«Арал Теңізі» ҚБ 1 -10 сәуір аралығында атқарылған жұмыстар туралы Мәлімет. Қоғамның жұмысы



Дата23.02.2016
өлшемі9.86 Kb.
#3490
«Арал Теңізі» ҚБ 1 -10 сәуір

аралығында атқарылған жұмыстар туралы

Мәлімет.

Қоғамның жұмысы:

1-10 сәуір аралығында «Арал Теңізі» ҚБ штат қызметкерлері келер 2 кварталға өз жұмыстарын белгіледі. Атап айтқанда «Арал Теңізі» ҚБ білім беру бағдарламасын арттыру бағытында балықшылар елді мекендеріне іс-сапарлар ұйымдастыру жоспарланды. Іс-сапар барысында қоғам тарапынан даниялық қайырымдылық көмегін Арал балықшыларына беруін қадағалау комиссиясы өз жұмысын өткізеді. Комиссия өз жұмысын осы жылдың күзіне дейін жалғастырады.


Сәуір айының 9-13 аралығында «Арал Теңізі» ҚБ Білім беру бағдарламасы бойынша аудандық «Ағылшын тілі Ассоциациясы», Аудандық білім беру департаментімен бірлесіп жылдағы «Ағылшын драма және өлең» атты сайысты өткізді. Сайысқа жалпы аудандық 8 мектеп қатысты. Сайыс ережелері бойынша «Ең үздік драма», «Ең үздік өлең», «Ең үздік безендіру» номинациялардан оқушылар сайысты. 1 орынды – 71 мектеп, 2 орынды - 2 санаториялық интернат, 3 орынды – 220 және 62 мектептер иеленді. Сайыс қатысушыларға қоғам тарапынан мадақтау грамоталар, бағалы сыйлықтар таратылды.
БАҚ құралдарыменен жұмыс: «Толқын», 10 сәуір 2007 ж. газетінде «Арал ауданына Жапония елінен зерттеу жасау үшін бір топ ғалымдар келді» . Мақалада жергілікті әкімшілік өкілдері Арал өңіріндегі жағдай туралы ғалымдарға толық мәлімет берген туралы айтылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет