Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтпаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2017 жылдарға арналған Кешенді жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы Жиынтық ақпарат



Дата03.07.2016
өлшемі330.29 Kb.
#174689



Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтпаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2017 жылдарға арналған Кешенді жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы

Жиынтық ақпарат
Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтпаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2017 жылдарға арналған Кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1283 қаулысымен бекітілген.

Кешендi жоспар бойынша барлығы 38 іс-шара қарастырылған, негізінен оларды орындау мерзімі 2012 жылғы шілде айынан басталады, оның ішінде есептік мерзімде 17 іс-шараларды орындауды бастау көзделген, ал 21 іс-шараларды орындау мерзімі 2013 жылдан 2017 жылдар аралығына көзделген. Осыған байланысты, Қарағанды облысы әкімдігінің және мүдделі мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың тарапынан Кешендi жоспардың орындалған іс-шаралары бойынша, келесідей көрініс табатын аралық ақпараттары ұсынылады:



1 тармақ. Жезқазған кен орнының (Анненский, Северный, Восточный, Южный, Степной, Западный кеніштері) теңгерімді және теңгерімнен тыс қорларын, қорғалатын кентіректер мен қуаты аз кен шоғырларының қорларының бас қайта есебін жүргізу және кен қорын өңдеудің ТЭН-ін жасау мен оларды қайта өңдеуге тарту (орындауға жауаптылар – Қарағанды облысының әкімдігі, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2012-2014 жылдардың шілдесі, 2015 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 7-3/1048 ақпараты бойынша, 1-ші кезең: теңгерімді есептеу үшін және 6 кен орын телімдері (Анненский, Северный, Восточный, Южный, Степной, Западный кеніштері) бойынша ТЭН-ді әзірлеуге деректер базасын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2 тармақ. Жезқазған кен орнының тау-кендік бөлу аумағында геологиялық барлау жұмыстарын өткізу бойынша іс-шараларды қосымша қаржыландыруды жүргізу (орындауға жауаптылар – Қарағанды облысының әкімдігі, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2012-2014 жылдардың шілдесі, 2016 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2012 жылға геологиялық барлау жұмыстарын өткізуге (Жезқазған, Жаман-Айбат, Сарысу) «Қазақмыс Эксплорейшн» ЖШС-і 3,3 млрд.теңге сомасында инвестициялар бөлді. Жобалар әзірленді және бекітілді, Жезқазған кен орнының тау-кендік бөлу аумағында бұрғылау жұмыстары жүргізілуде (200 шақырымнан 32,5 шақырым барлау скавижиналары бұрғыланған). Жұмыстар кесте бойынша жүруде. 876,8 млн. теңге игерілді.

3 тармақ. «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-на: 1) Жақсыайыртау, Атасай, Соналы мысқұрамды аудандарын, сонымен қатар инвесторлармен бірге бірлескен кәсіпорындар құру үшін Жезқазған ұңғымасының Дәуітбай учаскесінде; 2) екінші  қайта өңдеу өндірісін ұйымдастыру үшін техногендік минералдық түзілімдерде; 3) түсті металлдар, полиметалл кендері, қоңыр көмір, тұз және т.б. кен орындарында (Жезді, Дәуітбай, Дүйсембай, Қияқты, Маман кен орны) жер қойнауын пайдалану құқығын беру мәселесін пысықтау (орындауға жауаптылар – ИЖТМ, «Сарыарқа» «ӘКК» ҰК» АҚ (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2012-2014 жылдардың шілдесі)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Қарағанды облысы әкімінің өкімі бойынша жер қойнауын пайдалану саласында инвестициялық жобаларды іздестіру және талдау бойынша жұмыс тобы құрылды.

«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ы тарапынан Қарағанды облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарының техногенді минералдық қалыптасуларының қорларын түгендеу және бөлу балансы жүзеге асырылды. Бүгінгі күні «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ы Қазақмыс Корпорациясымен бірлесе Дәуітбай, Дүйсембай, Талсай учаскелерін бірлесе геологиялық барлау жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

Жезқазған өңірінің перспективалы учаскелерінде геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС бірлескен кәсіпорынды құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Геологиялық ақпарат алынды. Зерттеу және өндіру жұмыстарының жобасын әзірлеу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Қарағанды облысының әкімдігіне Маманск (гипс), Алтыбай (құрылыс құмы), Қызыл (қаптау тасы) жалпы таралған пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша тікелей сұхбаттасулар жолымен жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтінім жолданды.



Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпараты бойынша, «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-мен «Жезді» түсті металдар кен орыны (марганец) бойынша тікелей келіссөздер жүргізілді, сондай-ақ «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ы заңнамада белгіленген тәріппен жер қойнауын пайдалану онтрактың жобасын әзірлеуді бастады.

4 тармақ. Техногендік минералды түзілімдерді  екінші қайта өңдеуге тарту: 1) Жезқазған мыс қорыту зауытының үйінді қожы, көлемі - 1000 мың тонна; 2) Қазақстан Республикасының қорлары бойынша мемлекеттік комиссияда геологиялық барлау және сараптама жүргізу бойынша қосымша іс-шаралар өткізе отырып көлемі 62371,9 мың тонна Жезқазған №1 және 2 байыту фабрикасының №3  қалдық қоймасы (орындауға жауаптылар - Қарағанды облысының әкімдігі, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2012-2014 жылдардың шілдесі, 2016 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, бүгінгі күні «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-мен техногендік минералды түзілімдерді түгендеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жезқазған байыту фабрикасында Жезқазған мыс қорыту зауытының үйінді қожыны 1,8 млн.тонна көлемінде қайта өңдеуге жоба бекітілді. 243 мың тонна Жезқазған мыс қорыту зауытының үйінді қожыны қайта өңдеу енгізілген, қорытындысында қосымша тағы 600 тонна мыс өндірілді.

Жезқазған байыту фабрикасындағы №2  қалдық қоймасында «Қазақмыс Эксплорейшн» ЖШС-нің мердігерлік ұйымдары геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп отыр. Бұрғылау жұмыстар жобасы әзірленді, коммерциялық ұсыныс анықталып отыр. Жұмысты орындау бойынша қалдық қоймасын қайта өндеуді мақсатты екені анықталады. «Қазақмыс Экплорейшен» фирмасының кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде.

5 тармақ. Кенттің тұрғындарын көшіру және әлеуметтік және коммуникациялық инфрақұрылымын ауыстыру жөніндегі мәселені пысықтау арқылы Жезқазған кенті мен оған іргелес елді мекендердің астындағы қорғалатын кентіректің құралымында мыс бар кендерінің қорларын игеруді бастау (орындауға жауаптылар – Қарағанды облысының әкімдігі, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2012-2016 жылдардың қаңтар, шілдесі)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, оы іс-шара бойынша мәселе «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС–мен пысықталуда. Қазіргі уақытта ГПИО-мен тұрғындарды көшіру және инфрақұрылымды ауыстыру бойынша ТЭН орындалды, қарастырып және бекітілгеннен кейін мыс бар кендерінің қорларын игеруді бастауды әзірлеу кестесін құру мүмкін. Тұрғындарды көшіру мерзімі 2013 жылдың сәуірі деп белгіленген.

6 тармақ. Жезқазған кен орындарынан тысқары орналасқан, оның ішінде Жыланды кенорындары тобы қорларының базасындағы (Шығыс Сарыоба, Итауыз, Батыс Сарыоба, Қыпшақпай және Қарашошақ) тау-кен өндіру кәсіпорындарының құрылысын жалғастыру (орындауға жауаптылар – Қарағанды облысының әкімдігі, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2012 жылғы шілде)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта тау-кен өндіру кәсіпорындарының құрылысы бойынша келесідей жұмыстар жүргізілуде:

- Итауыз кен орын бойынша – аршу және карьерлерді қайта салу жұмыстары жүргізілуде;

- Шығыс Сары-Оба –ТЭР әзірленген, жобаны түзетулер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстардың басталуы 2013 жылдың тамызы;

- Батыс Сары-Оба – ресурстық ТЭР үлгісін дайындау. Қорытындысы бойынша жобалау мен жұмысқа кірісу туралы шешімі қабылданатаын болады.

- Қыпшақбай және Қаршошақ жұмыстары жоспарға сәйкес 2012 жылдың 3-4 тоқсанында басталатын болады.

7 тармақ. Балбырауын және Керегетас темір кен орындарын зерттеу мен одан әрі игеруді қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ете отырып, тиімді инвесторды іздестіру мәселесін пысықтау (орындауға жауапты – Қарағанды облысының әкімдігі, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС (келісім бойынша), «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2012-2014 жылдардың қаңтар, шілдесі)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, бүгінгі күнге «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-і тарапынан «Балкер Тау» ЖШС тұлғасында аталған темір кенді кен орындарын зерттеу және одан әрі әзірлеуге қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша тиімді инвестор табылған. Ведомствоаралық комиссияның рұқсаты алынды (22.12.2011ж. ИЖТМ рұқсаты), азаматтық-құқықтық мәмілені жасау жолымен жер қойнауын пайдалану құқын беру іске асырылды. Шарттарға сәйкес толықтырулар құрылды және құзыретті органның жұмыс тобының қарастыруына бағытталды (17.02.2012 ж. № 01/352 ИЖТМ хаты). Беру рәсімдеу сатысында – Шартқа толықтыру ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде қарастырылуда және бекітілуде.

8 тармақ. Жер қойнауын пайдалану құқығын «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ға бере отырып, сызықтық кварцтың бос кен орындарының базасында ферросилиций өндіру бойынша ферроқорыту өндірісін құру бойынша ұсыныстар әзірлеу (орындауға жауаптылар – Қарағанды облысының әкімдігі, «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «Тау-Кен Самұрық» ҰТКК» АҚ (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2012-2013 жылдардың шілдесі)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 2887 шартқа сәйкес «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ Ақшоқы-3 кен орынында сызықтық кварцты өндіру құқығы бар болып табылады. Әлеуетті серіктес ретінде «SilKaz» АҚ кандидатурасы қарастырылуда.

АО «SilKaz» АҚ стратегиялық серіктес болып бекітілгеннен кейін, Ақшоқы-3 сызықтық кварц кен орынында бірлескен өндіріс пен ӘК пайдасына жер қойнауын пайдалану құқығы бойынша сәйкес тәртіпті өтуді ұйымдастыру. Ферроқорыту өндірісін құру жоспарлануда.



9 тармақ. Кейіннен өндіріс құру арқылы сульфиді аз кеніштер үшін гидрометаллургия технологиясын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу (орындауға жауаптылар – Қарағанды облысының әкімдігі, «Минералды шикізатты кешендік өңдеу жөніндегі ұлттық орталық» РМК (келісім бойынша), «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2012-2014 жылдардың шілдесі, 2017 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша,

«Минералдық шикізатты кешенді түрде қайта өңдеу бойынша Ұлттық орталық» РМК-мен сульфиді аз кеніштер үшін гидрометаллургия технологиясын әзірлеу бойынша мәселе пысықталуда. «Қазақмыс» Корпорациясы ЖШС ғылымды дамытуға, өндіріске жаңа технологияларды енгізуге қаражат салып отыр. Сілтілеу әдісі деп аталатын, асыл компоненттерді алудың гидрометаллургиялық әдісін қолдану жолымен өндірістің өзіндік құнын төмендетпекші. 2012 жылы 2012-2014 жылдарға металлургиялық байыту өндірісінің қалдықтарынан және аз қуатты кенді кен орындарының баланстан тыс қорларынан металлдарды алу технологиясын әзірлеуге шарт жасалды.

Жезқазған аймағының аз кеніштер гидрометаллургия технологиясын әзірлеу бойынша кезеңдік іс-шара жоспары әзірленді.

10 тармақ. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС қатысуымен екінші деңгейдегі банктер арқылы қаражатты негіздеп орналастыру жолымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы Қарағанды облысы Жезқазған, Сәтпаев қалалары мен Ұлытау ауданының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беруді ұйымдастыру (орындауға жауаптылар – Қарағанды облысының әкімдігі, «Даму» КДҚ»АҚ (келісім бойынша), «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС (келісім бойынша), орындау мерзімі – жыл сайын)

2012 жылғы 5 сәуірде «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Жезқазған қаласының өнеркәсіп пен кәсіпкерлер Ассоциациясының, Өнеркәсіп пен кәсіпкерлік басқармасының өкілдері, Жезқазған, Сәтбаев ққ. мен Ұлытау ауданы әкімдерінің орынбасарлары бар жұмыс тобы құрылды.

Қазіргі уақытта кредит беру үшін Жезқазған қаласының өнеркәсіп пен кәсіпкерлер Ассоциациясы Жезқазған, Сәтбаев ққ. мен Ұлытау ауданының кіші және орта кәсіпкерлектің субъектілер жобаларды жинауын атқаруда.

11 тармақ. Жезқазған қаласында қуаты 9400 т. дейінгі ет бағытындағы құс фабрикасын ашу (орындауға жауаптылар – Қарағанды облысының әкімдігі, «Capital Projects Ltd»ЖШС (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2012 жылғы шілде)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2012 жылы «Capital Projects Ltd» ЖШС 89,9 млн.теңге сомасына инвестициялар бөлінді. «Capital Projects LTD» ЖШС тарапынан №17 құс өсіретін орында технологиялық құрылғыларды монтаждау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Инкубаториде «ЕМКА inkubators» (Бельгия) жабдықтаушы-фирмасы өкілдерінің қатысуымен технологиялық құрылғылар орнатылуда. Сонымен қатар, инкубаторий ғимараттарында жөндеу-құрылыс жұмыстары жалғастырылуда.

№11, 20, 15, 16 құс өсіру орындарында да жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сою цехын, қалдықтарды жою цехын, мұздатқышты, сонымен қатар ұзындығы 7 км ВЛ 10 кВт және кәріз коллекторын жобалауға шарттар жасалды. №8 құс өсіру орнында инкубациялық жұмыртқа алу мақсатында тауықтарды жасанды жолмен ұрықтандыру технологиясы енгізілді.

Қазіргі уақытта кәсіпорында асыл тұқымды құстың 30 мың басы, оның ішінде 15 мың бас жұмыртқалаушы тауық бар. Кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың саны 114.

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның 2012 жылғы 28 маусымдағы № 09-10/422 ақпараты бойынша, қазіргі уақытта «КазАгроҚаржы» АҚ еншілес ұйымы тарапынан ТОО «Capital Projects Ltd» ЖШС жобасы – Қарағанды облысының Кеңгір ауылында орналасқан қуаты 9400 т. дейінгі ет бағытындағы құс фабрикасын ашу қаржыландыруда. Бұл жобаны іске асыру 200 жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, сондай-ақ құстың етінің бағасын төмендетуге және тұрақтандыруға ықпал етеді.

Жобаның құны 2 865,7 млн. теңгені құрайды, оның ішінде ҚР Ұлттық Банкінің қаражаттары есебінен қаржыландыру сомасы 2 376,4 млн. теңгені құрайды, ол жобаны қаржыландырудың бекітілген құрылымының жалпы лимитінен 87% құрайды.

Бүгінгі күнге қондырғылар толықтай түсті, арыз алушы тарапынан ескі қондырғыларды бұзу жүргізілді, құс фабрикасын қайта жаңарту және жаңа қондырғыларды орнату жүргізілуде. Нысанда пайдалануға беру 2012 жылғы 31 желтоқсанға жоспарлануда.

12 тармақ. Жезқазған қаласында тігін өндірісін жаңғыртуды және кеңейтуді жүргізу (орындауға жауаптылар – Қарағанды облысының әкімдігі, «Ютария Ltd» ЖШС (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2012 жылғы шілде)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Жезқазған қаласында тігін өндірісін жаңғыртуды және кеңейту жобасы 2012 жылдың 21 маусымында пайдалануға берілді. 230 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жобаның қуаттылығы жылына 1,8 млн. дана тігін өндірісін шығарады. Жеке инвестиция қаражат есебінен бөлінген қаржы толық көлемде игерілді.

13 тармақ. Тамшылап суару жүйесін қолданумен бағбандықты, жеміс-көкөніс дақылдарын өндіруді дамыту бойынша жылыжай шаруашылығын құру жөніндегі жұмысты жүргізу (орындауға жауаптылар – Қарағанды облысының әкімдігі, жеке инвестор, «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» холдингі» АҚ (келісім бойынша), «Даму» қоры» АҚ, орындау мерзімі – 2012 жылғы шілде)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың ақпан айында 1 га аумағында жылыжай шаруашылығы пайдалануға енгізілді. Сынамалық отырғызу нәтижесінде: 212 кг қияр, 1276 шоқа көкас пен ақжелек, 600 шоқа салат жапырағы және т.б. жиналды. Қазіргі уақытта гүлдерді (70 мың дана) бағу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның қуаттылығы жылына 500 тонна көкініс пен 100 мың дана гүлді құрайды. Қуатты күшіне 2013 жылдың 2 тоқсанында шықпақ.

14 тармақ. Жезқазған ЖЭО қайта жаңарту мен жаңғырту бойынша жұмыстар кешенін және техникалық іс-шараларды жүргізу (орындауға жауапты – Қарағанды облысының әкімдігі, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2013-2015 жылдардың шілдесі, 2016 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Жезқазған ЖЭО негізгі жабдығын жаңғырту жұмыстары бойынша және күрделі жұмыстар кестесі әзірленді. ТЭН әзірлеу бойынша қаржыландыру мәселесі шешілді. 2012 жылы өндіріс бюджетінде ЖЖЭО жаңғырту мен қайта жаңарту бойынша кешендік жұмыстар өткізуге 2 337 млн.теңге қарастырылған.

№5 ст. Т-50/60-8,8/0,12 тип турбоагрегатты ауыстыру үшін «Қазақмыс» Корпорациясы ЖШС-і тарапынан 2012 жылға 2 775 млн.теңге көлемінде қаржыландыру, оның ішінде жобаны әзірлеуге - 251,567 млн.тг., ст.№5 тип Т-50/60-8,8/0,12 - 1 турбоагрегатты ауыстыруға - 731,034 млн.тг., генераторды сатып алуға - 792,841 млн.тг бөлінді.

Қазіргі уақытта жобалауға «Лонас технология» ЖАҚ және турбинаны дайындау мен жеткізуге «КТЗ» ААҚ компанияларымен келісім шартқа қол қойылды. Турбоагрегаттың генераторын жеткізуге Келісім қол қою сатысында.

15 тармақ. Сатпаев қаласының № 1 жылу станциясын техникалық қайта жарақтандыруды іске асыру (орындауға жауаптылар – Қарағанды облысының әкімдігі, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2013-2016 жылдардың қаңтары, шілдесі, 2017 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта №1 жылу станциясын зерттеу нәтижелері бойынша комиссия әр қайсысының қуаты 50 ГКал қосымша 2 қазандықты орнату бойынша ТЭН әзірлеу туралы шешім шығарды. ТЭН әзірлеу бойынша материалдар «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС электрмен қамтамасыз ету департаментіне жіберілді. Жылу станциясының қызметкерлеріне Рубцовск қаласына Бийск қазандық зауытына тәжірибе алмасу үшін іс-сапар ұйымдастырылды. Жобаны іске асыру кезеңі 2013-2016 жылдар.

16 тармақ. Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта жаңарту мәселелерін пысықтау: 1) жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу; 2) жылу желілерін қайта жаңарту мен жаңғыртуды жүргізу (орындауға жауаптылар – ҚТҮКШІА, Қаржымині, Қарағанды облысының әкімдігі , орындау мерзімі – 2013-2016 жылдардың қаңтары, шілдесі, 2017 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта жаңартудың жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге облыстық бюджеттен 295,3 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді. Конкурстық рәсімдер өткізілді. Мердігері «Шахар-Көкше» ЖШС болып анықталды. Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта жаңартудың жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар басталды. 73,8 млн.теңге игерілді.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі Агенттіктің 2012 жылғы 10 шілдедегі № 01-5-09-1/8252 ақпараты бойынша, 2012 жылы жергілікті бюджет есебінен жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуге құрылыс басқармасы арқылы 295,3 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күнге Қарағанды облыстық әкімдігі тарапынан 2012 жылғы 3 мамырда мемлекеттік сараптаманы алумен бірге жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуге мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдердің қорытындылары шығарылды, жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуші ретінде Көкшетау қаласындағы «Шахар-Көкше» ЖШС белгіленді. Жобалау-сметалық құжаттаржергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.

Қарағанды облыстық әкімдігі тарапынан2012 жылғы 11 наурыздағы №12-3/425 хатымен Агенттікке жоспарлық кезең 2013-2015 жылдардағы инвестициялық жобалардың тізбесіне қосу үшін «Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта жаңарту» жобасы бойынша бюджеттік өтінім ұсынылды.

Агенттік тарапынан Қарағанды облыстық әкімдігінің инвестициялық ұсыныстарының негізінде Қазақстан Республикасыэкономикалық даму және сауда министрлігі мен Қаржы миистрлігіне бюджеттік өтінімдер енгізілді, олар қазіргі уақытта қарастырылуда.

17 тармақ. «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС өндірістік қуатының жылу жүктемелерін қамтамасыз ету үшін Жезқазған қаласында жергілікті қазандықтарды салу: 1) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу; 2) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу; 3) 2 жаңа жергілікті қазандықтың құрылысын жүргізу (орындауға жауаптылар – Қарағанды облысының әкімдігі, «Қазақмыс» корпорация» ЖШС (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2012-2015 жылдардың қаңтары, шілдесі, 2016 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС басшылығы тарапынан ООО «АкваПромИнжиниринг» ресейлік консалтингтік компания тартылды. Қазіргі уақытта қазандықтардың құрылысы бойынша алдын-ала есептер жүргізілуде.

«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-мен ТЭН әзірлеуге техникалық тапсырыс дайындалды. Қазандықтың 140 сағ./Гкал сомалық қуаттылығы қарастырылған. ТЭН әзірлеу бойынша конкурстық рәсімдерді жүргізу 2012 жылдың шілде айына жоспарланған.



18 тармақ. Жезқазған қаласын сумен қамтуды ескере отырып, Есқұла суағарының құрылысын аяқтау (орындауға жауаптылар – АШМ, Қаржымині, Қарағанды облысының әкімдігі, орындау мерзімі – 2012 жылдың шілдесі, 2013 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылы Есқұла су тасымалының құрылысын аяқтауға республикалық бюджеттен 2 000,0 млн. теңге бөлінді. Мердігер болып «Caspian Contractors Trust» ЖШС анықталды. Қазіргі уақытта 800 мм. диаметрлі магистралды полиэтилен құбырларды орнату аяқталды (УВС-1 ден ПК403-А дейін 41,0 км. және ПК403-А ден Сатпаев қ. дейін - 7,2 км), ф560мм-262,6м., ф500мм-606м полиэтилен құбырлар жалғастырылды, сору станциясының, флоратор, хлоратор, №1,2 резервуарларда құрылыс аяқталды, пласттық дренаж, бетондық созу, бетондық созуды гидроизоляция, қабырғалар және колонналарды шығарумен түбін армирлеу, №1,2 фильтр-жұтушылардың іргетастарын және қабырғаларын бетондау орындалды, сонымен қатар №1,2,3,4 су құбыры камераларының құрылысы аяқталды. 661,7 млн.теңге игерілді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің ақпараты бойынша, «Сумен қамту жүйелерін, гидротехникалық имараттарды салу және қайта жаңарту» 029 бюджеттік бағдарламасы бойынша «Қарағанды облысында Жезқазған қаласын сумен қамту есебімен Есқұла су тартқышын салу» жобасы жалпы сомасы 5 705,4 млн.теңгеге іске асырылуда, іске асыру кезеңі 2010-2012 жылдар. Соның ішінде 2012 жылға дейін 3 705,4 млн.теңге игерілді, ағымдағы жылға 2 000,0 млн.теңге көзделген, 663,8 млн.теңге игерілді.

Бас мердігер «Caspian contractors trust» (Алматы қаласы) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады, техникалық қадағалауды «Агропромремстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырады, жобаның авторы «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып саналады. Нысанды пайдалануға 2012 жылғы қараша айында енгізу жоспарланған.



19 тармақ. Ұзындығы 13 км Үйтас-Айдос суағарының ағын бөлігіне қайта жаңарту жүргізу (орындауға жауапты – Қарағанды облысының әкімдігі, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС (келісім бойынша), орындау мерзімі – 2012 жылғы шілде, 2013 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, суағардың осы учаскесін ауыстыру бойынша сметалық құжаттамалар әзірленді. ГПИ жобасының қымбаттауымен байланысты, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС ағымдағы жылдың бағаларына жұмыстардың сметалық құнын қайта есептеу іске асырылды және 1 510 млн.теңге сомасында қаржы бөлінді, жұмыстарды орындаудың алдын-ала кестесі құрылды. «ПТВС» АҚ конкурстық құжаттама әзірленуде. Конкурстық рәсімдер а.ж. 15 шілдесінде өткізілді, қорытындылары шығарылуда.

20 тармақ. Жезқазған қаласын сумен қамтамасыз ету үшін Кожамсейіт жерасты су орнына сужинағышын салу мәселесін пысықтау 1) жерасты су орнының қорларына қайта бағалау жүргізу 2) Жезқазған қаласын сумен қамтамасыз ету үшін сужинағыш салуды жүргізу (орындауға жауаптылар – ҚТҮКШІА, ИЖТМ, Қаржымині, Қарағанды облысының әкімдігі, орындау мерзімі – 2014-2016 жылдардың шілдесі, 2017 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Геология және жер қойнауын пайдалану Комитеті тарапынан ЖСҚ дайындауға конкурс өткізілді. Қазіргі уақытта жер асты кен орындарының қорын қайта бағалауға ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қожамсейіт кен орынының жер асты суларының қорларын қайта бағалауға республикалық бюджеттен 2,3 млн.теңге бөлінді. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және «Су ресурстарын реттеу, қолдану және қорғау бойынша Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» ММ қорытыныдылары алынды.

Мемлекеттік сараптаманы алу үшін жер орналастыру жобасы қажет (жобаның болжамды құны 28 млн. теңгеден артық). Жезқазған қаласының әкімімен «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Басқару Төрағасының атына жер орналастыру жобасын қаржыландыру қажеттілігі туралы хат жолданды.

Осы жоба бойынша Қарағанды облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ҚР ТҮКШ ҚЖА-не жоба бойынша 2013-2015 жылдарға арналған сумен қамтамасыз ету үшін сужинағыш салуға бюджеттік өтінімдер ұсынылды. Жоба алдын-ала қолданды.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі Агенттіктің ақпараты бойынша, Қарағанды облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жоспарлық мерзім 2013-2015 жылдарға арналған инвестициялық ұсыныстардың тізбесіне қосу үшін сужинағыш салуға бюджетті к өтінім ұсынылды. «Жезқазған қаласын сумен қамтамасыз ету үшін Кожамсейіт жерасты су орнына сужинағышын салу» жобасының ТЭН бар, жобалау-сметалық құжаттары дайындалуда.

Қарағанды облысының инвестициялық ұсынысының негізінде Агенттік тарапынан Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі мен Қаржы министрлігіне бюджеттік өтінім енгізілді, қазіргі уақытта ол қаралуда.



21 тармақ. Жезқазған қаласының қалаішілік және су құбыр желілерін қайта жаңарту мәселесін пысықтау: 1) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу; 2) Жезқазған қаласының сумен қамту желілеріне қайта жаңарту жүргізу (орындауға жауаптылар – ҚТҮКШІА, Қаржымині, Қарағанды облысының әкімдігі, орындау мерзімі – 2013-2016 жылдардың қаңтар, шілдесі, 2017 жылғы қаңтар)

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі Агенттіктің ақпараты бойынша, 2012 жылы жегілікті бюджет есебінен Құрылыс басқамасы арқылы жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуге 356,4 млн.теңге сомасында қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстық рәсімдер ағымдығы жылғы ақпан айында өткізілді. Қарағанды облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 3 мамырдағы ақпараты бойынша, конкурсты өткізу кезінде 160,4 млн. теңге сомасында үнем пайда болды, Қарағанды қаласындағы «Акварем» ЖШС мердігер болып анықталды. Жезқазған қаласының сумен қамту желілеріне қайта жаңартудың жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар басталды.

Жезқазған қаласының қалаішілік сумен қамту желілеріне қайта жаңартудың жобасы бойынша Қарағанды облысының инвестициялық ұсынысының негізінде Агенттік тарапынан жоспарлы 2013-2015 жылдарға арналған инвестициялық ұсыныстардың тізбесіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда минстрлігі мен Қаржы министрлігіне бюджеттік өтінім енгізілді, қазіргі уақытта ол қаралуда.



Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Жезқазған қаласының сумен қамту желілеріне қайта жаңартудың жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге облыстық бюджеттен 356,4 млн.теңге сомасында қаржы бөлінді. Конкурстық рәсімдер өткізілді, конкурсты өткізу кезінде 160,4 млн. теңге сомасында үнем пайда болды. Мердігер «Акварем» ЖШС болып анықталды. Жезқазған қаласының сумен қамту желілеріне қайта жаңартудың жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар басталды. 58,8 млн.теңге игерілді.

22 тармақ. Жезқазған қаласының шаруашылық - ауыз су тазарту құрылыстарына қайта жаңарту жүргізу мәселесін пысықтау: 1) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу; 2) Жезқазған қаласының сумен қамту желілеріне қайта жаңарту жүргізу (орындауға жауаптылар – ҚТҮКШІА, Қаржымині, Қарағанды облысының әкімдігі, орындау мерзімі – 2013-2016 жылдардың қаңтары, шілдесі, 2017 жылғы қаңтар)

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі Агенттіктің ақпараты бойынша, 2012 жылы жегілікті бюджет есебінен Құрылыс басқамасы арқылы жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуге 218,4 млн.теңге сомасында қаржы бөлінді. Қарағанды облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 3 мамырдағы ақпараты бойынша, мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстық рәсімдердің қорыындысы шығарылды. Қарағанды қаласындағы «Курылысэкспертпроект» ЖШС мердігер болып анықталды. Жезқазған қаласының сумен қамту желілеріне қайта жаңартудың жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар басталды.

Жезқазған қаласының шаруашылық - ауыз су тазарту құрылыстарына қайта жаңарту жүргізу жобасы бойынша Қарағанды облысының инвестициялық ұсынысының негізінде Агенттік тарапынан жоспарлы 2013-2015 жылдарға арналған инвестициялық ұсыныстардың тізбесіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда минстрлігі мен Қаржы министрлігіне бюджеттік өтінім енгізілді, қазіргі уақытта ол қаралуда.



Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Жезқазған қаласының сумен қамту желілеріне қайта жаңартудың жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге облыстық бюджеттен 218,4 млн.теңге сомасында қаржы бөлінді. Конкурстық рәсімдер өткізілді, конкурсты өткізу кезінде 66,4 млн. теңге сомасында үнем пайда болды. Мердігер «Қурылысэкспертпроект» ЖШС болып анықталды. Жезқазған қаласының шаруашылық - ауыз су тазарту құрылыстарына қайта жаңартудың жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар басталды. 45,6 млн.теңге игерілді.

23 тармақ. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде Ұлытау ауданы Жезді кентінің бос тұрғын үйлерін қалпына келтіру мәселесін пысықтау (орындауға жауаптылар – ҚТҮКШІА, Қаржымині, Қарағанды облысының әкімдігі, орындау мерзімі – 2013 жылдың қаңтар, шілдесі, 2014 жылғы қаңтар)

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі Агенттіктің ақпараты бойынша, ағымдағы жылы Жезді кентінің бос тұрғын үйлерін қалпына келтіру мәселесі облыстық әкімдік тарапынан жергілікті бюджет есебінен шешілуде. Жезді кентінің әкімдігі тарапынан көп қабатты үйлердегі бос тұрған жекешелендірілген пәтерлерді кентің коммуналдық меншігіне ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 41,0 млн. теңге мөлшеріндегі қаражаттарды Ұлытау ауданының Ұлытау ауылында тұрғын үйдің құрылысын салуға жолдау жоспарлануда.

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Жезді кентінде 5 қабатты 2 үй, 4 қабатты 10 үй, 9 қабатты 8 үй бар. Тұрғын үйді алуға кезекте адам жоқ.

Қазіргі уақытта Жезді кентінің әкімдігі тарапынан көп қабатты үйлердің жекешелендірілген бос пәтерлерін коммуналдық меншікке ауыстыру үшін белгілі-бір жұмыс жүргізілуде: бос пәтерлердің иелерінің тұрақты өмір сүру орындарын анықтау бойынша іздеу шаралары жүргізілуде. Иелері табылған жағдайда, пәтер иелерімен сұхбат жүргізіледі, төленбеген жергілікті салықтардың сомалары анықталады (жер салығы және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық). Бұл жұмыстарды аяқтаған соң көпқабатты үйлердің бос пәтерлерін қайтару бойынша істер кенттің коммуналдық меншігіне бұл пәтерлерді қайтару бойынша мәселелерді шешу үшін аудандық сотқа кезең-кезеңімен берілетін болады.



24 тармақ. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде иженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу мәселесін пысықтау: 1) Жезқазған қаласында; 2) Сатпаев қаласында (орындауға жауаптылар – ҚТҮКШІА, Қаржымині, Қарағанды облысының әкімдігі, орындау мерзімі – 2013-2014 жылдардың шілдесі, 2015 жылғы қаңтар)
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі Агенттіктің ақпараты бойынша, Жезқазған және Сатпаев қалаларында иженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуды 2013 жылы қаржыландыру мәселесі Агенттік тарапынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысына сәйкес Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде қаралатын болады. 2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен ұсыныстар түскен жоқ.

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Жезқазған қаласында инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға 245,0 млн.теңге құны болатын дайын ЖСҚ бар.

Сәтбаев қаласының әкімшілігі тарапынан Қарағанды облыстық Құрылыс басқармасына инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымның ЖСҚ әзірлеуге 24,0 млн. теңге болатын бюджеттік өтінім ұсынылды.



25 тармақ. Жобаның экономикалық тиімділік аспектілерін, сонымен қатар маршрут бағытын ескере отырып, «Жезқазған-Сексеуіл» темір жолын салу (517 км) («Жезқазган-Бейнеу» жобасы) мәселесін қарастыру және ұсыныстар енгізу (орындауға жауаптылар – ККМ, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері, орындау мерзімі – 2014 жылдың шілдесі, 2015 жылғы қаңтар)

Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 02-11/13106-И ақпараты бойынша, Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында ағымдағы жылы Жезқазған - Бейнеу темір жол желісінің құрылысын бастау туралы тапсырма қойылған.

РБ қаражаттарының есебінен (ЭДСМ 050 бюджеттік бағдарламасы бойынша), «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның («ҚТЖ ҰК» АҚ) өзіндік және қарыз қаражат есебінен 2012-2013 жылдарға арналған жобаны қаржыландыру құрылымы мақұлданды. Бүгінгі күнге «ҚТЖ» ҰК» АҚ мердігерлік ұйымдарымен жобалық және құрылыс-монтаждау жұмыстарына «аяқтауға берілген» тәртібімен келісім-шарт жасалынды.

2012 жылы 3 шілдеде Мемлекет басшысының қатысуымен Жезқазған, Сексеуіл, Шалқар және Бейнеу төрт станциясынан Жезқазған - Бейнеу темір жол құрылысының басталу салтанатты рәсімі өтті.

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Мемлекет Басшысының қатысуымен а.ж. 3 шілдесінде өткен телекөпір барысында «Жезқазған-Бейнеу» темір жол желісінің құрылысына бастау берілді. Жобаның мақсаты «Жезқазған-Бейнеу» - Орталық Қазақстаннан Парсы шығанағы елдеріне қысқа темір жолын жалғастыру, бұл өңірде жаңа өндірістерді құруға, темір жол тасымалдарына және тасымалданатын өнімнің көліктік құрамына тарифтерді төмендетуге мүмкіндік береді.

Жаңа жол Ұлытау және өзге аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Құрылыс-монтаждық жұмыстар барысында 11 мың адам жұмысқа тартылатын болады.

2 жаңа темір жол желілерінің құрылысына 694,0 млрд.теңге сомасында қаржы көзделген, оның ішінде «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «КТЖ» ҰК» АҚ - 120 млрд.теңге; РБ – 574,0 млрд.теңге көзделген. 2012 жылы құрылысты бастауға 84,0 млрд.теңге, оның ішінде «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «КТЖ» ҰК» АҚ – 80,0 млрд.теңге; РБ – 4,0 млрд.теңге бөлінді.

Қызылорда облысының әкімдігінің 2012 жылғы 10 шілдедегі № 04-1-5/3168 ақпараты бойынша, облыс әкімдігі Қарағанды облысы Жезқазған қаласының халқының арасындағы ақсақалдар мен белсенді топтардың өкілдерімен кездесу кезіндегі «Жезказған-Сексеуіл» темір жолының құрылысын Қарсақбай, Байқоңыр және Қоскөл елді мекендеріне жақындату туралы ұсынысына сәйкес, әрі қарай Абай елді мекеніне (Қызылорда облысы) шығуын қолдайды.

Сонымен қатар, осы темір жол құрылысы кезінде және одан әрі пайдалану барысында мамандарды негізінен жергілікті жердің тұрғындарынан қалыптастыруды ұсынады, бұл өз кезегінде елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына ықпал ететін болады.



26 тармақ. Жобаның экономикалық тиімділік жоба аспектілерін, сонымен қатар маршрут бағытын ескере отырып, «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автомобиль жолын қайта жаңарту, Қызылорда-Жезқазған, 12-424 км (412 км) учаскесі (орындауға жауаптылар – ККМ, Қаржымині, Қарағанды, Қызылорда облыстарының әкімдіктері, орындау мерзімі – 2012 -2014 жылдардың шілдесі, 2015 жылғы қаңтар)

Көлік және коммуникациялар министрлігінің ақпараты бойынша, Министрліктің 2012-2014 жылдарға бекітілген бюджетіне сәйкес, 2012 жылдан бастап «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шек.» жол учаскелеріне 13180 млн. теңге көзделген, оның ішінде 2012 жылы жобалау-сметалық құжаттардың түзетуіне 180,0 млн. теңге, 2013 жылы - жаңарту бастауына 3 000,0 млн. теңге, 2014 жылы – жұмысты жалғастырылуына 10 000,0 млн. теңге көзделнен.

2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджетке сәйкес, 2012 жылдан бастап «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шек.» автожолының 127-156, 186-266 км жол учаскелерін жаңарту қарастырылған. Осы мақсаттарға 2012 жылы - жобалау-сметалық құжаттардың түзетуіне 180,0 млн. теңге, 2013 жылы - жаңарту бастауына 3 000,0 млн. теңге, 2014 жылы – жұмысты жалғастырылуына 10 000,0 млн. теңге қарастырылды.



Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Көлік және коммуникация министрлігі тарапынан конкурс өткізілді. «Дорис» ЖШС және «Алматыдорпроект» ЖШС мердігер болып анықталды. Қазіргі уақытта Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» 216-314 шақырым автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша жобалық-іздеу жұмыстар жүргізуге мердігерлік ұйымдармен келісім шартқа қол қою жұмыстары жүргізілуде. Қаржыландыру ағымдағы жылдың тамыз айынан басталады.

Қызылорда облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жүзеге асырылып жатқан «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» жобасының құрылысы аяқталған соң, Жезқазған бағытындағы «А-17 Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» жолының қайта құру жұмыстарын 2015 жылға дейін аяқтау қажет. Бұл жағдайда Орта Азия елдері Қызылорда арқылы Қазақстан орталығымен Ресей Федерациясына тікелей шығу мүмкіндігін алады. Ресейді Орта Азия елдерімен қатар Қазақстан Республикасының онтүстік аумақтарын орталық және солтүстік аумақтарымен байланыстырып отырған республикалық маңыздағы «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автомобиль жолы тек облыс қана емес бүкіл республика экономикасына маңызы зор.

Аталған жолдың «Қызылорда-Жезқазған» бөлігінің жалпы ұзындығы 458 шақырымды құрайды. Қызылорда облысы бойынша - 204 шақырым, оның ішінде жолдың қайта құруға Қызылорда облысы бойынша 59 шақырымы жатады. Осы 59 шақырым жолдың қайта жаңарту жұмыстарының ЖСҚ әзірлеуге 2012-2013 жылдарға Республикалық бюджеттен барлығы - 43 955,0 мың тенге бөлінген.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысының Астана қаласымен көлік қатынасы Шымкент, Тараз, Балқаш, Қарағанды арқылы қамтамасыз етілуде. «Қызылорда-Жезқазған» жолының қайта салынуы Астана қаласына дейінгі жолды екі есеге, атап айтқанда, 1950 шақырымнан 1150 шақырымға қысқарады.

27 тармақ. Жобаның экономикалық тиімділік жоба аспектілерін, сонымен қатар маршрут бағытын ескере отырып, «Жезқазған-Есіл-Петропавловск» автомобиль жолын қайта жаңартуға, Жезқазған-Арқалық учаскесі, 11-340 км (329 км) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (орындауға жауаптылар – ККМ, Қаржымині, Қарағанды және Қостанай, облыстарының әкімдіктері, орындау мерзімі – 2014 жылғы шілде, 2015 жылғы қаңтар)

Көлік және коммуникациялар министрлігінің ақпараты бойынша, министрліктің 2012-2014 жылдарға бекітілген бюджетіне сәйкес,

«Жезқазған-Петропавл» автомобиль жолдарын жаңартудың жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуіне 2014 жылдан бастап 267,0 млн. теңге қарастырылды. «Жезқазған-Есіл-Петропавловск» автомобиль жолын қайта жаңартуға, Жезқазған-Арқалық учаскесі, 11-340 км (329 км) жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу 2014 жылға жоспарланған.



Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 05-07/2659 ақпараты бойынша, Автомобиль жолдары Комитетінің Қостанай облыстық департаменті тарапынан Көлік және коммуникациялар миистрлігінің Автомобиль жолдары Комитетіне 2012 жылғы наурыз айында «Жезқазған-Есіл-Петропавловск» автомобиль жолының 252-340 км. учаскесін қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге еспетер жолданған. «Жезқазған-Есіл-Петропавловск» автомобиль жолының Жезқазған-Арқалық учаскесі, 11-340 км қайта жаңартуға (329 км) жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу 2014 жылға жоспарланған.

28 тармақ. Жезқазған қаласының №11 авариялық мектебін қайта жаңартудан өткізу (орындауға жауаптылар – БҒМ, Қаржымині, Қарағанды облысының әкімдігі, орындау мерзімі – 2013 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, бюджеттік өтінім (07.02.2011 ж. № 6-1-17/368) және мемлекеттік сараптамамен жұмыс жобасы (4.03.2011 ж. № 10 - 0073/11) ҚР БҒМ жолданды. Мемлекеттік сатып алуға конкурс жарияланды.

Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 05-07/2659 ақпараты бойынша, Жезқазған қаласындағы № 11 апатты мектептің реконструкциясына 2012 жылы республикалық бюджеттен 111 999 мың теңге сомасында қаражат бөлінді. Аталған объект бойынша жергілікті атқарушы орган конкурсты 2012 жылғы 27 қаңтарда өткізді, конкурс нәтижесінде орындаушы анықталды. Қазіргі уақытта мердігер мынадай жұмыстарды орындады: демонтаждық жұмыстар – 100%, бірінші қабаттың жабындысын орнату – 100%, екінші қабаттың жабындысын орнату – 50%, терезе блоктарын орнату – 20%. Объектінің құрылысы өндіріс жұмыстарының кестесіне сәйкес жүргізілуде.

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта 100%-ға 2 қабаттың монтаж жұмыстары мен жауып тастау плиталарын бетондау аяқталды, 100%-ға жылу жүйесі бойынша құбырлар, 40%-ға электр желілері өткізілді. 2-ші қабатта пластикалық рамаларды орнықтыру және 1-ші қабатта кірпішті перегородка салу басталды. Объектіде 24 адам жұмыс істейді. РБ есебінен - 85,5 млн.теңге, ЖБ - 9,5 млн.теңге игерілді. Объектінің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру 2012 жылдың соңына жоспарлауда.

29 тармақ. Жезқазған қаласында 500 адам қабылдайтын емхана салу мәселесін пысқтау: 1) жобалау-сметалық құжаттаманы түзету; 2) емхананың құрылысы (орындауға жауапты – ДСМ, Қаржымині, Қарағанды облысының әкімдігі, орындау мерзімі –2013-2014 жылдардың қаңтары, шілдесі, 2015 жылғы қаңтар)

Денсаулық сақтау министрлігінің 2012 жылғы 10 шілдедегі № 08-2/02-10796 ақпараты бойынша, қаржыландыру республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен. Емхананы салу «350 дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушериялық пункттер және емханалар» жобасының шеңберінде көзделген. Елбасының тапсырмасын іске асыру мақсатында, Министрлік тарапынан уақытылы, Қарағанды облысының әкімдігінің өтінімінің негізінде, емхана құрылысына жалпы сомасы 1158,3 млн.теңгеге, оның ішінде 2013 жылы – 800 млн.теңге және 2014 жылы - 338,3 млн. теңге шығыстар мәлімделген.

Сонымен қатар, жобалау - сметалық құжаттамалар болмағандықтан, 2012 жылы 20 маусымдағы Республикалық бюджеттік комиссия шешімімен аталған шығыстарға қолдау көрсетілген жоқ. Қазіргі уақытта Қарағанды облысының әкімдігі жобалау - сметалық құжаттарды түзету жұмыстарын жүргізуде.



Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Жезқазған қаласында 500 адам қабылдайтын емхана салуға жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге облыстық бюджеттен 38,6 млн.теңге сомасында қаржы бөлінді. Конкурстық рәсімдер өткізілді. Мердігер «СанаАстана» ЖШС болып анықталды. Емхананың құрылысына жобалау-сметалық құжаттаманы түзету бойынша жұмыстар басталды. 11,6 млн.теңге игерілді. Түзетуді өткізгеннен кейін, жобаның құрылысын 2013 жылдан бастау үшін, ЖСҚ жақында болатын Республикалық бюджет комиссиясында қарастыру ұсына отырып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ЖСҚ тапсырылатын болады.

30 тармақ. Жезқазған қаласының қалалық емханасын ұйымдастыру үшін тері-венерологиалық динспансердің ғимаратын күрделі жөндеу жүргізу және медициналық жабдықтың ең аз жиынымен жарықтандыру (орындауға жауапты – Қарағанды облысының әкімдігі, орындау мерзімі – 2013 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, тері-венерологиялық динспансердің ғимаратын күрделі жөндеу жүргізуге облыстық бюджеттен 130,0 млн. теңге сомасында қаржы бөлінді. Конкурстық рәсімдер өткізілді. Мердігер «KSO»ЖШС болып анықталды. Қазіргі уақытта келесідей құрылыс-монтажды жұмыстар орындалды: 70%-ға ПХВ-дан жасалған блоктарға терезелер ауытырылды, 30%-ға сыртқы жұмыстар орындалды, 100%-ға жабындар ауыстырылды, 50%-ға алдынғы аланда жөндеулер жүргізілді, 50%-ға сантехникалық жұмыстар орындалды, 50%-ға электромонтаждық жұмыстар жүргізілді. Күнтізбелік кестеге сәйкес аумақты аббаттандыру бойынша жұмыстар тамыз айынан қарастырылған. Барлық жұмысты аяқтау ағымдағы жылдың қазан айына көзделген. 41,4 млн.теңге игерілді.

31 тармақ. Ұлытау ауылындағы орталық аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жүргізу (орындауға жауапты – Қарағанды облысының әкімдігі, орындау мерзімі – 2013 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша,

Ұлытау ауылындағы орталық аудандық ауруханаға күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 48,0 млн. теңге сомасында қаржы бөлінді. Конкурстық рәсңмдер өткізілді. Мердігер болып «KSO» ЖШС анықталды. Бүгінгі күні мердігермен келесідей құрылыс-монтажды жұмыстар орындалды: 10%-ға ПХВ-дан жасалған блоктарға терезелер ауытырылды, 10%-ға сыртқы жұмыстар орындалды, 70%-ға жабындар ауыстырылды, 30%-ға алдынғы аланда жөндеулер жүргізілді, 40%-ға гараж бен қоймада жөндеу жүргізілді. Күнтізбелік кестеге сәйкес аумақты аббаттандыру бойынша жұмыстар тамыз айынан қарастырылған. Барлық жұмысты аяқтау ағымдағы жылдың қазан айына көзделген. 14,0 млн.тенге игерілді.



32 тармақ. Жезқазған қаласының кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жаңарту мен жаңғырту мәселелерін қарау: 1) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу; 2) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу; 3) кәріздік тазарту құрылыстарына қайта жаңарту мен жаңғырту жүргізу (орындауға жауаптылар – ҚТҮКШІА, Қаржымині, Қарағанды облысының әкімдігі, орындау мерзімі – 2013-2016 жылдардың қаңтары, шілдесі, 2017 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Жезқазған қаласының кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жаңарту мен жаңғыртуға техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге облыстық бюджеттен 13,2 млн. теңге сомасында қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер өткізілуде. Жоба бойынша Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен Қарағанды облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 2013 жылға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге инвестиционндық ұсыным, ҚР ҚТҮКШ-не 2014-2015 жылдарға арналған кәріздік тазарту құрылыстарына қайта жаңарту мен жаңғыртуға бюджеттік өтінімдер ұсынылды. Жоба алдын-ала қолданды.

33 тармақ. Жезқазған қаласының су бұру жүйесін қайта жаңарту мәселесін қарау: 1) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу; 2) су бұру жүйесіне қайта жаңартуды жүргізу (орындауға жауапты - ҚТҮКШІА, Қаржымині, Қарағанды облысының әкімдігі, орындау мерзімі –2014-2016 жылдардың қаңтары, шілдесі, 2017 жылғы қаңтар )

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, су бұру жүйесіне қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу 2013 жылдан басталады. Қазіргі уақытта жоба бойынша Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен Қарағанды облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына басқармасына 2013 жылға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге инвестиционндық ұсыным, ҚР ТҮКШ ҚЖА-не 2014-2015 жылдарға арналған су бұру жүйесіне қайта жаңартуға бюджеттік өтінімдер ұсынылды. Жоба алдын-ала қолданды.

34 тармақ. Жезқазған қаласының Кеңгір ауылында су бұру жүйесіне қайта жаңартуды жүргізу 1) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу; 2) су бұру жүйесіне қайта жаңартуды жүргізу (орындауға жауапты - Қарағанды облысының әкімдігі, орындау мерзімі – 2013-2014 жылдардың қаңтары, шілдесі, 2015 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Жезқазған қаласының Кеңгір ауылында су бұру жүйесіне қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге Жезқазған қаласының бюджетінен 8,0 млн.теңге сомасында қаржы бөлінді. Конкурстық рәсімдер өткізілді. Мердігер «Стройбизнесконсалтинг» ЖШС болып анықталды. Жезқазған қаласының Кеңгір ауылында су бұру жүйесіне қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталды. 2,4 млн. тенге игерілді.

35 тармақ. Сатпаев қаласының 66, 74 тұрғын-үй кварталдарында кәріз желілерін салу: 1) жобалау-сметалық құжаттаманы түзету; 2) кәріз желілерін салу (орындауға жауапты - Қарағанды облысының әкімдігі, орындау мерзімі –2013-2015 жылдардың қаңтары, шілдесі, 2016 жылғы қаңтар)

Сатпаев қ. қалалық мәслихат сессиясының шешімімен (2012 ж. 9 сәуірі) жер орналастыру жобасына 9,0 млн. теңге сомасында қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта жер орналастыру жобасы дайындалды, уақытша жерді пайдалану үшін жерге актісі күтілуде, одан кейін Қарағанды облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына кәріз желілерінің құрылысына ЖСҚ түзетуге бюджеттік өтінім берілетін болады.



36 тармақ. Жезқазған қаласында жауынды кәріз жүйесі мен коллекторлы-дренаждық жүйені салу мәселесін пысықтау: 1) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу; 2) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу; 3) жауынды кәріз жүйесі мен коллекторлы-дренаждық жүйені салу (орындауға жауапты - ҚТҮКШІА, Қаржымині, Қарағанды облысының әкімдігі, орындау мерзімі –2013-2015 жылдардың қаңтары, шілдесі, 2016 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Жезқазған қаласында жауынды кәріз жүйесі мен коллекторлы-дренаждық жүйені салуға техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге облыстық бюджеттен 19,7 млн. теңге сомасында қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер өткізіліп отыр.

Бұл жоба бойынша Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен Қарағанды облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына басқармасына 2013 жылға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге инвестиционндық ұсыным, ҚР ТҮКШ ҚЖА-не 2014-2015 жылдарға арналған жауынды кәріз жүйесі мен коллекторлы-дренаждық жүйені салуға бюджеттік өтінімдер ұсынылды. Жоба алдын-ала қолданды.



37 тармақ. Сатпаев қаласында жауынды кәріз жүйесі мен коллекторлы-дренаждық жүйені салу мәселесін пысықтау: 1) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу; 2) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу; 3) жауынды кәріз жүйесі мен коллекторлық-дренаждық жүйені салу (орындауға жауаптылар – ҚТҮКШІА, Қаржымині, Қарағанды облысының әкімдігі, орындау мерзімі – 2013-2015 жылдардың қаңтары, шілдесі, 2016 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Сатпаев қаласының аумағында 167600 ш.метр арық желісінің ұзындығымен жауынды кәріз құрылысы бойынша жер учаскесін зерттеуді уақыттау актісі жасалды және өтті. Материалдар жер орналастыру жобасын дайындау үшін Жер ресурстарын басқару бойынша ҚР Агенттігінің «КарагандаНПЦзем» жер ресурстары және жер орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығының Жезқазған филиалына жіберілді, одан кейін жер учаскесін беру туралы әкімдік қаулысы қабылданатын болады.

Сәтбаев қаласында жауынды кәріз жүйесі мен коллекторлы-дренаждық жүйені салуға техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге облыстық бюджеттен 19,7 млн. теңге сомасында қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер өткізілуде.

Бұл жоба бойынша Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен Қарағанды облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына басқармасына 2013 жылға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге инвестиционндық ұсыным, ҚР ҚТҮКША-не 2014-2015 жылдарға арналған жауынды кәріз жүйесі мен коллекторлы-дренаждық жүйені салуға бюджеттік өтінімдер ұсынылды. Жоба алдын-ала қолданды.

38 тармақ. Ұлытау ауданында «Ұлытау-Ел» туристтік-сауықтыру кешенін салу мәселесін пысықтау: 1) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу; 2) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу; 3) «Ұлытау-Ел» туристтік-сауықтыру кешенінің құрылысы (орындауға жауапты – Қарағанды облысының әкімдігі, ТСМ, орындау мерзімі – 2014-2016 жылдардың қаңтары, шілдесі, 2017 жылғы қаңтар)

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта 2015-2016 жылдар кезеңіне туристік кешенді дамыту үшін инвесторды іздеу бойынша іс-шаралар жүргілуде.

Аудан орталығы Ұлытау ауылында жергілікті бюджет есебінен «Демалыс» демалу үйінің құрылысы басталды. Спорттық алаң мен ағаш үйлер құрылысы аяқталды, монша құрылысы аяқталу үстінде. Тұрғын үй мен асхана-вагоны бар. Жоғары вольтты электр желілері мен автожолдар жүргізілді. Ұлытау ауданында туризмді дамыту бойынша туризм картасы мен буклеттер бар. Келешекте Ұлытау табиғи бағы жобасын құру жоспарлануда.


Жалпы қорытындылар:

Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтпаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012 – 2017 жылдарға арналған Кешенді жоспар Жезқазған, Сәтпаев қалалары мен Ұлытау ауданын толыққанды дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық және инфраструктуралық базаны құру мақсатында қабыланған.

Кешенді жоспардың іс-шараларын іске асыруға республикалық, жерілікі бюджет және басқа да көздерден 127 896,4 млн. теңге көлемінде, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 76 124,2 млн. теңге, жергілкті бюджеттен – 12 254,7 млн. теңге, басқа да көздерден – 39 517,5 млн. теңге қаражаттар тарту көзделген. 2012 жылға бюджетті жоспарлауда республикалық бюджеттен 2 386,3 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 1 200,7 млн. теңге, бюетждеттік емес көздерден – 10 993,5 млн. теңге көзделген. 2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, қаражаттарды игеру келесідей: республиалық бюджетте – 747,2 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 257,1 млн. теңге, бюджеттік емес қаражаттардан – 3 158,6 млн. теңге (Қосымша 1).

Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі Кешенді жоспардың іс-шараларын іске асыру мерзімі негізінен 2012 жылғы шілде айынан басталғандығын атап өтеді, осыған байланысты бұл жұмыстар жалғасатын болады және ол Министрліктің, Қарағанды облысы әкімдігінің және мүдделі мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында болады.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет