Аралық бақылау2 Асфикциямен шартталған олигофренияға сипаттама



бет8/22
Дата19.05.2022
өлшемі110.48 Kb.
#457426
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Дебилдiк (латынша dibilis - әлсiз, әлжуаз) - олигофренияның жеңiл дәрежесi, ойлау рутинділігімен (қрапайымдылығымен), абстрактылы ойлау қабiлетiнің болмауымен көрінетін интеллектуальды жеткіліксіздіктің өзіне тән сипатымен ерекшеленеді. Дебильдiк жағдайын анықтау қиын, өйткені бұл дәрежеде имбецильдік кезіндегідей дөрекі бұзылыстар болмайды. Науқастың сөздік қоры жеткілікті, механикалық жадысы жақсы болған жағдайда кемақылдықты анықтау қиындай түседі.
7.Олигофрения кезіндегі психотәрізді жағдайға сипаттама. Олигофрениялар кезiндегi психикалық бұзылыстар басым түрде интеллект жеткіліксіздігімен көрінетін психика дамуының жалпы артта қалуымен сипатталады. Олигофрениямен зардае шегетін балалар дамуы жағынан артта қалады, және олардың тiлi кеш шығады немесе мүлдем дамымайды, олар 3-5 жастан бастап кейде одан да кеш жүрудi бастайды, ал ауыр жағдайларда бұл қозғалыс дағдысын да игермейді. Олардың қозғалыстары жеткіліксіз координацияланған, мимикасы бiртекті. Сыртқы әлпеттері өздеріне тән және дене бiтiмiнің бұрыстығымен, пропорциональды еместiгiмен, бет сүйегінің, мускулатурасының ассиметриясымен, бас сүйегiнiң кiшкентай немесе аса үлкен болуымен ерекшеленеді. Ойлау қабiлетi күрт бұзылған және оның бұзылысының айқындылығы олигофрения түрiне байланысты болады. Науқастарда аналитикалық, әсіресе синтездік ойлау қызметіне қабілет болмайды. Тек олигофренияның жеңiл түрiнде аса шектелген аналитикалық ойлау қабiлетi болады. Эмоциональды сферада төменгі дәрежелі эмоциялар басым болады, аффектiлерi дифференцацияланбаған және толымсыз. Еріктік үрдістер элементарлы әуестіктермен, мақсатты әрекеттерді орындауда қабiлетсiздiк немесе жеткiлiксiздiкпен көрінеді. Олигофрения кезiндегi психикалық бұзылыстар өте тұрақты және өмiр бойы сақталып қалады. Психикалық даму артта қалуының үш дәрежесiн ажыратады (психикалық бұзылыстардың тереңдiгi мен ауырлық дәрежесі бойынша) – идиотия, имбецильдiк және дебильдiк. Олигофренияның бұл формаларының барлығы адам қызметтері зақымданулары акцентімен - ойлау және адамзаттың филогенетикалық ежелгi инстинктивтi ерекшелiктерiнің салыстырмалы түрде сақталып қалуымен психикалық даму артта қалуының глобальды сипатымен бiрiгедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет