Қаралды «kegoc» АҚ Басқармасының



бет1/7
Дата01.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7


Мин
«электр ЖЕЛІЛЕРІН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚазаҚстан компанияСЫ» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АкционерЛІК ҚОҒАМЫ


ҚАРАЛДЫ

«KEGOC» АҚ Басқармасының

2008 жылғы «25» ақпандағы № 2 хаттамасы



БЕКІТІЛДІ

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «15» наурыздағы № 3 хаттамасы



БАСШЫЛЫҚ


ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ


Б ЭМЖ KEGOC 00-600-08

_____дана


1-басылым
Енгізілген күні 10.04.08 ж.

Астана


Мазмұны

Кіріспе

  1. Қолданылу аясы

  2. Нормативтік сілтемелер

  3. Терминдер мен анықтамалар

  4. Белгілеулер мен қысқартулар

  5. Жауапкершілік және өкілеттік

  6. Жалпы талаптар

  7. Экологиялық саясат

  8. Жоспарлау

  9. Ендіру және қызмет көрсетуі

  10. Тексерістер жүргізу және түзетуші іс-қимылдар

  11. Басшылық тарапынан талдау

  12. Осы басшылықты басқару

1-қосымша Сапа, экология, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық сақтау саласындағы саясат

2-қосымша «КЕGОС» АҚ-ның экологиялық саясаты

3-қосымша Таныстыру парағы

4-қосымша Келісу парағы

5-қосымша Өзгерістерді тіркеу парағы

6-қосымша Кезеңдік тексерістерді есепке алу парағы





3

7

7



8

10

10



11

11

11



14

19

21



22

23
24

26

27

28



29

Осы басшылық БМЖ жөніндегі Басшылық өкілінің рұқсатынсыз толық немесе ішінара көшірілмейді, көбейтілмейді және таратылмайды.


Кіріспе

0.1 «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ) «Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесін басқаруды қайта құрылымдау жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасының 28.09.1996 жылғы № 1188 қаулысымен құрылды.

0.2 «KEGOC» АҚ-ның Жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болып табылады.

0.3 «Табиғи монополиялар туралы» мен «Бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, «KEGOC» АҚ Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне электр энергиясын өңіраралық деңгейдегі тораптар бойынша жеткізу және электр энергиясын торапқа босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызметтердің жеткізушісі ретінде, сондай-ақ белгілі бір тауарлық нарықта үстем (монополиялық) орын иеленетін нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне электр қуатын реттеу жөніндегі қызмет көрсетулер жеткізушісі ретінде енгізілді.     

0.4 «KEGOC» АҚ-ның органдары болып табылатындар:

- жоғары орган – акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционер тұлғасында);

- басқару органы – Директорлар кеңесі;

- атқарушы орган – Басқарма төрағасы басқаратын Басқарма;

- Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылауды, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару аясында бағалауды, корпоративтік басқару саласында құжаттардың атқарылуын және кеңес беруді жүзеге асыратын орган - Ішкі аудит қызметі.

0.5 «KEGOC» АҚ құрамына кіретіндер:



  • Атқарушы дирекция (бұдан әрі – АД);

  • «KEGOC» АҚ-ның Жүйелік оператор Ұлттық диспетчерлік орталығы (бұдан әрі – ЖО ҰДО) филиалы;

  • аумақтық белгі бойынша құрылған 9 жүйеаралық Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс, Батыс, Сарыбай, Солтүстік, Орталық, Оңтүстік электр тораптары филиалдары (бұдан әрі – ЖЭТ филиалдары).

«KEGOC» АҚ филиалдары «KEGOC» АҚ-ның оқшау құрылымдық бөлімшелері болып табылады.

«Энергоинформ» АҚ «KEGOC» АҚ-ның миссиясын, саясатын, негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған филиалдар мен «Энергоинформ» АҚ қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.

Филиалды оралымды басқару аймағында жүйелік қызметтер мен электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтер көрсету ЖЭТ қызметінің мақсаты болып табылады.

ЖО ҰДО қызметінің мақсаттары болып табылатындар:

- Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (бұдан әрі - Қазақстан БЭЖ) сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;


  • Қазақстан БЭЖ-нің іргелес мемлекеттердің энергожүйелерімен қатарлас жұмысын қамтамасыз ету;

  • электр энергиясының сапасын нормативтер талаптарына сәйкес қаматамасыз ету.

0.7 «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «KEGOC» АҚ жүйелік оператор функцияларымен ұлттық компания болып табылады, ол мынадай қызмет түрлерін атқарады:

- электр энергиясын ұлттық электр торабы бойынша жеткізу жөніндегі жүйелік қызметтерді шартқа сәйкес көрсету, оның техникалық қызметтеуі мен пайдаланушылық әзірлігін қолдауды қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жұмыс режимдеріне шартқа сәйкес орталықтан оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыра, нақты теңгерімдерді жасауды және электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін құруды кіргізе отырып, электр энергиясын торапқа босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі жүйелік қызметтер көрсету;

- Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жұмыс сенімділігін қамтамасыз ету;

- электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі жүйелік қызметтер көрсету;



- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асыру;

- энергия өндіруші ұйымдар арасындағы қуат резервтерінің көлемдерін, құрылымын, таралуын айқындау және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде қуат резервтерін іске қосу;

- электр энергиясы теңгерімдік нарығының шынайы уақыт режиміндегі және жүйелік пен қосалқы қызмет көрсетулер нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыруды жүзеге асыру;

- іргелес мемлекеттердің энергожүйелерімен қатарлас жұмыс режимдерін басқару мен орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша өзара ықпалдасуы;

- біртұтас ақпараттық жүйені, электр энергиясының автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесін, барлық электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектілірінің ұштасқан релелік қорғаныш пен аварияға қарсы автоматика құрылғыларын құру жөніндегі техникалық және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

- электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектілерінің ұлттық электр торабына жетуі үшін теңдей талаптарды қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысушыларды коммерциялық және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметті қозғамайтын ақпаратпен қамтамсыз ету;

- электр станцияларының негізгі жабдықтарын, қосалқы станцияларды, электр жеткізу желілерін, релелік қорғаныш және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын, технологиялық басқару мен оларды жұмысқа әзірлігін қамтамасыз ету жүйелерін жөндеуге шығаруды келісу;

- гидроэлектр станцияларының жұмыс режимдерін әзірлеуге олардың су-шаруашылық теңгерімдерін және Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жұмыс режимдерін ескере отырып қатысу;

- электр энергиясының ұзақ мерзімді теңгерімдерін әзірлеуді жүзеге асыру;

- өз технологиялық және өндірістік мұқтаждарын электр энергиясының теңгерімдік нарығында қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ жаңғырмалы энергия көздерін пайдалнуды қолдау саласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесін орталықтан оралымды-диспетчерлік басқару.

0.8 «KEGOC» АҚ ТМД елдері Электр энергетикалық кеңесінің, ЕврАзЭС-тің, Орталық Азиядағы Үйлестірілген электр энергетикалық кеңестің мүшесі, Европалық электр энергиясын өндірушілер қауымдастығының қауымдасқан мүшесі болып табылады.

0.9 Сапа менеджменті жүйесі біріктірілген сапа, экология, кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық сақтау және ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесінің (бұдан әрі – БМЖ) құрамдас бөлігі болып табылады. Жүйелердің біріктірілуі ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO/IEC 27001 стандарттарының сыйысушылығына негізделген, бұл ретте барлық менеджмент жүйелері біртұтас ретінде жұмыс істейді.

БМЖ-нің ортақ элементтері болып табылатындар: саясат, жоспарлау, орындау және атқарымдау, нәтижелілікті бағалау, жетілдіру (нәтижелілікті ұдайы жақсарту), сәйкессіздіктерді басқару, түзетуші және ескертуші іс-қимылдар, ішкі аудиттер, басшылық тарапынан жүйені талдау.



Каталог: up files -> z2014
z2014 -> МАҚҰлданды «kegoc» АҚ бмж жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі
z2014 -> Жұмыс беруші деп аталып, және «kegoc» АҚ еңбек ұжымының конференциясы уәкілеттік берген «кеgос» АҚ қызметкерлерінің өкілі болып табылатын Қазақстанның Энерготехникалық саласы Қызметкерлері Кәсіби Одағының төрағасы
z2014 -> Қала атауы
z2014 -> 1. Жоба сипаттамасы 500 кВ-тық ОҚмаэс алма ӘЖ құрылысы «Кернеуі 500, 220 кВ желілермен Қазақстан Ұэт-на жалғанатын 500 кВ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет