Қарағанды облысының әкімі Облыстық мәслихат хатшысы Н. Нығматулин Б. Жұмабеков 2008-2010 жылдарға арналған



жүктеу 0.62 Mb.
бет1/3
Дата29.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
  1   2   3



2007ж. « 14 » желтоқсан № 41

Облыстық мәслихаттың ІІІ сессиясы шешімімен

БЕКІТІЛДІ
Қарағанды облысының әкімі Облыстық мәслихат хатшысы

____________ Н.Нығматулин ____________ Б.Жұмабеков


2008-2010 жылдарға арналған

Қарағанды облысы бойынша

МӘдени мұра


аймақтық бағдарламасы

Қарағанды қ. 2007ж.
Мазмұны

1. Бағдарламаның төлқұжаты 3

2. Кіріспе 5

3. Қазіргі кезеңдегі аймақтағы мәдени мұра саласындағы мәселелерге

талдау 5

4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері 6

5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі 7


  1. Ұлттық тарихтың тарихи-мәдени, сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту

  2. Археологиялық зерттеулер

  3. Қазақ халқының мәдени мұрасын зерделеу аясындағы ғылыми зерттеулер (ғылыми жобалар дайындау)

  4. Қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттау мен тарихи-мәдени нысандарында туризмді дамытуға байланысты әлеуметтік маңызы бар жобалар

  5. Қарағанды облысы халқының тарихы, мәдени және тарихи мұрасы жөнінде сериялық басылымдар шығару

6. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету және қаржыландыру көздері 9

7. Бағдарламаны іске асырудан күтетін нәтижелер 9
8. 2008-2010 жылдарға арналған Қарағанды облысы бойынша "Мәдени

мұра" аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру іс-шаралар жоспары 11




1. Бағдарламаның төлқұжаты

Бағдарламаның атауы


2008-2010 жылдарға арналған Қарағанды облысы бойынша “Мәдени мұра” аймақтық бағдарламасы


Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабына, Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарының 34 тармағына және Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 мамырдағы №10/12 қаулысымен бекітілген 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламасы


Әзірлеушілер

Қарағанды облыстық мәдениет департаменті


Мақсаты



Рухани және білім беру саласын дамыту, еліміздің мәдени мұрасын сақтау және тиімді пайдалану

Міндеттері


Бағдарламаның міндеттері:

  1. ұлттық тарихтың тарихи-мәдени, сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту;

  2. археологиялық зерттеулер;

  3. қазақ халқының мәдени мұрасын зерделеу аясындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер (ғылыми жобалар дайындау);

  4. қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттаумен тарихи-мәдени нысандарында туризмді дамытуға байланысты әлеуметтік маңызы бар жобалар;

  5. Қарағанды облысы халқының тарихы, мәдени және тарихи мұрасы жөнінде басылымдар шығару.




Іске асырудың 2008-2010жж.

мерзімдері


2008-2010жж.


Қаржыландыру

көздері

Бағдарлама жергілікті бюджеттерден қамтамасыз етіледі. Қаржыландырудың жалпы көлемі 192,3 млн. теңге. Бағдарламаны қаржыландырудың 2008-2010 жылдарға арналған көлемі жергілікті бюджеттің болжамдарына сәйкес нақтыланады.


Негізгі күтілетін

нәтижелер

  1. 10-нан аса ескерткіштер қалпына келтіріледі;

  2. 10-нан аса әр дәуірлік археологиялық ескерткіштерде - қоныстарда, қорымдарда ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі;

  3. мәдени инфрақұрылым кеңейтіліп, тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттау және көпшілікке таныту жұмыстары белсенді түрде жүргізіледі;

  4. тарихи-мәдени мұраны зерттеудің және сақтаудың біртұтас жүйесін жасау шаралары жүзеге асырылады;

  5. 4 бағытта ғылыми кітаптар шығарылады;

  6. Қарағанды облысы ескерткіштерінің Жинағы дайындалады;

  7. Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімділер кітапханасында жасөспірімдерге арналған «Шуақ» тарихи-өлкетану сайты құрылады;

  8. Қарағанды облысы тарихи-мәдени мұрасы жөніндегі ғылыми-көпшілік фильмдер дайындалады;

  9. Қарағанды облысының тарихы, құрылуы және дамуы жөніндегі материалдарды мұрағаттарда анықтау жұмыстары жалғастырылады.





2. Кіріспе
2008-2010 жылдарға арналған Қарағанды облысы бойынша “Мәдени мұра” аймақтық бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабына, Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарының 34 тармағына және Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 мамырдағы №10/12 қаулысымен бекітілген 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламасына сәйкес дайындалды.

Осы Бағдарламаны әзірлеу мәдени мұра саласында қалыптасқан ахуалға неғұрлым белсенді де сындарлы ықпал ету қажеттігінен туындады.


3. Қазіргі кезеңдегі мәдени мұраны қорғау және пайдалану

жағдайын талдау

Аймақтың мәдени мұрасының қазіргі жай-күйі сан ғасырлық дәстүрлерді сақтау мен одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенін қолдан келгенше қамтамасыз етумен, тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерін ашумен, кесенелерді, ежелгі кенттерді консервациялау, қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды жандандырумен, олардың негізінде жаңа тарихи-мәдени орталықтарды құрумен сипатталады.

Қазіргі кезде облыс аумағында 2610 тарихи, археологиялық, сәулет ескерткіштері, 15 музей бар.

1608-і мемлекет қорғауында, 24 ескерткіштің республикалық дәрежесі бар, олардың ішінде Жошы хан, Алаша хан, Домбауыл, Болған Ана кесенелері, Беғазы, Дәндібай зираттары, Саңғыру обасы, Басқамыр, Аяққамыр орта ғасырлық қалалары, буддизмнің ойраттық бағытының Қызыл-Кент сарайы т.б. бар.

Облыста тіркелген ескерткіштердің басым бөлігі археология ескерткіштері. Қазақстанның көне тарихын зерттеуде аса құнды ғылыми материалдарды осы ескерткіштер береді.

2004-2006 жылдарға арналған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы және Қарағанды облысы бойынша 2005-2007 жылдарға арналған “Мәдени мұра” аймақтық бағдарламасы қабылдағаннан кейін халықтың мәдени мұрасын зерттеу, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру осы бағдарламаны іске асырылу жоспарын сәйкес жүргізіліп келді. Осы Бағдарламаны жүзеге асыру аясында Ағыбай батыр, Жошы хан, Алаша хан, Әли Түсіп кесенелерінде қалпына келтіру жұмыстары, Алат, Тегісжол қоныстарында археологиялық зерттеу, Ащысу, Қаратоғай қорымдарында, ерте темір дәуірінің ескерткіштерінде, Жаңаарқа, Осакаровка және Нұра аудандарында этно-тарихи зерттеу жұмыстар жүргізілді. Ғылыми экспедициялар барысында өлке тарихының ерте кезеңіне (тас дәуірі, қола дәуірі және ерте темір дәуірі) қатысты көптеген тарихи жәдігерлер табылды.

Мұрағаттық, тарихи материалдар, Сарыарқаның атақты тұлғаларының өмірі мен өнері туралы естеліктер, облыс тарихы туралы материалдар жиналып баспаға дайындалуда. Ұлытау және Нұра аудандарының діни-ғұрыптық ескерткіштері туралы жинақ дайындалды.

Сонымен бірге аталған Бағдарламаны жүзеге асыру барысында мәдени мұраны сақтау және насихаттау саласында жаңа мәселелер мен сұрақтар туындады, оларды шешу үшін бағдарламаны жалғастыру қажет болды.

Міне, сондықтан да, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев 2007жылғы 13 қаңтарда Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасын жүзеге асыру Қоғамдық Кеңесінің отырысында салалық және аймақтық «Мәдени мұра» бағдарламаларын дайындау және жүзеге асыруға кірісу туралы тапсырма берді.

Қазақстанның ұлттық тарихы үшін орасан зор мәні бар көптеген тарихи, археологиялық және сәулет объектілері шұғыл көмекке мұқтаж. Олардың арасында Қарадын, Кособа, Шон, археологиялық ескерткіштер Тегісжол, Шешенқара және т.б. тарих пен мәдениеттің қайталанбас ескерткіштері бар.

Революцияға дейінгі және совет дәуірі кезінде ел басқару орталықтарының Қазақстаннан тыс жерде болуы салдарынан тарихи құжаттардың едәуір бөлігі көршілес елдердің мұрағаттарында жинақталды. Қазақстан мұрағаттарының XIXғ. қатысты базасы нашар, XX ғасырдың басындағы көптеген оқиғалар қамтылмаған.

Ежелгі тарихи аймақ ретінде Сарыарқа тарихи құжаттарда IX-X ғасырлардан бастап айтылады, XVIIIғ. Ресей империясы Қазақстанды Қытай мен Үндістанға шығатын аймақ ретінде мойындаған. Аталған, одан кейінгі кезеңдердің құжаттары Мәскеу, Санкт-Петербор, Омбы т.б. қалалардың мемлекеттік мұрағаттарда сақталған. Орталық Қазақстан тарихына байланысты құжаттарды анықтап және олармен Ұлттық мұрағаттың Қарағанды облыстық қорын толықтыру мұрағаттық қордың сапасын арттырады.

Өскелең ұрпақты қазақстандық отаншылдық рухында тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жанжақты зерделеудегі ақтаңдақтарды жабу, сондай-ақ қазақ халқының сан ғасырлық рухани тәжірибесін қорыту мақсатында мемлекеттік тарихи, көркем, ғылыми толық дестелерді маңызы ерекше болып отыр.

Осы Бағдарламаның аясында жоғарыда белгіленген мәселелерді кешенді түрде шешу Қазақстан халқының мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және кеңінен таныстыру жүйесін одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.


4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты тарихи-мәдени мұраны рухани және білім беру саласының маңызды бөлігі ретінде зерделеудің және қалпына келтірудің кешенді жүйесін жасау.

Аталған бағдарлама мәдени мұра саласының негізгі басымдықтарын, оларды сақтаудың, қалпына келтірудің және насихаттаудың жолдарын анықтайды.

Бағдарламаның мақсатын орындау үшін төмендегі міндеттерді орындау жоспарланған:


  1. Ұлттық тарихтың тарихи-мәдени, сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту

  2. Археологиялық зерттеулер

  3. Қазақ халқының мәдени мұрасын зерделеу аясындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер (ғылыми жобалар дайындау)

  4. Қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттаумен тарихи-мәдени нысандарында туризмді дамытуға байланысты әлеуметтік маңызы бар жобалар

  5. Қарағанды облысы халқының тарихын, мәдени және тарихи мұрасы жөнінде басылымдар шығару


5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
Бағдарлама 2008-2010 жылдар аралығындағы кезеңде іске асырылады және мәдени мұраны сақтау мен жаңғыртудың негізгі бағыттарын қарастырады:

  1. Ежелгі және ортағасырлық қалаларды, қоныстарды, қорғандарды археологиялық зерттеудің және оны туризм инфрақұрылымы жүйесіне енгізудің тұтастай жүйесін қалыптастыру;

  2. Облыс территориясындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау мақсатында толыққанды зерттеу жұмыстарын жүргізу;

  3. Облыстың ескерткіштер Жинағын дайындау;

  4. Облыстағы аса құнды тарихи-мәдени ескерткіштерді анықтап, олардың жағдайын зерттеу, сақтау және қалпына келтіру шараларын дайындау;

  5. Облыстың тарихи-мәдени мұрасы туралы ғылыми-энциклопедиялық топтамалар мен көркемделген альбомдар дайындау;

  6. Облыс тарихи-мәдени мұрасы жөніндегі ғылыми-көпшілік фильмдер дайындау;

  7. Аймақ тарихы жайлы мұрағаттық материалдар жинау.

Осындай сәйкес бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары:

Ұлттық тарихтың тарихи-мәдени, сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту

Археологиялық зерттеулер

Қазақ халқының мәдени мұрасын зерделеу аясындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер (ғылыми жобалар дайындау)

Қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттаумен тарихи-мәдени нысандарында туризмді дамытуға байланысты әлеуметтік маңызы бар жобалар

Қарағанды облысы халқының тарихын, мәдени және тарихи мұрасы жөнінде басылымдар шығару


5.1 Ұлттық тарихтың маңызды тарихи-мәдени, археология және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту
Аймақтың тарихы мен мәдениетінде аса маңызды орны бар тарихи-мәдени және архитектуралық ескерткіштерді қалпына келтіру қарастырылған.

Тарихи-мәдени ескерткіштерді қайта жаңғырту мақсатында Қарағанды облысында - Қарадын, Қособа, Шон және т.б. аса құнды ескерткіштерді қалпына келтіру және консервациялау жұмыстары жүргізіледі.


5.2. Археологиялық зерттеулер
Археологиялық мұра мәдени мұрамыздың маңызды бөлігі ретінде белгілі және ол халықтың материалдық жады болып табылады және оған еліміздің тарихын зерттеуде, тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтауда және пайдалануда ерекше орын берілді.

Ескерткіштердегі қазба жұмыстары, оларды консервациялау және мұражайландыру бірнеше жылдарды керек ететінін ескере келе екінші кезеңде бірінші кезеңде таңдап алынған маңызды ескерткіштердегі жұмыстарды жалғастыру арқылы археологиялық зерттеу жұмыстарын тереңдете түсу қажет.

2008-2010 жылдарға арналған бағдарламада ежелгі Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін терең зерттеулер қарастырылған.

Тегісжол, Шешенқара және сол сияқты басқа қорғандарда, қоныстарда, қорымдарда кешенді ғылыми-археологиялық зерттеулер жүргізіледі.


5.3. Қазақ халқының мәдени мұрасын зерделеу аясындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер (ғылыми жобалар дайындау)
Аймақтың атақты тарихи тұлғаларының мұрасын, қазақтың мәдени мұрасында маңызды тарихи орны бар сирек кездесетін қолжазбаларды, кітаптар мен мұрағаттық құжаттарды анықтау және алу мақсатында мұрағаттар мен кітапханаларға ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылады.

Мәдени мұраны, оның ішінде фольклорды, әдет ғұрыптарды зерттеудің біртұтас жүйесін жасау шаралары жүзеге асырылады.

Көшпелілердің материалдық мәдениеті болып табылатын қыстаулар, қоныстар, бейіттер, құдықтар, көшпелі жолдар мен бағыттардың картографиясын, жазбасын жасау, зерттеу және талдау; облыс аумағында шаруашылық жүргізу мен табиғи-ландшафттық аймақтарды экономикалық тұрғыдан игеру түрлерін жаппай зерттеу; қазақ этносының ру-тайпалық атауларын жан-жақты зерттеу; көшпелі халықтардың, соның ішінде бірінші кезекте қазақ халқының мәдениеті мен тарихы туралы маңызды еңбектерді басып шығару бойынша кең көлемді жұмыстар жүргізіледі.


    1. Қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттаумен тарихи-мәдени нысандарында туризмді дамытуға байланысты әлеуметтік маңызы бар жобалар

Іс-шаралар жоспарының басты - аймақтың тарихи және этномәдени орталықтарын мәселелерінің бірі сәулет-кеңістігін және этномәдени ортаны қалпына келтіру болып табылады.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін облыстың тарихи мұрасы туралы ғылыми-көпшілік фильмдер түсіру және Қарағанды облыстық тарихи-мәдени ескерткіштер Жинағын дайындау және т.б. шаралар қарастырылған.
5.5. Қарағанды облысы халқының тарихын, мәдени және тарихи мұрасы жөнінде сериялық басылымдар өңдеу
Қазақстанның тарихы, археологиясы, этнографиясы және мәдениеті бойынша жаңа кітаптар шығару Бағдарлама іс-шараларына енгізіледі.


  1. «Сарыарқа мәдениеті» жинағы;

  2. Қарағанды облысы халықтарының әдет-ғұрып, салт дәстүрлері жөніндегі жинақ;

  3. облыстың ескерткіштер Жинағы;

  4. аймақтың ескерткіштерін ғылыми зерттеулер туралы жинақтар (археологиялық, тарихи, этнографиялық);

  5. “Қарағанды облысының тарихи-мәдени мұрасы” кітап-альбомы;

  6. интернет-сайттар мен порталдар дайындалады.


6. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету және қаржыландыру көздері
Бағдарлама жергілікті бюджеттерден қамтамасыз етіледі.

Қаржыландырудың жалпы көлемі 192,3 млн.тенге, оның ішінде 2008 жылы – 59,7 млн.теңге, 2009 жылы – 68,7 млн.теңге, 2010 жылы – 63,9 млн.теңге.

Бағдарламаны қаржыландырудың 2008-2010 жылдарға арналған көлемі жергілікті бюджеттің болжамдарына сәйкес нақтыланылады.



  1. Бағдарламаны іске асырудан күтетін нәтижелер

Бағдарламаны жүзеге асыру ұлттың рухани-білім беру және зияттық-мәдени деңгейінің көтерілуіне, өскелең ұрпақты әлемге ортақ құндылықтар, қазақстандық отаншылдық рухында тәрбиелеуге, қоғамды одан әрі топтастыруға ықпал етеді.

Төмендегідей нәтижелер күтіледі:


  1. 10-нан аса ескерткіштер қалпына келтіріледі;

  2. 10-нан аса әр дәуірлік археологиялық ескерткіштерді - қоныстарда, қорымдарда ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі;

  3. мәдени инфрақұрылым кеңейтіліп, тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттау және көпшілікке таныту жұмыстары белсенді түрде жүргізіледі;

  4. тарихи-мәдени мұраны зерттеудің және сақтаудың біртұтас жүйесін жасау шаралары жүзеге асырылады;

  5. 4 бағытта ғылыми кітаптар шығарылады;

  6. Қарағанды облысы ескерткіштерінің Жинағын дайындалады;

  7. «Шуақ» жасөспірімдерге Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімділер кітапханасымен тарихи-өлкетану сайты құрылады;

  8. Қарағанды облысы тарихи-мәдени мұрасы жөніндегі ғылыми-көпшілік фильм дайындалады;

  9. Қарағанды облысының тарихы, құрылымы және дамуы жөніндегі мұрағаттық материалдарды ТМД және алыс шет елдер мұрағаттарында анықтау жұмыстары жалғастырылады.

1 Қосымша

8. 2008-2010 жылдарға арналған Қарағанды облысы бойынша "Мәдени мұра" аймақтық бағдарламасын

жүзеге асыру іс-шаралар жоспары

№ р/с

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Орындалуына жауаптылар

Орындалу мерзімі

Болжанып отырған шығыстар млн. тенге

Қаржыландыру көздері

2008ж

2009ж

2010ж

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  1. Ұлттық тарихтың тарихи-мәдени, сәулет және археология ескерткіштерін қайта жаңғырту

1

Қарадын және Қосаба

ескерткіштері,

Ұлытау ауданы


Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2008ж.

6,5

 

 

Жергілікті бюджет

2

Ахмет ишан мешіті,

Ұлытау ауданы



Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2008ж.

5,5

 

 

Жергілікті бюджет

3

Шөже кесенесі, Құсбек қорымы, Қарқаралы ауданы

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2008ж.,

2010ж.


3,5

 

 2

Жергілікті бюджет

4

Нүркен 2 қорымы,

Қарқаралы ауданы



Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2008-2009жж.

4

2




Жергілікті бюджет

5

Шон кесенесі,

Жаңаарқа ауданы



Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2009ж.

 

3,2

 

Жергілікті бюджет

6

Бұрынғы Карлаг басқармасының ғимараты

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2008ж.

9







Жергілікті бюджет

7

Сайдалы Сары Тоқа кесенесі,

Жанаарқа ауданы



Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2009ж.

 

7,5

 

Жергілікті бюджет

8

Қола дәуіріндегі Беғазы-Дәндібай мәдениетіндегі кесенелерді зерттеу және консервациялау

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2009-2010жж.

 

5,3

8,5

Жергілікті бюджет

9

Ақтардың қолынан қаза тапқан 78 коммунарлар ағайындылар зиратындағы тақта, Қарқаралы қаласы

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2009ж.




 4




Жергілікті бюджет

10

Ерден Сандыбайұлы кесенесі,

Ұлытау ауданы



Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2009ж.

 

6,5

 

Жергілікті бюджет

11

А.Байтұрсынов мектебі

Қарқаралы ауданы



Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2008ж.

1







Жергілікті бюджет

12

Хан ордасы қалашығы

ХІV-ХVғғ, Ұлытау ауданы



Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2010ж.







6

Жергілікті бюджет

 

1 тарау бойынша барлығы

 

 

74,5

29,5

28,5

16,5




  1. Археологиялық зерттеулер

13

Дария қорымы,

Шет ауданы



Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2008-2009жж.

2

2

 

Жергілікті бюджет

14

"Тегісжол" әр кезеңдегі археологиялық ескерткіштер кешені, Бұқаржырау ауданы

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2008-2009жж.

2

2



Жергілікті бюджет

15

Шешенқара әр кезеңдегі археологиялық ескерткіштер кешені, Бұқаржырау ауданы

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2008-2009жж.

2

2




Жергілікті бюджет

16

Облыс аумағында тас дәуіріндегі археологиялық ескерткіштерді зерттеу

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2008ж.

1,8

 



Жергілікті бюджет

17

Солтүстік Бетпақдала мен Ұлытаудың батыс аймақтарының ескерткіштерін археологиялық зерттеу

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2010ж.

 




6,5

Жергілікті бюджет

18

Қола және ерте темір дәуіріндегі Қарқаралы аймағындағы ерте металлургтер мен мал шаруашылық мәдениеті

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2009-2010жж.




2

1,5

Жергілікті бюджет

19

Орталық Қазақстандағы ертегі темір дәуірінің ескерткіштері

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2010ж.






3,5 

Жергілікті бюджет

20

Балқаш к. Тасарал археологиялық ескерткіштер аралы, Ақтоғай ауданы

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2008-2009жж.

2

4,5

 

Жергілікті бюджет

21

Майқұдық қорымы қола дәуірі,

Қарағанды қаласы



Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2008-2009жж.

2,2

2,2

 

Жергілікті бюджет

22

Қарағанды облысындағы ежелгі түрік және қыпшақ дәуірлерінің ескерткіштері

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2010ж.

 




1,8

Жергілікті бюджет

23

Орталық Қазақстанның қала мәдениетін зерттеу

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2008-2009жж.

1,5

2




Жергілікті бюджет

 

 2 тарау бойынша барлығы

 

 

43,5

13,5

16,7

13,3

 

  1. Қазақ халқының мәдени мұрасын зерделеу аясындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер

(ғылыми жобалар дайындау)

24

Сары Арқаның қолданбалы өнерін зерттеу

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2010ж.






1,3

Жергілікті бюджет

25

Қарағанды облысының кітапханалары қорындағы өлкетану туралы құжаттарды сақтау

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2009-2010жж.



1

 4,5

Жергілікті бюджет

26

Сарыарқаның этнотарихы

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2010ж.






2,4

Жергілікті бюджет

27

Қарағанды облысы халықтарының ауызша халық шығармашылығын жинау және зерттеу мақсатында ғылыми-фольклорлық экспедициялар ұйымдастыру, жинақ шығару

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2009-2010жж.

 

2

1,5

Жергілікті бюджет

28

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорын толықтыру үшін ғылыми экспедициялар өткізу

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2009-2010жж.



 3

4,2

Жергілікті бюджет

 

 3 тарау бойынша барлығы

 

 

19,9

0

6

13,9

 

4. Қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттаумен тарихи-мәдени нысандарында туризмді дамытуға байланысты әлеуметтік маңызы бар жобалар

29

Қазақстан мемлекеттік мұрағат қорларындағы облыс тарихы туралы материалдарды баспадан шығару

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2008ж.

1,2

 

 

Жергілікті бюджет

30

«Қарағанды облысы театрлары» атты кітап-альбом шығару

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2010ж.

 

 

1,5

Жергілікті бюджет

31

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының «Бабалар бейнесі» залын қайта жаңғырту

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2010ж.



 

5,5

Жергілікті бюджет

32

Облыстың ХҮІІІ-ХХ ғасырдағы археологиялық картасын дайындау

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2010ж.

 




2,2

Жергілікті бюджет

33

Аэрофото түсірумен ескерткіштерді анықтау технологиясын өңдеу және сынама жұмысын жүргізу

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2010ж.

 



1,5

Жергілікті бюджет

34

Беғазы-Дәндібай мәдениетіндегі тарихи-археологиялық ескерткіштер туралы ғылыми-танымдық фильм түсіру

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2010ж.

 



1

Жергілікті бюджет

35

Қарқаралы-Кент тау массивіндегі археологиялық ескерткіштер туралы ғылыми-танымдық фильм түсіру

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2010ж.

 

 

2

Жергілікті бюджет

 

 4 тарау бойынша барлығы

 

 

14,9

1,2

0

13,7

 

5. Қарағанды облысы халқының тарихын, мәдени және тарихи мұрасы жөнінде сериялық басылымдар өңдеу

36

Ж.Бектұров атындағы облыстық жастар кітапханасы "Шуақ" жастар үшін тарихи-өлкетану сайтын құру

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2009ж.




1,8

 

Жергілікті бюджет

37

Шет, Ақтоғай, Жаңаарқа аудандарының тарихы туралы жинақ

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2010ж.







2

Жергілікті бюджет

38

Қарағанды облысы бойынша ескерткіштер жинағы

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2008-2009жж.

13,5

13,5 

 

Жергілікті бюджет

39

"Қарағанды облысы мұражайлары" мұражайлық web-портал құру

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2008ж.

2

 




Жергілікті бюджет

40

«Қарағанды облысының тарихи-мәдени мұра» сайтын құру

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2010ж.

 

 

2

Жергілікті бюджет

41

Қарағанды суретшілерінің жұмыстарын қалпына келтіру

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2010ж.





2,5

Жергілікті бюджет

42

«Сарыарқа мәдениеті» жинақ шығару

Облыс әкіміне ақпарат

ОМД, инспекция

2009ж.



2,2

 

Жергілікті бюджет

 

5 тарау бойынша барлығы

 

 

39,5

15,5

17,5

6,5







Бағдарлама бойынша барлығы







192,3

59,7

68,7

63,9



  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет