Аралық бақылау2 Асфикциямен шартталған олигофренияға сипаттама


Олигофрения кезіндегі неврозотәрізді бұзылыстарға сипаттама



бет7/22
Дата19.05.2022
өлшемі110.48 Kb.
#457426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
6.Олигофрения кезіндегі неврозотәрізді бұзылыстарға сипаттама. Олигофрениялар кезiндегi психикалық бұзылыстар басым түрде интеллект жеткіліксіздігімен көрінетін психика дамуының жалпы артта қалуымен сипатталады. Олигофрениямен зардае шегетін балалар дамуы жағынан артта қалады, және олардың тiлi кеш шығады немесе мүлдем дамымайды, олар 3-5 жастан бастап кейде одан да кеш жүрудi бастайды, ал ауыр жағдайларда бұл қозғалыс дағдысын да игермейді. Олардың қозғалыстары жеткіліксіз координацияланған, мимикасы бiртекті. Сыртқы әлпеттері өздеріне тән және дене бiтiмiнің бұрыстығымен, пропорциональды еместiгiмен, бет сүйегінің, мускулатурасының ассиметриясымен, бас сүйегiнiң кiшкентай немесе аса үлкен болуымен ерекшеленеді. Ойлау қабiлетi күрт бұзылған және оның бұзылысының айқындылығы олигофрения түрiне байланысты болады. Науқастарда аналитикалық, әсіресе синтездік ойлау қызметіне қабілет болмайды. Тек олигофренияның жеңiл түрiнде аса шектелген аналитикалық ойлау қабiлетi болады. Эмоциональды сферада төменгі дәрежелі эмоциялар басым болады, аффектiлерi дифференцацияланбаған және толымсыз. Еріктік үрдістер элементарлы әуестіктермен, мақсатты әрекеттерді орындауда қабiлетсiздiк немесе жеткiлiксiздiкпен көрінеді. Олигофрения кезiндегi психикалық бұзылыстар өте тұрақты және өмiр бойы сақталып қалады. Психикалық даму артта қалуының үш дәрежесiн ажыратады (психикалық бұзылыстардың тереңдiгi мен ауырлық дәрежесі бойынша) – идиотия, имбецильдiк және дебильдiк. Олигофренияның бұл формаларының барлығы адам қызметтері зақымданулары акцентімен - ойлау және адамзаттың филогенетикалық ежелгi инстинктивтi ерекшелiктерiнің салыстырмалы түрде сақталып қалуымен психикалық даму артта қалуының глобальды сипатымен бiрiгедi. Идиотия (грек тiлiнен idioteia - көргенсiздiк) - олигофренияның аса ауыр формасы, оларға қоршаған ортаға жеткіліксіз реакция тән (реакция болмайды, немесе адекватсыз, дифференцацияланбаған). Сөйлеу әдетте дамымайды, айналасындағылардың сөзі үлкен қиындықпен қабылданады, олардың мәнiн түсiнбейді, тек интонация қабылданады. Идиотиямен науқастар сырттан үнемі күтімді қажет етеді және олардың көмегiнсiз өмiр сүруге қабілетсіз. Олар қоршаған ортадағы жайттарға мүлдем қатыспайды, пассивтi және ашығу, тоңу тәрізді сезімдерге түсініксіз дыбыстармен элементарлы реакциялар танытуы мүмкін. Эмоциялары өте кедей және өздерін қалай сезінгендігіне, элементарлы қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына байланысты болып келеді. Жиi ашу-ыза аффектi айқын болады, ол қоршаған адамдарға және өзiне деген агрессияға бейімділікпен қимылдық қозу жағдайымен көрініс береді. Олигофрендердiң әрекеттері /идиотия сатысында/ - инстинктивтi автоматты акттар немесе сыртқы тiтiркендiргiштерге элементарлы қимылдық реакциялар түрінде болады. Бұл психикалық ерекшелiктер дөрекі физикалық дефектiлермен (айқын диспластика, бас сүйек және қаңқа деформациясы) бірге жүреді, неврологиялық симптомдар (салданулар, парездер, тырысулық пароксизмдер) бақыланады. Идиотияның сипатталған көріністері өте тұрақты және терапиялық әсер тиімділігі төмен. Имбецильдiк (латын тiлiнен imbecillus – әлсiз) - олигофренияның орташа дәрежесi. Идиотиямен зардап шегетін науқастармен салыстырғанда имбецильдiкпен науқастарда психикалық даму едәуір жоғары және қоршаған ортаға реакциясы әртүрлi және жанды болып келеді. Имбецилдер сөйлеу функциясын игереді, бiрақ олардың сөздiк қоры оншақты сөзбен шектеледi, кейде олар қысқа фазалар айтады, сөздері зат есiмдерден және етiстiктерден тұрады, аграмматикалы, тілдері мүкіс. Ойлау аса нақты, бірақ элементарлы бiрiктiру қабiлетi болады. Механикалық есте сақтауға шектелген қабiлеттілік болады, бiрнеше бiрлiктерден тұратын арифметикалық әрекеттер жасай алады (қосу және алу). Ұғымдары өте кедей, жекелігі жоқ – айналадағылардың iс-әрекетiн қайталайды, еліктейді. Имбецильдiкпен науқастар өзiн-өзi күтудің элементарлы дағдыларын игерген. Кейде оларды қарапайым еңбек процесстерiне икемдендiруге болады және олар жеке операцияларды игереді. Өз бетiмен өмiр сүруге қабілетсіз және үнемі қорғаныс пен күтiмді қажет етедi. Имбецилдер эмоциясы төмен дифференцацияланған, бiрақ идиотиямен салыстырғанда қанық болып келеді. Аффективті қызмет аздап әрқилы. Элементарлы жағдайларда олар жиi абдырып, ұялады. Олар ренжiгiш, кек сақтағыш келедi, олардың кейбiрi ызқорлықпен және агрессивтiлікпен ерекшеленеді. Имбецилдердiң психикалық ақаулары физикалық және неврологиялық бұзылыстармен бiрге жүреді. 23 жастағы науқаста психикалық аурулармен тұқым қуалау ауырлығы жоқ. Ата-анасының дені сау. Анасының жүктiлiгi асқынусыз өткен. Асфиксия жағдайында босанған. Өмiрiнiң алғашқы күндерінен-ақ дамуы жағынан артта қалған, 2 жасында жүрген, 7 жасында сөйлеген. Балалар инфекциясынан қызылша, қызамықпен ауырған. 8 жасқа дейiн түнгi энурез байқалған. Науқасты жазуға және оқуға үйреткен, бiрақ нәтижесiз болған. Сүйемелдеуші мектеп бағдарламасы бойынша да оқи алмаған. Үйiнде өзiн-өзi күтудің элементарлы тәсілдерін орындайды, ата-анасының бақылауымен қарапайым еңбек процестерiн орындаған. 16 жасынан 1-топ мүгедегi. Осы уақытқа дейiн сабырлы, болбыр, аз қозғалатын болып өскен. Пубертатты кезең басынан бастап айқын психомоторлы қозу жағдайлары бақыланған, ызалы, агрессивтi күйлерге түсетін болған, анасына қатысты оғаш эротикалық қозу күйлері болған. Психиатриялық ауруханаға бiрнеше рет орналастырылып, аминазин, неулептил қабылдаған. Дегенмен шыққаннан кейін үйінде ұзақ тұрақталмаған. Соматикалық жағдайы: орта бойлы, артық салмақты. Терiсi таза, түсі қалыпты. Ішкi мүшелерi өзгерiссiз. Неврологиялық жағдайы: көз қарашықтары бiр деңгейде, жарыққа реакциясы сақталған, сiңiрлiк және периостальды рефлекстерi екi жақты күшейген, бiртекті емес. Науқасты Ромберг позасына тұрғызу мүмкін емес. Психикалық жағдайы: iшiн алға қампайтып айрықша позада тұр; қолдары бүгiлген, қолдарымен және саусақтарымен іртекті қимылдар жасайды. Тек қарапайым инструкциялырды қиындықпен орындайды. Госпитализациялануын еш ауырсынбайды. Сабырлы, аздап бейғам. Элементарлы сұрақтарға бiртектi жауап қайырады, Өзi жайлы ештеңе айта алмайды. Ешқандай сұраныс, шағымдар айтпайды, сөзі олигофазалы, ойлауы нақты. Науқас элементарлы ұғымдардың өзін біріктіре алмайды. Оқып, жаза алмайды, онға дейін санай алады, оның өзінде қателеседі. Ағымдағы күнді білмейді, уақытты бағдарлай алмайды. Күндер мен айларды есiне сақтай алмайды. Қызығушылықтары аса шектелген. Бөлiмшедегi тәртiбi бiрқалыпты, режимге пассивтi бағынады; қорғансыз, қасықты дұрыс ұстай алмағандықтан медицина қызметкерлерi тамақтандырады. Басқа науқастармен қатынаспайды, ұқыпсыз, лас, бөлектеніп жүреді. Палатада өзiнiң кереуетiн таниды. Өзiнiң аты-жөнiн дұрыс айтады, жасын бiлмейдi. Туыстарының келгендерiне немқұрайлы, тек әкелген тағамдарға қуанады. Бөлiмше жағдайын ауырсынбайды.
Диагноз: имбецильділік дәрежесiндегi олигофрения.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет