Аралық бақылау сұРАҚтары былғары қандай кластарға бөлінеді?



жүктеу 217.78 Kb.
Дата16.07.2016
өлшемі217.78 Kb.
АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Былғары қандай кластарға бөлінеді?

2. Аяқ-киімге арналған былғарының негізгі топтарын ата

3. Аяқ-киімнің төменгі бөлігіне арналған былғарыға сипаттама бер

4. Аяқ-киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғарыға сипаттама бер

5. Аяқ киімнің төменгі бөлігін бекіту әдісіне байланысты былғары қандай түрлерге бөлінеді?

6. Бұрандалау – шегелеу әдісімен бекітілген аяқ-киімнің төменгі бөлігіне арналған былғарылар өндіруде қандай шикізаттар пайдаланылады?

7. Қалыңдығы бойынша аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғарылар неше категорияға бөлінеді?

8. Ер-тұрмандық былғарылардың түрлерін ата

9. Ер-тұрмандық былғарыларға қандай талаптар қойылады?

10. Техникалық былғары өңдеуде қандай малдың терісі қолданылады?

11. Техникалық былғары терінің қай бөлігінен өндіріледі?

12. Киімдік-галантереялық балғарылар қандай топтарға бөлінеді?

13. Киімдік былғары қандай малдың терісінен өңделеді?

14. Киімдік былғарылар көбінесе қандай түстерге боялады?

15. Киімдік былғары қандай қасиеттерге ие болуы керек?

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ


1. Былғары неше класқа бөлінеді?

А. 1


В. 2

С. 3


Д. 4

Е. 5
2. Ауыр аяқ киімдердің төменгі бөлігіне арналған былғарылар қандай әдіс арқылы бекітіледі?

А. желімдеу әдісі

В. жіппен тігу әдісі

С. бұрандалау-шегелеу әдісі

Д. қысу әдісі

Е. барлық жауап дұрыс
3. Ауыр аяқ киімдердің жоғары жағына арналған былғары қалай аталады?

А. юфть


В. хромдық былғары

С. техникалық былғары

Д. киімдік-галантереялық былғары

Е. астарлық былғары


4. Жеңіл аяқ киімдердің жоғары жағына арналған былғары қалай аталады?

А. ұлтан


В. юфть

С. ұлтарақ

Д. техникалық былғары

Е. хромдық былғары


5. Аяқ киімдік юфть бүтін былғары түрінде шығарылады, ал жылқы терісінің қандай бөлігінен өңделеді?

А. жонарқа

В. мойын

С. сауыр


Д. алдыңғы жағы

Е. бас жағы


6. Ауыр аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған юфть көбінесе қандай түске боялады?

А. қара


В. қоңыр

С. ақ


Д. қызыл

Е. сұр
7. Жеңіл аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған хромдық былғары қандай терілерден өңделеді?

А. ірі қара мал терісі

В. ұсақ мал терісі

С. теңіз жануарларының терісі

Д. шошқа терісі

Е. барлық жауап дұрыс
8. Хромдық былғарыға тін қасиеттерді көрсет

А. қалыпты иленген және майланған

В. жұмсақ және нығыз, бояуы біркелкі болуы керек

С. барлық ауданы бойынша жақсы жазылған

Д. былғарының бетінде тартылып немесе отырып қалу сияқты ақаулар, дақтар, жазылмаған қыртыстар және жолақтар болмауы керек

Е. барлық жауап дұрыс


9. Былғарыдан дайындалған ат әбзелдерін көрсет

А. қанжыға, құйысқан, юфть,өмілдірік, өре, тұсау, шідер, шілия

В. қанжыға, құйысқан, өмілдірік, өре, тұсау, шідер, шілия,айыл, делбе, желдік, жүген, қамшы

С. өре, тұсау, шідер, шілия, хромдық былғары

Д. желдік, жүген, қамшы, жонарқа, мойын, қарын

Е. құйысқан, қамшы, шілия, юфть, өмілдірік, техникалық былғары


10. Киімдік былғарыларды өңдеуде илеудің қандай тәсілі қолданылады?

А. өсімдіктермен илеу

В. минералдармен илеу

С. аралас илеу

Д. маймен илеу

Е. хромдық илеу

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Былғары өндірісінде шикізат ретінде не пайдаланылады?

2. Топографиялық аймақтар дегеніміз не?

3. Терінің негізгі топографиялық аймақтарына сипаттама бер

4. Жылқы терісінің негізгі аймақтарын ата

4. Терінің құрылысын зерттейтін ғылымды қалай атайды?

5. Терінің құрылысы неден тұрады?

6. Терінің түкті жабыны дегеніміз не?

7. Терінің химиялық құрамы неден тұрады?

8. Малдың терісіне әсер ететін факторларды ата

9. Теріні консервілеудің мақсаты?

10. Теріні консервілеу әдістері қандай?

10. Консервілеу әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін ата

11. Теріні қандай әдіс арқылы консервілегенде ол ұзақ сақталады?

12. Тері дұрыс консервіленбегенде пайда болатын өзгерістерді қарастыр

13. Былғары шикізатының ақаулары және олардың пайда болу себептерін ата

14. Өндірістік партия дегеніміз не?

15. Өндірістік партияның өлшемі қалай анықталады?

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ


1. Терінің негізгі аймақтары қай жауапта толық көрсетілген?

А. бас, жонарқа, қол терісі

В. жонарқа, сауыр тері, бас

С. бас, алдыңғы тері мен сауыр тері

Д. бас, мойын терісі, жонарқа, қол терісі, табан

Е. жонарқа, табан


2. Тері өндірісінде қолданылатын терінің екі маңызды бөлігі ......... болып табылады?

А. жонарқа

В. бас

С. сауыр терісі



Д. мойын терісі

Е. табан
3. Бас пен жонарқа арасындағы терінің алдыңғы бөлігі қалай аталады?

А. бас

В. мойын


С. сауыр

Д. табан


Е. жонарқа
4. Алдыңғы және артқы шап терілерінің ойыстарын қосып тұратын терінің шеткі бүйір бөліктері қалай аталады?

А. жонарқа

В. табан

С. сауыр


Д. қол терісі

Е. мойын
5. Жылқының сауыр терісі -...............

А. терінің шеткі жері

В. малдың аяқтарын жауып тұратын терінің шеткі бөлігі

С. бас пен жонарқа арасындағы терінің алдыңғы бөлігі

Д. алдыңғы және артқы шап терілерінің ойыстарын қосып тұратын терінің шеткі бүйір бөліктері

Е. жылқы терісінің артқы бөлігі, артқы аяқтарымен бірге кесіліп алынған жылқының сауырын жауып тұратын тері
6. Жануарлар мен адамдардың тінінің құрылысын зерттейтін ғылым қалай аталады?

А. микробиология

В. гистология

С. физиология

Д. анатомия

Е. цитология


7. Терінің жұқа беттік қабаты қалай аталады?

А. өзең


В. қыртыс

С. тері асты шел қабаты

Д. түкті жабын

Е. емізікше қабат


8. Терінің былғарыға айналатын негізгі қабаты - ...............

А. өзең


В. қыртыс

С. тері асты шел қабаты

Д. түкті жабын

Е. торлы қабат


9. Терінің химиялық құрамында қандай заттар кездеседі?

А. ақуыздар

В. минералды тұздар

С. майлар

Д. су

Е. барлық жауап дұрыс


10. Жас тері салмағының қанша бөлігін су құрайды?

А. 6÷7 %


В. 50÷60 %

С. 65÷70 %

Д. 45÷50 %

Е. 85÷90 %


11. Мал терісіндегі майдың мөлшері неге байланысты болады?

А. малдың түріне

В. жасына

С. жынысына

Д. мал бойындағы қоректік заттардың жиналу деңгейіне

Е. барлық жауап дұрыс


12. Механикалық ақау -

А. негізінен жаздың аяғында, күзде және ерте көктемде болады

В. тepiciн сыпырғаннан соң май, ет қалдықтарын тазартқан орын

С. эпидермистің жаралануымен тері бөлігінің жүнді жабынының түсіп қалуы

Д. малды дұрыс асырамаудың нәтижесінде пайда болуы мүмкін

Е. ауырған және төбелескен кезде мал терісінің зақымдану нәтижесінде көгеріп, орнының қалып қоюуы


13. Терінің беткі қабатын өткір заттармен тіліп кетуінен пайда болатын ақау қалай аталады?

А. бөртпе

В. сызат

С. сыздауық

Д. қамшының ізі

Е. таңбаның орны


14. Теріні консервілеу әдістерін көрсет

А. ылғалды тұздау, тұзсыз кептіру, жібіту, мұздату

В. ылғалдау, кептіру, жібіту

С. илеу, кептіру, әрлеу, пикелдеу

Д. ылғалды тұздау, тұзсыз кептіру, құрғақ тұздау, мұздату

Е. майсыздандыру, майлау, күлсіздендіру, күлдеу


15. Тұзсыз кептірудің кемшілігі?

А. теріде кажетсіз қабыршықтар пайда болып, май қышқылы әсерінен илеуге тура келеді

В. консервіленген терінің жоғары гигроскопиялығы болып табылады

С. аз кептіріліп, теріде ылғалдың қалып қоюы әсерінен болады

Д. төмен температурада бактериялар өздерінің тіршілігін тоқтатады

Е. шикізаттың кeлeci өндеуін қиындатып, сынғыш және қатты болады.


16. Түрі, салмағы немесе ауданының өлшемі, консервілеу әдісі, қалыңдығы, тығыздығы, жүнділігі, сұрыпы, шығу тегі, малдың тұқымы бойынша біртекті терілер тобы қалай аталады?

А. шикізат ақаулары

В. теріні консервілеу

С. дайын өнім

Д. жартылай фабрикат

Е. өндірістік партия

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Жібіту үрдісінің былғары өндірісіндегі маңызы?

2. Теріні жібітуге әсер ететін факторларды ата

3. Жібіту үрдісі қалай жүзеге асырылады?

4. Жуудың мақсаты?

5. Қырқудың мақсаты?

6. Шелдеу үрдісінің мақсаты қандай?

7. Сұйықтық коэффициенті қалай есептеледі?

8. Жібіту салмағын қалай анықтайды?

9. Артық сулану (жібіту) теріге қалай әсер етеді?

10. Суды ауыстыру саны неге байланысты?


ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ


1. Жас теріге қарағанда консервіленген теріде ылғалдылық мөлшері қалай болады?

А. көп


В. аз

С. болмайды

Д. тең

Е. дұрыс жауап жоқ


2. Ылғалды және құрғақ тұздалған теріде ..... мөлшері көп болады?

А. су


В. май

С. қан


Д. тұз

Е. талшық


3. Жібіту үрдісінің мақсаты?

А. өзеңнен жүн мен қыртысты ажыратын бөліп алу

В. жарғақты суда ферментті препараттармен жоғары температурада қысқа мерзімде өңдеу

С. шикізатты сулануы бойынша да, микроқұрылымы жағынан да мал денесінен жаңа сыпырылған күйге мейлінше жақындату

Д. жарғақты хроммен илеуге дайындап, оған қажетті қышқылдылық беру

Е. жартылай фабрикатты қалыңдығы бойынша беткі және төменгі екі кесіндіге ажырату


4. Жібіту үрдісіне әсер ететін факторларды көрсет

А. терінің жағдайы, жібіту суының температурасы мен сапасы, жібітудің ұзақтығы, 1 кг жібітілетін теріге кететін судың мөлшері, суды ауыстыру саны және механикалық әсерлер.

В. терінің жағдайы, жібіту суының температурасы мен сапасы, жібітудің ұзақтығы, күлдеу ұзақтығы, суды ауыстыру саны және механикалық әсерлер.

С. терінің жағдайы, жібіту суының температурасы мен сапасы, жүн мен қыртысты ажырату, 1 кг жібітілетін теріге кететін судың мөлшері, суды ауыстыру саны және механикалық әсерлер.

Д. терінің жағдайы, ферментті препараттардың мөлшері мен сапасы, жібітудің ұзақтығы, 1 кг жібітілетін теріге кететін судың мөлшері, суды ауыстыру саны және механикалық әсерлер.

Е. терінің жағдайы, жібіту суының температурасы мен сапасы, жібітудің ұзақтығы, иленген былғары мен үлбірдің қасиетттері


5. Қалыпты жібіту температурасы қандай?

А. 10÷15°С

В. 100÷200°С

С. 160÷200°С

Д. 1,6÷2,0°С

Е. 16÷20°С


6. Сұйықтық коэффициенті дегеніміз не?

А. 1 кг жібітілетін теріге кететін май көлемі

В. 1 кг жібітілетін теріге кететін су көлемі

С. 10 кг жібітілетін теріге кететін су көлемі

Д. 1 кг жібітілетін теріге кететін қышқыл көлемі

Е. 1 кг жібітілетін теріге кететін тұз көлемі


7. Теріні шелден арылту, яғни малдың үстінен сыпырылған теріде қалып қойған тері асты шел қабатынан, жарғақшадан, сіңірден, еттен, майдан арылту операциясы қалай аталады?

А. жібіту

В. илеу

С. пикелдеу



Д. кептіру

Е. шелдеу


8. Шикізаттың сулану сапасын және ластану дәрежесін пайымдау үшін жібітуден кейін теріні ..............

А. сығады

В. өлшейді

С. престейді

Д. орайды

Е. кептіреді


9. Теріні ластан, кірден, қан қалдықтарынан және тұздан арылту қалай аталады?

А. жуу


В. қырқу

С. шелдеу

Д. майлау

Е. тарау
10. Жібітуден кейін терінің ылғалдылығы қанша (%) болуы керек?

А. 6 %

В. 67 %


С. 72 %

Д. 55 %


Е. 38 %

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ


1. Жүннен арылту үрдісін қандай мақсатта жүргізеді?

2. Жүннен арылту үрдісінің сатылары?

3. Жүннен арылтудың әдістерін айт

4. Күлдеу қалай орындалады?

5. Жағу қалай орындалады?

6. Жүннен арылтудың химиялық әдісін түсіндір

7. Жүннен арылтудың ферментативтік әдісінің маңызы қандай?

8. Күлдеу үрдісіне әсер ететін факторларды ата

9. Күлдеу үрдісі ұзақ уақытқа созылғанда теріде қандай өзгерістер болады?

10. Күлдеу сұйықтығына өткір күлдегіштерді артық мөлшерде қосу қандай өзгерістерге әкеп соқтырады?

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Теріні жүн мен қыртыстан арылту үрдісі қалай аталады?

А. жібіту

В. илеу

С. жүннен арылту



Д. кептіру

Е. майлау


2. Жүннен арылтудың әдістерін көрсет

А. күлдеу, жағу, физикалық, механикалық

В. күлдеу, жағу, химиялық, ферментативтік

С. күлдеу, биологиялық, химиялық

Д. күлдеу, майлау, ажырату, қырқу

Е. күлдеу, майсыздандыру, физикалық


3. Жүннен арылтудың ең көп тараған әдісі - ......

А. күлдеу

В. жағу

С. химиялық

Д. ферментативтік

Е. биологиялық


4. Күлдеу кезінде теріде қандай өзгерістер болады?

А. түк пен өзеңнің байланысы әлсірейді

В. қыртыс бұзылады

С. талшықаралық ақуыздық заттар ериді және жойылады

Д. коллаген талшықтары қопсиды

Е. барлық жауап дұрыс


5. Күлдеу үрдісіне әсер ететін факторларды көрсет

А. күлдеу сұйықтығында терілердің жату уақыты, күлдеу сұйықтығын пайдалану ұзақтығы, үрдіс жүргізілетін температура, механикалық әрекеттердің әсерлері

В. терінің жағдайы, жібіту суының температурасы мен сапасы, жібітудің ұзақтығы, 1 кг жібітілетін теріге кететін судың мөлшері, суды ауыстыру саны және механикалық әсерлер

С. күлдеу сұйықтығын пайдалану ұзақтығы, үрдіс жүргізілетін температура, механикалық әрекеттердің әсерлері, терінің жағдайы, жібіту суының температурасы мен сапасы, жібітудің ұзақтығы

Д. күлдеу сұйықтығында терілердің жату уақыты, терінің жағдайы, жібіту суының температурасы мен сапасы, жібітудің ұзақтығы

Е. 1 кг жібітілетін теріге кететін судың мөлшері, суды ауыстыру саны және механикалық әсерлер


6. Күлдеудің ұзақтығы?

А. 1 ай


В. 3÷4 тәулік

С. 5÷10 тәулік

Д. 10÷10 тәулік

Е. 5÷10 сағат


7. Күлдеу сұйықтығын пайдаланудың ең ұзақ мерзімі қанша?

А. 30 күн


В. 10 күн

С. 5-10 тәулік

Д. 2 ай

Е. 30 сағат


8. Ізбестпен күлдеу үрдісі кезінде терінің жүннен Ізбестпен күлдеу үрдісі кезінде терінің жүнненарылуы қанша сағатқа созылады?

А. 1,5 сағат

В. 5 тәулік

С. 17 күн

Д. 17 сағат

Е. 170 сағат


9. Теріні күлдеу сұйықтығының қалыпты температурасы қанша?

А. 10÷12°С

В. 16÷22°С

С. 1÷2°С


Д. 106÷202°С

Е. 25÷55°С


10. Күлдеу кезінде өткір күлдегіш ретінде не қолданылады?

А. натрий ацетаты

В. аммоний сульфаты

С. күкірт қышқылы

Д. күкіртті натрий

Е. натрий гидроксиді

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Жарғақты күлден арылту үрдісінің былғары өндірісі үшін қаншалықты маңызы бар?

2. Жұмсартудың маңызы қандай?

3. Жарғақты күлден арылту қалай жүзеге асырылады?

4. Жарғақты күлден арылту үрдісінің аяқталғанын қалай анықтайды?

5. Жұмсартудан кейін жарғақ қандай қасиеттерге ие болады?
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Жарғақты күлден арылту үшін көбінесе қандай тұздар қолданылады?

А. ас тұзы

В. алюминий тұздары

С. аммоний гидроксиді

Д. аммоний тұздары

Е. күкірт қышқылы
2. Жүннен арылтқаннан кейінгі алынатын жартылай фабрикат қалай аталады?

А. шикізат

В. күлденген жарғақ

С. тері


Д. былғары

Е. үлбір
3. Күлден арылту үрдісінен кейін қандай үрдіс орындалады?

А. өлшеу

В. илеу


С. жарғақтан арылту

Д. жібіту

Е. жұмсарту
4. Тәжірибе жүзінде күлден арылту үрдісінің аяқталғанын қалай анықтайды?

А. фенолфталейн көмегімен

В. метилорандж көмегімен

С. формальдегид көмегімен

Д. натрий сульфиті көмегімен

Е. натрий хлориді көмегімен


5. Жарғақты суда ферментті препараттармен жоғары температурада қысқа мерзімде өңдеу қалай аталады?

А. күлсіздендіру

В. жұмсарту

С. күлдеу

Д. жібіту

Е. пикелдеу


6. Жұмсарту үрдісінде жартылай фабрикаттарды бақылау қалай жүргізіледі?

А. физикалық

В. химиялық

С. бактериологиялық

Д. микробиологиялық

Е. органолептикалық


7. Былғары өндірісінде жұмсартқыш ретінде не қолданылады?

А. аммоний тұздары

В. ас содасы

С. техникалық панкреатин

Д. майлар

Е. барлық жауап дұрыс


8. Жұмсарту кезінде ферменттердің әсерін бәсеңдету үшін температураны ...........

А. жоғарылатады

В. төмендетеді

С. өзгермейді

Д. қатысы жоқ

Е. жоғарылатып төмендетеді

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Илеу үрдісінің мақсаты мен маңызы туралы түсіндір

2. Илеу кезінде теріде қандай өзгерістер болады?

3. Илеу үрдісіндегі адсорбцияның ролі қандай?

4. Илеу үрдісінің физикалық кезеңі

5. Илеу үрдісінің химиялық кезеңі

6. Бейорганикалық илегіш заттар ретінде не қолданылады?

7. Органикалық илегіш заттарға не жатады?

8. Илеудің нәтижесінде өзеңде қандай өзгерістер болады?

9. Иленген және иленбеген былғары деп қандай сипаттамаға байланысты жіктелген?

10. Иленген былғары мен иленбеген былғарының айырмашылығы неде?

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ


1. Илеу үрдісі дегеніміз не?

А. теріні шелден арылту, яғни малдың үстінен сыпырылған теріде қалып қойған тері асты шел қабатынан, жарғақшадан, сіңірден, еттен, майдан арылту

В. жарғақты суда ферментті препараттармен жоғары температурада қысқа мерзімде өңдеу

С. шикі теріден алынған жарғақтың былғарыға айналуын айтады.

Д. теріні жүн мен қыртыстан арылту үрдісі

Е. Теріні ластан, кірден, қан қалдықтарынан және тұздан арылту


2. Илеу үрдісі екі кезеңнен тұрады. Қандай?

А. физикалық және химиялық

В. технохимиялық және химиялық

С. химиялық және микробиологиялық

Д. физикалық және биологиялық

Е. бастапқы және соңғы

3. Илеу кезінде жарғақтың салмағы .......

А. азаяды

В. ұлғаяды

С. өзгеріссіз қалады

Д. қатаяды

Е. мұздайды


4. Илеу кезінде жарғақтың қалыңдығы .....

А. бөлінеді

В. өзгеріссіз қалады

С. ұлғаяды

Д. азаяды

Е. дұрыс жауап жоқ


5. Бейорганикалық илегіш заттарды көрсет

А. өсімдікті таннидтер, әртүрлі синтетикалық илегіштер, формальдегид, жоғары қанықпаған майлар

В. хром, цирконий, титан, алюминийдің қосылыстары, формальдегид, жоғары қанықпаған майлар

С. өсімдікті таннидтер, әртүрлі синтетикалық илегіштер, формальдегид, жоғары қанықпаған майлар, цирконий, титан

Д. цирконий, титан, синтетикалық илегіштер

Е. хром, цирконий, титан, алюминийдің қосылыстары


6. Органикалық илегіш заттарды көрсет

А. өсімдікті таннидтер, әртүрлі синтетикалық илегіштер, формальдегид, жоғары қанықпаған майлар

В. хром, цирконий, титан, алюминийдің қосылыстары, формальдегид, жоғары қанықпаған майлар

С. өсімдікті таннидтер, әртүрлі синтетикалық илегіштер, формальдегид, жоғары қанықпаған майлар, цирконий, титан

Д. цирконий, титан, синтетикалық илегіштер

Е. хром, цирконий, титан, алюминийдің қосылыстары


7. Хромдық илеу - .........

А. аяқ киімнің жоғары бөлігіне арналған хромдық былғары және галантереялық және техникалық былғарылардың кейбір түрлері өндіріледі

В. техникалық былғарылардың кейбір түрлері және арнайы тағайындалған былғарылар, мысалы, балықшылардың аяқ киімі, аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары және т.б. өндіріледі

С. күдері (замша) өндіріледі

Д. аяқ киімнің төменгі жағына арналған қатты былғары, техникалық және ерт-тұрмандық былғарылар, юфть және т.б. өндіріледі

Е. лайка (галантереялық бұйымдарды жасауға арналған былғары) өндіріледі


8. Лайкамен илеу - ...............

А. аяқ киімнің жоғары бөлігіне арналған хромдық былғары және галантереялық және техникалық былғарылардың кейбір түрлері өндіріледі

В. техникалық былғарылардың кейбір түрлері және арнайы тағайындалған былғарылар, мысалы, балықшылардың аяқ киімі, аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары және т.б. өндіріледі

С. күдері (замша) өндіріледі

Д. аяқ киімнің төменгі жағына арналған қатты былғары, техникалық және ерт-тұрмандық былғарылар, юфть және т.б. өндіріледі

Е. лайка (галантереялық бұйымдарды жасауға арналған былғары) өндіріледі


9. Өсімдіктермен илеу - ............

А. аяқ киімнің жоғары бөлігіне арналған хромдық былғары және галантереялық және техникалық былғарылардың кейбір түрлері өндіріледі

В. техникалық былғарылардың кейбір түрлері және арнайы тағайындалған былғарылар, мысалы, балықшылардың аяқ киімі, аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары және т.б. өндіріледі

С. күдері (замша) өндіріледі

Д. аяқ киімнің төменгі жағына арналған қатты былғары, техникалық және ерт-тұрмандық былғарылар, юфть және т.б. өндіріледі

Е. лайка (галантереялық бұйымдарды жасауға арналған былғары) өндіріледі


10. Аралас илеу - ............

А. аяқ киімнің жоғары бөлігіне арналған хромдық былғары және галантереялық және техникалық былғарылардың кейбір түрлері өндіріледі

В. техникалық былғарылардың кейбір түрлері және арнайы тағайындалған былғарылар, мысалы, балықшылардың аяқ киімі, аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары және т.б. өндіріледі

С. күдері (замша) өндіріледі

Д. аяқ киімнің төменгі жағына арналған қатты былғары, техникалық және ерт-тұрмандық былғарылар, юфть және т.б. өндіріледі

Е. лайка (галантереялық бұйымдарды жасауға арналған былғары) өндіріледі


11. Маймен илеу - .............

А. аяқ киімнің жоғары бөлігіне арналған хромдық былғары және галантереялық және техникалық былғарылардың кейбір түрлері өндіріледі

В. техникалық былғарылардың кейбір түрлері және арнайы тағайындалған былғарылар, мысалы, балықшылардың аяқ киімі, аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары және т.б. өндіріледі

С. күдері (замша) өндіріледі

Д. аяқ киімнің төменгі жағына арналған қатты былғары, техникалық және ерт-тұрмандық былғарылар, юфть және т.б. өндіріледі

Е. лайка (галантереялық бұйымдарды жасауға арналған былғары) өндіріледі


12. Иленбеген былғарылар тобына не жатады?

А. пергамент, қайыс

В. жарғақ, жартылай фабрикат

С. пергамент, күдері

Д. қайыс, шілия

Е. лайка, пергамент


13. Пергаменттің қаттылығын төмендету үшін және иілгіштігін жоғарылату үшін оны немен майлайды?

А. жануар майымен

В. глицеринмен

С. өсімдік майымен

Д. балық майымен

Е. барлық жауап дұрыс


14. Күдері қалай иленеді?

А. хроммен

В. минералдармен

С. таннидтермен

Д. өсімдіктермен

Е. маймен


15. Адсорбция жылдамдығы неге тәуелді?

А. ерітінді концентрациясына

В. адсорбент түріне және оның салмағына

С. ерітіндідегі заттың дисперстілігіне

Д. ерітіндідегі басқа заттардың мөлшеріне

Е. барлық жауап дұрыс


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Пикелдеу үрдісінің мақсаты?

2. Пикелдеу үшін қолданылатын заттар қандай?

3. Пикелдеу үрдісі қалай жүзеге асады?

4. Пикелдеуден кейін тері қандай қасиеттерге ие болады?

5. Бейтараптау қалай орындалады?

6. Пикелдеуге әсер ететін факторларды ата

7. Пикелдеуден кейінгі жартылай фабрикаттарды бақылау қалай орындалады?

8. Пикелдеу дәрежесін анықтау үшін қандай индикаторлардың көмегі қажет болады?

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Хромдық тұздармен илеу үшін жарғақ қандай болуы қажет?

А. тұзды


В. қышқыл

С. сілтілі

Д. құрғақ

Е. сулы
2. Пикел дегеніміз не?

А. натрий сульфиді қосылған калций гидроксидінің суспензиясы

В. хромның илегіш қосындылары

С. қышқыл ерітіндісі

Д. қышқыл ерітіндісі мен ас тұзынан тұратын сұйықтық

Е. ас содасы мен күкірт қышқылы
3. Ас тұзы не үшін қолданылады?

А. ісінуді бәсеңдету үшін

В. босаңсыту үшін

С. кептіру үшін

Д. ісінуді тездету үшін

Е. қышқылдандыру үшін


4. Пикелдеу кезінде қышқылдар жеткіліксіз болса, жарғақ қандай өзгеріске ұшырайды?

А. жарғақ ісінеді

В. жарғақтың бету тартылып қалады

С. жарғақ қатып қалады

Д. жарғақтың беті борпылдақ болады

Е. барлық жауап дұрыс


5. Пикелдеуді ұзақтығы орташа қанша сағатқа созылады?

А. 1-2 сағат

В. 5-8 сағат

С. 15-24 сағат

Д. 3-6 сағат

Е. 10-12 сағат


6. Ерітіндіде ас тұзының мөлшері қанша болуы керек?

А. 5-6 г/л

В. 30-50 г/л

С. 50-60 г/л

Д. 70-80 г/л

Е. 25-45 г/л


7. Пикелде қышқылдың мөлшері көп болса, қандай өзгерістер болады?

А. кеуіп қалады

В. борпылдақ болады

С. ісінеді

Д. қатайып қалады

Е. тартылып қалады


8. Пикелдеуге әсер ететін факторларды көрсет

А. жартылай фабрикаттың қалыңдығы мен тығыздығы, пикелдің құрамы, оның температурасы және сұйықтың коэффициенті

В. күлдеу сұйықтығының температурасы мен күлдеу режимі

С. жартылай фабрикаттың қалыңдығы мен тығыздығы, түсі, өлшемі



Д. консервілену тәсілі, жібіту дәрежесі

Е. пикелдің құрамы, оның температурасы және сұйықтың коэффициенті, ылғалдау режимі


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет