Арал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2014 жылдың І жартыжылдығы бұқаралық спортты арттыру мақсатында атқарылған жұмыстары



Дата04.03.2016
өлшемі27.92 Kb.
#38944
Арал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2014 жылдың І жартыжылдығы бұқаралық спортты арттыру

мақсатында атқарылған жұмыстары

Ауданда 68 денешынықтыру ұйымдары жұмыс жүргізеді. Оларда 16 877 адам (барлық аудан халқының 22,4%) дене шынықтыру және спортпен шұғылданады.

Ауданда 232 спорт объектісі есепке алынған. Оның: 1-уі стадион, 38-і спорт зал, 31-ы ыңғайластырылған спорт бөлмелері, 8-і спорттық ату тирі, 154-і жазықтағы спорт алаңдары, оның 30-ы жасанды төсенiшiмен алаңдар, 1-уі спорт ядросы, 19 футбол алаңдары, 104-і стардарттық емес спорт алаңдары.

2014 жылдың 6 айында аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында 61 спорттық іс-шара, оның (4-і облыстық, 3-і қалааралық, 39-і аудандық, 15-і кент, ауылішілік, мекемеішілік) өткізілді.

2014 жылға спорттық іс-сапарларға бару мен спорттық жарыстар өткізуге аудан бюджетінен 7127,0 мың теңге қаржы бөлінді. 2014 жылдың 6 айында 4156,0 мың теңге бөлініп, 4656,0 мың теңгесі игерілді. Сонымен қатар 1241,0 мың теңге қаржыға аудан құрама командаларына спорттық киімдер мен спорттық құрал-жабдықтар алуға бөлінді. Медальдар, табличкалар, билборттар жасатуға 226,0 мың теңге бөлініп, одан 225,6 мың теңге игерілді.

Сондай-ақ, Арал ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Арал ауданы тұрғындарына бұхаралық спортты насихаттау мен салауатты өмір салтын ұстануға 2009-шы жылдан бері қызмет көрсетіп келеді.

Қызмет аясы ұлғайып тренажер залы, стол тенисі, сауна, жасанды газондалған футбол алаңы, ашық табиғат аясында жасалған спорт алаңы, скейт-роллик алаңы, қыс мезгілінде мұз айдыны аудан жастары мен тұрғындарына тұрақты қызмет көрсетуде.

2013 жылы кәсіпорынға 2500,0 мың теңгеге 1 «Газель» автокөлігі алынып берілді.



Ал, 2014 жылдың басынан кәсіпорынға қосымша 10,0 мың теңге қаражат аудандық бюджеттен бөлініп оған, 10 спорт нұсқаушы штат бірлігі, 1,5 мың теңгеге спорттық құрал жабдықтар алуға беріліп алдағы уақытта дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 2000 адамға арттыру межеленіп отыр.

Жыл басынан бері ауданның жас спортшылары біршама жетістіктерге қол жеткізіп қойды. Қазақстан Республикасының ресми (ҚР чемпионаттары мен біріншіліктері) жарыстарында аудан спортшылары 11 медальға ие болды. Оның 5 алтын, 1 күміс, 5 қола.

Сәлімгереев Нұрым 1994 ж.т. Арал ауданы, Қарақұм елді мекенінің тумасы. Дзюдодан жастар арасында ҚР чемпионатында - І орын. (100 кг.) Тараз қ. 20-23 ақпан 2014 ж.

Мұхтарова Гүлжайна 1998 ж.т. Арал қаласының тумасы. Таэквондодан 1997-98 ж.т. жастар арасында ҚР чемпионатында - І орын. (59 кг.) Павлодар қ. 3-7 желтоқсан 2013 ж.

Әбілов Сабыржан (студент) Арал қаласы. Бокстан кадеттер арасындағы ҚР чемпионатында – үш дүркін чемпионы (2012, 2013, 2014 ж.ж.). Азия чемпионы (2013 ж)

Рахманов Оңталап - Бокстан 1998-99 ж.т. кадеттер арасында ҚР чемпионатында - І орын. (+80 кг.) Өскемен қ. 19-25 қаңтар 2014 ж.

Шыманов Рахымбек - Бокстан 1998-99 ж.т. кадеттер арасында ҚР чемпионатында - ІІІ орын. (50 кг.)Өскемен қ. 19-25 қаңтар 2014 ж.

Саудаев Айдос - Қазақ күресінен 1995-96 ж.т. жастар арасында ҚР чемпионатында - ІІ орын. (70 кг.) Ақтау қ. 20-23 ақпан 2014 ж.

Ниятова Арайлым - Таэквондодан 1997-98 ж.т. жастар арасында ҚР чемпионатында - ІІІ орын. (55 кг.) Павлодар қ. 3-7 желтоқсан 2013 ж.

Ниятова Арайлым - Таэквондодан жастар арасында ҚР VII-ші жазғы спартакиадада - І орын. (59 кг.) Ақтау қ. 13-15 мамыр 2014 ж.

Тастыбаев Талап - Таэквондодан жастар арасында ҚР VII-ші жазғы спартакиадада - ІІІ орын. (+78 кг.) Ақтау қ. 13-15 мамыр 2014 ж.

Мұқтарова Гүлжайна - Таэквондодан жастар арасында ҚР VII-ші жазғы спартакиадада - ІІІ орын. (55 кг.) Ақтау қ. 13-15 мамыр 2014 ж.

Жүсіпов Марғұлан – Еркін күрестен ересектер арасында ҚР чемпионатында –ІІІ орын (57 кг) Павлодар қ. 12-15 маусым 2014 ж

Сондай-ақ, үстіміздегі жылы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудандағы жұмыссыз жастарды қолдау мақсатында үстіміздегі жылдың 19 шілде күні қалалық стадионда дойбыдан, шахматтан және кіші футболдан аудандық жарыстар өткізілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет