Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2014 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар туралы анықтама



Дата09.07.2016
өлшемі95.95 Kb.
#187103
Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2014 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар туралы анықтама
1. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша атқарылған жұмыстар
Бүгінгі таңға аудан территориясында орналасқан 57 елді мекен үшін аса маңызды инфрақұрылым болып есептелетін жалпы ұзындығы 728 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары бар, оның ішінде 145 шақырымы қара қиыршық тасты (асфальт), 146 шақырымы қиыршық тасты (гравий) жол, қалған 437 шақырымы шаруашылық жолдары (қара жолдар) болып табылады.

Аудандық маңыздағы асфальтбетон және қиыршық тас жабындысы бар жалпы ұзындығы 291 км құрайтын автомобиль жолдарын техникалық паспорттау мақсатында 2014 жылы аудандық бюджеттен 9317,0 мың теңге қаржы бөлініп, әр автомобиль жолдары бойынша техникалық құжаттамалары әзірленіп, бөлім тарапынан техникалық паспорттар алыс-беріс актісі арқылы қабылданды.

Сондай-ақ, 2014 жылы Арал ауданының аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және қайта жаңғырту жұмыстарын зерттеп, мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен 65045,0 мың теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күні аталған қаржыға Арал ауданының жергілікті маңызы бар «Арал-Аэропорт-Жалаңаш (Бірлестік)» (0-64 км) автомобиль жолын қайта жаңғырту, «Самара-Шымкент» - Сазды елді мекеніне кіре беріс» (0-21 км) автомобиль жолын салу, «Райым-Водокачка (Жетес би а/о)» (10 км) автомобиль жолын жаңадан салу бойынша зерттеу жүргізу және мемлекеттік сараптамадан өткізілген жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, тапсырысшы тарапынан бекітілді.

Сонымен қатар, аудандық бюджеттің қаржыландыруымен 1) Арал ауданының аудандық маңызы бар «Қызылжар елді мекеніне кіре беріс» (9-16 км) мемлекеттік сараптама қорытындысымен жоба-сметалық құжаттама әзірлеу; 2) Жергілікті маңызы бар «Самара-Шымкент-Сексеуіл» (0-3, 35-37 км) автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарының ЖСҚ-сын әзірлеу; Арал қаласының 66 көшесінің жалпы ұзындығы 54,1 км құрайтын автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарының ЖСҚ-сы әзірленді.

Қазіргі таңда «Арал-Аэропорт-Жалаңаш (Бірлестік)» а/жолын қайта жаңғырту, «Қызылжар елді мекеніне кіре беріс» (9-16 км) а/жолын күрделі жөндеу, «Самара-Шымкент-Сексеуіл» (0-3, 35-37 км) а/жолын орташа жөндеу, Арал қаласының 66 көшесінің жалпы ұзындығы 54,1 км құрайтын автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарының бюджеттік өтінімдері тиісті басқармаға қолма-қол берілді.

Сондай-ақ, «Самара-Шымкент» автожолынан бастау алатын «Қамыстыбас-Аманөткел-Бөген» автомобиль жолының 33 шақырымындағы «Кәрібөгет» көпірін қайта жаңғырту мақсатында облыстық төтенше жағдайлар резервінен 12,0 млн теңге қаржыға мемлекеттік сараптама қорытындысымен ЖСҚ әзірленіп, құрылыс-монтаж жұмыстарына қажетті 61826,0 мың теңге қаржыға бюджеттік өтінім дайындалып, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсынылды.

Үстіміздегі жылы аудандық маңызы бар 4 бағыттағы автомобиль жолдарының қанағаттанарлық жағдайда болуына байланысты аудандық бюджеттен 136,0 млн теңге қаржы бөлініп, оған: «Самара-Шымкент»-«Жақсықылыш-Тоқабай-Абай» (0-98,4 км), «Арал-Аэропорт-Жалаңаш (Бірлестік)» (0-64 км), «Самара-Шымкент-Сексеуіл» (0-37 км), «Самара-Шымкент»-«Қамыстыбас-Аманөткел-Бөген» (0-68 км) автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мердігерлер тарапынан барлық жұмыстар толығымен орындалды.

ІІ. Арал қаласын абаттандыру бойынша атқарылған жұмыстар
2014 жылы елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бюджеттік бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен 249,225 мың теңге бөлінді. Бөлім арқылы Арал қаласындағы «Тәуелсіздік» алаңын абаттандыру жұмыстары, қаланың орталық көшелерінің автожолдарын кеңейтіп, бордюрлер орнату, орталық алаңындағы сахнаны құру, Арал қаласына кіре беріс қақпа (арка) орнату, қаланың 4-ші ықшам ауданын, Арал қаласындағы вокзал маңы учаскесін абаттандыру, орталық көшелердің аллеялар мен скверлердің қоршауларын жөндеу және абаттандыру, Арал қаласының Ж.Нұрпейсов көшесінде брусчаткадан жаяу жүргіншілер жолын орнату, Әбілхайыр хан және Бақтыбай батыр көшелерінің қиылысындағы скверді құру және абаттандыру, Арал қаласындағы қалалық мәдениет үйінің жанындағы скверді құру және абаттандыру, балалар ойын алаңдарын құру, қаланың Қосымов-Қазыбек би көшелерінің қиылысынан сағат құрылғысын, автобус аялдамаларын орнату жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Арал қаласын абаттандыру мақсатында облыстық бюджеттен тек қана биылғы жылға 71,0 млн. теңге қаржы бөлініп, Арал қаласында «Қан мен тер» романының сюжеті бойынша символикалық белгі аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізу жұмыстары да жүргізілді. Келесі жылы осы жұмыстар жалғасын табатын болады.




ІІІ. Аудан көлемінде жол белгілерін, бағдаршамдар, арнайы жол

кедергілерін орнату бойынша атқарылған жұмыстар
Қазіргі таңда республика көлемінде тиісті мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілген талдауға сәйкес жол-көлік оқиғалары өткен жылдың қорытындысымен салыстырмалы түрде 126,3 пайызға артқан. Осы бойынша автожолдар бойында келеңсіз жағдайлардың көрсеткіштері өсуіне сәйкес алаңдаушылық білдіре отырып, автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу бағытында бірнеше ұсыныстар енгізілді. Бүгінгі күні, аудан бюджетінің мүмкіндігі шектеулі екендігіне қарамастан бұл мәселе бірте-бірте шешімін тауып келеді.

Атап айтсақ, 2013 жылы Арал қаласы бойынша 144 жол белгілері, барлық білім ошақтарының жандарына тиісті жол белгілері қондырылды. Сол жылы осы мақсатқа аудандық бюджеттен 1812,0 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді. Бұл жұмыстар биылғы 2014 жылы да оңтайлы жалғасын тауып, аудандық бюджеттен 1960,0 мың теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу процедуралары үстіміздегі жылдың маусым айында өткізіліп, жеңімпазы анықталды. Бүгінгі күні жол белгілерін орнату жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу және жолдарды күтіп ұстауға бөлінген қаржылар есебінен де жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына қосымша жол белгілері орнатылды.

Сондай-ақ, биылғы жылы да қала көшелеріндегі автомобиль жолдарында арнайы жол кедергілерін орнату (лежачий полицейский) жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, облыс көлеміндегі Қызылордадан кейінгі қала мәртебесі бар Арал қаласының Т. Есетов-Қ. Ерімбет, Т. Есетов-Әбілхайыр хан, Әбілхайыр хан-Бақтыбай батыр, Бақтыбай батыр-Жетес би, Абай даңғылы-Үмбет би, Әйтеке би - Нұржаубаев сияқты негізгі көшелерінің қиылыстарына бағдаршамдар орнатуға және зағиптар мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жауапкершіліктерін арттыру мақсатында дыбысты дабыл қондырғылар құруға аудандық бюджеттен 18263,7 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп, жұмыстар бекітілген жұмыс кестелеріне сәйкес толық орындалды.

IV. ҚР 2011-2020 жылдарға арналған «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар
«Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы аясында 2014 жылы Арал қаласындағы көппәтерлі 2 тұрғын үйге, яғни Мақатаев көшесі №10 үйге және Ишкенов көшесі №12 үйге күрделі жөндеу жүргізуге республикалық бюджеттен 13987,0 мың тенге қаржы бөлінді. Осыған байланысты бағдарламаның белгіленген талаптарына сәйкес, бас мердігер болып саналатын «Арал Қанат-100» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пәтер иелері және Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесе отырып жөндеу жұмыстарын жүргізетін қосалқы мердігерлерді - «ТТ-құрылыс сервис» және «Наурыз құрылысы» ЖШС-ін анықтаған болатын. Қазіргі уақытта қаладағы екі обьект бойынша күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде 2015 жылы Арал қаласында 8 көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті 37446,390 мың тенгеге жасалынған бюджеттік өтінім, қаржы-экономикалық негіздеме, экономикалық сараптама қорытынды, мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжаттар және кондоминиум нысандарының толық құжаттары Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министірлігінің Құрылыс және ТҮКШ істері жөніндегі комитетке тапсырылды.




V. Арал қаласы көшелерінің автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары
Бүгінгі күні облыс орталығы Қызылордадан кейінгі қала статусы бар Арал қаласындағы жалпы 206 көше мен тұйықтың жалпы ұзындығы 186 км болса, оның 25 шақырымында ғана асфальт жабындысы бар. Ол қалаішілік автомобиль жолдарының 13 пайызын ғана құрайды. Ал, асфальтбетон жамылғысы бар жолдардың 90 пайызы жарамсыз жағдайда. Қазіргі талаптарға сәйкес қалалық жолдардың қанағаттандырарлық жағдайы 50 пайыздан төмен болмауы тиіс.

2013 жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттің қаржыландыруымен 162,0 млн теңге және аудандық бюджеттен бөлінген 9612,0 мың теңге қаржыға Арал қаласының вокзал алаңы, Бекмырза хан, Ж. Нұрпейсов көшелеріне асфальт төселіп, бордюрлер орнатылды. Сонымен қатар Әбілқайыр хан, Бақтыбай батыр, Школьная, Қызылорда, Панфилов көшелерінің автомобиль жолдары орташа жөндеуден өткізілді.

2014 жылы Арал қаласы көшелерінің автомобиль жолдарын орташа жөндеуге әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес Абай, Қосымов, Қазыбек би, Бекетай би, Нұржаубаев, Әйтеке би, Байтұрсынов, Сырым батыр, Әлімбетов, Қарасақал Ерімбет, Т. Есетов, Ш. Уәлиханов, Кіші Арал – жалпы ұзындығы 11,45 км болатын 13 көше енгізіліп, осы мақсатқа облыстық бюджеттен 200,0 млн теңге қаржы трансферт арқылы бөлінді. Сатып алудың жеңімпазы болып танылған «Қыран» ЖШС бекітілген ЖСҚ-ға сәйкес жұмыстарын толық аяқтап, нысан мемлекеттік комиссиямен қабылданды.

Дегенмен, бұл қаржы қала жолдарын жөндеу мен салу үшін жеткіліксіз. Арал қаласының 62 көшесінің жалпы ұзындығы 51,4 км автомобиль жолдарын орташа жөндеуден өткізу үшін 1 млрд 166,0 млн теңге қаржыға бюджеттік өтінім әзірленіп, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы Шағын қалаларды жайластыру бағдарламасы бойынша ҚР ӨДМ-не қолма-қол ұсынылды.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың желтоқсан айының басында Арал қаласының екі желі темір жолының үстімен автомобиль жолы өткелін салу мақсатында ТЭН әзірлеу үшін қажетті 13788,0 мың теңгеге бюджеттік өтінім әзірленіп, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына берілді.

VІ. Аудандағы елді мекендерде өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру және жою орындарын айқындау жұмыстары
Қазіргі уақытта Арал қаласында аумағы 4 гектарды құрайтын жалғыз өңдіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру мен жоюға арналған полигон бар. Дегенмен аталған нысан қазіргі санитарлық-экологиялық талаптарға сәйкес заңдастырылмаған.

Сонымен қатар, Жақсықылыш, Сексеуіл кенттері мен 21 ауылдық округтің тұрмыстық қатты қатты қалдықтар төгетін орындары белгіленгенімен, олар экологиялық талаптарға сәйкес рәсімделмеген.

Осыған байланысты, аудан бойынша «Өңдіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру және жою орындарын» заңдастыру мақсатында Арал қаласы, Жақсықылыш, Сексеуіл кенттері және 21 ауылдық округтердің, барлығы 43,4 гектар жер учаскелеріне орналастыру және алдын-ала таңдау актілері мен сызбалары және қала, кент, округ әкімі аппараттарының тіркелу құжаттары облыстық жер қатынастары басқармасына ұсынылды.

Жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беру жөніндегі облыстық коммисияның 2013 жылғы 30 желтоқсандағы отырысында №69 шешіммен оң қорытынды шығарылып, осыған сәйкес Арал ауданы әкімдігінің «Өңдіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру мен жою жөніндегі объектілерді салу үшін жер участкілеріне тұрақты жер пайдалану құқығын табыстауға келісім беру» туралы 2014 жылғы 4 ақпанда № 63қ қаулысы қабылданды.

Аудандық бюджеттен 5476,327 мың тенге қаржы бөлініп, оған жерге орналастыру жобалары дайындалды.

Сонымен қатар өңдіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру мен жою жөніндегі объектілерді салу үшін жер участкілеріне «алдын-ала қоршаған ортаға әсерін бағалау» (ПредОВОС) жобасы 4080,0 мың тенгеге ЖК «Эконур» фирмасымен дайындалып, экологиялық сараптамадан өткізіліп, қорытынды алынды.

Осы жоғарыдағы әзірленген құжаттар облыстық жер қатынастары басқармасының бұйрығымен бекітіліп, облыс әкімдігінің жер учаскелеріне тұрақты жер пайдалану құқықтарын табыстау жөніндегі қаулысы шыққаннан кейін Арал ауданының аумағында өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыратын және жоятын орындардың сәйкестендіру құжаттары (мемлекеттік жер актілері) мемлекеттік тіркеуден өткізілетін болады.

Сонымен қатар, өндірістік және тұрмыстық қатты қалдықтар әкету тарифі Арал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуіріндегі кезекті XXVI сессиясының №159 шешімімен бекітіліп, мемлекеттік тіркеуден өткізілді, ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы №1370 қаулысының талаптарына сәйкестендіру мақсатында, Арал қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту үшін мамандандырылған «Казэкосистемс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім-шарт жасалынып, тиісті өлшем жұмыстары жүргізіліп, атқарылған жұмыстардың қорытындысы алынды.

Қазіргі уақытта Министрліктерде жүргізіліп жатырған құрылымдық өзгерістерге байланысты өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинау, көму және кәдеге жарату тарифтері төңірегіндегі кейбір мәселелерді шешу үшін тиісті кеңестер алу қажеттігі туындап отыр.

Х. Арал ауданындағы жолаушылар тасымалдау жағдайы туралы
Арал ауданы бойынша 1 қала, 2 кент және 21 ауылдық округ бар, оларда 57 елді мекен орналасқан. Оның ішіндегі 27 елді мекен автокөлік қызметімен, 19 темір жол қатынасымен қамтылған. 11 елді мекенге (олар Сексеуіл және Жақсықылыш кенттері, Райым, Шижаға, Қосаман, Ақбасты, Ақеспе, Көктем, Ерімбетжаға, Күршек, Жіңішкеқұм елді мекендері) қоғамдық жолаушылар көлігі қатынамайды. Олардың ішіндегі Ақбасты ауылы аудан орталығынан 260 шақырым қашықтықта орналасқан.

Арал ауданының елді мекендеріне 12 бағытта 32 жолаушылар автокөлігі қатынайды. Осы автобустар ауданның 12 бағыттағы 27 елді мекенді қамтып отыр. Ауданда жолаушылар тасымалдау саласында «Жолаушы - Сервис А. Б.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жолаушылар тасымалы қызметімен айналысады. Аталған серіктестік арқылы Арал қаласында автобекет аудан тұрғындарына қызмет көрсетуде. Автобекет жолаушылар күту залы, диспетчерлік пункт, билет сату кассасы, демалыс бөлмесі, ана мен бала бөлмесі және асханамен жабдықталған.



Осы автобекет арқылы ауданішілік бағыттарға билет сатылуда. Аудан елді мекендеріне қатынайтын 12 бағыттағы қоғамдық көліктер, яғни автобустар күнделікті «Жолаушы - Сервис А. Б.» ЖШС-нің автобекетіндегі диспетчерлік пунктінде тіркеліп, аталған бағыттарға жөнелтіледі.

Жолаушылар тасымалдаумен айналысатын негізінен жеке кәсіпкерлер, ескірген автокөліктерін бірте-бірте жаңалауда. 2011 жылы 7 көлік (оның ішінде 3 автобус, 4 Газель), 2012 жылы 10 көлік (оның ішінде 4 автобус, 6 Газель) және 2013 жылы 6 автобус жаңартылды (оның ішінде 3 автобус, 1 Газель, 2 УаЗ).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет