оператор болып табылады. Тіл объектілерін, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің атаулары мен типтерін, олардың алғашқы мәндерін алдын ала тағайындау программаның сипатталуы болып саналады.
Енді Фаренгейт градустарын Цельсий градустарына ауыстыратын С тілінде жазылған программа мәтінін келтірейік.
/* Градустарды Фаренгейт бірлігінен Цельсий бірлігіне алмастыру, f = 0, 20, ...,300 */ #include #include main() {
int t0, tn, step; float f,c; t0 = 0;/* төменгі температура */ tn =300; /* жоғарғы температура */ step =20;/* өзгеру қадамы */ clrscr () ; f = t0 ; printf("Град_Ф Град_Ц\n"); while (f <= tn) {
c = (5.0/9.0) * (f -32.0); printf("%4.0f %6.1f\n",f,c); f = f + step; }
printf("\nАяқтау үшін ENTER басыңыз"); getch () ; }
Бұл программаны теріп орындап көруге болады, оның әрбір жолының атқаратын қызметтерін келесі тараулардан оқып танысатын боламыз.