«Қаралды» «бекітемін» №6 ЦӘК отырысында Оқу ісі жөніндегі



бет10/12
Дата15.09.2022
өлшемі281 Kb.
#460792
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
вакцина ашық сабақ

Жергілікті реакциялар:
Енгізген жерде абсцесс пайда болу(бактериалық,стерильді).
Лимфаденит(соның ішінде іріңді қабыну).
Жергілікті ауыр реакция(буыннан тыс жердің ісінуі, 3 күннен артық уақыт терінің қызаруы, ауыру байқалу,ауруханаға жатқызу қажеттілік туындауы).
ОЖЖ (ЦНС) жағынан пайда болатын жанама реакциялар:
Жедел солғын салдану (паралич): жедел солғын сал болу (алы, бәрі соның ішінде вакцинды-ассоциацияланған полиомиелит, Гейнс-Барр синдромы(бет нервінің оқшауланған салдану болуынан басқалары).
Энцефалопатия (6 сағат ішінде айқын есінен танумен қабаттасатын тырысулар және \ немесе 1 тәулік және одан да артық уақытта байқалатын мінез-құлқының өзгеруі).
Энцефалит (вакцинациядан кейін 1-4 апта уақыттан кейін пайда болған өзгерістер –энцефалопатия кезіндегідей, және жұлын сұйықтығында –пиноцитоз және немесе вирус табылуы).
Менингит.
Тырысулар (ошақтық белгілері жоқ-фибрильді және фибрильсіз).
Басқа жанама реакциялар:
Аллергиялық реакциялар(анафилактикалық естен тану,анафилаксикалық реакциялар- ларингоспазм, ангионевротикалық ісіну, есекжем,теріде бөртпе пайда болу).
Артралгиялар (персистирлеуші, транзиторлы).
Жайылмалы(генерализованная) БЦЖ – инфекция.
Дене қызбасы (жеңіл- 38,5оС–ке дейін, ауыр -40оС дейін және гипертроксия-40оС жоғары).
Коллапс(кенеттен бозару, бұлшық ет атониясы, есінен тану-1 күн ).
Ұзақ уақыт жылау (3 сағаттан астам).
Остеит/остеомиелит: БЦЖ-дан соң, 6-16 сағаттан кейін.
Токсикалық шок синдромы(бірнеше сағаттан кейін басталып 24-48 сағаттан кейін өліммен аяқталуы).
Сепсис.
Вакцинадан кейін 4 сағат ішінде байқалатын басқа жанама реакциялар (соның ішінде ешқандай себепсіз өліммен аяқталатын жағдайлар).
Егу жұмыстарына қолданылатын вакциналар туралы мәлімет
Б Ц Жтірі әлсіретілген, туберкулез таяқшаларынан дайындалған ампула немесе флаконда құрғақ түрінде шығарылады. Егер алдында 2 мл (Ресейлік) немесе 1 мл(шетелдік) өзінің арнайы еріткішіне араластырып, 1 балаға 0,1 мл (Ресейлік), 0, 05 мл
(шетелдік) мөлшерінде сол иықтың жоғарғы және ортаңғы бөліктерінің шекарасына, сыртқы бетіне тері ішіне арнайы туберкулин шприці мен инесін қолдана отырып егіледі. мерзімдері 270 және 471 бұйрықтарға сәйкес: вакцинация перзентханада алғашқы 4 күн ішінде, ревакцинация 1-ші сыныпта, баланың 6-7 жасында қыркүйек айында жасалады. Екпенің нәтижесі вакцинациядан кейін 6-8 апта, ал ревакцинациядан кейін 1-2 апта өткесін анықталады. Ампула немесе флакондағы барлық құрғақ доза – 1мг (20 доза), 1 баланың құрғақ дозасы – 0,05 мг болады.
2.Туберкулин – организмде туберкулез таяқшаларының бар-жоғын анықтау үшін қойылатын белгіге қолданылады. Өлтірілген туберкулез таяқшаларынан дайындалған, ампулада 3мл ерітінді түрінде шығарылады. 1-15 жас аралығындағы балаларға жыл сайын білектің ішкі жағына, ортаңғы бөлігіне тері ішіне егіледі (тақ жылдары сол қолға, жұп жылдары оң қолға). Кейінгі жылдары 270 бұйрыққа сәйкес Манту белгісі қауіп-қатер тобындағы, туберкулезбен қарым-қатынастағы балаларға және ревакцинация алдында ғана жасалады. Ампулада барлығы 3 мл (30 доза), 1 балаға егілетін доза – 0,1 мл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет