Қаражал қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары



бет1/3
Дата02.07.2016
өлшемі388.07 Kb.
#173158
  1   2   3




Қаражал қаласы әкімдігінің

2012 жылғы « »____________

№____қаулысына



№1 қосымша

Қаражал қаласын дамытудың

2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары





МАЗМҰНЫ




ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2013-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

3

I.

ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ӨНДІРІСТІК КӨЛЕМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ

10

1.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛДЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ПЕРСПЕКТИВАЛАРДЫ АНЫҚТАУ

10

1.1

ҚАЛАНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

10

1.2

ӘЛЕУМЕТТІК-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛ

11

1.3

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ

11

1.4

КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ

11

1.5

ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

12

1.6

ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

12

1.6.1

ЖЫЛУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

12

1.6.2

СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

13

1.6.3

ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ

14

1.6.4

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ

14

1.6.5

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

15

1.7

ҚАЛА БЮДЖЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ

16

1.8

МОНОҚАЛАНЫҢ НЕГІЗГІ ЖОСПАРЫН ТҮЗЕТУ

20

II.

ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ ЖӘНЕ МОНОҚАЛАЛАР ТҰРҒЫНДАРЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ҚҰРЫЛЫМЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

20

2.1

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫН ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ӘРТАРАПТАНДЫРУ ҮШІН «ЗӘКІРЛІК» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ

20

2.2

ҰЛТТЫҚ ХОЛДИНГТАРДЫҢ КӨМЕКШІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУШІ ӨНДІРІСТЕРДІ, ТАПСЫРЫСТАРДЫ ЕРЕКШЕЛІГІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП МОНОҚАЛАЛАРДА ОРНАЛАСТЫРУЫ

21

2.3

ҚАЛА ҚҰРАУШЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ КӨМЕКШІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ ӨНДІРІСТЕРДІ, ТАПСЫРЫСТАРДЫ ЕРЕКШЕЛІГІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫНДА ОРНАЛАСТЫРУЫ

22

2.4

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ МАМАНДАНУЫН ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

22

2.5

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША (ҚАЛА ҚҰРАУШЫ КӘСІПОРЫНДАР МЕН МЕМЛЕКЕТ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

23

III.

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2013-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

25





















Қаражал қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарының төлқұжаты


Бағдарламаның атауы

Қаражал қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары


Дайындау негізі

2012-2020 жылдарға арналған Моноқалаларды дамыту бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №683 Қаулысымен бекітілген


Негізгі дайындаушылар

Қаражал қаласының әкімдігі



Мақсаты

Қаражал қаласын орта мерзімді перспективада тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамыту


Міндеттері

1. Тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік көлеміне байланысты моноқаланы оңтайландыру.

2. Экономиканы әртараптандыру және моноқалалар тұрғындарын жұмыспен қамтудың оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін шағын және орта бизнесті дамыту.

3. Моноқаланың еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

4. Тұрғындарының оңтайлы санына сәйкес Қаражал қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту.




Іске асыру мерзімдері мен кезеңдері

I кезең – 2012 жыл (пилотты)

II кезең – 2013-2015 жылдар




Негізгі іс-шаралар,

негізгі инвестициялық жобалар

I. Тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік көлеміне байланысты Қаражал қаласын оңтайландыру

Іс-шаралар:

1) Қаражал қаласында жүйелі диагностика (зерттеу) жүргізу, жай-күйінің маркетингтік талдауын жүргізу, алдағы ұзақ мерзімді мүмкіншіліктерін және жаңа мамандануын анықтау.

2) Қала әлеуетін біршама жоғарғы санатқа көтеру үшін мақсатты қолдау жөніндегі мәселелерді пысықтау.

3) Қаланың бас жоспарын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу.


II. Экономиканы әртараптандыру және моноқалалар тұрғындарын жұмыспен қамтудың оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін шағын және орта бизнесті дамыту
Іс-шаралар:

1. Қаланың экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін «Зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру
Тұрақты 200 жұмыс орнын құрайтын полиметалл кенін өңдеу мен байыту фабрикасының құрылысын салу («Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы).
2. Ұлттық холдингтардың көмекші және қызмет көрсетуші өндірістерді, тапсырыстарды ерекшелілігін ескере отырып моноқалаларда орналастыруы

Компанияның ерекшелілігіне, жобаның қаржылық-экономикалық орындылығына қарай ұлттық холдингтардың моноқалада инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігі мәселелерін пысықтау.


Сәйкес тауарларды өндіретін, жұмыстар мен қызмет көрсететін жергілікті, оның ішінде, Қаражал қаласында орналасқан компаниялардың мүмкіншіліктерін анықтау мақсатында, Қарағанды облысында орналасқан ұлттық холдингтар мен компаниялар филиалдарының тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуына талдау жүргізу.
3. Қаражал қаласының ерекшелігіне байланысты қала құраушы кәсіпорындардың жаңа өндірістерін орналастыру.
Қала құраушы кәсіпорындар «Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы және «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Өркен Атасу» өкілдігі «Еңбек-Қарағанды» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өндірістік алаңдарында арнайы киімдерді тіккізу тапсырыстарын орналастыруды жоспарлап отыр.
4. Қаражал қаласының бұрынғы мамандануын кайта қалпына келтіру.
1) 250 тұрақты жұмыс орнын аша отырып жылына 4,0 миллион тонна полиметалл кенін өңдейтін және байытатын Қиыр батыс кенішін кеңейту («Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы)
2) Батыс Қаражал шахтасын 280 тұрақты жұмыс орнын құрайтындай және жылына 1,8 миллион тонна темір кенін өндіретін жобалық қуаттылығына дейін кеңейту («Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Өркен Атасу» өкілдігі).
3) Қаражал қаласы Шалғы кентінде кенді және кенді емес минералды шикізатты (алтын, цинк, вольфрам) өңдеу бойынша кешен құрылысын салу мен пайдалану, «Қарағанды геологиялық барлау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 50 жұмыс орны құрылады.
4) «Үлкен Қтай» мен «Орта Қтай» кен орындарында темір кенін өндіру және байыту фабрикасының құрылысын салу.
5) Бестөбе кен орнында барит кенін өндіретін қуаттылығы 200,0 мың тонна болатын байыту фабрикасының құрылысын салу. 100 жұмыс орны құрылады.
5. Шағын және орта бизнесті дамыту:
1) Субсидиялау үшін жобаларды қарау, іріктеу және аймақтық үйлестіру кеңесіне жолдау;
2) 1,5 миллион теңгеден 3,0 миллион теңгеге дейінгі көлемде жаңа өндірістерді ашуға арналған гранттардың берілуіне ықпал ету;
3) Конкурстық негіздемеде гранттар беру үшін жобаларды қарау және мақұлдау;
4) «JUDO» спорт саласындағы қызметті жетілдіру;
5) Наубайханаларды кеңейту және жабдықтарын жетілдіру;
6) Қала құраушы кәсіпорындармен жасалатын әріптестік бағдарламалардың іске асырылуына жәрдемдесу;

7) Микрокредиттік, донорлық ұйымдар мен қала құраушы кәсіпорындарды (Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы және «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Өркен Атасу» өкілдігі) тарту арқылы қаладағы жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсету жөніндегі бизнес-инкубатор құру және оның жұмыс істеуі;


8) Қалада Кәсіпкерлікті қолдау орталығын құру және оның жұмыс істеуі (Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында).
III. Қаражал қаласының еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді-мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына өз еріктерімен қоныс аударуды ынталандыру.
Берілген іс-шараны жүзеге асыру мақсатында Қаражал қаласының селолық аймағында (Жәйрем кенті) 32 пәтерден тұратын тұрғын үй қалпына келтіріліп жатыр. «СтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаланың құрылыс бөлімімен келісіліп, 2012 жылдың 01 наурызында бекітілген құрылыс жұмыстарын жүргізу кестесіне сәйкес тұрғын үйді ағымдағы жылдың кыркүйек-қазан айларында тапсыру жоспарланып отыр, бұл үйге Шалғы кентінің экономикалық әлеуеті төмен тұрғындары өз келісімдері бойынша көшіріліп, олардың міндетті түрде жұмысқа орналастырылуы жоспарланып отыр.
Іс-шара:

1. Моноқалалар жастарының қалалық, облыстық техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде және аймақаралық орталықтарда білім алулары үшін жағдайлар жасау
Құрылып жатқан Кадрлар даярлау жөніндегі аймақаралық орталықтарда (Атырау, Өскемен, Екібастұз, Шымкент) жастарды оқыту мәселелерін пысықтау.
Ірі кәсіпорындарға қаланың тұрғындарын қабылдау, «Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы және «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Өркен Атасу» өкілдігі кәсіпорындарының оқу-өндірістік орталықтарында оқыту бойынша шаралар қолдану.
Дайындалған кадрларға жалға тұрғын үй бөліп және көшуге арналған өтемақы төлей отырып, олардың тұрақты жұмысқа орналастырылуын ұйымдастыру.
Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жыл сайын кәсіптік оқытуға 10 адамнан, жастар практикасына 10 адамнан, әлуметтік жұмыс орындарына 10 адамнан жіберіп тұру.
IV. Қаражал қаласы тұрғындарының оңтайлы санына есептелген әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту

Іс-шаралар (жоспар бойынша)

Инженерлік инфрақұрылымды, тұрғын үй құрылысын салуды және әлеуметтік-мәдениеттік мақсаттағы нысандарды дамыту проблемаларын шешуге байланысты жасалған қаланы дамыту жөніндегі іс-шаралар әзірленіп жатқан бас жоспар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының негізінде анықталған.

Халықтың оңтайлы санының тіршілігін қамтамасыз ету (сумен, электрмен жабдықтау, кәріз) инфрақұрылымын қайта жаңғырту және (немесе) құрылысын салу (жылумен қамту жүйесін қайта жаңғырту, қалаішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту).

Қаланы жайғастыру бойынша ағымдағы бірінші кезектегі мәселелерді шешу (көшелерді жарықтандыру және абаттандыру, қоқыстан тазарту, шығару, алаңдарды, көшелерді, скверлерді абаттандыру, аулалық балалар алаңдарын орнату, білім беру нысандарының жылыту жүйелерін жөндеу, мәдени-сауық орталығын, қалаішілік жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу және хоккей кортын орнату).

- әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысын салу (640 орындық 2 балабақша, спорттық-сауықтыру кешені)

- тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымдарының қайта жаңғыртылуын және (немесе) құрылысының салынуын қамтамасыз ету («Жәйрем Қаражал» топтық су құбырының құрылысын салу, Тұзкөл су қоймасы), қалаішілік және кентішілік су құбырлары мен кәріз жүйелерін қайта жаңғырту, орталық қазандық пен жалға берілетін үйдің құрылысын салу).

Аварияларға, алапаттарға, табиғи апаттарға қарсы тұру инфрақұрылымын дамыту (Жәйрем кентіндегі 2 шақыртуға арналған өрт сөндіру депосының құрылысы, Қаражал қаласындағы №46 өрт сөндіру бөлімін күрделі жөндеуден өткізу).

2015 жылға:



Нысаналы индикаторлар

1. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемін 16,6%-ға дейін ұлғайту (2011 жылмен саластырғанда).

2. Белсенді жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындардың санын 2 есеге өсіру (2011 жылмен саластырғанда).

3. Тіркелген щағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесін 75%-ға дейін өсіру.

4. Табысы өмір сүру минимумынан төмен халықтың үлесін 4%-ға дейін азайту.

5. Жұмыссыздық деңгейін 5,5%-ға дейін азайту.

6. Жұмысқа орналастыруға өтініш бергендердің ішіндегі жұмысқа орналастырылғандар үлесін 98%-ға дейін өсіру.

7. Жақсы қалыптағы қалаішілік автомобиль жолдарының үлесін 60%-ға дейін ұлғайту.

8. Қала құраушы кәсіпорындардағы жалдамалы жұмыскерлердің болжамды санын – 4 120 адамға ұлғайту(2011 жылы – 4 015 адам)




Қаржыландыру көлемдері мен көздері

Қаражал қаласының кешенді даму жоспарын іске асыру үшін 2013 жылдан 2015 жылға дейінгі мерзімде барлығы 21 700 829,7 мың теңге қаржы ресустары қажет.
- 2013 жыл – 5 117 780,9 мың теңге, оның ішінде:

Республикалық бюджет – 996743,9 мың теңге;

Жергілікті бюджет – 245037 мың теңге;

Басқа да қаржы көздері – 3876000 мың теңге.


- 2014 жыл – 2 322 238 мың теңге, оның ішінде:

Республикалық бюджет – 1747253 мың теңге;

Жергілікті бюджет – 395985 мың теңге;

Басқа да қаржы көздері – 179000 мың теңге.


- 2015 жыл – 14 260 810,8 мың теңге, оның ішінде:

Республикалық бюджет – 12533907,8 мың теңге;

Жергілікті бюджет – 1347903 мың теңге;

Басқа да қаржы көздері – 379000 мың теңге.


Барлығы: 21 700 829,7 мың теңге, оның ішінде:

Республикалық бюджет – 15277904,7 мың теңге;

Жергілікті бюджет – 1988925 мың теңге;

Басқа да қаржы көздері – 4434000 мың теңге.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет