Қарағанды облысының білім басқармасы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығы



бет6/18
Дата17.10.2022
өлшемі118.34 Kb.
#462864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Бүгінгі таңдағы маңызды мәселе әлеуметтік, мемлекеттік тапсырыс талаптарының негізінде, түрлі деңгейлі және көпсалалы білімнің тапсырмаларын шешуге мүмкіндік беретін жаңа білім алу кеңістігін құру болып табылады. Жоғарыда аталған мәселелерді шешу жолдарының бірі, тірек мектептерінің материалдық-техникалық, кадрлық, ақпараттық және оқу-әдістемелік ресурстарын қолдана отырып тірек мектептерін (ресурстық орталықтар) ұйымдастыру, оқу-білім беру пәндерін біріктірудің бірыңғай жүйесімен толық білім беру кеңістігін құру арқылы, шартты магниттік мектеп аталған шағын жинақы мектеп мұғалімдері мен оқушыларының дамуына мүмкіндік пайда болады. Ауылдық шағын жинақы мектептің ерекше мәртебесі оқу-тәрбиелеу, мәдени орталық, сонымен қатар тұрғындардың ауылда тұрақтануына ықпалын тигізетін фактор ретінде, заманауи білім мақсаттарына жетуде ерекше көңіл бөлуді талап етеді.
Миссиясы:
Ауыл оқушыларына үздік білім ресурстарына қолжетімділік беру, осы мақсаттарда білім беру кешеніне кіретін шағын жинақы мектептердің кадрлық, ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық әлеуетін нығайту.
Болжамы:
ШЖМ жалпы білім беру кеңістігіне біріктіретін ресурстық орталықтар құру ауыл білімінің сапасын арттыру мәселелерінің шешімі болмақ.


Мақсаты:
Оқушылар мен тәрбиеленушілерді олардың қажеттіліктеріне сәйкес білімнің барлық деңгейімен және сапасымен қамтамасыз ету.


Міндеттері:
1.Ауыл оқушыларының бастауыш, орта, негізгі орта, жалпы орта білім алуға қолжетімділіктерін кеңейту және қамтамасыз ету;
2. Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану;
3. Сапалы біліммен қамтамасыз ету мақсатында тірек мектебінде (ресурстық орталықта) ШЖМ білім беру ресурстарын нығайту;
4. Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) нұсқаушы, оқу, қорытынды сессия сабақтарын ұйымдастыру бойынша шараларды жүзеге асыру;
5. ШЖМ аралас сыныптарында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру;
6. Ауданның білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлері мен оқушыларын қашықтықтан оқыту жүйесі мен бейінді білім алуларын дамыту, азаматтардың ақпараттық қоғам жағдайында білім алуға қолжетімділігін кеңейту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет