Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы



жүктеу 0.73 Mb.
бет1/5
Дата08.07.2016
өлшемі0.73 Mb.
  1   2   3   4   5
Бекiтемiн:
                              Арал аудандық жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің басшысы

__________________Қ.Аяпов
                                                                     2014 жылғы " 11" наурыз
                                          бұйрық № 26-Ө

                



КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

Мемлекеттiк сатып алу бойынша, ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді сатып алу (Арал ауданының Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне, бөлімде есепте тұрған (үйде әлеуметтік қызмет алушы) мүгедек балалар мен жалғыз басты қарттар мен мүгедектерді оңалту және қайырымдылық көмек ұйымдастыру шаралары (қызметі))
(конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың атауын көрсету қажет)
Тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы: «Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі, №58

РНН 330 200 001 675 ,

БИН 941 240 001 364

БИК KKMFKZ2A

Арал аудандық қазынашылық басқармасы

КОД 4512502 ,

ИИК KZ19070103KSN3302000

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының өкiлi –конкурстық комиссияның хатшысы Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Боранкулов Адильбек Райханович байланыс телефоны: 8 (72433) 7-91-93, факс 2-45-93, электрондық мекен-жай: sobes_aral@mail.ru

Конкурстық құжаттаманың құны: "Конкурстық құжаттама тегiн ұсынылады"

1. Жалпы ережелер

      1. Конкурс өнiм берушiнi(лердi) таңдау мақсатында өткiзiледi (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң атауын көрсету қажет). Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді сатып алу

      2. Тауарды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi осы конкурс (лот) үшiн бөлiнген сома 1 322 000 -00 / Бір миллион үш жүз жиырма екі мың /теңге 00 тиынды құрайды (тауарларды, (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) лоттарға бөлген жағдайда әрбiр лот үшiн сома жеке көрсетiледi).
Лот №1 – ( 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне қайырымдылық көмек ұйымдастыру) – 672  000 теңге;
Лот №2 - ( 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бөлімде есепте тұрған (үйде әлеуметтік қызмет алушы) мүгедек балалардың қатысуымен іс-шаралар өткізу) – 200 000 теңге;
Лот №3 - ( 1 қазан – Қарттар күніне орай бөлімде есепте тұрған (үйде әлеуметтік қызмет алушы) жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге қайырымдылық шаралар ұйымдастыру) – 150000 теңге;

Лот №4 – (Мүгедектер күніне орай бөлімде есепте тұрған (үйде әлеуметтік қызмет алушы) мүгедектерге іс-шаралар ұйымдастыру) - 100 000 теңге;

Лот №5 - (Жаңа жыл мерекесіне орай бөлімде есепте тұрған (үйде әлеуметтік қызмет алушы) мүгедек балаларға қайырымдылық көмек жасау) – 100 000 теңге:

Лот №6 – (Жаңа жыл мерекесіне орай бөлімде есепте тұрған (үйде әлеуметтік қызмет алушы) жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге қайырымдылық көмек жасау) – 100 000 теңге.

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

      1) осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) тiзбесiн;

      2) осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшелiктердi қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сипаты мен талап етiлетiн техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;

      3) осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшiн конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi;

      4) осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес тауарларды беру (жұмыстарды орындау, көрсетiлетiн қызметтер көрсету) үшiн әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi;

      5) әрбiр өлшемнiң проценттiк мәнiн көрсете отырып, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiне сәйкес неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетудi ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезiнде конкурстық комиссия ескеретiн мiндеттi өлшемдердiң тiзбесiн;

      6) объектiлер салуға не оларды қайта жаңартуға байланысты жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада жұмыстарды орындау кезеңдерiн, түрлерiн және көлемдерiн, сондай-ақ егер кiшi жобалау құжаттамасына сәйкес оларды орындау мерзiмi бiр қаржы жылынан асатын болса, әрбiр қаржы жылындағы осындай жұмыстарды мемлекеттiк сатып алудың сомасын көрсетуi қажет.

      4. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiммен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген соманың бiр процентi мөлшерiнде конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi қамтамасыз етудi төменде санамаланған нысандардың бiрiнде енгiзедi:

           1) ақшалай кепілдік төленбейді

      2) осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес банктiк кепiлдiк.

      Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмнiң өзiнiң мерзiмiнен кем болмауға тиiс. Өтінімнің мерзімі 35 күн.


2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн алған әлеуеттi өнiм берушiлерге оның ережелерiн түсiндiруi

     


5. Конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi 2014 жылғы "28" наурыз 13 сағ. 00 мин. кешiктiрмей конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы жазбаша сұрау салумен жүгiнуге құқылы. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң сұрау салуларын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелерi бойынша жiберу қажет: (индекс 120100, Кызылорда облысы, Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі №58, «Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, бөлме № 9).

      6. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оған жауап беруге және сұрау салу кiмнен келiп түскенiн көрсетусiз:


      1) олар туралы мәлiметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына енгiзiлген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiрудi жiберуге;

      2) конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiрулердiң мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында (www.aral.gov.kz веб-сайтында) жариялауға мiндеттi.

      7. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы 2014_жылғы "25"наурыз 13 сағ.00 мин. мерзiмнен кешiктiрмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн берген әлеуеттi өнiм берушiнiң сұрауына жауап ретiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзуге тиiс. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер енгiзу конкурстық құжаттаманы бекiтудегi сияқты тәртiппен ресiмделедi.

      Енгiзiлген өзгерiстердiң мiндеттi күшi болады және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерiстер бекiтiлген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде өтеусiз негiзде конкурстық құжаттаманың көшiрмесi берiлген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге жiбередi. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң түпкiлiктi мерзiмiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде осы өзгерiстердi әлеуеттi өнiм берушiлердiң есепке алуы үшiн кемiнде кемiнде он күнтiзбелiк күн мерзiмге ұзартады.

      Ұйымдастырушы енгiзiлген өзгерiстер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында (www.aral.gov.kz веб-сайтында) жариялайды.
      8. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмелерi берiлген әлеуеттi өнiм берушiлермен не олардың уәкiлеттi өкiлдерiмен конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн (28 наурыз 2014 жылы Қызылорда облысы, Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі, №58 үйде, №2 бөлмеде, 15 сағат 00 минутте) кездесу өткiзедi.

      9. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесудiң хаттамасын жасайды, онда әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық құжаттаманы түсiндiру туралы олардың көздерiн көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетiледi. Хаттама әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесу өткiзiлген күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей конкурстық комиссияға және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуеттi өнiм берушiлердi тiркеу журналында көрсетiлген почталық деректемелерi бойынша конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн берген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге жiберiледi.

      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiлермен болған кездесу хаттамасының мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында (www.aral.gov.kz веб-сайтында) жариялайды.

3. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi ресiмдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi әлеуеттi өнiм берушiлердiң ұсынуы

Конкурсқа қатысуға өтiнiм

      10. Конкурсқа қатысуға өтiнiм осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды берудi жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады.

      11. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға беретiн конкурсқа қатысуға өтiнiм мыналарды қамтуға тиiс:


  1. әлеуеттi өнiм берушi осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес

толтырған және қол қойылған өтiнiмдi;

  1. әлеуеттi өнiм берушi оның жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау ретiнде ұсынатын

құжаттардың тiзбесiн:

құқықтық қабiлеттiлiгiн (заңды тұлғалар үшiн), жеке тұлғалар үшiн азаматтық қабiлеттiлiгiн

(кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде тiркелгенi туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлiгiнiң көшiрмесi) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;

заңды тұлға қызметтi Үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыратын жағдайда қоспағанда, заңды

тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместерi қазақ және (немесе) орыс тiлдерiне аудармасымен сауда тiзiлiмiнен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзiндi көшiрмесiн ұсынады;

лицензиялардың және (немесе) патенттердiң, сертификаттардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып

алынатын тауарларды шығару, қайта өңдеу, жеткiзу және өткiзу құқығын растайтын, жұмыстарды атқаруға, қызмет көрсетуге арналған басқа да құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;

заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi (қайта тiркелгенi) туралы куәлiктiң нотариалдық

куәландырылған көшiрмесi. Егер заңды тұлға қызметiн заңнамада белгiленген тәртiппен Үлгi жарғы негiзiнде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттiк тiркелгенi туралы өтiнiмнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтай

құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзiндiсiн не конверттердi ашу күнiнiң алдындағы бiр айдан кеш емес берiлген акция ұстаушылардың тiлiмiнен белгiленген тәртiппен қол қойылған және куәландырылған үзiндiнiң түпнұсқасын;

төлем қабiлетiн растайтын құжаттарды:

осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуеттi берушiге қызмет көрсететiн

банктiң немесе банк филиалының қолы мен мөрi бар әлеуеттi берушiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi, кредиттiк серiктестiктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес банктiң немесе банк филиалының алдындағы мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешектiң жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осы анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын күннiң алдындағы бiр айдың iшiнде берiлуi тиiс;

не конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнiнiң алдындағы бiр айдың iшiнде берiлген бiр

теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болуы туралы, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi кейiнге қалдырылған кездегi жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендiгi туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;

Конкурстық құжаттама әлеуеттi өнiм берiшiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiммен бiрге жүргiзiлетiн

мемлекеттiк сатып алу сомасының жүз процентiне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше банк-резиденттердiң банктiк кепiлдiктерi түрiнде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабiлеттiлiгi туралы жалпы бiлiктiлiк талабына сәйкестiгiн растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиiс. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуеттi өнiм берушiлерге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толық орындау үшiн конкурстық құжаттамада белгiленген мерзiмге берiледi;

3) әлеуеттi өнiм берушiнiң арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;

осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттiк сатып алу процесiне

қатысуға арналған бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi.

 Егер әлеуеттi өнiм берушi жұмыстардың не қызмет көрсетулердiң қосалқы мердiгерлерiн (бiрлесiп

орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайында әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлесiп орындаушылардың) жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынуы тиiс;

      осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәнi болып

табылатын жұмыстарды орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiнде бiрлесiп орындаушылар) туралы мәлiметтердi және әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетулер көлемiнiң үштен екiсiнен астам жиынтығында қосалқы мердiгерлiкке беруге тыйым салу шартын;

      4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және пайдалану

сипаттамаларын және (немесе) тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету көлемдерi мен сапасына, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, қызмет көрсету шығыстарына кепiлдiк беру суреттелген техникалық ерекшелiктердi;

      5) банктiк кепiлдiк не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының банктiк шотына

орналастырылатын кепiлдiк берiлген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрiнде Заңда белгiленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi;

      6) (Ескерту. 6) тармақша алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа



енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен;

      7) (Ескерту. 7) тармақша алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа



енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен;

      8) әлеуеттi өнiм берушiнiң жарғысына сәйкес сенiмхатсыз қол қою құқығы бар әлеуеттi өнiм

берушiнiң бiрiншi басшысын қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң мүдделерiн бiлдiретiн адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтiнiмге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берiлетiн сенiмхат.

       Ескерту. 11-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу



тәртiбiн 3-т. қараңыз), 2013.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ресiмдеуге қойылатын талаптар

      12. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға тiгiлген түрде, нөмiрленген беттерiмен бередi және соңғы бетiне оның қолымен, ал заңды тұлға үшiн - мөрiмен (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) куәландырылады.

      Конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң техникалық бөлiгi (тiгiлген түрде, нөмiрленген беттерiмен, соңғы бетi әлеуеттi өнiм берушiнiң қолымен және мөрiмен (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң қамтамасыз етуiн растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке берiледi.

      13. Конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң нысаны басылуы немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылуы және оған әлеуеттi өнiм берушi қол қоюы, әлеуеттi өнiм берушiнiң мөрiмен бекiтiлуi (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) тиiс.

      14. Конкурстық өтiнiмде әлеуеттi өнiм берушiнiң грамматикалық немесе арифметикалық қателердi түзетуi қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндiрме, өшiрiлген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиiс.

      15. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi конвертке желiмдейдi, оның беткi жағында әлеуеттi өнiм берушiнiң толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол "кешiктi" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ашпаған күйiнде қайтару мақсатында), мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтiн көрсетiлуге тиiс:



"САТЫП АЛУ ЖӨНIНДЕГI КОНКУРС (Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді сатып алу. Кызылорда облысы, индекс 120100, Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі, №58 үй) және "ДЕЙIН АШПАҢЫЗ" (2014 жылдың 31 наурыз 15 сағат 00 минутқа)".

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi беру тәртiбi

      16. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi әлеуеттi өнiм берушiлер не олардың уәкiлеттi өкiлдерi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып: (2014 жылдың 31 наурыз 12 сағат 30 минут) қоса алғанда (индекс 120100 Қызылорда облысы, Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі, №58 үй №9 бөлме, бөлімнің бас маманы Боранкулов А.Р бередi.

      17. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткеннен кейiн алған барлық конкурстық өтiнiмдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттерде көрсетiлген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуеттi өнiм берушiлерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуеттi өнiм берушiлердiң тиiстi уәкiлеттi өкiлдерiне жеке өздерiне қайтарылады.

      18. Әлеуеттi өнiм берушiлер немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерi ұсынған конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы ал тапсырыс берушi және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау күнi мен уақытын көрсете отырып, тиiстi журналға тiркейдi.

       Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      19. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ресiмдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттер қабылданбайды және тiркелмейдi.



Конкурстық өтiнiмдердi өзгерту және оларды қайтарып алу

      20. Әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiн өзi енгiзген қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн өзгертуi немесе қайтарып алуы мүмкiн. Өзгерiс енгiзу конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң өзi сияқты дайындалуы, желiмделуi және ұсынылуы тиiс.

      Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуеттi өнiм берушi заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуеттi өнiм берушi қол қойған және мөрiмен бекiтiлген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркiн түрде жазылған өтiнiш түрiнде ресiмделедi.

      Конкурсқа қатысуға өтiнiмге өзгерiс енгiзу не конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қайтарып алу, егер оларды мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн алған болса, жарамды болып табылады.

      21. Конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғаннан кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қайтарып алу сияқты, оларға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.

      22. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгiленген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей нақты уақыт кезеңiне арналған өтiнiмнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы әлеуеттi өнiм берушiлердiң сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуеттi өнiм берушi мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:

      1) оның конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң мерзiмi iшiнде конкурс тәсiлiмен жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысу;

      2) осындай өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн ол енгiзген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып алу.

      23. Әлеуеттi өнiм берушi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтередi. Тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерiне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi көтермейдi.

4. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi конкурстық комиссияның ашуы

      24. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашуды келген барлық әлеуеттi өнiм берушiлердiң немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен конкурстық комиссия жүргiзедi (конкурстық өтiнiмдер ашылатын және конкурс өткiзу туралы хабарландыруда (хабарламада) көрсетiлген конкурстық комиссияның отырысы өткiзiлетiн дәл күнiн, уақытын және орнын көрсету қажет). Конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi мен конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу арасындағы кезең екi сағаттан аспауға тиiс.

      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгiленген мерзiмде және тәртiппен ұсынылған әлеуеттi өнiм берушiлердiң өтiнiмдер салынған конверттер ашылуға жатады.

      Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға бiр ғана өтiнiм ұсынылса, онда сондай-ақ конкурсқа қатысуға арналған осы өтiнiм ашылады және қаралады.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2013.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      25. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмiне қатысып отырған әлеуеттi өнiм берушiлердiң уәкiлеттi өкiлдерi өздерiнiң қатысуын растай отырып, олардың өкiлеттiктерiн растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуеттi өнiм берушiлердi тiркеу журналына тiркелуге тиiс (тiркеу орнын, күнiн және уақытын көрсету қажет, бұл уақыт конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашатын уақыттан бұрын болуға тиiс, ал тiркеу орны конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмi өткiзiлетiн орынмен бiрдей болуға тиiс).

      Әлеуеттi өнiм берушiлер мен олардың уәкiлеттi өкiлдерi конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмiн жазу үшiн пайдалануға ниет етiп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиiс.

       Ескерту. 25-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      26. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуеттi өнiм берушiлердiң және оның уәкiлеттi өкiлдерiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлiнiң, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметiне араласуына жол берiлмейдi.

      Ескерту. Орыс тiлдегi мәтiнге өзгерту енгiзiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалады - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.


      27. Конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысында:

      1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәлiметтер көрсетiлген мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi ал тапсырыс берушi және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етедi:

      конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;

      конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн алған әлеуеттi өнiм берушiлердiң саны;

    әлеуеттi өнiм берушiлердiң бар немесе жоқ екендiгi, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру жөнiндегi әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесу өткiзгенi;

      конкурстық құжаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу фактiсiнiң бар немесе жоқ екендiгi, сондай-ақ себептерi;

      тиiстi тiркеу журналына тiркелген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi белгiленген мерзiмде ұсынған әлеуеттi өнiм берушiлер;

      2) конкурстық комиссияның өкiлi не конкурстық комиссия мүшелерiнiң қатарынан төраға белгiлеген тұлға:

      конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашады және өтiнiмде қамтылған құжаттардың тiзбесiн және олардың қысқаша мазмұнын жария етедi;


  1. конкурстық комиссияның хатшысы:

  тиiстi конверттердi ашу хаттамасын ресiмдейдi;

      әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлдерiн конкурстық комиссия отырысының көрсетiлген хаттамасының көшiрмесiн ала алатын мерзiм туралы хабардар етедi.

      Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетiне қол қояды.

      Конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысы хаттамасының көшiрмесiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуеттi өнiм берушiлерге немесе олардың уәкiлеттi өкiлiне конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысы өткiзiлген күннен кейiнгi екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынылады.

      Ескерту. 27-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз), 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз), 2013.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

  1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет