Арал ауданы бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 2014 жылдың 12 айында жүзеге асырылуы



жүктеу 48.87 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі48.87 Kb.
Арал ауданы бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 2014 жылдың 12 айында жүзеге асырылуы.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасына қазіргі таңда 1094 адам қатысып, 1086 бағдарламаға қатысушымен әлеуметтік келісімшарт жасалды. Оның 550-ы жұмыссыздар, 536-і өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Бағдарламаға қатысушылардың 16-29 жас аралығындағы жастары-511, әйелдері-579.


І бағыт бойынша ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту бойынша 7 жоба жүзеге асырылды.

Сонымен қатар:

1) Бағдарламаның 6 жобасының (Арал қаласындағы № 220, Шижаға елді мекеніндегі № 57, Мойнақ елді мекеніндегі негізгі мектеп, Сексеуіл кентіндегі № 177, 87 мектептер және № 29 «Жауқазын» балабақшасы) қаржы әкімшісі аудандық білім бөлімі;

2) 1 жобаның (Сексеуіл кентінің ішкі көлік жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізу) қаржы әкімшісі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі болып табылады.

Атап айтқанда:


  1. Арал қаласындағы № 220 орта мектепті күрделі жөндеу (РБ) -45 850 000, (ЖБ) -10 833 994 теңге. (6 адамды жұмыспен қамту). Қаржысы толығымен игеріліп, жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

  2. Шижаға елді мекеніндегі № 57 орта мектепті күрделі жөндеу (РБ) -87 752 012 теңге. (12 адамды жұмыспен қамту). Қаржысы толығымен игеріліп, жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

  3. Мойнақ елді мекені мектебін ағымдағы жөндеу жұмыстары (РБ) -2 960 000 теңге. (1 адамды жұмыспен қамту). Қаржысы толығымен игеріліп, жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

  4. Сексеуіл кентіндегі № 87 мектеп күрделі жөндеу, (РБ) -86 834 000 т., (ЖБ) - 4 472 248 т. (12 адамды жұмыспен қамту) толық аяқталды.

  5. Сексеуіл кентіндегі № 29 «Жауқазын» балабақшасын күрделі жөндеу, (РБ) -70 978 690 т. ( 11 адамды жұмыспен қамту) толық аяқталды.

  6. Сексеуіл кентіндегі № 177 мектепті ағымдағы жөндеу, (РБ) -45 907 000 т. (ЖБ) -2 118 609 т. ( 7 адамды жұмыспен қамту). Қаржысы толығымен игеріліп, жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

  7. Сексеуіл кентінің автомобиль жолдарын жөндеу (РБ) – 170 296 000 т. ( 26 адамды жұмыспен қамту) толық аяқталды. Алайда 5% техникалық қадағалаушының көрсеткен ақауларын мердігер жоймағандықтан мемлекеттік комиссиясы қабылданбауына сәйкес 8 514 800 теңге қаржысы игерілмей тұр.

Барлық 7 жоба бойынша қаржы көлемі 528 002 553 т. Оның ішінде: (РБ)-510 577 702 т, (ЖБ)-17 424 851 теңге.

Жобалар бойынша 519 487 750 теңгесі игерілді.

Қазіргі таңда жобалар бойынша 224 адам жұмыс жасады. Оның ішінде орталыққа жұмыс іздеуші есебінде хабарласқан 84 адамға жұмысқа жолдама берілсе, 140 адам мердігер компаниялар арқылы жұмыс жасады..

2. ІІ бағыт Жыл басынан бері 173 адамға (жоспар 183 адам 95,0 пайыз) 461,9 млн. теңге (жоспар 367,1 млн. теңге 126,0 пайыз) несие берілді. Оның ішінде 2014 жылға бөлінген қаржының есебінен 137 адамға (жоспар 183 адам 75,0 пайыз) 367,1 млн. теңге (пайызы 100,0), 2013 жылдың қалдық қаржысынан 9 адамға 25 млн.теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы қосымша бөлінген қаржының есебінен 22 адамға 56,0 млн. теңге және 2014 жылы қайта әлеуметтік келісім шарт жасалынғандары 5 адам 13,8 млн. теңге.

2014 жылы «Parasat ConsuIting» ЖШС-і оқыту мекемесі арқылы «Кәсіпкерлік негіздері» курсынан 120 адам оқып, сертификат алды. Сертификат алған 46 адамға несие берілді.

Несие мынадай бағыттарға берілді: мал шаруашылығымен 79,8 пайыз (138 адам), ағаш өнімдерін өндіру 1,2 пайыз (2 адам), автокөлікпен жүк және жолаушылар тасымалы 3,5 пайыз (6 адам), дене шынықтыру сауықтыру орнын ашу 2,3 пайыз (4 адам), нан және нан өнімдерін өндіру 3,5 пайыз (6 адам), пластик бұйымдарынан құрылыс материалдарын шығару 1,7 пайыз (3 адам), көліктерге техникалық қызмет көрсету 1,1 пайыз (2 адам), жолаушылар тасымалы 5,8 пайыз (10 адам), сервистік және басқа да қызмет түрлері 0,6 пайыз (1 адам) және металлургия саласы (токарлық қызмет, коленвальдың барлық түрін жону) 0,6 пайыз (1 адам). Барлығы 173 адам.

Сонымен қатар, 2012 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының ІІ бағытына қатысып, несие алған Нысанбаев Жансерік пен Саянов Серікбайдың «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын дамыту» жұмыстарына берген өтініштеріне сәйкес, 2014 жылы республикалық бюджеттен 4 234 898 теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, аудандық құрылыс бөлімі тарапынан тендер өткізіліп, тендер қорытындысымен жеке кәсіпкер «Байғараев К» жеңімпаз болып танылды. Қазіргі уақытта автокөлік жолдары, жарық, су және байланыс жүйелерін жүргізу жұмыстары толық аяқталып, қаржысы толық игерілді.

Орталық тарапынан қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасына белгіленген мамандармен бірге 2011, 2012, 2013, 2014 жылдарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп келеді. Мониторинг жүргізудің мақсаты қаржының мақсатты жұмсалуы, қазіргі уақыттағы жағдайы, салық органына тіркелгендігі немесе тіркелмегендігі және тағы басқа жұмыстар.
3.1. ІІІ бағыт бойынша Оның ішінде Арал ауданы бойынша қайта даярлау курстарына (шаштараз-10, аспазшы-15, электродәнекерлеуші-10, қайық моторисі-20) бөлінген қаржы 8,078 млн теңге (игерілгені 7,334 млн. теңге ) 90,8 пайыз, 50 адам оқыту жоспарланып, 55 адам оқытылды.(110,0 пайыз) орындалды. Қайта даярлау курстарын бітірген шаштараз-10, қайық моторисі-19, аспазшы-15, элекрогазбен дәнекерлеуші-7. Барлығы 51 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

3.2. Біліктілігін арттыруға (бухгалтер-15, оператор ЭВМ-10, аспазшы-11) бөлінген қаржы 2,691 млн.теңге қаралып, 100 пайыз игерілді. 35 адам адам оқыту жоспарланып, 36 адам оқытылды. (102,8 пайыз), біліктілік курстарын бітірген аспазшы-9, бухгалтер-15, оператор ЭВМ-8. Барлығы 32 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

3.3 10 айлық кәсіптік даярлау курсына 100 адам оқытуға 16,800 млн. теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда қаржысы толығымен игерілді. Облыс, аудан көлеміндегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 103 адамға жолдама берілді. Қазіргі таңда оқуларын жалғастыруда.

Кәсіптік даярлау курстарын бітірген соң жұмыс берушілермен жасалған келісімшарт негізінде мамандықтарына сәйкес тұрақты жұмысқа жолданатын болады.

2011-2014 жылдыры кәсіптік оқуға жолданғандардан 401 адам оқуын бітіріп, 283-і тұрақты жұмысқа орналасты. Оның ішінде 259 адам өз бетінше жұмысқа орналасқандар, 1- адам жастар тәжірибесіне жолдама алды.

3.4 Әлеуметтік жұмыс орындарына қаралған қаржы 24,957 млн теңге қаралып, бүгінгі күнге 100,0 пайыз орындалды. Қатысушы жоспар бойынша 110 (нақты қатысушы 203) 184,5 пайызға орындалып, 73 мекемемен келісім шарт жасалып, 123 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Оның ішінде бағдарламаға 2013 жылы қатысқаны 23 адам.

3.5 Жастар тәжірибесіне қаралған қаржы 20,026 млн теңге қаралып, қазіргі таңда қаржысы толығымен игерілді. Жоспар бойынша қатысушы 100 (нақты қатысушы 168) 168 пайызға орындалып, 63 мекемемен келісім шарт жасалып, 88 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Оның ішінде бағдарламаға 2013 жылы қатысқаны 31 адам.

2014 жылдың желтоқсанына бағдарламаға бөлінген 92,788 млн. теңге қаржының қазіргі таңда 92,044 млн. теңгесі игеріліп, 99,2 пайызға орындалды.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардан қазіргі таңда бағдарламаға 30 адам қатысты:



  • Инфрақұрлымдық жобалардың жөндеу жұмыстарына – 3 адам.

  • Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілік арттыру курстарына - 11 адам жолданып, оқу бітірген -4 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

  • Әлеуметтік жұмыстарға - 9 адам, жастар тәжірибесіне - 1 адам, кәсіпкерлік негіздерінде оқыған -1 адам және өз кәсібін ашуға несие алған -1 адам.

  • Орталыққа жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандардан -4 адам.

Мекемелерден келіп түскен бос жұмыс орындары туралы мәліметке сәйкес бағдарламаға қатысуға ниет білдірген 199 адам тұрақты жұмысқа жолдама алып, жұмысқа орналасты.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет