Арал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2014 жылдың 11 айында бұқаралық спортты арттыру мақсатында атқарылған жұмыстар туралы



Дата04.03.2016
өлшемі27.82 Kb.
#38627
Арал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2014 жылдың 11 айында бұқаралық спортты арттыру мақсатында атқарылған жұмыстар туралы
Ауданда 69 денешынықтыру ұйымдары жұмыс жүргізеді. Оларда 18 015 адам (барлық аудан халқының 22,5%) дене шынықтыру және спортпен шұғылданады.

Ауданда 224 спорт объектісі есепке алынған. Оның: 1-уі стадион, 41-і спорт зал, 26-ы ыңғайластырылған спорт бөлмелері, 4-і спорттық ату тирі, 152-і жазықтағы спорт алаңдары, оның 31-і жасанды төсенiшiмен алаңдар, 1-уі спорт ядросы, 16 футбол алаңдары, 104-і стардарттық емес спорт алаңдары.

2014 жылдың 11 айында аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында 106 спорттық іс-шара, оның (5-і облыстық, 6-і қалааралық, 73-і аудандық, 22-і кент, ауылішілік, мекемеішілік) өткізілді.

Арал ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Арал ауданы тұрғындарына бұхаралық спортты насихаттау мен салауатты өмір салтын ұстануға 2009-шы жылдан бері қызмет көрсетіп келеді.

Қызмет аясы ұлғайып тренажер залы, стол тенисі, сауна, жасанды газондалған футбол алаңы, ашық табиғат аясында жасалған спорт алаңы, скейт-роллик алаңы, қыс мезгілінде мұз айдыны аудан жастары мен тұрғындарына тұрақты қызмет көрсетуде.

2014 жылдың наурыз айында кәсіпорынға қосымша 10,0 мың теңге қаражат аудандық бюджеттен бөлініп оған, 10 спорт нұсқаушы штат бірлігі, 1,5 мың теңгеге спорттық құрал жабдықтар алуға беріліп алдағы уақытта дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 2000 адамға артты.



Жыл басынан бері ауданның жас спортшылары біршама жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан Республикасының ресми (ҚР чемпионаттары мен біріншіліктері) жарыстарында аудан спортшылары 14 медальға ие болды. Оның 5 алтын, 3 күміс, 6 қола.

Ниятова Арайлым - Таэквондодан 1997-98 ж.т. жастар арасында ҚР чемпионатында - ІІІ орын. (55 кг.) Павлодар қ. 3-7 желтоқсан 2013 ж.

Рахманов Оңталап - Бокстан 1998-99 ж.т. кадеттер арасында ҚР чемпионатында - І орын. (+80 кг.) Өскемен қ. 19-25 қаңтар 2014 ж.

Шыманов Рахымбек - Бокстан 1998-99 ж.т. кадеттер арасында ҚР чемпионатында - ІІІ орын. (50 кг.) Өскемен қ. 19-25 қаңтар 2014 ж.

Саудаев Айдос - Қазақ күресінен 1995-96 ж.т. жастар арасында ҚР чемпионатында - ІІ орын. (70 кг.) Ақтау қ. 20-23 ақпан 2014 ж.

Сәлімгереев Нұрым - 1994 ж.т. Арал ауданы, Қарақұм елді мекенінің тумасы. Дзюдодан жастар арасында ҚР чемпионатында - І орын. (100 кг.) Тараз қ. 20-23 ақпан 2014 ж.

Әбілов Сабыржан (студент) Арал қаласы - Бокстан кадеттер арасындағы ҚР чемпионатында – үш дүркін чемпионы (2012, 2013, 2014 ж.ж.). Азия чемпионы (2013 ж.)

Мұхтарова Гүлжайна - 1998 ж.т. Арал қаласының тумасы. Таэквондодан 1997-98 ж.т. жастар арасында ҚР чемпионатында - І орын. (59 кг.) Павлодар қ. 3-7 желтоқсан 2013 ж. Үстіміздегі жылдың 23-26 наурыз аралығында Тайпей елінде таеквондодан өткен Әлем бірінішілгіне қатысушы.

Ниятова Арайлым - Таэквондодан жастар арасында ҚР VII-ші жазғы спартакиадада - І орын. (59 кг.) Ақтау қ. 13-15 мамыр 2014 ж.

Тастыбаев Талап - Таэквондодан жастар арасында ҚР VII-ші жазғы спартакиадада - ІІІ орын. (+78 кг.) Ақтау қ. 13-15 мамыр 2014 ж.

Мұхтарова Гүлжайна - Таэквондодан жастар арасында ҚР VII-ші жазғы спартакиадада - ІІІ орын. (55 кг.) Ақтау қ. 13-15 мамыр 2014 ж.

Жүсіпов Марғұлан - Еркін күрестен ересектер арасында ҚР чемпионатында – ІІІ орын (57 кг) Павлодар қ. 12-15 маусым 2014 ж.

Мұхтарова Гүлжайна - Таэквондодан жастар арасында ҚР чемпионатында - ІІ орын. (59 кг.) Астана қ. 10-13 қараша 2014 ж.

Тастыбаев Талап - Таэквондодан жастар арасында ҚР чемпионатында - ІІ орын. (+78 кг.) Астана қ. 10-13 қараша 2014 ж.

Ниятова Арайлым - Таэквондодан ересектер арасында ҚР чемпионатында - ІІІ орын. (57 кг.) Астана қ. 13-16 қараша 2014 ж.

Сәлімгереев Нұрым - 1994 ж.т. Арал ауданы, Қарақұм елді мекенінің тумасы. Дзюдодан ересектер арасында Азия чемпионатында - ІІІ орын. (100 кг.) Қытай елі, Ганконг каласы 11-14 желтоқсан 2014 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет