көріктендіру – жер үстiн жабу құралдарын, декоративтiк көгалдандыру және суландыру, күрделi емес құрылыстар, шағын сәулет нысандары, сыртқы жарықтандыру, көрнекi ақпарат, жарнама және басқа да құралдарды пайдаланумен жүзеге асырылатын қалалар мен елді мекендердің қауiпсiздiгiн, ыңғайлылығын мен көркем мәнерлiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған заңды және жеке тұлғалардың бөлiнген және (немесе) бекітілген аумақ шекарасындағы қызметi. Осы қызмет аумақты жинастыруды, санитарлық күтіп-ұстауды, көріктендіру объектілері мен элементтерiн пайдалануды, жөндеуді және қорғауды ұйымдастыруды көздейдi.
      Эспланада – ашық орын, үлкен ғимарат алдындағы алаң, ортасындағы саяжолды кең көше.
      19. Көріктендіру паспорты – аумақтар бекітілген субъектілерге (бекітілген субъектілердің келісімі бойынша) жеке немесе заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы мен орналасқан жерінің мекенжайы, басшының телефоны, тегі, аты, әкесінің аты, жеке идентификациялық нөмірі, бизнес индентификациялық нөмірі, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған келісім шарттың болуы, қатты жабындылар, көгалдар алаңы, бөлінген және бекітілген аумақтардағы ағаштар, бұталардың саны, шағын сәулет нысандарының болуы, аула сыпырушылар (адам саны) немесе аумақты тазалауға арналған келісім шарттың болуы көрсетілген қалалар мен аудан әкімдерінің беретін құжаты. Егер паспортта көрсетілген деректер өзгертілсе, заңды тұлғаның (жеке тұлға) басшысы қала немесе аудан әкімі аппаратын хабардар етеді және көріктендірудің жаңартылған паспортын алады.
      20. Көшелердің санаты – магистральдарды, көшелер мен өтпе жолдарды көлiк қозғалысының қарқындылығына және олардың пайдаланылуы мен күтiп ұсталуына қойылатын ерекшелiктерге байланысты жiктеу.
      21. Қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу арқылы қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою.
      22. Лайтбокс – кестелік және мәтіндік жарнамалық ақпараты бар, жарық тіректерінде, бағандарда, үйлер қабырғаларында, павильондарда және өзге де объектілерде орналасқан жарық қорабы. Орналасуына байланысты бір немесе екі жақты болулары мүмкін.
      23. Өтпе жол - тұрғын үйлер мен қоғамдық үйлерге, мекемелерге, кәсiпорындарға және басқа да құрылыс объектiлерiне көлiк құралдарының өтуiн қамтамасыз ететiн жол элементi.
      24. Пайдаланушы – меншiк иесi өзiнiң мүлкiн жалдау, жалға алу, шаруашылық жүргiзу, жедел басқару және (немесе) заңнамамен немесе шартпен көзделген басқа да негiздерде тапсырған тұлға.
      25. Пилларс – ішкі жарығымен жарнамалық бейнелерімен екі немесе үш тумба (үш қырлы тумбалар, домалақ тумбалар) көрінісіндегі жеке тұрған конструкция.
      26. Пилон – іргетас, каркас тірек және ақпараттық алаңнан (жарық қорабы) тұратын, декоротивтік қырлы панелдермен ішкі жарығы бар жеке тұрған жарнама конструкциясы.
      27. Призматрон – бұл көрнекі беті үш қырлы айналмалы призмадан тұратын, бір уақытта үш жарнамалық бейнені орналастыруға мүмкіндік беретін жарнама жеткізуші. Призматрондар билбордтарға, үйлерге және өзге де стационарлық объектілерге орнатылады.
      28. Рекреациялық аумақтар – халықтың демалу орындарын ұйымдастыруға және жайластыруға арналған, саябақтар және гүлзарлар, су қоймалары, жағажайлар, ландшафт сәулет объектiлерi, сондай-ақ уақыт өткiзетiн және сауықтыру мақсатындағы басқа да орындарды қамтитын ортақ пайдалану орындары.
      29. Рұқсат етiлмеген қоқыс үйiндiсi - өндiрiс және тұтыну қалдықтарының оларды өздiгiнен (рұқсат етiлмей) тастау (орналастыру) немесе қаттау нәтижесiндегі қалдықтардың жиналуы.
      30. Cанитарлық тазалау – халықтың тіршілік етуі нәтижесінде елді мекенде құрылған қалдықтарды жинау, жою және залалсыздардыру мақсаты бар іс-шаралар жүйесі.
      31. Скроллер (роллерлі дисплей) – бұл роллерлі механизмнің көмегімен бейнелер дәйектілігімен ауысып отыратын ішкі жарығы бар динамикалық жарнама жеткізуші. Скроллерлер билбордтарға, үйлерге және өзге де стационарлық объектілерге орнатылады.
      32. Стационарлық сыртқы жарнама және ақпарат құралдары – бұл тұрақты орны бар (билбордтар, пилондар, стелалар, пилларстар, призмотрондар, скромерлер, шатырлар орнату, жарық диодты экрандар және өзге де жарнама объектілері) жарнамалық және ақпараттық хабарламаларды жеткізуші.
      33. Сөре мен терезелерді ресімдеу – сөре, терезелердің мөлдір беттерін ресімдеу; үйлер мен ғимараттардың сөре және терезелерінің шыныланған аралықтарына орналастырылатын көлемді және жазықтықты объектілермен ресімдеу (сөре ішінде - жарықтандыру, жарық элементтері, манекендер, өнімдер, тауарлар, декоративтік және мерекелік ресімдеу; шыныда үлдір түрінде).
      34. Сыртқы жарнаманың және ақпараттың жоғары ауқымды стационарлық құралдары – бұл ақпараттық алаңның 3 шаршы метрден асатын мөлшердегі жарнамалық және ақпараттық хабарламаларды жеткізуші.
      35. Сыртқы жарнама және ақпарат құралдары – сыртқы жарнама мен ақпаратты тасымалдауға арналған конструкциялар, ғимараттар, техникалық бейімділіктер, көркем элементтер мен тасымалдағыштар.
      36. Сыртқы (көрнекi) жарнама - жылжымалы және жылжымайтын объектiлерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде және елдi мекендердегi үй-жайлардың шегiнен тыс ашық кеңiстiкте орналастырылған жарнама.
      37. Сыртқы көріктендіру объектiлерi – кешендi көріктендіру бойынша қызметi жүзеге асырылатын кез келген аумақ: алаңшалар, аулалар, кварталдар функционалдық-жоспарлық құрылымдар, қалалар мен аудандардың аумақтары, сондай-ақ бiрыңғай қала құрылысын регламенттеу (қорғалатын аймақтар) немесе көрнекi-кеңiстiктiк қабылдау (құрылысы бар алаң, iргелес аумағы және құрылысы бар көше) қағидаты бойынша бөлiнетiн аумақтар.
      38. Сұйық қалдықтар – сарқынды сулардан қоспағанда сұйық нысандағы кез келген қалдықтар.
      39. Транспарант-тартпа - өз тірегімен өз тірегіне бекіту құрылғысынан, керу құрылғысы мен ақпараттық бейнелерден тұратын жеке тұрған конструкция.
      40. Тротуар – жолдың жүру бөлiгiне жанасатын немесе одан көгалмен бөлiнген, жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына арналған жол элементi.
      41. Ту конструкциялары қалқалар – бір немесе бірнеше тутұғыр (тұғыр) және жұмсақ ендік негізінде құралған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері мен құралдары.
      42. Тұрмыстық қатты қалдықтар - қатты нысандағы коммуналдық қалдықтар.
      43. Уақытша сыртқы жарнама және ақпарат құралдары (штендерлер, көрсеткіштер) – бұл орналастыру уақыты бойынша шектеу шарттарымен қала аумағындағы анықталған учаскелерде орналастырылған жарнамалық және ақпараттық хабарламаларды жеткізуші.
      44. Хабарландыру – бұл оқырманның, тыңдаушының назарын аудару мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында (газет, журнал, радио, телеарна, хабарландыру тақтасы) орналастырылған немесе жариялаған қандай да бір нәрсе туралы хабарлау, хабарлама (оның ішінде қағаз тасығышта);
      трельяждар және шпалерлер – шырмауық және тірек қажет ететін өсімдіктермен көгалдандыруға арналған тор түріндегі жеңіл ағаш немесе металл құрылым, тыныш демалыс бұрышын ұйымдастыру, күннен қорғану, алаңшаларды, техникалық құрылғыларды және ғимараттарды қоршау үшін пайдалануы мүмкін;
      перголдар – күрке, галерея немесе бастырма түріндегі ағаштан немесе металдан жасалған жеңіл тор тесікті ғимарат, "жасыл тоннель" ретінде қолданылады, алаңшалар мен сәулет объектілері арасындағы өткел;
      гүлзарлар, вазондар – гүл өсімдіктері отырғызылатын өсімдік топырағы бар кішігірім сыйымдылықтар.
      45. Шағын сәулет нысандары – декоративтiк сипаттағы және тәжірибелік пайдалану объектiлері: мүсiндер, фонтандар, оймабедерлер, гүлдерге арналған құмыралар, сауда павильондар, күркелер, орындықтар, урналар, балалардың ойнауына және ересек адамдардың демалуына арналған жабдықтар мен құрылымдар. Шағын сәулет нысандарына сондай-ақ: қоғамдық кеңiстiктер, рекреациялар және аулалар аумағында орналасқан демалуға арналған орындықтардың жазғы кафе, үстел ойындарына арналған алаңқайларындағы – орындықтар мен үстелдердiң әр түрлерi жатады.
      46. Шатырлық орнатулар – үйлердің карнизі деңгейінен жоғары немесе шатырда жартылай немесе толық орналастырылған көлемді немесе жазықтық, жарық конструкциялары. Шатырлық орнатулар бекіту элементтерінен, конструкцияның тірек бөлігінен және ақпараттық орнатудан тұрады.
      47. Штендер – бір немесе екі жағында жарнамалық ақпарат орналастырылған сыртқы жарнаманың (көшірмелі қалқан) мобильді (тасымалы) конструкция.
      48. Iргелес аумақ – көрiктендiру паспорттарына сәйкес бекiтiлген жеке және заңды тұлғалардың меншiгiндегі және (немесе) пайдалануындағы сауда, жарнама және басқа объектiлерге, ғимарат, үй, құрылыс алаңының қоршауы периметрiне және (немесе) жер учаскесiнiң шекарасына тiкелей жанасатын жалпы пайдаланудағы аумақ.
      49 Iрi ауқымды қоқыстар - өзiнiң тұтыну қасиеттерiн жоғалтқан және өздерiнiң мөлшері бойынша арнаулы қоқыс жинайтын машиналармен тасымалдау мүмкіндігін алып тастаған тұтыну және шаруашылық қызметiнiң қалдықтары.

3. Жалпы талаптар

      50. Заңды және жеке тұлғалар мен барлық меншiк түрiндегi кәсіпорындар бөлiнген және белгiленген аумақ шегiнде сәулет, санитарлық, экологиялық талаптарға сәйкес өз қаражаттары есебiнен тазарту, қажеттi жайластыру, сондай-ақ көріктендіру объектiлерi мен элементтерiн күту, күтiп ұстау және жөндеу жұмыстарын жүргiзедi.


      51. Коммуникацияның барлық түрлерiне қызмет көрсететiн шаруашылық субъектiлер тиісті коммуникацияларды күтiп ұстауы және уақытылы жөндеуi, жөндеуден кейiн бүлiнген жабындар мен элементтердi қалпына келтiруi жүргізіледі.
      52. Заңды және жеке тұлғалар инженерлiк коммуникацияларды төсеу, жөндеу және қайта жаңартуға байланысты жұмыстарды жол жабындарын, тротуарлар, көгалдар көріктендірудің элементтерi мен инженерлiк құрылыстарды бүлдiру жолымен тек тиісті қала мен ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары саласындағы уәкiлеттi орган берген жазбаша рұқсаты (ордерi) болған кезде, Қазақстан Республикасының қолданыстағы жер заңнамасының нормаларын сақтаған жағдайда ғана жүргiзе алады. Ордерге бүлінген жабындыларды қалпына келтіру және көріктендіру мерзімдері мен шарттары туралы талаптар қосылады. Жол жабындыларын, тротуарларды, көгалдарды, көріктендіру элементтері мен инженерлік құрылыстарды бүлдіру жолымен инженерлік коммуникацияларды төсеу, жөндеу және қайта жаңартуға байланысты жұмыстардың орындалуына жұмысқа тапсырыс беруші жауапты.
      53. Жеке және заңды тұлғаларға (жұмысқа тапсырыс беруші) рұқсат (ордер) алу үшін келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
      Ережелердің 2 қосымшасына сәйкес өтініш;
      Ережелердің 3 қосымшасына сәйкес екі данадағы жер жұмыстарының өндірісіне арналған ордерді берудің өз тарапынан толтырылған шарт бланкісі;
      Ережелердің 4 қосымшасына сәйкес өз тарапынан толтырылған ордер бланкісі;
      инженерлік коммуникациядағы ойым нүктесімен техникалық шарттардың көшірмесі;
      мердігерлік жұмыстарға (мердігерлер тартылған жағдайда), сондай-ақ осы жұмыс түріне лицензиясы бар ұйымның, егер асфальт бетон жабындысын бұзуы жоспарланса, оны қалпына келтіруге арналған шарт көшірмесі;
      жол жабындарын, тротуарларды, газондарды, көріктендіру элементтері мен инженерлік құрылыстарды бұзу арқылы мердігер ретінде тартылған ұйымның инженерлік коммуникацияларды төсеуге, жөндеуге және қайта жаңартуға байланысты жүргізетін жұмыстарына арналған лицензиясының көшірмесі;
      заңды тұлғалар (тапсырыс беруші) үшін қосымша ұсынатын көшірмелер: бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), кәсіпорынды немесе ұйымды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      жеке тұлғалар (тапсырыс беруші) үшін жеке сәйкестендіру нөмірімен жеке куәлік көшірмесін (ЖСН), мекенжай анықтамасы қосымша ұсынады.
      Жер қазу жұмыстарын (құрылыс, жөндеу) жүргізуге рұқсат (ордер) беруге жазылған өтініштердің қарау мерзімі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңына сәйкес белгіленеді.
      Ордерде бүлінген жерлерді қалпына келтіру және көріктендіру мерзімдері мен шарттары туралы талаптар көрсетіледі.
      Қалпына келтіру жұмыстары аяқталуы бойынша орындалған жұмыстардың сапасыз жүргізілуінен екі жыл ішінде бұзылған мен құлап қалған жағдайда, заңды және жеке тұлғалар (жұмысқа тапсырыс берушілер) бұзылған жабындыларды қайтадан жөндеуі тиіс.
      Заңды және жеке тұлғалар (тапсырыс беруші) ордердегі талапты орындамаса, уәкілетті органмен көріктендірудің элементтері бұзылған тексеріс актісі жасалып, әкімшілік сипаттағы шаралар қолдану үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органына жолданады, сондай-ақ сот тәртібімен ордер талаптарын мәжбүрлеп орындау бойынша шаралар қолданылады.
      54. Жол жөндеу жұмыстарын жүргiзетiн учаскеде заңды және жеке тұлғалар (жұмыстарға тапсырыс берушілер) автожолдарында орналасқан жарамсыз люктердi, нөсерлiк кәрiз торларын ауыстыру, сондай-ақ мүгедектер арбаларының, балалар арбаларының өтуi үшiн және жаяу жүргiншiлер қолайлылығы үшiн жол өтетiн жерлерде жаяу жүргiншiлер тротуарларынан түсетiн жолдарды жайғастыру шараларын қабылдау қажет.
      55. Облыстың қалалары мен аудандарының аумағында:
      1) көшелер мен (немесе) көлiк өтетiн бөлiктi шашыранды жүктерімен ластайтын көлiк құралдарын мұқият жабусыз тасымалдауға;
      2) объект иесi және (немесе) пайдаланушының келiсiмiнсiз және (немесе) осы мақсаттарға бөлiнген жерлерден тыс жерлерде, сонымен қоса Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген белгiленген тәртiпте алынған рұқсатнамалар немесе келiсiмдерсiз хабарландыруларды, плакаттарды, үндеухаттарды, түрлi ақпараттық материалдарды орналастыруға, жазулар мен графикалық бейнелердi салуға;
      3) автомобиль жолдарының жүру бөлiгiне қоқыс, қозғалысқа қауiп келтiретiн заттарды тастауға;
      4) ғимараттардың, құрылыстардың және тұрғын үйлердiң терезелерiнен қоқыс лақтыруға;
      5) арнайы бөлiнген және тиісті жол белгiлерiмен және (немесе) таңбалармен белгiленген орындардан тыс белгiленбеген орындарда көлiк құралдарын қоюға, жууға және орналастыруға;
      6) түрлi белгідегі объектiлердi орналастыруға, сондай-ақ тротуарларда, көгалдарда, балаларға арналған ойын алаңқайларда автокөлiк құралдарын қоюға;
      7) тұрақ үшiн арнайы бөлiнген орындардан басқа, сондай-ақ олардың орналасқан жерiне қарамастан бөлшектенген көлiк тұрағы, арнайы автокөлiктiң өтуiне кедергi келтiретiн аула аумақтарының өтпежолдарында баған, блок және басқа да аумақ қоршауларын тұрғызуға және орнатуға жол берiлмейдi.
      56. Кәсiпорындардың шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде пайда болатын өндiрiс қалдықтарын жинау және уақытша сақтау осы кәсiпорындардың күшiмен, бұл мақсаттар үшін арнайы жабдықталған орындарда белгiленіп, өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру тәртiбінде бекiтiлген лимиттерге сәйкес жүзеге асырылады.
      Кәсiпорын аумағында арнайы белгiленген орындардан тыс қалдықтарды жинау және оларды орналастыру лимиттерiн асыруға жол берiлмейдi.

4. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын жинастыруды және тазалауды ұйымдастыру, жинастырудың түрлерi және негiзгi талаптары

      57. Өнеркәсiп кәсiпорындарының санитарлық-қорғау аймақтарындағы аумақтарын тазалауды осы кәсiпорындардың иелерi және (немесе) пайдаланушылары жүзеге асырады.


      58. Меншiк нысанына тәуелсiз заңды және жеке тұлғалар осы Ережелерге және көрiктендiру паспорттарына сәйкес бөлінген аумақтың шекарасында тазалау, суару және тротуарларға құм себу, қар және қоқыс шығару, суағарларды және сорғыларды тазарту жұмыстарын орындауы қажет.
      59. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын ағымдағы санитарлық күтiп-ұстау және тазалау, кәдеге жарату орындары бар қоқыс шығаруға мамандандырылған кәсiпорындар арқылы жүзеге асырылады және келесi іс-шаралар жүргізілуі қамтамасыз етілуін көздейдi:
      1) қалалар мен елді мекендер аумағындағы қоқыстарды, қалдықтарды жинау және оларды уақтылы шығаруды ұйымдастыру;
      2) қалалар мен елді мекендердегі тиiстi санитарлық жайластыру: тұтыну қалдықтарын жинауға арналған алаңшаларды ретті, ағымдағы тазарту, қалдықтарға арналған контейнерлердің (оларды жинау тiкелей арнайы автомобильдер арқылы ұйымдастырылған жағдайларды қоспағанда) болуы, нормативтiк талаптарға сәйкес урналарды ортақ пайдаланудағы орындарға орнату;
      3) аумағын тазалау, суару, қоқыстарды жинау, қысқы мезгiлде – қарды жинау және шығару, көшелердiң өтпе жолдарын және жаяу жүргiншiлер тротуарларын тайғаққа қарсы қоспалармен өңдеу, белгiленген және (немесе) кәдеге жарататын орындарға тұтыну қалдықтарын шығару, өзендердi, бұлақтарды, арналарды, тартпаларды, нөсерлiк кәрiздердi және су өткiзетiн құрылғыларды қоқыстан тазарту;
      4) санитарлық қорғау аймақтарының нормативтiк шегiндегі аумақты жүйелi түрде күтiп ұстау жұмыстары.
      60. Елдi мекендердiң аумағын санитарлық тазалау жүйесi тұрмыстық және өндiрiстiк қалдықтарды жинау, жою, залалсыздандыру және кәдеге жарату мамандандырылған ұйымдармен көзделуі тиіс.
      61. Жаңадан салынатын учаскелердегі үйлерді пайдалануға енгiзетiн кезде тазалау жұмыстарын ұйымдастыру қажет.
      62. Ғимараттар мен үйлердің, жеке тұрғын құрылыстардың иелерi және (немесе) пайдаланушылары тұрмыстық қалдықтарды шығаруға уақытылы шарт жасауға тиiс.
      Кондоминиум объектiсiн басқару мақсатында құрылған көп пәтерлi тұрғын үйлердегi үй-жайлардың (пәтерлердiң) иелерiнiң коммерциялық емес бiрлестiктерi тиiс:
      1) қоқыс жинағыштар үшiн алаңшаларды жабдықтауы;
      2) азық-түлiктiк қалдықтарды, көшелiк және аулалық қоқыстарды жинауға арналған құрал-саймандармен аула сыпырушыларды қамтамасыз етуi;
      3) қоқыс қабылдаушы камераларды, алаңшаларды, сондай-ақ қалдық жинаушы орындарды жүйелi жуу, дизенфекциялау және дезинсекциялауды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдауы қажет.
      63. Аумақты тазалауды жүзеге асыратын ұйымдар мен кәсiпорындар, тұрғын үйлердiң, ұйымдардың, мекемелердiң аумағынан қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды қолданыстағы заңнамамен шарттарда белгіленген мерзімдерде уақытылы (шарттарға сәйкес) жүзеге асыруы қажет.
  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет