Қаралды «kegoc» АҚ Басқармасының


Авариялық жағдаяттар және түрлі жағдайларға әзірлік



бет6/7
Дата01.07.2016
өлшемі3.7 Mb.
#170035
1   2   3   4   5   6   7

9.7 Авариялық жағдаяттар және түрлі жағдайларға әзірлік


«КEGOC»АҚ-да авариялық жағдаяттардың туындау мүмкіндігін, олар туындаған кезінде үн қату жөніндегі іс-шараларды айқындау мақсатында, сондай-ақ осы жағдаяттарға байланысуы мүмкін ықпалдардың алдын алу және қоршаған ортаға әсерін жұмсарту үшін СТ КEGOC 00-702-07 стандарты әзірленді және жұмыс күйінде қолдау табады.

Авариялық оқиғалар жағдайында авариялық жағдаяттарды жою жоспары әзірленеді, ол мыналарды қарастыруы тиіс:



  • қызметтеуші жұмыскерлерге қауіпті авариялар факторларының (жарылыс пен өрттердің) ықпалын барынша болдырмау жөніндегі іс-шаралар;

  • жарылыс пен өрттердің жабдықтарға, ғимараттар мен үймереттерге қиратушы ықпалын барынша азайту жөніндегі іс-шаралар;

  • жұмыскерлердің авариялық жағдаяттарды жою жөніндегі оралымды іс-қимылдары, ал авария туындаған жағдайда аварияға ұшыраған адамдарды құтқару, аварияларды тұмшалау, қайталай жануларды, өрттер мен жарылыстарды болдырмау, салдарлар салмағын барынша азайту жөніндегі іс-шаралар.


10 Тексерулерді жүргізу және түзетуші іс-қимылдар

10.1 Мониторинг және өлшеу


10.1.1 «КEGOC» АҚ-да үздіксіз мониторинг рәсімдері мен «КEGOC» АҚ-ның операциялары қызмет түрлерінің өлшеулері айқындалды және жұмыс күйінде қолдау тапты, олар қоршаған ортаға мынадай айтулы экологиялық қырлары бойынша елулі ықпал ете алады:

  • люминесценттік шамдарды жинау, сақтау және кәдеге жаратуға тапсыру;

  • құрылысқа жерлерді иеліктен алу;

  • тұрмыстық қалдықтарды құру;

  • су ұңғымаларын пайдалану;

  • трансформатор майын жинау және кәдеге жарату;

  • ЖЖМ жерлерінің ластануы;

  • металл және резеңкелі қалдықтардың түзілуі.

10.1.2 Жоғарыда аталған қырлары бойынша орындалуын, оралымды бақылау бойынша тиянақты шараларды және «КEGOC» АҚ-ның мақсаттық әрі жоспарлы экологиялық көрсеткіштеріне сәйкестігін ізерлеу үшін ақпарат тіркеу (жазу) жүргізіледі.

10.2 Сәйкестікті бағалау


10.2.1 Өзіне алған міндеттемелерге сәйкес «КEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының сәйкестендірілген заңнамалық талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады.

Заңнамалық талаптарға сәйкестігін бағалау Тізілімде аталған жауапты «KEGOC» АҚ сәйкестендірілген экологиялық қырларына қолданымды Нормативтік талаптар тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) белгіленген мерзімдерде жүргізіледі. Бағалау нәтижелері хаттамамен ресімделеді, онда келесі бағалау күні (қажет кезде), заңнамалық актілер талаптарын іске асыру үшін жауапты адам аталады.

10.2.2 Эмиссия параметрлерімен бірге өндірістік мониторингіні «КEGOC» АҚ-на аутсорсинг бойынша қызмет көрсетулер жеткерушісі (мамандандырылған зертханалар) жүзеге асырады. Өлшеу нәтижелері (жазбалар) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Халықаралық қаржылық институттар Табиғат қорғау іс-шаралары жоспарының солар қаржыландыратын жобалар бойынша жобаны іске асыру барысы туралы есепте ақпарат ұсынумен бірге орындалу сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады.

Табиғат қорғау іс-шараларының жоспар-кестелерін орындауды бағалауды (инспекцияны) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары жүзеге асырады.

10.3 Сәйкессіздіктер, түзетуші және ескертуші іс-қимылдар


10.3.1 «KEGOC» АҚ-да аңғарылған сәйкессіздіктердің немесе басқа да ыңғайсыз жағдаяттардың себептерін олардың қайтадан туындауын алдын алу мақсатында жою үшін алдын ала қолданылатын түзетуші іс-қимылдар жүзеге асырылады.

10.3.2 Түзетуші іс-қимылдар процесі «KEGOC» АҚ-ның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың қызметінде сәйкессіздіктер аңғарылған соң жүзеге асырылады.

10.3.3 «KEGOC» АҚ-да
СТ KEGOC 00-403-12-БӨ стандартының мыналарға қатысты талаптарын белгілейтін құжатталған рәсім әзірленген:


  • сәйкессіздіктерді анықтау;

  • сәйкессіздіктер себептерін, атап айтқанда, статистикалық әдістерді (Парето диаграммалары, себептік-салдарлы диаграммалар) пайдаланумен бірге белгілеу;

  • қайталай сәйкессіздіктердің алдын алу үшін түзетуші және ескертуші іс-қимылдарды айқындау, жоспарлау мен іске асыру;

  • алдын ала қолданылған іс-қимылдар нәтижелерінің жазбалары;

  • алдын ала қолданылған түзетуші және ескертуші іс-қимылдардың нәтижелігін талдау.

10.4 Тіркелген деректер


Жазбаларды басқару экологиялық қызмет нәтижелігі мен процестерін жақсарту мәселелері бойынша негіздемелі шешімдерді қабылдау үшін қажетті толық та анық ақпаратты басшылық пен мүдделі тараптарға уақтылы және ұдайы ұсынуды қамтамасыз ететін ақпараттық процестерді ұйымдастыруға бағытталған. Нақты жазбалар түрлері тиісті сыртқы және ішкі нормативтік құжаттарда көрсетілген.

Жазбаларды басқару СТ KEGOC 00-103-07 стандартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.


10.5 Аудит


10.5.1 «KEGOC» АҚ-да Бағдарламаға сәйкес ішкі аудиттер жүргізіледі. Аудит процесс мақсаттары, іске асырылу барысы мен нәтижелері арасында байланыс орната, әлсіз жақтары мен жақсартуға арналға салаларды анықтай отырып жүйенің барлық процестері бойынша жүргізіледі.

10.5.2 Ішкі аудиттерді үйлестіру мен басшылықты «KEGOC» АҚ-ның БМЖ жөніндегі БӨ, Ф-дың БМЖ жөніндегі БӨ және ЭИ-дің БМЖ жөніндегі БӨ жүзеге асырады.

«KEGOC» АҚ-ның ішкі аудиттері мына мақсатпен жүзеге асырылады:


  • ЭМЖ шеңберінде атқарылған іс-шаралардың жоспарланға сәйкестігін анықтау;

  • ЭМЖ-ні ISO 14001 талаптарына сәйкес жұмыс күйінде қолдау;

  • «KEGOC» АҚ БМЖ-нің жұмыс істеу нәтижелігін талдау, бағалау және ұдайы арттыру;

10.5.3 «KEGOC» АҚ-дағы ішкі аудиттер СТ KEGOC 00-401-12-БӨ стандартында белгіленген талаптар ескеріле жүргізіледі.

11 Басшылық тарапынан талдау

11.1 «KEGOC» АҚ-ның Басшылық тарапынан талдау мына ақпаратты қамтиды:



  • «KEGOC» АҚ-ның экологиялық көрсеткіштерін;

    • БМЖ-нің ішкі және сыртқы аудиттер нәтижелерін;

    • тұтынушылардан, жұмыскерлерден және «KEGOC» АҚ-ның қызметіне мүдделі тараптардан өтініштерді, кінәраттар мен шағымдарды қоса отырып кері байланыс нәтижелерін;

    • ЭМЖ процестерінің сәйкестігіне және заңнамалық талаптар мен «KEGOC» АҚ-ның тұтынушылары талаптарына сәйкестігіне талдау нәтижелерін;

    • түзетуші және ескертуші іс-қимылдардың мәртебесін (ағымдағы ахуалын);

    • басшылық тарапынан ЭМЖ-нің мұның алдындағы талдамалар қорытындылары бойынша қызмет нәтижелерін;

    • экология саласында мақсаттарға қол жеткізу мәртебесін, Жоспарлар мен Бағдарламалардың орындалуын;

    • «KEGOC» АҚ жеткерушілерінің өнімі мен қызмет көрсетулер жеткерулерінің сапасы туралы мәліметті;

    • ЭМЖ-ге әсер ете алатын өзгерістерді (Саясаттардағы өзгерістерді қоса отырып);

    • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және ұйым орындауға міндеттенген басқа да талаптарға сәйкестік дәрежесін бағалау нәтижелерін;

    • нормативтік құқықтық актілердегі және ұйымдардың маңызды экологиялық қырларына байланысты басқа да талаптардағы өзгерістерді қоса отырып мән-жайлар өзгерістерін;

    • технологиялық аварияларды, қақтығыстарды және істен шығуларды, жазатайым оқиғаларды есепке алу жөніндегі деректерді;

    • авариялық жағдаяттар (шынайы немесе оқулық) және соларға әзірлік дәрежесі туралы есептерді;

    • ЭМЖ-нің атқаратын процестерінің нәтижелілігі туралы бөлімшелер басшыларының есептерін;

    • бөлінген ресурстар (қаржылық, адами, уақытша) жеткіліктілігін;

    • жақсарту бойынша ұсынымдар.

11.2 Басшылық тарапынан талдау жүргізу үшін қажетті деректерді жинау және соларды талдау СТ KEGOC 00-201-07 стандартымен реттелімденген.

11.4 Талдау үшін шығыстық деректер

11.4.1 Басшылық тарапынан талдаудың шығыстық деректері мыналар болып табылады:



  • Экологиялық саясатта мүмкін болар өзгерістер, мақсаттар мен міндеттер туралы шешімдер;

  • «KEGOC» АҚ-ның ЭМЖ-н жақсарту жөніндегі ұсыныстар;

  • «KEGOC» АҚ-ның ішкі аудиттер бағдарламасын келесі мезгілге құру жөніндегі ұсынымдар;

  • «KEGOC» АҚ-ның ЭМЖ процестерін жақсартуға арналған іс-шаралар жоспарлары және экологиялық бағдалама;

  • керекті ресурстарға қажеттілік және басқалар.



12 Осы басшылықты басқару
12.1 Осы басшылықты басқару с СТ KEGOC 00-101-10 стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

12.2 Осы басшылықты келісу «KEGOC» АҚ-ның Бірінші вице-президентімен, Даму-БМЖ жөніндегі БӨ вице-президентімен, Өндіріс жөніндегі вице-президентімен, Экономика және жүйелік қызмет көрсетулер жөніндегі басқарушы директормен, Қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директормен, Даму жөніндегі басқарушы директормен, Заң департаменті директорының орынбасарымен «Келісу парағына» жазба енгізіле отырып жүзеге асырылады (3-қосымша).


Әзірлеушілер:




Президент кеңесшісі __________ И.Падиа

(лауазымы) (подпись) (дата) (Т.А.Ә.)


Даму департаменті директоры

орынбасары ___________ Н.Исенов

(лауазымы) (подпись) (дата) (Т.А.Ә.)




Экологиялық менеджмент жүйесі басшылығына

1-қосымша
«KEGOC» АҚ-ның саясаты
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы
Біріктірілген менеджмент жүйесі саласындағы

САЯСАТ
МИИСИЯ: Қазіргі заманғы техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарына, кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық сақтау стандарттарына сәйкес Қазақстан БЭЖ-нің сенімді жұмыс істеуі мен тиімді дамуын қамтамасыз ету
Қоғамның Стратегиясын іске асыру мақсатында Басшылық мынадай даму бағыттарын айқындады:

- Қоғамның капиталдандыруы мен көрсетілетін қызметтер құндылығының ұлғаюы;

- мемлекеттік, республикалық және салалық бағдарламалар бойынша іс-шаралардың нәтижелі орындалуы;

- акционерлердің құқықтарын қамтамсыз ету және мүдделі тұлғалармен өзара қарым-қатынастарды дамыту;

- Жүйелік оператордың қызметтерін сенімді де сапалы ұсыну;

- басқа мемлекеттердің энергожүйелерімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту;

- Қазақстан Республикасының заңнамалық базасы мен халықаралық ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001 және ISO/IEC 27001 стандарттарының талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету;

- Қоғамның қызметін жүйелік және процестік ұстанымдар мен анық ақпаратқа негізделген басқарушылық шешімдерді қабылдау негізінде жетілдіру;

- сапа, экология, кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық сақтау, ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйелері процестерінің нәтижелілігін ұдайы жақсарту;

- Қоғамның барлық қызмет аяларында мемлекеттік тілді қолдану;

- Қоғамның жұмыскерлерін тарту және сақтау мен қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін уәждеме жүйесін жетілдіру;

- заңнамалық, нормативтік талаптар мен Қоғам өзіне қабылдаған талаптарға сәйкес Қоғам қызметінің сипатына және ауқамдарына сай келетін еңбек қорғау саласындағы қоршаған табиғи орта мен тәуекелдерге ықпалды мейлінше азайту;

- жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек талаптарын қамтамасыз ету, жарақаттар мен денсаулық күйінің нашарлауын алдын алу;

- авариялық жағдаяттардың мүмкіндігіне оларды ескерту мен үн қатуға әзірлікті қамтамасыз ету мақсатында талдау;



- «KEGOC» АҚ қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық ресурстардың қажетті қолжетімдігін, тұтастығын және құпиялылығын қамтамасыз ету.
«KEGOC» АҚ-ның Басшылығы менеджмент жүйесінің жұмыс істеу нәтижелілігі мен осы үшін барлық қажетті ресурстарды ұсыну үшін өзіне жауапкершілік алады.
«KEGOC» АҚ Басқармасының

төрағасы Б. Қажиев


Экологиялық менеджмент жүйесі басшылығына

2-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет