Қызығушылықты ояту
|
|
Үй тапсырмасы:
М. Жұмабаевтың «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін» өлеңі жатқа айту
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығынан сұрақтар дайындау
|
Өлеңді 3 оқушы шығады да, жатқа 2 шумақтан кезекпен айтады
Топтар өз арасында бір-біріне 3 сұрақтан қояды
|
Мағынаны тану
|
|
Поэма дегеніміз не? Поэма дегеніміз - белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндайтын сюжетті шығарма.
Ақынның «Батыр Баян» поэмасын жазуға қандай себептер болды? XVIII ғасырда ел қорғаған батыр, ірі тарихи тұлға, даңқты адамға ақынның шығарма арнауына ақынның әжесі себепкер болды. Ол Баянның немере қызы еді. Мағжан Баянға қатысты мағлұмат-тарды жақсы білген. Бұл шығарманы 1921 жылы Мағжан Ташкентте М.Әуезовтің пәтерінде бір түн ұйықтамай жазған екен.
Тапсырма. Поэманы талдау.
І топ: «Батыр Баян» поэмасына композициялық талдау.
1.Тақырыбы: Ерлік пен махаббат
2. Идеясы: Батырдың ел алдындағы арқалар жүгінің ауырлығын ұғындыру
3. Авторы: Мағжан Жұмабаев
4. Жанры: поэма,
5. Түрі: поэма
6. Оқиғаның басталуы: батырлардың бас қосуы
7. Оқиғаның байланысы: Батыр Баянның жорықтан қалмақ қызын алып келуі.
8. Оқиғаның дамуы: Ноянның қалмақ қызына ғашық болуы
9. Шиеленісуі: Қос ғашықтың елден қашуы
10.Шарықтау шегі: Батыр Баянның екеуін атып өлтіруі
|
Достарыңызбен бөлісу: |