Қарағаш селолық округінің әкімі А.Әбдуалиеваның 2013 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі Елбасының «Қазақстан -2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»



Дата23.02.2016
өлшемі53.67 Kb.
#7560
Қарағаш селолық округінің әкімі А.Әбдуалиеваның 2013 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі


Елбасының «Қазақстан -2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи жолдауы біздің алдымызға ұзақ мерзімді тапсырмалар қойды.Ұлт көшбасшысының саяси көрегендігінің,шоқтығы биік озық ойының арқасында Қазақстан бәсекеге қабілетті қуатты мемлекетке айналып, ауыл халқы күн санап өркениеттің игілігін көруде.Елбасының сындарлы саясатын жүзеге асыруда Қарағаш селолық округі бойынша 2013 жылы бірқатар шаралар жүзеге асырылды.

Қарағаш селолық округіне Самбай, Нұрбұлақ, Құмдақтықыр елді мекендері кіріп, 267 аулада 311 жанұя тұрады. Жалпы халық саны 1362 адам.Қарағаш селолық округінің жалпы жер көлемі – 50955 гектарды құрайды, оның ішінде жеке шаруа қожалықтарының меншігінде - 31795 га, оның ішінде егістік көлемі – 7758 га. 2013 жылы жергілікті салықтарды жинау бойынша мүлік салығы - 27493 теңге ,жер салығы – 101940 тн.,көлік салығы - 7125394 теңге жиналып,1 салық жинау 100 % -ға орындалды.

Селолық округ аумағында 81 шаруа қожалығы жұмыс жасайды, оның ішінде мал шаруашылығымен –23,егін шаруашылығымен –20, бау – бақша өсірумен – 3, қалған шаруа қожалықтары шөп дайындаумен айналысады.

Егін шаруашылығы саласында үстіміздегі жылы 1808 га жерге дәнді дақылдар, 1855 га жерге судан шөбі егілді.Егін жинау барысында 1050 га арпа жиналып,265 тонна өнім алынды.295га бидай алқабынан 42 тонна өнім жиналды. Мал азығын дайындауда 3100 тонна шөп жинап,жоспар толықтай орындалды.

Жеке тұрғындардың ,шаруа қожалықтарының шаруашылығын кеңейтіп, ірі қара және ұсақ малдардың санын көбейту есебінен елді мекендегі мал басы өсуде. Қарағаш селолық округі бойынша мал басы ірі қара – 2350, ұсақ жандық -10500,жылқы – 664,түйе – 15,шошқа – 217 бас.



Ауыл шаруашылық құрылымдарының басты мақсаты ауыл шаруашылық өнімдерін мол өндіріп, қала халқын ет, сүт, жұмыртқа, көкөніс, астық өнімдерімен қамтамасыз ету болып табылатыны бәрімізге мәлім. Міне осындай мақсатпен қажырлы жұмыс атқарып жүрген көптеген ірі шаруа қожалықтары бар, атап айтсақ «Құлагер»,«Бесата», «Ақжол», «Қаршыға», «Жансая»,«Арай-М»,«Жаңа бұлақ» т.б.шаруа қожалығықтары мал басын өсіріп,мал шаруашылығын өркендетуге үлкен үлес қосумен қатар қала тұрғындарын ауыл шаруашылық өнімдерімен төменгі бағамен қамтамасыз етуде.«Сыбаға»Бағдарламасы бойынша 3 шаруа қожалық «Құлагер»,«Ақжол»,«Қаршыға» 29,5 млн.теңге несие алып,170 аналық мал басын сатып алды.Өнімділігі төмен малдарды ығыстыру мақсатында 9 шаруа қожалық басшысы 16 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.

«Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасының бір бағыты шаруашылықтардың объект нысандарына инфрақұрылым жүргізу болса,сол бағыт бойынша 4 шаруа қожалыққа газ құбыры,электр жарығы,су жүйесі тартылды.Осы бағдарламалардың орындалуына көз жеткізу барысында Облыстық мәслихат хатшысы С.Қалдығұлова бастаған бір топ депутаттар мен «Нұр Отан»ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М. Жалғасбаев,облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы М.Балмұханов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры облыстық филиалының директоры Ж.Мырзағалиевтер Қарағаш селолық округінің бірқатар шаруа қожалықтарын,кәсіпкерлік нысандарды аралап,шағын және орта бизнес субъектілерінің даму қарқынымен танысып, нысандардың кәсіби мүмкіндігінің жоғары екендігіне көз жеткізді. Оған дәлел Ақтөбе газетінің 2013 жылдың 23 мамырындағы № 61 санында «Өңірдің өркенді істері» атты мақала жарық көрді.

Елді мекендерді жасылдандыру мақсатында 150 түп ағаш отырғызылып,алуан түрлі гүлдер егілді. Мал басын бірдейлендіру бойынша деректерді компьютерге енгізу жұмыстары толық аяқталып,бүгінгі таңда тұрған жері бойынша анықталды.


Білім

А.Байтұрсынов орта мектебінде158 бала білім алуда.Мектепте 2 топқа арналған кіші орталық жұмыс жасайды.Ыстық тамақпен азқамтылған отбасынан- 31 бала,бастауыш сынып оқушыларынан- 50 бала тегін және жоғарғы сынып оқушылары төмендетілген бағамен толық қамтамасыз етілген. Спорт зал,акт зал,асхана,киім шешетін бөлме , терезелер толық жөндеуден өткізіліп,су қондырғылары қайта жөндеуден өткізілді.Бүгінгі таңда ЯИК- 100, ЯИК- 80 маркалы екі қазандық,Нұрбұлақ ауылында орналасқан 120 балаға арналған Шибаевка орта мектебіне 4,0 млн. теңгеге Крон -1535 (Буран) маркалы 2 жылу қазандығы жылыту жүйесіне қосылып бірқалыпты жұмыс жасап тұр. Балалар жылы мектепте білім алуда. Мектеп бойынша 104 оқушының барлығы ыстық тамақпен толық қамтылған,оның ішінде 31 оқушы тегін,қалғаны төмендетілген бағамен ақылы негізде.2 топты қамтитын ұзартылған күндік кіші орталық жұмыс жасайды.



Медицина

Самбай селосына қарасты ФАП әкімшілік ғимаратында орналасқан.Халыққа қызмет көрсетуде 2 маман жұмыс жасайды. Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуде.ҚР –ның Тәуелсіздік мерекесіне орай өткен жылы облыстық бюджеттен бөлінген 13,0 млн.теңге қаржыға Нұрбұлақ ауылында заманауи үлгідегі жаңа медициналық пункттің құрылысы аяқталып,халық игілігіне берілді. Бұл ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш.Халыққа қызмет көрсетуде 1 маман жұмыс жасайды Халықтың әл-ауқатының жақсаруына орай бала туу санының жылдан-жылға өсуі,туберкулезбен ауыратын адам санының азайуы осының айғағы.


Мәдениет және спорт

Самбай ауылдық кітапханасында 11045 кітап қоры бар.Оның ішінде 879 дана кітап қазақ тілінде.Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарының кітапқа деген қызығушылықтарының арқасында оқырман саны артып,түрлі мәдени шаралар өтуде. Спорттық шаралардың үздіксіз өтуімен қатар аула клубының жұмысы да жақсы жолға қойылған.Ауыл жастары салауатты өмір салтын қалыптастыруда кешкі уақыттарын тиімді пайдаланып,түрлі спорттық шараларға қатысуда.Биылғы жылғы маусым айында облыстық спартакиада бағдарламасы бойынша жасөспірімдер арасында өткен «Шұбар доп» жарысында І орынды иеленіп, республикалық жарысқа жолдама алды.



Ауыл тынысы

Тәуелсіздігіміздің 22 жылдық мерекесі қарсаңында «Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы аясында биылғы жылы көшені жарықтандыруға 1264,0 қаражат бөлініп,Самбай селосының көшесі жарықтандырылды.Самбай селосы көгілдір отынға,таза ауыз суға,байланыс,интернет жүйесіне,көше жарықтандырылып өркениеттің игілігін көруде. Нұрбұлақ ауыл тұрғындары,жаңа мектеп көгілдір отынға қол жеткізді.Жыл санап ауыл халқының әл-ауқаты,тұрмыс деңгейі жоғарылауда. Қарағаш селолық округі бойынша 2 фельдшерлік медициналық пункт,6 дүкен,«Тойхана»,4 монша халыққа қызмет көрсетеді.

Нұрбұлақ ауылына қоныс аударушылардың саны артуына орай жер телімдері бөлініп, екі көше бой түзеп, электр желісі тартылды. Нұрбұлақ ауылына қарасты «Жаңа бұлақ» шаруа қожалық басшысы Айтанов Қанат Маратұлы халықтың игілігі үшін ауыл орталығына жаңа наубайхана,дүкен тұрғызып,құрылыс жұмысы аяқталуға жақын.

Сонымен қатар «Қызыл -Әскер» шаруа қожалық басшысы ауыл маңындағы су қоймасын қалпына келтіріп, «Демалыс бағы» құрылысының жұмысын бастап кетті. Елді мекендерді көріктендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөнінде екі айлық барысында ұжымдардың қатысуымен көшелер, мектеп ауласы тазартылды. Самбай селосы аудан орталығынан 12 шақырым қашықтықта орналасып көгілдір газбен, ауыз сумен, Нұрбұлақ ауылы 28 шақырым қашықтықта орналасып,көгілдір отынмен қамтылғандықтан перспективті ауылдарға жатады. Самбай селосына қарасты «Аманбай» шаруа қожалығына сүт өңдеу цехы,мал шаруашылық кешенінің құрылысын жүргізуге жер телімі бөлініп,құрылыс жұмысы жүргізілуде. Жоба іске асырылған соң 18 адамға жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Селолық округ бойынша 1 учаскелік инспектор қызмет жасайды.Елді мекенде бас бұзарлық қылмыс жоқ.



Алдағы жылы атқарылатын межелі істер өз кезегін күтуде.

1.Самбай селосына «Мәдениет үйін», «Бала бақша» салуға сметалық құжат дайындау.

2.Нұрбұлақ ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету.

3.Нұрбұлақ ауылының көшелерін жарықтандыру.

4.Самбай селосының қалған көшелерін жарықтандыру.

5.Жол жөндеу жұмыстарына қаражат көзін қарастыру.

6.Елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту,көріктендіру,абаттандыру.

7.Үй шаруашылық мал басын асылдандыру мақсатында

асыл тұқымды бұқа сатып алуды жоспарлау.

8. «Билайн» мұнарасын орнату.



Елдің ертеңі үшін еңбек етіп жүрген азаматтарды есік қаққалы тұрған жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтап, баршаңызға зор денсаулық,отбасына береке,бірлік,еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін.
А.Әбдуалиева

Қарағаш селолық округінің әкімі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет